Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы

5-6 жаста балалардың жеке басының қалыптасу барысында балалар мотивтерінің өзгерісі байқалады.

Жеке ерекшелік процесінде балаларда белгілі бір нәтиже пайда болады. Егер 5-6 жастағы балаларға қоғамдағы адамдардың сөздері әсер етсе, ол достарының алдында әрбір өзінің қылығына есеп береді. Көбінесе ондай балалар ойындарда командир, топ басшысы болып сайланады.

5-6 жаста баланың мінез-құлық мотивтері айтарлықтай өзгереді. Мектепке дейінгі кішкентай бала, ерте сәбилік шақтағы тәрізді тым әр түрлі себептерге байланысты сол сәттегі жағдайлық сезімдер мен тілектің ықпалынан пайда болатын іс-әрекет жасайды, сонымен бірге қандай да бір қылықты жасауға оны не мәжбүр еткендігі жөнінде өзіне-өзі айқын есеп бере алмайды.

5-6 жасарлардың қылықтары едәуір саналырақ бола бастайды. Көптеген жағдайларда ол қазіргі сәтте неліктен басқаша емес, осылайша істегенін бүтіндей ақылға қонарлық түрде түсіндіріп бере алады.

Әр түрлі жастағы балалар көрсеткен бірдей қылықтың түрткі себептері мүлде түрліше болуы мүмкін. Үш жасар бала тауықтарға қиқымды олардың жүгіріп келіп шоқығанын қарау ұшін шашса, алты жасар бала үй шаруашылығындағы анасына болысуы үшін істейді.

Сонымен бірге мектепке дейінгі шақтағыларға тұтасынан алғанда тән, олардың мінез-құлқына ең көп ықпал ететін мотивтердің кейбір түрлерін бөліп көрсетуге болады. Бұған алдымен балалардың ересектер дүниесіне қызығуымен, олардың ересектерше іс-әрекет жасауға тырысуымен байланысты пайда болатын мотивтер жатады.

Рөлді ойында ересектерге ұқсағысы келген тілек жетелейді. Мұндай тілек көбінесе күнделікті мінез-құлықта қандай да бір талапты балаға орындаттыратын тәсіл ретінде пайдалануы мүмкін (сен үлкенсің ғой, ал үлкендер өздері киінеді), дейді балаға оның дербестігіне түрткі сала отырып. Үлкендер жыламайды, деу баланың көз жасын тыйдыруға мәжбүр ететін күшті дәлел.

Балалардың мінез-құлқында үнемі байқалатын мотивтердің екінші маңызды тобы ойын үрдісінің өзіне деген ықыласпен байланысты ойын мотивтері. Бұл мотивтер ойын іс-әректін меңгеру барысында пайда болады және ересектерше көрінуге тырысумен ұштасып жатады. Ойын іс-әрекетінің шегінен шыққан соң олар баланың бүкіл мінез-құлқын әрлендіріп, мектепке дейінгі балалық шақтың өзіне тән қайталанбас ерекшеліктерін жасайды. Бала кез келген істі ойынға айналдыра алады. Кей уақытта және өте жиі ересектерге бала бір маңызды еңбекпен шұғылданған немесе бір нәрсені ден қойып үйреніп жатқан сияқты болып көрінеді, ал шындығында бір жағдайды елестетіп ойнап отырады. 5-6 жасар баланың мінез-құлқында ересектермен және өзге балалармен жақсы өзара қарым-қатынас орнату және сақтау мотивтерінің үлкен мәні бар. Балаға төңірегіндегілердің жақсы қарым-қатынасы қажет. Ересектердің еркелетуіне, құптауына, мақтануына лайық болу тілегі баланың мінез-құлқының негізгі тұтқаларының бірі болып саналады. Балалардың көптеген іс-әрекетін осы тілек арқылы түсіндіруге болады. Ересектермен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысу баланы олардың пікірімен және бағасымен санасуға, олар орнатқан мінез-құлық ережелерін орындауға итермелейді.

Құрдастарымен араласуды дамыту дәрежесіне қарай олардың қарым-қатынасы барған сайын маңыздырақ бола түседі. Бірлескен іс-әрекеттің дамуы және балалар қоғамының қалыптасуы құрдастарының жақсы бағасы мен сүйіспеншілігіне қол жеткізуге мінез-құлықтың мотивтерінің бірі болуға әкеліп соқтырады. Балалар әсіресе өздеріне ұнайтын топ ішінде танымалдылыққа ие болған құрдастарының сүйіспеншілігіне жетуге тырысады.

5-6 жаста намыс, өзін таныту мотивтері дамиды. Олардың шығар жолы- ерте сәбилік шақ пен мектепке дейінгі шақтың шегінде пайда болатын өзін өзге адамдардан бөлу, ересектерге мінез-құлық үлгісі ретінде қарау. Ересектер баланың көзімен қарағанда, жұмыстың құрметті түрімен ғана шұғылданып қоймай, өзара түрлі қарым-қатынастарға да түседі. Олар бұған қоса баланы тәрбиелейді, оған талап қояды және оны орындаттырады. Сүйтіп, бала өзгелердің өзін сыйлауын және тыңдауын оған назар аударуды, оның тілектерін орындауды талап ете бастайды.

Өзін танытуға тырысу бегілерінің бірі - ойындарда басты рольдерді орындауға балалардың дәмеленуі. Әдетте, балалар ойында өздеріне балалардың ролін алуды ұнатпайтындығы, белгілі. Құрмет пен беделге ие болған ересек адамның рөлі әрдайым анағұрлым тартымдырақ.

Мектепке дейінгі кішкентайлар мен естиярлардың өзін танытуы олардың өздеріне белгілі барлық жақсы қасиеттерді өз бастарына таяп, олардың шындыққа тура келетіні-келмейтінінде жұмысы болмай, өзінің батылдығын, күшін т. б әсірелеп бағалайды. Күштісің бе деген сұраққа ол, әрине күштімін деп жауап қатады, оның күштілігі сонша бәрін, тіпті пілді де «көтере» алады.

Өзін танытуға тырысу белгілі жағдайларда қыңырлық пен қасарушылық түріндегі жағымсыз қылықтардың пайда болуына әкеп соқтыруы да мүмкін.

Мектепке дейінгі балалардың қыңырлықтары үш жастағы дағдарыс кезеңінде көптеген балаларда байқалатын мойындамау белгілерін ықпал етудің, пайда болған жағымсыз өзара қарым-қатынас формаларын баянды етудің салдары да болып табылады. Бірақ қыңырлықтың психологиялық табиғаты бала өзінің дербестігін нығайтқысы келетін мінез-құлықтың «дағдарыс» түрлеріне айрықша тән келеді. Қыңырлық өзіне бүкіл жұрттың назарын аударудың ересектерден «үстем болудың» жолы. Өзін танытуға ұмтылуды басқа жолдармен, әсіресе құрдастарымен араласудан, қанағаттандыруға қолы жетпей қалжыраған, ынтасыз балалар әдетте қыңыр болып келеді.

5-6 жаста балалар іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты мотивтердің жаңа түрлері қалыптасады. Олар танымдық және жарыс мотивтері.

Бұл фактілерді көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларға тән әуестіктің көрсеткіші деп санайды. Әйтсе де шынына келгенде балалар сұрағы әрдайым ынтаны, қоршаған дүние туралы белгілі бір мәліметтерді алуға ұмтылғандықты көрсете бермейді. Мектепке дейінгі кішкентайлар мен естиярлар қоятын сұраулардың басым көпшілігі ересектің назарын аудару, оны қарым-қатынасқа тарту пайда болған толғаныстарын онымен бөлісу мақсатын көздейді. Балалар көбіне сөз сұрақтарына қайтарылатын жауапты күтпейді, ересек адамның сөзін бөліп, жаңа сұрақтарға көше береді.

Тек кейін баланы үйрететін және әр түрлі білімдер беретін (соның ішінде оның сұрақтарына түсінікті де негізделген жауаптар қайтарады, ересектердің ықпалы арқасында бала қоршаған дүниемен барған сайын көбірек шұғылдана бастайды, қандай да бір жаңа нәрсені білуге тырысады.

5-6 жаста ғана білімге деген ынта бала іс-әрекетінің дербес мотиві болып табылады, оның мінез-құлқын бағыттай бастайды.

Үш-төрт жастағы жетістіктерін құрдастарының жетістіктерімен салыстырмайды. Өзін танытуға тырысу және үлкендердің мақұлдауына ие болу тілегі оның бір нәрсені өзгелерден жақсырақ тындырғысы келгендігінен емес, жақсы қасиеттерді өз басына жай ғана таңа салғандығында немесе ересектердің жақсы бағасын алатын іс-әрекеттерді орындағандығында болып табылады.

Құрдастарымен бірлескен іс-әрекеттің, әсіресе ережелі ойынның дамуы өзін танытуға тырысу негізінде жеңіп шығуға, бірінші болуға тырысу секілді мотивтердің жаңа түрлерінің қалыптасуына себепші болады. 5-6 жастағылырға ұсынылатын үстел үстінде ойналатын ойындардың бәрі дерлік және спорт ойындарының басым көпшілігі жарыспен байланысты. Ойынның кейбір түрлері осылай аталады да: «Кім ептірек?», «Кім жылдамырақ? », «Кім бірінші?» т. б. 5-6 жастағылар жарыс мотивтерін жарысқа кірмейтін іс-әрекет түрлеріне де енгізеді. Балалар өз табыстарын үнемі салыстырады, мақтауды ұнатады, ағаттықтары мен сәтсіздіктеріне қатты қайғырады.

Мінез-құлық мотивтерінің дамуында балалардың өзге адамдарға қарым-қатынасын көрсететін адамгершілік мотивтерінің ерекше мәні бар. Адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелерін игеру мен түсіну өз қылықтарының басқа адамдар үшін мәнін түсінуге байланысты мектепке дейінгі балалық шақта өзгеріп және дамып отырады.

Бастапқыда жалпы қабылдаған мінез-құлық ережелерін орындау бала үшін тек қана ересектермен жақсы қарым-қатынастарда болудың жолы болып табылады. Бірақ жақсы мінез-құлқы болуы үшін баланың алатын мақұлдауы, еркелетуі, мақтауы оны ұнамды толғаныстарға бөлейді, біртіндеп осы ережелерді орындаудың өзі дұрыста міндетті жәйт ретінде қабылдана бастайды. Мектепке дейінгі кішкентайлар тек өздері сүйкімді көретін ересектер мен балаларға ғана адамгершілік нормаларына сәйкес іс істейді. Мектепке дейінгі ересектердің адамгершілік мінез-құлқы саламен тікелей байланысы жоқ көпшілік жұртқа тарай бастайды. Бұл балалардың адамгершілік нормалары мен ережелерін, олардың жалпыға міндеттілігін шынайы мәнін түсінісуімен байланысты.

5-6 жаста бала өзінің мінез-құлқындағы және өзі баға беретін әдеби кейіпкерлердің қылығындағы адамгершілік нормалардың орындалу мәнін түсінетін болады.

Мінез-құлықтың адамгершілік мотивтерінен өзге адамдар үшін бірдеңе істеу, оларға пайда тигізу ниеті сияқты қоғамдық мотивтер барған сайын көбірек орын ала бастайды. Өзгелер үшін өз бастамасы бойынша жұмыс орындауды бес жаста басталады. Бұл кезеңде балалар өз қылықтары төңірегіндегілерге пайда келтіруі мүмкін екенін түсінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез құлқының ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың топтағы әлеуметтік мәртебесі мен өзін-өзі бағалауына тұлғааралық қатынастардың әсері
Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық негіздері
Оқыту процесіндегі қиял
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-катынасын ұйымдастырудағы психологиялық тренингтердің ролі
Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі
Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі
Мектепке дейінгі жас балалық шақтағы ерік-жігер дамуының жалпы заңдылықтары
Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ АСПЕКІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz