Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялық-санитариялық токсикологиялық бағалау туралы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялық-санитариялық токсикологиялық бағалау.

Орындаған: Ошақбаев Ә. Б.

Тобы: ВС-203.

Тексерген: Билялов Е. Е.

Семей, 2015 жыл.

Жоспар.

1. Малдың тағамдық уланудағы ветеринариялық - санитарлық баға.

2. Тағамдық улану кезіндегі ұшаның және мүшелердің ветеринариялық - санитарлық сараптамасы.

3. Улану кезіндегі клиникалық белгілер мен паталогиялық өзгерістер.

Жанталас жағдайында сойылған мал етін, өзіне тән емес түсі және иісі бар етті утильдеуге жібереді.

Егерде органолептикалық, физико-химиялық көрсеткіштері және бактериологиялық зерттеулер нәтижесі жағымды болса, ветеринарлы-санитарлы баға токсикалық зат түріне байланысты болады. Токсикалық заттарды 3 топқа бөледі, олар табиғаты мен химиялық құрамымен ерекшеленеді:

1. Бірінші топқа еттің құрамында рұқсат етілмейтін улы химикаттар кіреді. Олар: сары фосфор, цианидтер, фосфорорганикалық, хлорорганикалық, карбаматты пестицидтер, сынапқұрамдас және күшәнқұрамдас(мышьяксодержащие) препараттар. Етте күшән мөлшері 0, 5 мг/кг-нан көп емес, ал сынап бауырда 0, 03 мг/кг, бүйректе 0, 05 мг/кг-нан көп болмауы тиіс;

2. Екінші топқа сойыс өнімдерінде шекті мөлшері белгіленген заттар кіреді. 1кг етке 1мг қорғасын, 40 мг сурьма, 100 мг аммиакты селитра, 300 мг барий рұқсат етіледі;

3. Үшінші топқа еттің құрамында табылғаннан кейін, қайнатып залалсыздырғаннан кейін қолданатын немесе етті нан дайындауға қолданылатын улы заттар кіреді. Бұл топқа мыналар жатқызылады: фтор препараттары, цинк және мыс тұздары, хлорлы натрий және калий, қышқылдар мен сілтілер, хлормен, тұншықтырғыш газ, аммиак, мочевина, алкалоидтар мен глюкозидтер, құрамында сапониндері, эфирлі майлары, шайыры бар, фотодинамикалы әсері өсімдіктер; улы және көгері саңырауқұлақтары, олардың өнімдері; асқорыту жолын зақымдайтын өсімдіктер (қарамықша, сүттіген) ; аютабан (лютик) тұқымдас өсімдіктер; утамыр және аюоты. Ақбас триходесмасымен уланғанда ет утильдеуге жіберіледі.

Жылан, тарантул, сарышаян шағылған жанауау еті мен субөнімдері уланған тоқамаларды жойғаннан кейін тағамдық бағытта бөгетсіз босатылады. Теріні кез келген улануда ортақ негізде қолданады. Химиялық-токсикологиялық зерттеу нәтижесінде токсикалық заттар анықталмай, органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері қанағаттанарлық жағдайда, ал бактериологиялық зерттеуде етті пайдалануға болатын микроорганизмдер табылса, ұшаны қайнатқаннан кейін босатып, ішкі ағзаларды утильдеуге жібереді. Нитраттармен жіті улану жағдайында интоксикация белгілері анықталғаннан сон 3тәуліктен кейін ғана малды союға болады. Дихлофоспен, диброммен уланғанда - 7 тәуліктен сон, карбофоспен, фасфамидпен, битфоспен уланғанда - 20 тәуліктен сон, фозалонмен, хлорофоспен - 30 тәуліктен сон; тауықтардың полихлоркамфеноммен улауында - 50 тәуліктен сон, қоян мен қойда - 60 тәуліктен сон; тираммен қояндарда - 20 тәуліктен сон, тауықтарда - 25 тәуліктен сон, қой мен ірі қараларда - 30 тәуліктен сон, шошқаларда - 35-40 тәуліктен сон; полкарбоцидпен уланғанда барлық мал түріне - 20 тәуліктен сон союға болады.

Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес 4 бөлімі бойынша Сойылатын жануарларды сояр алдындағы ветеринариялық Тексеріп қарау және сойылғаннан кейiн ұшалары мен iшкi ағзаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау, оларды санитариялық бағалау

120-шы пункті Жануарлардың улануы. Ет пен ет өнiмдерiнде мынадай улы зат қалдықтары болған кезде тамаққа пайдалануға рұқсат етiлмейдi (мөлшер көлемiне қарамастан) : цианид, сары фосфор, пропазин, гептахлор, дихлораль несепнәрі, полихлоркамфен, альдрин, , дидихлорвинилфосфат, цинеба, дикрезил, байгон, метафос, хлорофос, тиофоса, уарбофос, құрамында сынабы бар пестицидтер, мышьяк кiретiн препараттар және гербицидтер. Егер етте уытты заттардың қалдығы рұқсат етiлген мөлшерден төрт есе көп болса немесе химикаттардың қалдығын анықтайтын ресми тәсiлдердiң сезгіштігінің төрт шегінде болса, етті малға құрғақ азық етіп қайта өңдеуге жiберуге болады. Бұлшық еттiң ұлпасында улы зат қалдықтары бекiтiлген нормадан аспаса, етiн қайнатады, iшкi мүшелердi, желiндi және миын кәдеге жаратады. Жануарлар фтор препараттармен, мырыш пен мыс тұздарымен, хлорлы натриймен және калиймен, қышқылдармен және сiлтiмен, газ тәріздес заттармен (аммиак, ащы күкiрт ангидридi, тұншықтырғыш газ, хлор және тағы да басқалары), несепнәрмен, алкалоидтармен, улы және өңез саңырауқұлақтармен, сапонин кiретiн өсiмдiктермен, эфир майларымен, шайыр мен фотодинамикалы нәрселермен немесе iшек-қарын жолдарын жаралайтын заттармен (купол, молочай), сондай-ақ сарғалдақ тұқымдастары, вехпен уланған ет пен сойылғаннан кейін алынған басқа өнiмдер бактериологиялық, қажет болса, физика-химиялық зерттеуден және басқа иiстердi анықтау үшiн қажеттi сынауға алынғаннан кейiн бағаланады. 121-ші пункті. Азық құрамындағы Нитраттармен және нитриттармен улану. Уланған жануарларды союға клиникалық жазылудан 72 сағат өткеннен кейiн рұқсат етiледi. Амалсыз сойылған малдардың етi нитраттар мен нитрит мөлшерiнiң қалдығы анықталуымен бiрге бактериологииялық және биохимиялық зерттеуге жатады. Бактериологиялық зерттеу теріс нәтиже берген және 100 мг/кг нитраттың немесе 10 милиграмм/килограмм нитриттiң мөлшерi табылған жағдайда ұшаны қайнатады. Нитрат пен нитриттiң мөлшерi көп болса, еттi 5 есе сау малдардың етiмен араластырып қайнатылған шұжықтар дайындауға жiбередi, ал осы шараны орындауға мүмкiндiк болмаса, еттi кәдеге жаратады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялық – санитариялық токсикологиялық бағалау
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін, өсімдіктерді (импорттау, экспорттау және әуе, су, темір жол көліктерімен) тасымалдау және ветеринариялық – санитариялық бақылау
Ет және ет өнімдердің құрамы мен қасиеттері
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялық-санитариялық, токсикологиялық бағалау жайлы ақпарат
Тағамдық тауық жұмыртқалары
Тағамдық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық-токсикологиялық сараптау жайлы ақпарат
Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне қойылатын талаптар
Мал шикізат өнімдері
Уланған құс етін ветеринариялық-санитариялық сараптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz