Мүлік салығының есептеу механизмі және төлеу тәртібі



І. Кіріспе

1.1. Мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібі
1.2. Көлік құралдары салығын есептеу және төлеу тәртібі
1.3. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі .

ІІ. Қорытынды

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.
Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны мынадай санаттарға бөлумен байланысты:
- жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар);
- дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).
Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді.
Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс көзі болып табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу табылады.
1. А.Д. Үмбеталиев, Ғ.Е. Керімбек «Салық және салық салу» Оқулық, Алматы 2006 жыл
2. www.salyk.kz
3. Д.С. Жақыпбеков « Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыр Оқу құралы, Алматы 2009 жыл

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Мүлік салығының есептеу механизмі және төлеу тәртібі

Топ: ГУ-307
Тексерген: Акишева Д.М.
Орындаған: Жанбаева А.Н.

Семей, 2015

Жоспар
І. Кіріспе

1.1. Мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібі
1.2. Көлік құралдары салығын есептеу және төлеу тәртібі
1.3. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі .

ІІ. Қорытынды

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар - меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.
Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны мынадай санаттарға бөлумен байланысты:
- жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар);
- дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).
Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді.
Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс көзі болып табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу табылады.

1.1. Мүлік салығын есептеу және төлеу тәртібі

Салық төлеушілер өз бетімен салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы салықты есептейді. Мысалы, коммерциялық емес ұйымға салық ставкасы - 0.1%, бухгалтерлік есеп деректері бойынша салық базасы - 100 000 теңге құрайды. Сонда, салық сомасы: 100 000 х 0.1% = 100 теңге болады.
Салық кезеңі барысында (күнтізбектегі жыл) салық төлеушілер мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік деректер бойынша анықталған салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті ставкаларын қолдану арқылы анықтап, төлейді.
Мүлік салығы бойынша салық есептілігі:
1) Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
2 )Егер комерциялық емес ұйымдар немесе әлеуметтік салада қызмет ететін ұйымдар салық объектілерін пайдалануға әлде жалға берген жағдайда ағымдағы төлемдер сомасының есебін объектiлердi пайдалануға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
3 )Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебін объектілерді пайдалануға немесе жалға берген айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
Салық жеңілдіктері берілген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілерінен орташа жылдық құнынан 1,5 пайыз ставка бойынша мүлік салығын есептеледі және төленеді.
Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомаларын салық төлеуші салық кезеңіндегі мынадай мерзімнен кешіктірмей тең үлестермен енгізеді:
* 25 ақпанда:
* 25 мамырда;
* 25 тамызда;
* 25 қарашада.

Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде ағымдағы төлемдердiң есебi салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.
Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңiндегi 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.

Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.
Салық төлеушілер мүлік салығы бойынша Декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етедi.
Мүлік салығы бойынша салық есептілігі
* Ағымдағы төлемдер сомасының есебі
* Мүлік салығы бойынша декларация
* Есептік салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі
* Есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейді

1.2. Көлік құралдары салығын есептеу және төлеу тәртібі

Салық төлеушілер салық сомасын салық салу объектілері мен әр көлік құралына белгіленген түзету коэффициентіне байланысты дербес есептейді.
Салық ставкасы көлік құралы двигателінің көлеміне байланысты болады және айлық есептік көрсеткіштермен белгіленеді. Көлік құралына салынатын салық ставкалары Салық кодексінің 347-б. 1-б. бекітілген.
Көлік құралдарына салынатын салықты азайтатын түзету коэффициенттері салық төлеудің белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi алты жылдан асқан жеңiл автокөлiк құралдары және пайдаланылу мерзiмi жетi жылдан асқан ТМД елдерiнде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлiк құралдары бойынша қолданылады. Түзету коэффициенттері Салық кодексінің 347-б. 3-7-б. бекітілген.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша, ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық кезеңiнiң (күнтізбелік жылдың) 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi (348-б. 2-б.).
Салық төлеушілер салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Шет елдердегі салық
Салықтар және салық жүйесі
Салық және салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ. Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні
Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні
Корпоративтік табыс салығы: мәні, маңызы және қызмет ету механизмі
Пәндер