Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемілекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Тобы:АГ-413
Орындаған:Болат Таңат
Тексерген: Бейсебаев. Ш. Т.
Семей 2015
Жоспары:
I. Кіріспе
1. Шудың көрсеткіштері, шудың түрлері. Шудың адам организміне әсері.
2. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу
3. Дірілдің көрсеткіштері, түрлері, адам орга-низміне әсері.
4. Өндірістегі шу мен дірілден қорғану әдістері.
5. Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі техникалық шаралар
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Өндірістік шу -адамға зиянды әсер ететін, уақыт сайын ретсіз өзгеріп отыратын, жиілігі мен қарқыны әртүрлі дыбыстардың жиынтығы. Шу, ультрадыбыс және дірілдің табиғаты бір. Тек айырмашылықтары таралатын газды, сұйық және қатты денелер ортасындағы тербелістің берілуі. Дыбыс энергия көзі болып табылады. Дыбыс толқындарының тербеліс жиілігі герцпен өлшенеді (1Гц-секундына 1 тербеліс) . Тербеліс жиілігі көп болса-дыбыста жоғары (қатты) . Адам құлағы 16-дан-20 000 Гц аралығындағы дыбыс толқындарын қабылдай алады. 20 000 Гц-тен жоғары тербелістер-ультрадыбыс. 16 Гц-тен төмені-инфрадыбыс деп аталады. Ультрадыбыс және инфрадыбысты адам құлағы қабылдамайды.
Туындау көзіне байланысты шу төмендегідей бөлінеді.
-Механикалық -станоктар шуы, іштен жану қозғалтқыштарының шуы.
-Соққы түрі -темірді соққандағы, шегелегендегі.
-Аэродинамикалық -газдардың шығуы кезінде.
-Гидравликалық -сұйықтар қозғалысы кезінде.
Адам организміне физиологиялық әсеріне байланысты шулар тербеліс жиілігіне, тербеліс ендігіне, қарқындылығына және әсер ету уақытына байланысты жіктеледі.
Жиілігіне байланысты: Төмен жиіліктегі, Орташа жиіліктегі, Жоғарғы жиіліктегі.
Спектр ендігі бойынша: Тар ендіктегі шу, Кең ендіктегі шу.
Қарқынының өзгерісіне байланысты: Импульстік шу, Тұрақты шу.
Әсер ету уақытына байланысты: Қысқа уақыт әсер ететін шу, Ұзақ уақыт әсер ететін. Адам организміне зияны көп шулар-бұл жоғарғы жиіліктегі, тар ендіктегі, импульстік және ұзақ уақыт әсер ететін шулар.
Шудың адам организміне әсері.
Көп уақыт әсер еткен шудың есту органдарына жүктеме түседі, еңбеккердің бейқамдығын арттырады, бұл дегеніміз ескерту белгілеріне жауап реакциясын төмендетіп, қатерге ұрыну мүмкіндігін арттырады. Шу нерв жүйесі, жүйке аурулары, жүрек қан-тамыр ауруларына әкеліп соғады, адамның ұйқысы қашып, еске сақтау қабілеті төмендейді. Өте жоғары дәрежедегі шудан адам саңырау болып қалады, бүкіл ағзасын ауруға әкелетін шусырқатына әкеліп соқтырады
Діріл дегеніміз
қатты денелердің тербелісі ретінде адам ағзасына әсер ететін шайқалудың шамасы. Дірілдің салыстырмалы жылдамдық дәрежесі және салыстырмалы үдеуі дәрежесі децибелмен беріліп, төмендегі формуламен анықталады:
Lυ=20 lg υ/5*10-8; La=20 lg a/3*10-4;
мұндағы 5*10-8 м/с тербеліс жылдамдығының ең төменгі (0) деңгейі.
3*10-4-тербеліс үдеуінің ең төменгі деңгейі м/сек2.
Организмге берілуіне байланысты,
діріл:
жергілікті
-қол машиналарымен жұмыс кезінде, машинаның басқару тетіктері арқылы қолға берілетін және
жалпылама
-адамның отырған немесе тұрған жері арқылы берілетіндері болып бөлінеді.
Жалпылама дәріл үш дәрежеге бөлінеді.
І дәреже- транспорттық діріл, ІІ дәреже- технологиялық-транспорттық, ІІІ дәреже- технологиялық діріл.
Дірілдің адам организміне әсері. Аз қарқындағы жергілікті дірілдің организмге пайдасы да бар (медицинада) . Ал діріл қарқыны өскен сайын зияны артып патологиялық өзгерістерге-діріл ауруларына әкеп соғады. Төменгі жиіліктегі (35 Гц дейін) діріл нерв-булшық ет, қозғалыс аппараттарының патологиясына әкеледі. (Қолдың, нерв тамырларының бұзылуы, терінің сезгіштігінің төмендеуін, сүйектер мен буындардың микрожарақаттары, сүйектерде пайда болатын бұлтықтар т. с. с. ) .
Төменгі жиіліктегі жалпы діріл іш құрылыс органдарының қозғалуына, олардың булшық еттерінің өзгеруіне, омыртқаның жүктемесіне, нерв жүйесі жұмысына әсер етеді.
Ішкі органдарға дірілдің әсері, ағза мүшелерінің жиілігінің өзгеруіне әсер етеді (адамның денесінің жалпы жиілігі 6 Гц, ішкі органдар жиілігі 8 Гц, бастың жиілігі-25 Гц, орталық нерв жүйесі 250 Гц) .
Шу мен дірілдің әсерін азайту шаралары:
1) Шу мен дірілді пайда болған жерінде жою.
а) техникалық үрдістегі шу, дірілді көп беретін машиналарды шу, дірілі аз машиналарға ауыстыру.
б) машина детальдары арасындағы саңылауды реттеу.
с) машина құрылысына шу, діріл шығармайтын материалдарды пайдалану.
2) Шу мен дірілді олардың таралу жолында жою.
а) Машинаның шулы бөліктерін құндақтау, қоршау, оқшаулау.
б) Шуды азайту үшін жұтқыш қалқандарды пайдалану (экрандау) .
3) Жеке басты қорғау құрал-жабдықты пайдалану.
4) Санитарлық және ұйымдастыру шараларын ойластыру (Мекеме жұмыс орындарына санитарлық қорғау аймақтарын жасау, шулы машиналарды оқшаулау, адамның шулы, діріл мөлшері көп жерлерде болуын азайту т. с. с. ) .
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.
Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
Патогенезі. шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.
Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды. Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең - 16 - 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.
Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің тексерулері бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы тұрақты қан айналымның бұзылыстарына әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті процестерін тудырады.
Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш түсумен негізделген.
Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге негізделген. Жануарлардың спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің құрамындағы нуклеин қышқылдарын, сілтілі және қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.
Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы мен шудың әсерлеріне жауаптары есту анализаторларының анатомиялық физиологиялық байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты. Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық тітіркендіргіштер, тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.
Кәсіби кереңдіктің клиникасы. Шулардың адам ағзасына қолайсыз жағдайларының клиникасындағы маңызды белгілерге естудің кохлеарлы тип бойынша баяу үдемелі төмендеулері жатады. Екі құлақта бір деңгейде зақымданады. Есту ағзасының профессионалды себебін анықтау үшін, науқастың шағымдарын, жұмыс орындарындағы басқа адамдардағы аурудың кездесулерін, сонымен қатар жұмыс істейтін орнының санитарлық гигиеналық жағдайларын анықтаймыз. Естудің профессионалды төмендеулері кезіндегі отоскопиялық картиналардың ерекшеліктері жоқ.
Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар есту қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.
Барлық дыбыс диапазоны бойынша дыбыстың өткізілуінің бұзылулары сүйек және ауа арқылыда бірдей. Шу және шудың вибрациясының әсерін бір уақытта алатын, «шулы» мамандықта жұмыс істейтін адамдардың есту қызметінің жағдайындағы клиникалық аудиологиялық көрнісі бірдей. Жалпы алғанда «шулы» мамандықта жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық топтарының 4000, 6000, 8000 Гц жоғары жиіліктегі дыбысты қабылдау аймақтарының біршама төмендегенін байқаймыз. Алғашқы 5 жылыдқта осы аймақ бойынша естудің алғашқы қадамдарын жоғарлату бойынша жұмыстың нәтижесі онша жоғары емес. Олардың жоғарғы көрсеткіштері 10-40 дБ аралығында болады. Кейінірек естудің жоғарлауы 500, 1000, 2000 жиілікте таралады. Осыған қарамастан мамандық бойынша жұмыс стажының өсуіне байланысты естудің төмендеуі дыбысты қабылдайтын 4000, 6000, 8000 Гц жиіліктер деңгейінде қалады. Аз мөлшерде 500, 1000, 2000 Гц жиіліктегі дыбысты қабылдау деңгейіне төмендейді, және 125-250 Гц жиіліктегі дыбысты есту төмендейді.
Диагностикасы. Кохлеарлы невриттің салыстырмалы диагностикасын жүргізеді: науқастың шағымдары, аурудың анамнезі, аурудың дамуы мен ерекшеліктері (шумен байланысы, байланыстың ұзақтығы), отоскопиялық сипаты және есту қызметінің клиникалық аудиологиялық тексерулері, босағалық және босаға үстілік тонды мәліметтерді қоса отырып, естудің ультрадыбыстық аймақтарының жиіліктерін тексеру жатады.
Электр тоғының адам организміне қандай әсері бар десек, олар: жылулық (термикалық) ; химиялық; биологиялық; механикалық.
Электр тоғының әсерінен адам екі түрлі жарақат алады: олар - Электр соққы және Электрошок.
Электрожарақат дегеніміз электр тоғының және электр доғасының әсерінен пайда болған зиянды айтады.
Электр соққы дегеніміз тірі ткандардың ретсіз жұмысын қоздыратын процесс. Электр соққының әсерінен организм ткандары төрт түрлі патологиялық өзгерістерге ұшырайды:
1. Бұлшық еттердің тітіркенуі /тартылуы/ адам есінен танбайды.
2. Бұлшық еттердің тітіркенуі адам есінен танады, өздігінен босай алмайды.
3. Жарақаттануша есінен танып, тыныс және жүрек жұмысының жүйесібұзылады.
4. Клиникалық өлім.
Электрошок дегеніміз электр тоғының әсерінен болатын адам организміндегі жүйке рефлекторының өзгерісі.
Электршок кезінде қан айналымы, жүйке жүйесі, тыныс жүйесінің жұмысы бұзылады. Қан айналымы көтеріліп, дененің ауруы шыдамнан асады. Одан кейін тежеу кезеңі басталып жүйке жұмысы талықсиды, қысым азаяды, дем алу нашарлайды, тамыр соғысы азаяды немесе жиіленеді де, адам сұлық жатады. Бұл кезде адамға тыныштық керек. Бұл кезең бірнеше минуттарға, бір тәулікке дейін созылады, соңында адам не толық сауығады, не біржола тұрмайды /өледі/.
Электр қауіпсіздігі мақсатында келесі техникалық әдістер мен құралдарды қолданады:
- қорғаныш жержалғанысы;
- қорғаныш нөлденуі;
- қорғаныш ағытылуы;
- аз шамалы кернеу;
- тоқ өткізгіш бөлшектерін оқшаулау;
- қорғану құралдары;
- ескерту плакаттары және т. б.
Қорғаныш жержалғанысы. Қорғаныш жержалғанысы деп электр қондырғыларының металл тоқ өткізбейтін бөлшектерін (мәселен, корпусын) әдейі жермен жалғасуын айтады. Қорғаныш жержалғанысының қолдану саласы - үш фазалы үш сымды тоқ кернеуі 1000 В дейін, нейтралі оқшауланған және тоқ кернеуі 1000 В артық, нейтралі қандай да болса электр желілерінде. Қорғаныш жержалғанысының міндеті - электр қондырғыларының корпусына тоқ пайда болған жағдайда адам денесінен өтетін тоқтың күйін қауіпсіз шамаға дейін кішірейту болады. Қорғаныш жержалғанысының конструктивті элементтеріне жерге тұйықтағыш (жер астында ортанылған металл зат) және жерге қосу сымы жатады. Жерге қосу сымы электр қондырғысы мен жержалғанышпен дәнекерлеу арқылы қосылып, екінші ұшы қондырғының корпусына болатпен бекітіледі. Жерге тұйықтағыштар табиғи және жасанды болады.
Табиғи тұйықтағыштар ретінде келесілерді қолдануға болады:
- жер астында орнатылған су құбырлары және басқа да металл құбырлар жатады, бірақ жанатын сұйық немесе жарылыс қауіпті газдар құбырлар есепке алынбайды;
- ғимараттар мен құрылыстардың жер астындағы металл конструкциялары;
- жер астымен жүргізілген кабелдердің қорғасын сырт қабығы.
Жасанды жерге тұйықтағыштар ретінде үзындығы 2-3 м және диаметрі 25-62 мм тік орнатылған болат құбырлары, 60х60 мм бұрыштардың кесінділері. Электр қондырғыларының құрылыс ережелеріне (ЭҚҚЕ) сәйкес қорғаныш жержалғанысының кедергісі 4 Омнан, ал тоқ кернеуі 100 кВа генератор мен трансформаторлардың кедергісі 10 Ом артық болмауы керек. Жерге түйықтағыштардың кедергісі ұлғайып, қорғау нәтижесі төмендеп кетуі мүмкін, сол себептен, оларды жылына екі рет (жаздың күні - жер топырағы қатты қызғанда және қыстың күні - қатып қалғанда) тексеріп отыру керек.
Өлшеудің мынадай әдістері қолданылады:
- амперметр-вольтметр әдісі;
- арнайы МС-08, М-416 т. б. аспаптарды қолдану.
Қорғаныш жержалғанысы орнатылған жағдайда, электр желісінің фазасы бүлінген жағдайда электр қондырғысында қауіпті тоқ пайда болады. Тоқ жерге қосу сымы және жержалғағыш арқылы жерге өтеді де одан әрі басқа екі фазаларға кетеді. Ол тоқ адам денесінен де өтеді. Сонымен Ом заңына сәйкес электр тоғының күші кедергіге кері пропорционалды болғандықтан, тоқтың көп мөлшері кедергісі аз жолмен өтеді. Қорғаныш жержалғанысының кедергісі 10 Омнан аспайтын болса, адам денесінің кедергісі 1000 Ом - нан артық болады. Сонымен электр тоғы адамды зақымдамай, кедергісі аз жержалғаныс арқылы өтеді. Қорғаныш нөлденуі. Қорғаныш нөлденуі тоқ кернеуі 1000 В дейін жермен қосылған үш фазалы төрт сымдық электр желісінде қолданылады. Қорғаныш нөлденуі электр қондырғыларының металл бөлшектерінің (корпусының) жермен түйіскен нөлдік сым өткізгішке қосылу арқылы орындалады.
Қорғаныш нөлденуі. қорғаныш жержалғанысы сияқты адамды тоқ соғу қауіптілігінен сақтайды. Бірақ бүл мақсат басқа әдіспен орындалады - қондырғыны электр желісінен автоматты түрде ағытады.
Қорғаныш нөлденуінің міндеті - электр қондырғысының корпусына тоқ пайда болған жағдайда фазалық және нөлдік сымдар арасында болған тоқтың түйықталуы қысқа тұйықталуына айналады.
Қорғаныш нөлденуінің маңызының ерекшелігін дұрыс түсіну керек - корпусқа тоқ тұйықталған жағдайда, оған пайда болған тоқ нөлдікке қосу сымы арқылы нейтраль (сым) өткізгішке өтеді. Одан әрі тоқ түйіскен фазамен корпусқа қайта оралады, сөйтіп екеуінің арасында бір фазалық қысқа тұйықталу пайда болады. Сонымен, тоқтың күші фазада ұлғаяды да, қондырғыны түйіскен фазадан ажыратады.
Бірақ қорғаныш нөлденуі қорғаныш жержалғанысына қарағанда қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете алмайды, өйткені ажыратқыш аспап іске кіріскенше, нөлдік сым және оған қосылған басқа қондырғылар тоқтың астында болады. Мұндай қауіптілік нөлдік сым өткізгіштің үзілуінен де пайда болуы мүмкін, сондықтан ондай жағдай болмауы үшін қорғаныш нөлденуді бірнеше жермен қосып жалғау керек.
Қорғаныш ағытылуы. Қорғаныш ағытылуы деп тез әсер ететін (0, 1-0, 2 с) қорғануды айтады. Онда электр қондырғысында тоқпен зақымдану қауіптілігі туған жағдайда электр желісінен автоматтық жолмен ажырайды.
Қорғаныш ағытылуы егер қорғаныш жержалғанысы арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмағанда немесе оны орындау қиын болған жағдайда ұсынылады. Қорғаныш ағытылуының артықшылығы мынада:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz