Жылқы мен түйелердің гигиенасы,қойлар мен ешкілердің гигиенасы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
БӨЖ
Тақырыптары: Жылқы мен Түйелердің гигиенасы, Қойлар мен Ешкілердің гигиенасы.
Орындаған:Темешов. Д
Тексерген:Садуақасов. М. С
Топ:ВС-303
Семей 2015
БӨЖ-4
Тақырыбы:Жылқылар мен түйелердің гигиенасы.
Жоспар.
1. Кіріспе
1. 2. Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
1. 3. Түйелер мен жылқы малдарын ұстау жүйелері мен әдістері
1. 4. Жылқы қораларына және оның ішкі орналасуына қойылатын зоогигиеналық талаптар
1. 5. Түйелерді азықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар
1. 6. Қорытынды
1. 7. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Жылқы мен түйенің адам үшін жан-жақты қасиетін кеңінен қолдану мақсатында оны санитариялық-гигиеналық талаптарға сай ұстап, күтіп-бағу енізгі мақсат болып табылады. Түйе өзінің ерекше қасиетіне байланысты жайылымдағы өсімдіктің өзіне керекті және құнарлы жерлерін таңдап жеп өзіне керекті рационын өзі құрайды. Жазғы жайылым кезінде түйелер 7-9 сағат ішінде басқа малдарға қарағанда азықты анағұрылым аз жеп өзіне қажетті энергияны ғана жинап қоймай, керекті май қорында жинайды. Жылқы күш көлігі ретінде үш бағытында қолданадың; бағу, жегу және жүк арту ретінде. Жылқыны асыл тұқымды бағыттақолданудың басты міндеті асылдандыру және асыл тұқымды жас мал өсіру. Тауарлы жылқы шаруашылығы бұл жылқы етін, шипалы сусын ұымызды өндіреді.
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
Жылқы малдарын өсіру көптеген шаруашылықтар үшін, әсіресе табынды-жайып ұстауға қолайлы ҚазақстанҚырғызстан, Башкаристан, Бурят, Якут, Алтай т. б елдерде кең тараған. Олардан тек құнарлы, сіңімді ет, сүт алып қана қоймай, міну және жегіп жүк тасу жқмыстарына пайдаланады және көптеген жарыс ойындарына қосып, жүлделі орындарға ие болады. [1]
Жылқыларды ерекшеліктеріне негіздеп төрт бағытта өсіретін шаруашылықтар болады.
- Жұмыс бағытына арналған жылқылар-шаруашылық ішіндегі жүк тасымалдау, бір жерден бір жерге қатынасу, малдарды айдау, жайып-бағу, шағын жерлерді жыртып өңдеу т, б үшін пайдаланады. [1]
- Өнімдік бағыттағы жылқылар-ет, қымыз өндірістерді табында ұстау кезінде, жыл бойына, арзан құнарлы өнімдермен әсіресе жоғарғы сортты жылқы колбаса-шұжықтарымен дәмді-қазы, қарта жал, жая тағамдарымен, дем алу орындарынақұнды емдік қасиеті мол сусын -қымыз мекемелеріне арналған емдік биологиялық активті преғпараттар жаксап шығару т, б. алуға. [1]
- Спорттық бағытындағы жылқылыр-әртүрлі мәдени-спортты ойындарға, туристік саяхаттарға, арнайы жарыстарға арналған.
- Жаңа тұқымды жылқыларды өсіріп және ескіні жаңарту бағытындағы селекциялық жұмыстарды жүргізу. [1]
Жылқы малдарын айтулы мәнде өсіріп дамыту және бұл саладан ең жоғарғы өнімдер алуға зоогигиеналық талаптарға сай күтіп-бағу шараларын қолдану қажет. [1]
Кейінгі кезде түйе шаруашылығы республикамыздың кейбір аудандарында қалыптасуда. Түйенің ерекшелігі оның тіршілік жағдайларына төзімділігі. Ал түйеден жоғарғы денгейде бағып-күту және азықтандырумен қатар, оларға деген гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы өте зор. [2]
Түйелер мен жылқы малдарын ұстау жүйелері мен әдістері
Қоршаған ортаның кейбір факторларына, шыдамдылығына қарамастан түйелер өздеріне деген күтіп-бағу және ұстау жағдайларына арнайы талаптарды қажет етеді. [2]
Түйе өсіру саласын тиімді жүргізудің негізгі ережесі-жыл бойына түйенің қоңдылығын жақсы жағдайда ұстау. Қондылығы жақсы өркешінде май қоры жиналған түйелер ғана қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімсіз болып келед. [2]
Түйелерді жыл бойы жайылымдарда ұстап бағуға болады. Өйткені, табиғи жағдайда түйе өзін-өзі қамтамасыз етеді. Оларды қораларға қамамай, табиғи ортада ұстау түйелердің емін-еркін өсуіне жоғарғы ықпал етеді. Бұл жерде адамдардың қатысы тек түйелерді бір жайылымнан екінші жайылымға ауыстыру және күн суығанда ауа райы бұзылғанда табиғи баспана ретінде құмды төбешіктерді, қалың бұталы тоғайларды биік қамыс өсінділерін пайдалану. [1]
Түйе қатты аяздарға төзімді келеді, өйткені оның жүн жабындысының жылуды жоғары деңгейде сақтайтын қасиеті бар. Алайда түйе жаңбыр немесе қар аралас жаңбыр астында қалса, оның жүні тез суланып әрі бұл мезгілде суық жел соқса дене температурасы тез төмендеп, мал қатты тонып, нәтижесінде суық тиіп өлімге соқтыруы мүмкін. [1]
Қазіргі кезде түйені ұстау әдістері бір шама өзгерген. Көптеген түйе өсірумен айналысатын шаруашылықтар( фермелер, акцинонерлік, қоғамдар) қыстаулардағы жайылымдарда жануарларды қолайсыз ауа райынан қорғау мақсатында арнайлы қора-жабдықтар салынады. Оңтүстік аудандарда қора-жайлар төрт жағынан қоршалған база-алаң болып келеді. Баздың қабырғалары саманнан немесе саз балшықтан жасалып, биіктігі 2, 0-2, 5 м болады. Мұндай қоршау қабырғалар малды қатты желден және жауын-шашынан қорғайды. Қора -жайдың 2-3 қабырғасы бойымен әртүрлі жергілікті құрылыс материалдарынан екә құмалы бастырма қосылады. [2]
Жылқыны республикамызда әртүрлі бағытта пайдаланады. Атап айтқанда күш көлігі ретінд, ет, сүт өңдіру үшін, асыл тұқымды мал өсіру мақсатында, спорттық қолдану әрі донор ретінде пайдаланады. [2]
Жылқы күш көлігі ретінде үш бағытында қолданадыңбағу, жегу және жүк арту ретінде. Жылқыны асыл тұқымды бағыттақолданудың басты міндеті асылдандыру және асыл тұқымды жас мал өсіру. Тауарлы жылқы шаруашылығы бұл жылқы етін, шипалы сусын ұымызды өндіреді.
Арнаулы бордақыда бағып, оны сойса жылқы еті өте шипалы тағам екендігін айтпай-ақ білуге болады. Мысалы, жылқы етінде 17-24 пайызға дейін белок, 1-2 пайызға дейін май бар, орташа калориясы 940-1566 Дж аралыіында болады екен. Ал енді жылқы майы биологиялық активті компененттерге өте бай. [2]
Жылқы шаруашылығында екі ұстау жүйесі бар; қорада және жайылымда-табынды қолданылады. [1]
Табында жайып ұстау жүйесі-ертеден келе жатқан тиімді, жылқыларды табиғи жайылымдарда жайып, арзан өнімдер алуға негізделген. Бұл жүйені малдардың бағыты, шаруашылықтың мүмкіншілігіне және жер орайына байланысты екі тәсілде пайдаланылады. Мәдениетті табында және жақсартылған табында ұстау болып бөлінеді. [1]
Мәдени -табындау тәсілі бойынша асыл тұқымды және жергілікті тұқымды жылқыларды жылдың көп мезгілінде жайылымдарда ұстап күтіп бағады. Мәдени табында ұстау кезінде жылқыларды, әсіресе жайылымдардың шөбі азайып, құнары кетіп тозған кездерде және қары қалың, суық боранды, мұзды мезгілдерде шөп және құрама азықтар мен қоректендіру қаралады. [1]
Жақсартылған табындарда ұстау тәсілі кезінде жылқыларды жыл бойы жайылымда жаяды. Ауа райының өте қолайсыз кездерінде айғырлардың арық-жүдегендері, құлынды-буаз биелермен әлсіз, ауру тай-жабағыларға арнап, жеңіл, жергілікті арзан материалдардан ықтырма қоралар қаралады.
Ол үшін жылқы қораларының ішінде жекелеп тұрғызып ұстау үшін жан-жағы сырықтар мен шектелген бөлмелер-денниктер, топтап ұстауға ірі секциялар жасалады. Денниктердің көбінесе негізгі айғырларды, құлынды биелерді, енесінен айырған жабағыларды және өнімдік бағалы тай құнандарды ұстайды. [1]
Жылқы қораларына және оның ішкі орналасуына қойылатын зоогигиеналық талаптар .
Жылқы қораларын жобалап салу ол аймақтың ауа райының бойғы бағытына, ұстау жүйелеріне және малдың жасы, жыныстық құрамдарына негізделіп жүргізіледі. Жылқы қоралары малдарды орналастыруға және технологиялық процесстерді жүргізуге қолайлы болуы керек. [1]
Асыл тұқымды шаруашылықтарда малды қорада баққанда айғырлар үшін 5-10 басқаал биелер үшін 40-50 басқа салады; жарататын жас малға да 40-80 басқа қора салады. Қазіргі уақытта әр шаруашылық жылқыға арналған қораларды өздеріне лайықты етіп салады. [2]
Тауарлы және асыл тұқымды шаруашылықтарда малды табында баққанда 40 ірі жылқыға арынап қора салады, жеңілдеу бастырманы 100 басқа арнап салады да, ал жаратуға арналған жас малдарға арнап 40 басқа салады. Сонымен қатар жеңілдеу қора, бастырма және малдарды күтіп-қарайтын қоралар салынуы тиіс. Қорадағы әжірелердің саны жұмыс көлігі үшін 20 пайыз аттардан аспауы керек, биелерді табында баққанда жеңілдеу қора қалқаның 10 пайыз басқа арнап салу керек, жас малдар үшін осы қалқан-5 пайыз мал басынан аспауы керек, жылқылыр үшін қымыз өңдіретін фермада 25 пайыз мал басына қора салынуы тиіс. [1]
Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалып жел өтуіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс. Ат қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрыштыГ бейнелі және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орына және әжіре екі қатарлы орыналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және ұи шығаратын ені 2, 6-3 м жол өткелі болуы тиіс. [2]
Жұмыс көліктеріне жеке-жеке арналған орын болған жөн. Ал асыл тұқымды аттар әжіреде тұрады. Әжіреде жем-шөп салатын ақыр болуы тиіс. Қораның ішіндегі ауаның температурасы 6 градус шамасында салыстырмалы ылғалдылығы-75 пайыздан аспауы керек. Ол желдеткіштер жақсы және ыңғайлы орналасуы керек. Қораның ішіндегі канализация дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Малдың астына құрғақ сабаннан төсеніш салған жөн. Жарататын жас мал қорасын әжіремен жабдықтайды, әжірелердің екі жағында жем-шөпке, қиға арналған жол болады. [2]
Түйелерді азықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар
Түйенің ауызының іші сүйектеніп, қатқан эпителиямен қапталған болып келедң де, олар басқа малдар жей алмайтын тікенді, қатты өсімдіктермен көбінесе шөлейт жерлерде өсетін ащы, жусан, ши, қараған шеңгелдермен қоректенеді. Жетімсіз азықтандырылып, күтімі нашар болған кездерде түйелер бойына өркештеріне жиналған майларын пайдаланып, шығындайды да оны қайта қалпына келтіру үшін, кем дегенде 3 ай уақыт кетек болады. Түйелерді ащылы көкпекті жерлерде жайғанда болмаса, басқа жағдайда оларға тұзды азық өте қажет болады. Сондықтан олардың рационына сүйек ұндарын немесе мел қосып отырады. [1]
Түйе тыныштық жағдайында өзінің тірі салмағының әр бірілігіне жылқыға қарағанда 38 пайыз төмен энергия жұмсайды. Сонымен қоса бордақылау кезінде басқа малдар мен салыстырғанда аызықты аз жейді. Түйенің көк шөпке деген күндік қажеттілігі жайылымның сапасына қарай орта есеппен 24-27 кг арасында болас, ал жиналған шөпке қажеттілігі 6-12 кг аралығында. Тірі салмағының 500 кн айналасындағы түйенің тәуілік ішінде орта есеппен алғанда рационның құңдылығы 4 азықтық бірліктен кем болмауы керек. Ал тірі салмағы 500-600 кг асатын жұмысқа пайдаланатын түйелердің азыққа деген тәуіліктік нормасы 8-10 азықтық бірліктен кем болмауы керек. [1]
Түйе өзінің ерекше қасиетіне байланысты жайылымдағы өсімдіктің өзіне керекті және құнарлы жерлерін таңдап жеп, өзіне керекті рационын өзі құрайды. Жазғы жайылым кезінде түйелер 7-9 сағат ішінде басқа малдарға қарағанда азықты анағұрылым аз жеп өзіне қажетті энергияны ғана жинап қоймай, керекті май қорында жинайды. [2]
Түйе қатан және тікенекті өсімдіктерді азық ретінде пайдалана алады. Себебі оның ауыз қуысы мүйізді эпителиймен қапталған, соның арқасында ол шөлде өсетін қатты тікенекті өсімдіктерді жей алады. [2]
Қорытынды.
Қорыта келе жылқы мен түйенің қоғамда алып отырған орыны ерекше зор. Жұмыс көліктеріне жеке-жеке арналған орын болған жөн. Ал асыл тұқымды аттар әжіреде тұрады. Әжіреде жем-шөп салатын ақыр болуы тиіс. Қораның ішіндегі ауаның температурасы 6 градус шамасында салыстырмалы ылғалдылығы-75 пайыздан аспауы керек. Ол желдеткіштер жақсы және ыңғайлы орналасуы керек. Кейінгі кезде түйе шаруашылығы республикамыздың кейбір аудандарында қалыптасуда. Түйенің ерекшелігі оның тіршілік жағдайларына төзімділігі. Ал түйеден жоғарғы денгейде бағып-күту және азықтандырумен қатар, оларға деген гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы өте зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М. С. Садуақсов «Ауыл шаруашылық малдары мен құстардың гигиенасы» Алматы 2010 жыл 121-141 бет.
2. Ж. Б. Мырзабеков, П. Ш. Ибрагимов «Ветеринариялық гигиена»Алматы 2011жыл 356-375 бет.
БӨЖ-5
Тақырыбы: Қойлар мен ешкілердің гигиенасы.
Жоспар
1. Кіріспе
1. 2. Қойларды ұстау жүйелері
1. 3. Ешкі малдарын күтіп-бағудың ерекшеліктері.
1. 4. Қозылардың гигиенасы
1. 5. Қорытынды
1. 6. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Жоғарғы сапалы және мол мөлшерде жүн және түбіт өнімін алуға қойлар мен ешкілердә құнарлы азықтармен қоректендірудің маңызы өте зор. Өйткені ұсақ малдарды азықтандыруда жіберілетін қателіктер азықтың жетіспеуі, құнарсыз азықтарды сол сияқты сапасы төмен бұзылған, улы азықтарды пайдаланау т. б түбіттің және жүннің кемшіліктерінің шығуына апарып соқтырады. Ең бастысы олардың жабайы шыққан тегі және екуінің бір -бірімен шағылысып ұрықтанбауы болып саналады. Ешкілер қойлардан анатомиялық көрсеткіштерімен де ерекшеленеді. Қозыларды азықтандыру үшін мынадай азық түрін пайдаланады; шөп ұны, пішен, бұтақты азық, сәбіз, күнжара, ұрпақ, ас, бор, сүйек ұны және басқалар. Қозыларды сауылықтан бөлек азықтандырады.
Қойларды ұстау жүйелері .
Қой шаруашылықтарында қойды күтіп-бағудың мынадай жүйелері қалыптасқан; қолда жайылымға шығарып бағу, жайылымда-қолда және жайлымда бағу. [1]
Мал басын қолда- жайылымда күтіп- бағу әдісін еліміздің орталық солтүстік және шығыс бөлігіндегі шаруашылықтардың басым көпшілігі қолданады. Қыста қойды қорада ұстау арқылы құнарлы азықпен азықтандырса, ал жазда жайылымдық жердің өріс отын тиімді пайдалануға күш салады. [1]
Өріске шығарып қолда бағу әдісін жазғы және қысқы жайылымдықтары бар республикамыздың барлық аймақтары қолданады. Бұл жүйеде шаруашылықтарда саулықтар төлдейтін кезде беретін немесе қыс пен ерте көктемде қойды азықтандыратын қажетті жем-шөп қоры болады. Қойды жайылымда күтіп-бағу жүйесі -жазда да, қыста да, жайылымдық жерлері жергілікті, ірі мал азығы мен құрама жем қоры бар көбінесе оңтүстік аудандарда қолданылады. [2]
Қой шаруашылығында жасы мен жыныстық құрамына қарай мынадай топтпрға бөлінеді; Қошқар мен 1, 5 жастан жоғары сынаққа түсетін қошқар, қозысы бөлгенге дейін ұрықтандырылмаған бойдақ саулықтар, қозысын бөлгенге дейін емізіп жүрген саулықтар, туғаннан бөлінгенге дейінгі қозылар, тоқтылар мен тұсақтар, етке өткізілетін ісектер, бордақыға қойылған қойлар. [1]
Ешкі малдарын күтіп-бағудың ерекшеліктері .
Ешкілер-қойларға ұқсас келеді де, олардың дене пішіні, салмағы, өмірінің ұзақтығы, жыныстық белгілері т. б көрсеткіштері қайталанады. Мұнымен қоса ешкілердің қойлардан бірнеше айырмашылықтары болады. [2]
Ең бастысы олардың жабайы шыққан тегі және екуінің бір -бірімен шағылысып ұрықтанбауы болып саналады. Ешкілер қойлардан анатомиялық көрсеткіштерімен де ерекшеленеді. [2]
Ешкі шаруашылығының өнімдері -олардың жүні мамығы, терісі және тағам өнімдері. Екшілер ұсақ мал тобына жатады. Олар қойларға қарағанда әртүрлі табиғи-климаттық өзгерістерге бейім келеді. Ешкілер еліміздің солтүстігінде және оңтүстігінде таулы және жазық жерлерде өсіріледі. [1]
Олар 64 пайыз клетчаткадан тұратын азықтарды, шырынды, ірі және құрама азықтарды жақсы жейді. Сонымен қатар олар жусанды, әртүрлі тікенектерді, ағаш жапырақтарын жақсы пайланады. [1]
Ешкі мен қойдың қан сөліндегі белоктың құрамы өзгелешенеді. Ешкілер қойлар мен салыстырғанда ауа райының құбылыстарына өзгеріс жағдайларына тез бейімделеді және ешкілердің асқорыту мүшелері өте жақсы дамыған. [2]
Мұнымен қоса ешкі малының өнімдеріде ерекшеленеді. Мысалы; ешкі сүтіндегі белокта 17 пайыз казейн болады. Ешкі сүтінің құрамында қой сүтіне қарағанда белоктар мен майлар аз мөлшерде болады. [2]
Ешкі сүті құрамындағы амин қышқылдары бойынша әйел адамдардың сүтіне сәйкес болады да, құрамында трозин-4, 9 триптофан-1, 9 цистин-0, 83 метионин-2, 02 аргинин-5, 05 гистидин-2, 78, лизин-7, 72 пайыз болады да, қой сүтіне қарағанда түсі ақ және майылығы (8, 5) жағынан нубий тұқымды ешкілерінің сүтінде тіпті майылы сүтті буйволдар( енеке) (7, 75 пайыз) зебуден(9өркешті сиыр 7, 7 пайыз) жоғары болады. [2]
Жыныстық жетілу ешкілерде 5-6 айында басталады. Бірінші шағылыстыруды 16-18 айында жүргізеді. Малды ұрықтандыру мерзімін егелері анықтайды. Мал топтарын жынысына тұқымдық бағалығына және қнімділігіне қарай құрайды. Ешкі өсіруде қойды күтіп -бағуға ұқсас. [1]
Қозылардың гигиенасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz