Қазақтандағы халықты әлеуметтік қорғау туралы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақтандағы халықты әлеуметтік қорғау

Жоспар:

  1. Халықты әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері
  2. Әлеуметтік қамтамасыз етуді дамытудың негізгі басымдықтары
  3. Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі

Пайдаланылған әдебиеттер

Халықаралық еңбек ұйымы - әлеуметтік қорғау ұғымын халықтың экономикалық белсенді бола алмау және өзін жоғары жалақылы еңбекпен айналыса алмауы жағдайында (кәрілік, денсаулық, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) оларға өмір сүруге қажетті жағдай жасап азаматтардың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеру деп түсіндіреді.

Осыған сәйкес Қазақстандағы реформа жылдары әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі құрылды:

1-деңгей - Базалық әлеуметтік төледер (базалы зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы, бір реттік төлемдер) ;

2-деңгей - Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ төленетін әлеуметтік төлемдер;

3-деңгей - Өзінің қаражаттары есебінен азаматтардың ерікті сақтандырылуы.

Бірінші деңгей - Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер, яғни қоғамның дамуына азаматтың қосқан жеке үлесін есепке алмай бірдей деңгейде барлық азаматтарға беретін төлемдер (базалық зейнетақы төлемі, мемлекеттік жәрдемақы, бала тууына/бала күтіміне берілетін бір реттік төлемдер) ;

Екінші деңгей - міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ төленетін әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтардың қоғамның дамуына қосқан жеке үлестерін ескере отырып қосымша әлеуметтік қамсыздандыру [1] .

Үшінші деңгей - ерікті сақтандыру есебінен әлеуметтік төлемдер.

Бүгінгі күні әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементтерінің бірі болып отырғанын атап өткен жөн. Республикадағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізін айқындайтын заңнамалық база жасалған. Сақтандырудың басқа түрлерінен (мүлікті, көлікті және т. б. сақтандыру) оның принципті айырмашылығы, ол еңбек қызметіне араласа алмауы себепті материалдық қамтамасыз етілмеуден азаматтарды қорғауды қамтамасыз етеді. Сондықтан, әлеуметтік сақтандырумен ең бірінші өмір сүрудің негізгі көзі еңбек ақысы немесе табысы болып табылатын өз еңбегі арқасында өмір сүріп жүрген жалдамалы жұмысшылар қамтылған.

Осылайша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі деп мемлекет белгілейтін және кепілдік беретін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен ережелер жиынтығын айтамыз.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі принциптері:

1) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың және орындаудың жалпылығы;

2) әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет кепілдік берген шаралар;

3) әлеуметтік сақтандыру жүйесіне міндетті қатысу;

4) әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдер төлеу үшін әлеуметтік аударымдарды пайдалану;

5) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлем төлеу міндеттілігі;

6) міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар қызметінің жариялылығы.

Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жүйеге қатысушыларды, яғни республикадағы жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі болып табылады. 2005 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлем төлеу жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылған «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (МӘСҚ) қаржы ресурстары есебінен жүргізілуде.

Бұл ретте МӘСҚ қаржылық ресурстары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген мынадай ставкалар бойынша төлеушілер төлейтін, Қорға аударылған әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру және әлеуметтік салықты қайта бөлу жолымен қалыптастырылады :

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 1, 5 пайыз;

2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 2 пайыз;

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 3 пайыз;

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз;

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 10 пайыз.

Әлеуметтік аударымдар жүргізілген және әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға құқы бар заңды тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар (өзін өзі жұмыспен қамтыған оларға табыс әкелетін жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер болып табылады.

Қор негізгі қызметін өз міндеттері бойынша өз активтерімен жауап беретін сақтандыру ұйымдары сияқты сақтандыру принциптері арқылы жүзеге асырады.

МӘСҚ мемлекеттің бюджет жүйесіне кірмейді және бюджеттен тыс ұйым ретінде құрылған. Қор қызметінің айқындаушы сәті коммерциялық емес, әлеуметтік мақсат болып табылады: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлем төлеуді жүргізу. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына (13. 12. 04ж. және 20. 12. 2004 ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар жатады. Зейнеткерлік жасқа жеткен, не «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 60-баптарында көрсетілген әскери қызметте еңбек еткен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы алатын тұлғалар зейнеткерлер болып табылады. Жоғарыда айтылғандар бойынша зейнеткерлік жасқа жетпеген жұмыс істейтін мүгедектер немесе әскери қызметте еңбек етпеген тұлғалар ай сайын Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеп төлеп тұруы қажет.

Осы Заңда белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Қорға төлеудi жүзеге асырушы жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам;

1. Арнайы салық режимін қолданушылардан басқа, төлеушi Қорға әлеуметтiк аударымдарды Орталықтың банк шоты арқылы жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей төлейдi.

2. Арнайы салық режимін қолданатын төлеуші әлеуметтік аударымдарды Қазақстан Республикасы Салық кодексімен белгіленген мерзімде жүргізеді.

Жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтiк сақтандырылуға тиiс.

Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Қорға төленетiн осы Заңда белгіленген мiндеттi төлемдер;

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар:

- төлеуші;

- өзі үшін әлеуметтік аударымдар аударылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы;

- алушы;

- «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК;
(ЗТМО) ;

- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (МӘСҚ) ;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтандағы халықты әлеуметтік қорғау
РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ, КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Ұлы даланың ұлтаралық тілі: көркем сөйлеу негізі
Қазақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіштері
Мемлкееттік бюджет
Қазақстан жағдайындағы діни экстремизм бастаулары мен себептері
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі үшінші сессия
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2 әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3 өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу
XVIII ғасырдың 70 жылдарындағы Қазақ хандығы және оның ішкі, сыртқы саясаты
Қазақтандағы палеолит дәуіріндегі ескерткіштер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz