Mathcad математикалық пакеті


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ОӨЖ

Тақырып:

Mathcad математикалық пакеті

Дайындаған: Зияданова. А. Е

Тексерген: Қарымсақова И. Б.

Семей 2015

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Mathcad - компьютерлік математикалық жүйесі.

2. 2. MathCAD жүйелерінің құрамы:

2. 3. MathCAD жүйесін үлкейту әдісі

III. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Аса күрделі есептерді шешуде басқа математикалық және графикалық жүйелермен біріктіру мүмкіндігі қарастырылған. Осы себептен де оның - интегралданған жүйелер атауы шыққан. Жалпы, интегралды есептерді шешуде Mathcad-ты жасаушылар біршама табысқа жетті - бұл жүйе ұзартылған интегралмен бүтіндей басқа қатарларды математикалық, графикалық және офистік жүйелерді қамтамасыз етеді. Бұл үшін оған арнайы жүйеленген интегратор MathConnex кіргізілген. 1999 жылы жазда жүйенің жаңаланған нұсқасы - Mathcad 2000 шығарылды. Онда енгізілген құрамдас функциялар саны айтарлықтай ұлғайтылды, графикалық мүмкіндіктері жақсар-тылды, есептеу жылдамдығы жоғарылатылған және де жұмыс істеу анағұрлым ыңғайлы. MathCAD жүйелерінің құрамы: MathCAD-2000 интегралданған жүйесі келесі негізгі бөліктерді құрайды. Mathcad-тың көмегімен мысалы, мақалалар, кітаптар, диссертациялар, ғылыми есеп берулер, дипломдық және курстық жобаларды сапалы мәтіндермен ғана емес, сонымен бірге жеңіл жүзеге асырылатын ең күрделі математикалық формулалар жиынын да орындауға және есептеулердің сансыз таңдамалы графикалық қорытындысын ұсынуы, оның «жанды» мысалы бола алады. Ал, Mathcad-тың 2 кітапханалар мен пакеттерді қолдануды кеңейтуі ғылым, білім және техниканың кез келген саласына кәсіби бағытталғанын көрсетеді. Mathcad жаңа версиясының маңызды жетістігіне онша танымал емес баспа құрылғылар типінің кезкелген баптауы /настройка/, шрифттердің көптүрлі жиынтығы, Windows инструменттерінің барлығын пайдалану және қазіргі көптерезелі интерфейс жатады. Mathcad жаңа версиясына құжаттарды түрлі түстерде дайындауда тиімді құралдар, анимацияланған (қозғалатын) графиктер құру және дыбыстық сүйемелдеу мүмкіндігі кіргізілген. Мұнда да қуатты есептеуіш мүмкіндіктерімен біріктірілген мәтіндік, формулалық және графиктік редактірлер бар.

Mathcad - компьютерлік математикалық жүйесі.

Дербес компьютерде математикалық және ғылыми-техникалық есеп-терді қолдану маңызды шара болып табылады. Негізінен олар жоғары деңгей дәрежесінде жазылған. Мысалы, Бейсик немесе Паскаль программалар тілі арқылы орындалады. Бүгінде бұл жұмысты ДК -де/дербес компьютер/ қарапайым тұтынушының орындауы кездейсоқ емес. Бұл үшін оған математикалық есептердің кейде аса нәзік, құбылмалы болып келетін, программалау және көпсандылық сандар әдісі тілін үйренуіне тура келеді. Бұл жағдайда қабілетті физик, химик немесе инженердің программаларды жете меңгеруі оңайға түспейді. Осы бүтіндей қайшылықты жағдайды математикалық есеп-тердің автоматтандырылған интегралды программалар жүйесін (Eureka, MathCAD, MatLab, т. б. ) қолдану арқылы мәселені жақсы жағына өзгертуге болады. Мұнда осындай жүйелердің бірі - MathCAD-тың мүмкіндіктері мен даму үрдістері қарастырылады.

Mathcad - бұл ғылым, білім және техниканың әртүрлі салаларында массивті математикалық есептерді шешуді автоматтандыруға арналған компьютерлік математиканың танымал жүйесі. Жүйе атауы - MATHematica (математика) және CAD деген (Computer Aided Design - автоматты жобалау жүйесі немесе АЖЖ) екі сөзден шыққан. Яғни, толығымен Mathcad-ты математикалық АЖЖ деп есептеуге негіз бар.

Бүгінде Mathcad-тың әртүрлі нұсқалары математикаға бағытталған әмбебап жүйе болып табылады. Оның сандар сияқты, жеке есептеулермен қатар, танымал мәтіндік редактор немесе электронды кестеде қиындықпен шешілетін, аналитикалық та, күрделі есептерді жете шешу мүмкіндігі бар.

MathCAD жүйелерінің құрамы.

MathCAD-2014 интегралданған жүйесі келесі негізгі бөліктерді құрайды.

1. Құжаттық редактор - математикалық шартты белгілер-дің жинағын, графиктік шаблонды және мәтіндік түсініктерді қою мүмкіндігі бар редактор.

2. MathConnex - жүйелік интегратор, басқа программалық жиындардың қасында MathCAD интегралдауын қамтамасыз етеді.

3. Ресурс орталығы - ресурстық жүйелердің басқару жүйесі.

4. Электрондық кітаптар - ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы типтік есептерді суреттейтін электрондық кітаптар.

5. Анықтама жүйесі - математикалық және индекстік каталогтың анықтамалық мәліметін алуға және де керекті жасырын сөздермен сөйлемдерді іздеуге арналған жүйе.

6. Quick Sheets жылдам шпаргалкалары - қолданылатын барлық құрылған операторлармен функцияларды қысқаша мысалмен мүмкіндігінше түсіндіруін суреттейтін жүйе.

7. Интернет Браузері - Интернетке шығудың меншіктік құралы.

MathCAD жүйесін үлкейту әдісі .

Кеңейтілген функциялардың кіргізілген мүмкіндігінің кеңейтілуі, қарапайым программалар С немесе С++ тілінде берілетін MathCAD +5. 0 жүйесінен басталады. С немесе С++ -те жүйелік програмистер жақсы программалар жасайды, бірақ олар математикалық тапсырмаларды кейде ғана шеше алады. MathCAD +6. 0 түрінен басталған жүйелерде реттелген программалық құжаттар модулін жазу, типтік басқару құрылымдарын және жай түрде жазылған программаларды жүзеге асырады. Бұл дегеніміз MathCAD жүесі програмистердің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Жоғары сатыдағы MathCAD жүйесінің кеңейтілуін бағытталған проблемаларды, электронды кітаптар, кітапханаларды және басқаларды кеңейткен. Олар әртүрлі ғылым және техника - математикада, физика және химияда, астрономияда, механикада, электронды техникада және радиотехникада, биология және экономикада, қаржы, статистикада ең тиімді амалдар шешімдердің жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Электронды кітаптар - MathCAD кластық жүйесінің типтік, бағытталған әдісіне белгілі ғылым және техника саласындағы амалдарды шешуге арналған пакет.

Кеңейтілген пакеттер - бұл үлкейтілген кітапханалар, электронды кітаптармен қамтамасыз етілген жаңа оператор-лармен функцияларды ескеретін, MathCAD базалық жүйесіне енгізілетін кеңейтілген пакеттер. Кітапханалар - бұл электронды кітаптардың жиынтығы және кеңейту пакеттері.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Функцияларды енгізу терезесі
Математикалық есептеулерге арналған программалық жүйелер
MATLAB МАТЕМАТИКАЛЫҚ ПАКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МҮМКІНДІКТЕРІ
Гипepбoллaлық типтeс тepбeлiс тeңдeулepiн дeкoмпoзиция тәсiлiмeн шeшу тeхнoлoгиясы
Есепті шешу алгоритмі
Еселі интегралдардың қолданулары
Гипepбoллaлық типтeс тepбeлiс тeңдeулepiн дeкoмпoзиция тәсiлiмeн шeшу тeхнoлoгиясы мeн пaйдaлaну әдiстeмeсi
Комплекс сандарды оқытуға арналған компьтерлік бағдарламаларды қолдану тәсілдері
Сату болжамының ақпараттық жүйесін кұру үшін имитациялық моделдеулер жүргізу ақпараттық жүйесі
Фурье қатары туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz