«М.Сералин шығармашылығы»



Сералин Мұхамеджан (1872-1929) - жазушы, ақын, публицист, журналист.
Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген. 1911-1915 жылдары Троицкіде «Айқап» журналын шығарды.
1919-1920 жылдары - «Ұшқын» газетінің қызметкері. 1921-1922 жылдары - Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы. 1922-1923 жылдары - Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1923-1926 жылдары - «Ауыл» газетінің редакторы қызметтерін атқарған.
М.Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1- кезеңіне «Айқап» журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. 1900 жылы алғашқы жарияланған «Топжарған» поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. 1909 жылы жарық көрген «Гүлқашима» поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. М.Сералин Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократиялық идеяларын қолдады. Ол Фердоуси «Шаһнамасының» «Рүстем - Зораб» бөлімін В.Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударған.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамдық ғылымдар маркстік-лениндік методология мен партиялық принциптердің үстемдігінен арылып, өркениеттілік ұстанымдарға негізделген методологияның арнасына түсті. Соған орай ХХ ғасыр басындағы ұлттық саяси элита өкілдерінің өмір жолы мен қызметіне қатысты объективті пікірлер айтылып, тұжырымдар жасала бастады. М.Сералиннің мұрасы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты зерттеулер жүргізудің қарқыны арта түсті. Белгілі әдебиетші-ғалымдар Ү.Субханбердина мен С.Дәуітовтың құрастыруымен «Айқап» журналына еңген мақалалардың жинағы жарық көрді. Осы жинақта «Айқап» журналының редакторы М.Сералинге қатысты объективті пікірлер білдірілді. Заңгер-ғалым Қ.Ыдырысовта М.Сералиннің шығармалар жинағын құрастыру бағытында жұмыстар жүргізіп, 2002 жылы М.Сералиннің мақалалары мен публицистикалық шығармалары, поэмалары мен аудармалары енген кітапты жарыққа шығарды. Осы жинаққа «Ұлт тарихындағы ұмытылмас есім» деген тақырыпта алғы сөз жазған Қ.З.Ыдырысов мынадай орындағы пікір білдіреді: «Еліміз тәуелсіздік алып, ұлтын егемендікке жеткізу жолында құрбандыққа болса да, ар жолынан таймай беделін биік, абыройын жоғары ұстап, халыққа қызмет етудің үлгісін көрсеткен әрбір Алаш азаматы өмірінің мемлекетіміз үшін қайталанбас құндылық болып табылатынын түсіну, М.Сералин шығармашылығын зерделеуге жете мән беруімізді талап етеді».Белгілі әдебиетші-ғалым С.Ергөбек М.Сералиннің шығармашылығына байланысты «Қайраткер-қаламгер Мұхамеджан Сералин» атты еңбегін 2004 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбекте М.Сералиннің мұрасы үш топқа бөлініп қарастырылды. Бірінші бөлімде - қайраткердің әдеби мұрасы, екінші бөлімде - публицистикалық мұрасы, үшінші бөлімде - аудармалары. Автор М.Сералиннің шығармалары мен аудармаларын зерделеумен шектелгенімен зерттеулерге мынадай құнды ой-пікір білдіреді: «Жаңаша бағалап-бағамдауды қажет ететін тұлғаның бірі - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, қоғам қайраткері - Мұхамеджан Сералин. Бұған дейінгі зерттеулерде М.Сералин коммунист ретінде мадақталып, кейбір түрікшілдік, исламшылдық пікірлері не бүркемеленді, не қателік ретінде саналды. М.Сералин қазақ мәселесінде ұлтшыл, тұтас түрік жұрты жөнінде түрікшіл, тіпті исі ислам бірлігін аңсаған азамат. М.Сералинді исламдық, түрікшілдік, ұлтшылдық көзқарасы үшін сынау қате. Бұл - М.Сералин дүниетанымынан туған көзқарасы, наным-сенімі, шығармаларында ту етіп ұстайтын темірқазық идеясы».

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

РЕФЕРАТ
Тақырып: М.Сералин шығармашылығы

Орындаған:Нурмухамбетова.Ж.Қ
ФИ-311,3-курс
Тексерген:Жүндібаева.А.Қ

Семей-2015
Сералин Мұхамеджан (1872-1929) - жазушы, ақын, публицист, журналист.
Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген. 1911-1915 жылдары Троицкіде Айқап журналын шығарды.
1919-1920 жылдары - Ұшқын газетінің қызметкері. 1921-1922 жылдары - Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы. 1922-1923 жылдары - Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1923-1926 жылдары - Ауыл газетінің редакторы қызметтерін атқарған.
М.Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1- кезеңіне Айқап журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде Ұшқын, Еңбекші қазақ, Ауыл газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. 1900 жылы алғашқы жарияланған Топжарған поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. 1909 жылы жарық көрген Гүлқашима поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. М.Сералин Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократиялық идеяларын қолдады. Ол Фердоуси Шаһнамасының Рүстем - Зораб бөлімін В.Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің Жусан повесін қазақ тіліне аударған.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамдық ғылымдар маркстік-лениндік методология мен партиялық принциптердің үстемдігінен арылып, өркениеттілік ұстанымдарға негізделген методологияның арнасына түсті. Соған орай ХХ ғасыр басындағы ұлттық саяси элита өкілдерінің өмір жолы мен қызметіне қатысты объективті пікірлер айтылып, тұжырымдар жасала бастады. М.Сералиннің мұрасы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты зерттеулер жүргізудің қарқыны арта түсті. Белгілі әдебиетші-ғалымдар Ү.Субханбердина мен С.Дәуітовтың құрастыруымен Айқап журналына еңген мақалалардың жинағы жарық көрді. Осы жинақта Айқап журналының редакторы М.Сералинге қатысты объективті пікірлер білдірілді. Заңгер-ғалым Қ.Ыдырысовта М.Сералиннің шығармалар жинағын құрастыру бағытында жұмыстар жүргізіп, 2002 жылы М.Сералиннің мақалалары мен публицистикалық шығармалары, поэмалары мен аудармалары енген кітапты жарыққа шығарды. Осы жинаққа Ұлт тарихындағы ұмытылмас есім деген тақырыпта алғы сөз жазған Қ.З.Ыдырысов мынадай орындағы пікір білдіреді: Еліміз тәуелсіздік алып, ұлтын егемендікке жеткізу жолында құрбандыққа болса да, ар жолынан таймай беделін биік, абыройын жоғары ұстап, халыққа қызмет етудің үлгісін көрсеткен әрбір Алаш азаматы өмірінің мемлекетіміз үшін қайталанбас құндылық болып табылатынын түсіну, М.Сералин шығармашылығын зерделеуге жете мән беруімізді талап етеді.Белгілі әдебиетші-ғалым С.Ергөбек М.Сералиннің шығармашылығына байланысты Қайраткер-қаламгер Мұхамеджан Сералин атты еңбегін 2004 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбекте М.Сералиннің мұрасы үш топқа бөлініп қарастырылды. Бірінші бөлімде - қайраткердің әдеби мұрасы, екінші бөлімде - публицистикалық мұрасы, үшінші бөлімде - аудармалары. Автор М.Сералиннің шығармалары мен аудармаларын зерделеумен шектелгенімен зерттеулерге мынадай құнды ой-пікір білдіреді: Жаңаша бағалап-бағамдауды қажет ететін тұлғаның бірі - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, қоғам қайраткері - Мұхамеджан Сералин. Бұған дейінгі зерттеулерде М.Сералин коммунист ретінде мадақталып, кейбір түрікшілдік, исламшылдық пікірлері не бүркемеленді, не қателік ретінде саналды. М.Сералин қазақ мәселесінде ұлтшыл, тұтас түрік жұрты жөнінде түрікшіл, тіпті исі ислам бірлігін аңсаған азамат. М.Сералинді исламдық, түрікшілдік, ұлтшылдық көзқарасы үшін сынау қате. Бұл - М.Сералин дүниетанымынан туған көзқарасы, наным-сенімі, шығармаларында ту етіп ұстайтын темірқазық идеясы.
М.Сералиннің қаламгерлігі тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетшілеріне ғана емес, өзбек әдебиетшілерінің де назарына ілінді. Өзбек әдебиетші-ғалымы О.Шарафуддинов өзбек ақыны, әрі жазушысы Шолпанның шығармалар жинағына Әдебиет жасаса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Сералиннің шығармашылығы
Мұхамеджан Сералиннің шығармашылығы
М. Сералин шығармашылығы туралы ақпарат
Сералин Мұхамеджан шығармашылығы
XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары
Сералин Мұхамеджан
М.Сералин шығармашылығы туралы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Пәндер