Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
СРО
Тақырыбы: Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы.
Орындаған: Амангелдинова Б. Е
П-307 тобының студенті
Тексерген: Кошкимбаева Р. Х
Семей 2015 ж
Қоғамдық-отбасылық қатынастардың жалпы бағыттылығын айқындау мен үйлестіру тек әлеуметтік-экономикалық емес, ең алдымен үлкен маңызы бар психологиялық-педагогикалық проблема, өйткені жасөспірім ұрпақтың ізгілік-адамгершілік денсаулығы - бүкіл қоғамның қомқорлығында.
Қазақстан әрқашан кіріктіру үрдістерінің жолында болды және солай бола береді. Бұл жөнінде нарықтық экономиканың шындығына орай “Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесін дамытудың тұжырымдамасында” (1997) барынша анық айтылған: “Орта білім берудің жүйелі реформасын жеделдете жүргізу
үшін, Қазақстан қоғамының түрлі топтарының шығармашылық күш-жігерін іске қосып, оларды жаңа тұрпатты ұйымға біріктіру қажет. Болашақта бұл үшін еліміздің Педагогикалық Парламенті болуға тиіс”.
Сонымен, тәрбиенің қоғамдық институты ретінде мектепке диагностикалық, үйлестірушілік, кіріктірушілік және бағыттаушылық рөлі беріледі. Оқушының тұрмыста, үйде, жақын айналасында қалай тұратынын терең және жан-жақты білуді, осы заманғы отбасылық тәрбие мәселелерінде жақсы бағдар алуды, отбасының, мектептің, қоғамның өзара әрекетін тиімді ұйымдастыра білуді, т. б. мұғалімнен ерекше талап етіледі.
Тұлғаның дамуы өзінің бастауын ең алдымен отбасынан алатыны белгілі. Отбасы одан әрі де адамның жеке басының негізгі салаларын қалыптастырудың барынша маңызды ортасы болып қала береді.
Бірақ осы заманғы қоғамда отбасына деген көзқарастарда өте маңызды өзгерістер бодцы. Нарықтық қатынастар экономикалық фактордың (материалдық қолайсыздық) мәнін күшейтті, бұл педагогтардың бүкіл қызметінің тұлғалық-педагогикалык, әсерлілік-адамгершілік факторына қайта бағдар жасау керектігін енгізді. Бұл күнде отбасы психологиялық қорғаудың және онды әсерленушілікті қалыптастырудың қайнар көзі деген көзқарас бұзыдды. Сонымен қатар әр адамның жеке басының бақытын қамтамасыз ету отбасының міндеті болып саналады. Пәрменді өзара көмектен отбасылық өзара қарым-қатынастардан шығатын және әлеуметтік құндылықтар болып табылатын мақсаттарды жүзеге асыру, жас үрпақты өсіру және тәрбиелеу бұрынғысынша отбасының жауапкершілігінде қалады.
Отбасы мүшелерінің отбасылық міндеттерді бөлісуінің қажет-тілігіне байланысты отбасы өмірінің түрлі саласындағы: шаруа-шылық-тұрмыстық, адамгершілік-тәрбиелік міндеттерді ұсынады. Отбасы ішілік бірлестіктегі қызметтің отбасы мүшелерінің - үлкендер мен балалардың өзара қарым-қатынасын ортақтандыруда тәрбиешінің түсінігінің маңызы зор. Психологтар, социологтар, педагогтар егер мұндай бірлестіктегі қызмет болмаса, немесе ол азды-көпті өлсіреген болса, отбасылық қарым-қатынастың елеулі түрде әлсірейтінін, ал оның баланың жеке басының дамуына кері әсер ететінін дәлелдеді.
Отбасындағы түрлі құбылыс жеке тұлға үшін жаңа мәнге ие болады. Жастық шақта отбасы жас адамдар үшін рухани және тән жағынан өзінің жақсы көрушілік объектісі болып саналып, оны өзінің осы арманын жүзеге асыруға қажеттілік ретінде түсінеді. Мұнда жас адамдардың маңызды құндылық бағдары ерлі-зайыптылық болады.
Отбасындағы тәрбиелік тәжірибенің ерекшелігі
- оның қоғаммен табиғи байланыста болуы. Нарықтық қатынастар, жекешелендіру, жеке меншікті дамыту мәселелері көптеген балалардың ортасын және өзінің жеке басын қайта құру қажеттігін олардың алдына қойып отыр.
Отбасындағы шамадан тыс қамқорлық немесе өбектеу - бұл ата-аналар өзінің еңбегімен баланың барлық қажеттігінің қанағаттандырылуын қамтамасыз етумен, барлығын өз мойнына алумен, баланы қандай да болмасын қамқорлықтардан (өбектеуден) күш салушылықтан қорғайтын қатынастар жүйесі. Өкінішке орай, Мұндай тәрбие беру кезінде баланың жеке басын белсеңді түрде қалыптастыру туралы мәселе екінші жоспарға шегінеді. Шамадан тыс қамқорлықтың нәтижесі балада- ынтасыздықты, істі өздігінен атқаруға зауқының болмауын қалыптастыру болып табылады. Өйткені мұндай балалар әдетте өздеріне қатысты мәселелерді, сонымен қатар тәрбиенің жалпы проблемаларын шешуге қатыс-тырылмайды. Оның себебі тәрбиелік әрекеттердің орталығында баланың қажетін қанағаттандыру, оны қиындықтардан қорғау сияқты проблеманың болуы. Шамадан тыс қамқорлық тәрбиелік тәсіл ретінде еңбек тәрбиесінің ашық жауы. Өйткені, өбектеуге алынушы ең алдымен күштен түсіруден, жауаптылықтан, елеулі шынайы еңбек өмірінен қорғалады. Жас ерекшелік психология-сының мағлұматтары куәландырып отырғандай, осындай балалар жеке бастық және ұжымдық
психологиясының мағлұматтары куәландырып отырғандай, осындай балалар жеке бастық және ұжымдық жауаптылыққа нағыз бейімі жоқ, халі нашар, қабілетсіздер болып шығады.
Тәрбиенің тәсілі ретінде отбасылық өзара қатынастар-дың келесі түрі “қол сұқпаушылық” болып табылады. Отбасындағы түлғааралық қатынастардың бүл жүйесі мүмкіндікті тануға және тіпті үлкендер мен балалардың бір-біріне тәуелсіз болуының мақсаттылығына құрылған. Қатынастардың бұл түрі жақсы жабдықтауды қалайтын және олармен бірге болғанда жан күйзелісін талап ететін баланың өмірі мен тағдырына белсенді араласудан бас тартатын тәрбиешілер ретінде ата-аналардың енжарлығы негіз болады. Нәтижесінде ата-аналар отбасылық проблемалардың бәрінен шет қалған енжар жеке тұлғаны қалыптастырады.
Отбасындағы өзара қатынастардың өзінде тәрбие тәсілінің алғышарты мен нәтижелері ретінде көрінетін төртінші түрі - ынтымақтастық. Ынтымақтастық отбасындағы тұлғааралық қатынастардың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен, қызметімен, оның ұйымдастырылуымен және жоғары адамгершілік құндылықтарымен кірігуін қолдайды. Өзара қатынастардың жетекші түрі ынтымақтастық болып табылатын отбасы ерекше сапаға ие болады, дамудың жоғары деңгейлі тобы - ол жекеліктің дамуын қаламайды, ұжымда болуды ұнатады. Мұндай отбасы мүшелерінің арасында байланыстар орнату отбасының әрбір мүшесінде жоғары ізгілік-адамгершілік сапаларды бекітуге, отбасындағы үлкен және кіші жастағы үрпақтар арасында түлғааралық өзара өрекеттерді қалыптастыруға өкеледі. Өзара әрекеттерде болуды беріктендірудің басы бірге күйзелу негізінде, бірлескен қызмет әрекеттері негізінде басқалармен “қоса сезінуң ретіндегі отбасы мүшелерінің осындай әсерленушілік жайының көрініс табуынан болады. Сөйтіп, ұрпақтардың ынтымақтастығы бірлескен көңіл күйінің, жалпы қуаныштың, немесе сәтсіздіктің, үміттің, арманның негізінде құрылады. Жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген (басқалар сияқты өзіне, өзі секілді басқаға) үйде де, жұмыста да және қоғамда да бірыңғай адамгершілік өлшемнен шығатын қатынастардың бұл түрі барынша жоғары деңгейде шынайы ізгілікке жауап береді.
Тәрбиенің осы заманғы тәсілі төмендегі міндетті талаптарды сақтау кезінде кіріктірілген көзқарас негізінде жүзеге асырылуы керек:
1. Алдымен педагогтарға өзара байланысты үш бағыттың - санасына, сезіміне және оқушылардың мінез-құлқына бір мезетте ықпал етуіне қамқорлық жасауы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz