Шағын кәсiпкерлiктi дамыту туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СРО Тақырыбы : Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Орындаған: Саулехан. А. То411
Тексерген :Есенбекова. З. Ж.
Жоспар:
1. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту
2. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
3. Пайдаланылған әдебиеттер
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту
. . . Бүгінгі күннің міндеті - ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру.
Өкінішке қарай, қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі қиғаштықтар олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіруде. Сондықтан Үкімет 2013 жылдың соңына дейін заңнамаға микро, шағын, орта және ірі бизнес ұғымдарын айқын жіктеуге бағытталған өзгерістер енгізсін. Бұл тұста біз шағын және орта іскерлік сегменттеріне түсетін күшті ауырлатпауға тиіспіз.
Мен Үкіметке 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін Қазақстан азаматтарының өмір-тіршілігі қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды қайтарып алып, оларды хабарландырумен ауыстыруды тапсырамын.
Заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдай тудыру қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесін алып тастап, олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеп шығу керек . . .
Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстан-2050» стратегиясы -
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан үзінді
КӘСІПКЕРЛЕР ҮЙІ КЕДЕРГІНІ АЗАЙТАДЫ
Шағын және орта бизнес - экономиканың ұтқыр секторларының бірі. Себебі шағын кәсіпкерлікті дамыта отырып, елдегі жұмыссыздықты азайтуға, аудан-ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға болады. Осы тұрғыда Елбасының тапсырмасымен «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020» секілді мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, оның ішінде ауыл азаматтарының кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасалуда. Биыл бұл саланы дамыту үшін аймақта елеулі шаралар қолға алынды.
145 адам кәсіп ашты
Бүгінде елімізде кәсіп ашамын дейтін азаматтарға кеңес беріліп, қаржылай қолдау көрсетіліп отыр. Мәселен, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 2011 жылы 14, 3 миллион теңге бөлініп, 352 адам оқытылса, оның 83-і бизнесін жүргізу үшін 120 миллион теңге көлемінде несие алыпты. Ал өткен жылы 6, 1 миллион теңге қаржыға 140 адам оқытылып, 145 адам 264, 5 миллион теңге көлеміндегі несиеге қол жеткізді. Әрине, аталған бағдарламаның шағын бизнестің қанат жаюына тигізер септігі көп. Алайда әрі қарай жүйелі жандануына қағазбастылық мәселесі кедергі келтіріп отыр. Мәселен, кәсіпкер бизнесін жүргізу үшін бірнеше мемлекеттік органның есігін қағып, рұқсат сұрауы қажет. Рұқсат берілген күннің өзінде жауап хаттың кәсіпкердің қолына қай уақытта тиетіні белгісіз. Ал бір құжат дұрыс болмаса, екінші есікке кіру мүмкін емес екені анық. Сондықтан Елбасы биылғы Жолдауында осы мәселеге айрықша назар аударып, шаруаны бір ізге келтіру үшін Үкіметке арнайы тапсырма берді. Қазірдің өзінде аймақтарда бірқатар жұмыстар атқарыла бастады. Осы мақсатта облыс әкімдігі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен осы жылдың бірінші тоқсанында облыс орталығында Кәсіпкерлер үйі ашылмақ.
-Кәсіпкерлер үйінің ішінде кәсіпкерге қаржылай көмек, консалтингтік және бизнес кеңес беру секілді қызмет түрлері көрсетіледі. Бірнеше мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері орналасады. Яғни кәсіпкер бизнесін жүргізу үшін қажетті барлық құжатты осы жерде рәсімдейді. Бұрынғыдай бірнеше мекеменің есігін қағып, уақыт жоғалтпайды.
Жалпы бұған дейін де «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен кәсіпкерлікпен айналысамын дейтін азаматтарға көмек көрсету үшін Ақтөбе қаласында және Әйтеке би ауданында арнайы орталық ашылған болатын. Қазір аталған орталықтар кәсіпкерлерге сапалы қызмет көрсетіп келеді. Жақын күндері осындай орталық Қарғалы ауданынан да ашу жоспарланып отыр. Орталық мамандары азаматтарға кәсіпті қалай ашу керектігін үйретіп, құжат рәсімдеуге көмектеседі. Жалпы соңғы екі жылда бизнесті жүргізуге қатысты құжаттардың отыз пайызы қысқартылды. Болашақта рұқсат беру құжаттары бірыңғай жүйеге көшеді, яғни электронды түрге ауысады. Кәсіпкерлер үйі ашылғаннан кейін осының барлығы бір жерден жүзеге асады, - дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Марат Балмұханов.
Сондай-ақ биыл ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында құрамында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және екінші деңгейлі банктер мен несие беру ұйымдарының, тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері бар арнайы топ ауылдарға барып, жылжымалы семинарлар өткізеді. Яғни ауылдағы азамат қалаға келмей-ақ барлық рұқсат беру құжаттарын сол жерден алады. Бұған қоса мамандар осы саладағы соңғы жаңалықтар мен заңнамаларға қатысты өзгерістерді түсіндіреді.
Шағын несие шаруаны түзейді
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының басты бағыты - ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Жалпы өз бетінше жұмыспен айналысатындардың, жұмыссыздар мен табысы төмен отбасылардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұратынын, оның үстіне елді мекендерде жалдамалы жұмыс орындарын құру оңайға түспейтінін есепке алсақ, ауыл кәсіпкерлігін дамытудың маңызы зор болмақ.
Аталған бағдарлама осы санаттағы азаматтарды қамтып отыр. Әрі бағдарлама бағытының басты тетігі шағын несиелеу жүйесі арқылы жүзеге асуда. Бағдарлама аясында кәсіп ашқысы келетін азамат үш миллион теңгеге дейін несие ала алады. Және қарызды қайтару кезінде жеңілдіктер қарастырылған. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Марат Балмұхановтың айтуынша, бағдарламаға кіретін нысаналы топтың қатарына биылдан бастап оралмандар мен жоғары оқу орындарына түсе алмаған жұмыссыз жастар және зейнеткерлікке ерте шыққан азаматтар қосылыпты. Бұған қоса берілетін несиенің үстемесіде азайтылуы мүмкін.
Әрине, бұған дейін де елімізде шағын несие беру жұмыстары жүйелі жүріп келді. Бірақ осы салаға қатысты қордаланған мәселелер де жеткілікті болатын. Оның ішінде ауыл халқына несиелер жете бермеді. Өйткені банктердің қойған талабы қатаң. Шаруаның қарапайым үйі мен азын-аулақ малын банктер кепілдікке ала бермейді. Сондықтан ауыл халқы несиеге зәру болатын. Ал аталған бағдарлама бойынша алдағы уақытта осы мәселе бір шешімін таппақ.
- Несие кепілдікпен беріледі. Себебі қаржы мемлекет бюджетінен бөлініп отырғаннан кейін қайтарымы болуы керек. Және бұған дейін талап бойынша кепілге қоятын тұрғын үй аудан орталығынан болуы тиіс еді. Бірақ ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, ендігі жерде ауылдардағы үйлерді де белгілі бір талаптар бойынша кепілге алу жоспарланып отыр. Сонымен бірге бұған дейін ауылдық жерге несие «Ақтөбе ауылшағынесие» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы беріліп келсе, биылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр, - дейді Марат Балмұханов.
Жалпы ауыл кәсіпкерлеріне несие беруде қандай талаптар қойылатыны және қандай мүліктер кепілге алынатыны туралы нақты мәлімет жуырда ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығымен өткізілетін алдағы селекторлық кеңесте белгілі болмақ.
ШАРАНЫҢ ШАҒЫН БИЗНЕСІ
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қолдауға ие болған кәсіпкердің бірі - Шара Жақыпова. Аталған бағдарлама бойынша Шара 31 миллион теңге несие алыпты. Мақсат - шаруасын кеңейту.
- Шағын бизнеспен айналысқаныма он жылдан асты. Алғашқыда ұсақ-түйек саттым. Кейін қаржы жинап, қандай да бір кәсіппен айналысуды көздедім. Сөйтіп, құрбым Шолпан Рамазанова екеуміз ойласа келе кондитерлік цех ашуды жөн көрдік. 2011 жылы бір ғимаратты жалға алып, жұмысты бастап жібердік. Аз уақытта шаруамыз дөңгеленіп жүре берді. Күн өткен сайын тұтынушыларымыздың саны көбейіп, цехқа жұмысшылар ала бастадық. Қазір цехта он адам жұмыс істейді. Жалақылары елу мың теңгеден асады. Мәскеуден, Алматыдан арнайы мамандар шақырып өз мамандарымызды оқытып алдық. Қазір біздің цехта кондитер өнімінің түр-түрі шығады. Әсіресе, той, садақаларға арнап түрлі тәттілер пісіреміз. Тұрақты алушыларымыз да бар. Тіпті біз дайындаған жент секілді кейбір ұлттық тағамдарды шет елге алып кетеді. Өнімнің сапасы тұрғындардың көңілінен шықса, біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан цех жұмысын одан әрі жандандырғым келді. Банктен несие алуды көздедім. Алайда үстеме пайызы тым жоғары, әрі алғашқы төлемі де қалтама сай келмеді. Сондықтан «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысуды жөн көрдім. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен үстемесі 14 пайыз болатын несиеге қол жеткіздім. Үстеме ақының жеті пайызын «Даму» қоры төлесе, қалғанын өзіміз төлейміз. Ал бұл біз үшін үлкен көмек, - дейді Шара.
Шара несиеге алған қаржыға жаңа ғимарат сатып алды. Қазір ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сәтін салса, жаңа цехты Халықаралық әйелдер күні қарсаңында іске қоспақ.
Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Кәсіпкерлік қызметті реттейтін бірден-бір құрал ол нормативтік-құқықтық актілер екені белгілі. Қазақстанның кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарының қалыптасуы ХХ ғасырдың 80 жылдарындағы кеңес заманында-ақ, кооперациялық қозғалыстың және сыртқы экономикалық қызметтің пайда болуына жеткізген «қайта құру» деп аталатын кезеңде басталған. КСРО-ның 1986 жылы қарашаның 19-ында қабылданған «Жеке еңбек қызметі туралы» заңы және 1988 ж. мамырдың 26-сында қабылданған «КСРО-дағы кооперация туралы» Заңы шаруашылық қызметтің субъектілері ретіндегі азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке еңбек қызметін іске асырудың құқықтық негіздерін айқындап берді. КСРО Министрлер Кеңесінің 1988 жылы желтоқсанның 2-індегі № 1405-ші «Мемлекеттік, кооперациялық және басқадай қоғамдық кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін ары қарай дамыту туралы» Қаулысы ең маңызды міндет ретінде кәсіпорындардың, бірлестіктердің, өндірістік кооперативтердің және басқадай ұйымдардың валюталық өзін-өзі ақтау, социалистік іскерлікті дамыту ұстанымдарында сыртқы экономикалық қызметтің әртүрлі нысандарына белсенді қатынасуы үшін қажетті шарттар құру міндетін белгіледі. КСРО Министрлер Кеңесінің 1989 жылғы наурыздың 7-індегі №203-ші «Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу туралы» Қаулысы арқылы сыртқы экономикалық байланыстардың қатысушыларын тіркеуді; КСРО-ның мемлекеттік шекаралары арқылы өтетін тауарлар мен басқадай мүліктерді мағлұмдауды; жалпы мемлекеттік маңызы бар жекелеген тауарлардың экспорты мен импорты тәртібін; сыртқы экономикалық байланыстарды тікелей реттеу шараларын қамтыған сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесі белгіленді.
Жоғарыда аталған нормативтік актілер шаруашылық (оның ішінде сыртқы экономикалық та) қызмет саласындағы реформаларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлік заңдар жүйесін құруға көшу мәселесін айқындады.
Шаруашылық қызметің қалыптасқан қауырт дамыған жағдайында Қазақ КСР-інің 1990 жылғы желтоқсанның 11-інде «Қазақ КСР-інде шарушылық қызметті және кәсіпкерлікті дамыту еркіндігі туралы» Заңының қабылдануы алдын ала шешіліп қойды. Аталған заң алғаш рет кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі ұстанымын жариялады және Қазақ КСР-і азаматтарының кәсіпкерлік қызметіне азаматтығы жоқ тұлғалардың, ҚР заңды тұлғаларының, шетелдік жеке және заңды тұлғалардың араласуына рұқсат берді. Қазақ КСР-нің 1990 жылғы желтоқсанның 7-індегі «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңы Республикада ашық тұрпатты экономиканы қалыптастыруға бағытталды және ол елді тезірек әлемдік практикада жалпы қабылданған шаруашылық жүргізу ұстанымдарына көшіруге септігін тигізуге тиіс болды. Сол кезеңде Қазақстанда тараптары Кеңес Одағы және американдық «Шеврон» корпорациясы болып табылған алғашқы сыртқы экономикалық шарт жасалды (1993 ж. аталған шарт ҚР және «Шеврон» корпорациясы арасында қайта жасалды) .
Кәсіпкерлік заңдар дамуының бірінші кезеңі осы уақыттарда кәсіпкерлік субъектілері қызметінің құқықтық негізі қаланғанымен сипатталды. Оған сол кезде қабылданған : 1991 жылғы маусымның 11-індегі ҚР-ның «ҚР-дағы бағалы қағаздар айналысы және қор биржалары туралы» заңы; 1991 жылғы маусымның 21-індегі «Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы; 1991 жылғы желтоқсанның 23-індегі «ҚР-дағы концессиялар туралы» Қр Заңы; 1991 жылғы желтоқсанның 25-індегі «ҚР-дағы салық жүйесі туралы» ҚР Заңы және т. б. сияқты заң актілері дәлел бола алады.
Бұл кезеңде кәсіпкерлік қызметтің өркендеуі үшін 1992 жылғы. шілденің 4-інде шыққан, жеке кәсіпкерліктің негізгі нысандарын және оны қорғау, қолдау тәсілдерін айқындаған, сонымен бірге жеке кәсіпкерлікке мемлекеттің тікелей араласудан бас тарту саясатын, жеке кәсіпкерліктің барынша бостандығын, коммерциялық құпияны сақтауды және мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жеке кәсіпкерлердің құқыларын бұзуға жауапты болуын бекіткен ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңы аса маңызды құжат болды.
Заңдардың ұлттық жүйесін қалыптастыруда азаматтық заңдарды бір жүйеге түсіру яғни кодификациялау маңызды рөл атқарды. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 1994 жылғы желтоқсанның 27-інде («Шетелдік инвестициялар туралы» ҚР Заңымен бір мезгілде) қабылданды, кодекстің қабылдануы 1991 жылығы ҚР-ның «Меншік туралы», «Кәсіпорындар туралы», «Кепілдік туралы» Заңдарының күшін жойды.
Сөйтіп, аталған кезең Қазақстан Республикасындада тұтастай алғанда тәуелсіз және егеменді мемлекеттің мүлдем жаңа заңдық жүйесін және оның ішінде Қазақстанның кәсіпкерлік заңдары жүйесін құру бойынша нарықтық қатынастар дамуының бастапқы кезеңі болып саналады.
Кәсіпкерлік заңдардың дамуындағы екінші кезеңнің басталуына ҚР-ның 1997 жылғы маусымның 19-ындағы №131-І «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және 1997 жылғы маусымның 1-індегі №135-І «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарының қолданысқа енгізілуі себепші болды. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заң шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың төмендегідей: ҚР-да шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдық ұстанымы; шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау кешенділігі үстанымы; шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін іске асырылатын шаралардың қолжетерлік болуы ұстанымы; шағын кәсіпкерлікті қолдау және өркендету саласында халықаралық ынтымақтастық ұстанымын бекітті. Жеке кәсіпкерлік туралы заң ҚР Конституциясы белгілеген азаматтардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігін жүзеге асыруға, жеке кәсіпкерлік үшін мемлекеттік кепілдіктер жүйесін құруға бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz