Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері



Кіріспе

І.тарау. Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы
1.1. Кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама
салықтар жүйесіндегі ролі
1.2. Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы
1.3. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге
асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасы

ІІ.тарау. Кедендік төлемдерді алуға қолданып жүрген механизм
2.1. Қазақстан Республикасында тауарға кедендік төлемдерді
салу тәртібі мен шарты
2.2. Тауардың кедендік құнын анықтаудың әдіс.тәсілдері
2.3. Кедендік төлемдерден түскен төлемдерді талдау және
оның мемлекеттің бюджетін қалыптастырудағы ролі

ІІІ.тарау. Қазіргі кездегі кедендік төлемдерді алу ерекшелігі
3.1. Банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден
бекеттерінде төлеу тиімділігі
3.2. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету
жөніндегі шаралар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар
Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендігін алуы әлем шаруашылығындағы қатынастардың интеграциясына бастау салды, экономиканы тұрақтардыруда маңызды роль ойлайтын сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына әкелді. Үлкен табиғи және ресурстық материалдық өнеркәсіптік күштердің болуы алыс және жақын шетелдермен сауда, экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастардың қарқынды дамуына алғышарттар жасайды.
Сыртқы сауданың либерализациясы, экспортқа шектеулерді алып тастау мен соңғы уақытта басқа дамыған елдердің нарығына бұрылу негізінен сыртқы нарықтар қазақстандық өнімнің өтуі, сауда дискриминациясын жою және шетелдегі қазақстандық экпортерлердің мүдделерін қорғау үшін жалпы қабылданған құқықтық базаны пайдалану мақсатындағы мемлекеттің сыртқы саула саясатына байланысты болып табылады. Осыған орай экспорттық басымдылықты өсіру экономиканың қайта құрылуына және өсуіне мүмкіндік береді.
Сонымен бірге ішкі нарықты шетел өнімінің экспансиясынан қорғау және қолдау мемлекеттің импорттық саясатын үнемі жетілдіруді алға қояды.
Қазіргі жағдайда тарифтік шаралардың қолдару сферасы мен мақсаттары импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейінгіде тарифтік шаралардың ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту немесе толығымен жою кезіндегі оның механизмдерін сатылап өңдеу жағына қарай, экспортты мемлекеттік қолдау жүйесін құру жағына қарай өзгеруде.
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің экономикалық әдістері үлкен маңыздылықты алуда. Солардың ішінде ұлттық нарықты дұрыс ұйымдастырылмаған имопорт немесе экспорттан қорғауда қолданылатын кедендік төлемдер болып табылады.
Қазақстанның импорттық саясатының басымдылықтарын көрсететін кедендік тариф импорттың құрылымын оптималдау және валютаның шығындарын рационализациялау үшін жасалған. Тауарлар мен тауар топтамалары бойынша баждардың көлеміне байланысты кедендік тариф, не отандық өндірісті шетелдік бәсекелестіктен қорғауға, не отанлық және шетел өндірістерінің арасындағы бәсекелестікке мүмкіндік жасайтын жағдайларды құруға жасалған, сонымен қатар отандық өнімнің бәсекелестік қатілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа кедендік тариф, сыртқы экономикалық қызметтің жаңа нысандарын дамытуға, Қазақстаннан экспортты біздің өнімнің импортерларына әртүрлі мақсатты жеңілдіктер беру арқылы ынталандыру үшін жасалған.
Егемендік алғаннан кейін Қазақстанда 1992 жылдың аяғында сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, Республиканың импорттық саясатын тиімді жүзеге асыру, Республикалық бюджеттің табысын сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстардан көбейту мақсатында импорттық кедендік тариф енгізілді. Бұл дипломдық жұмыста қарастырылатын басты мәселелер: ұлттық өндірушіні қорғауда сыртқы сауданы реттеу үшін, импорттық саясаттың жүзеге асыру тиімді ме, Қазақстан дамыған елдердің сыртқы экономикалық қызметті тиіміді жүргізу мен экономиканы жөндеудегі тәжірибесін қолдана ала ма, Республикада кедендік төлемдерді қолданудың басымдылықтары қандай.
Диплом жұмысының мақсаты кедендік төлемдердің салу механизмін зеттеу және мемлекеттің кіріс жүйесіндегі ролі болып табылады.
Қойылған мақсаттан келесі міндеттер шығады:
- кедендік төлемдердің экономикалық мәнін, олардың түрлерін және салу әдістерін ашу;
- экспорт пен импортты, сыртқы экономикалық реттеу жүйесіндегі кедендік төлемдердің мәнін ашу;
- Қазақстан Республикасындағы төлемдердің есептелуі және алыну тәртібін қарастыру;
- мемлекеттік бюджетке түсетін кедендік төлемдерді талдау және олардың өзгеру факторларын анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы кедендік тарифті реттеуді жетілдірудің жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасының территориясында әрекет етерін кедендік төлемдер жүйесі табылады.
Диплом жұмысын жазудың теоретикалық негізі кедендік саясатты жүзеге асыру және сыртқы экономикалық қызметті реттеу облысындағы отандық және шетелдік экономистердің жариялымдары болып табылады. Ақпараттық база болып Қазақстан Республикасының заң актілері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігінің кедендік және салық комитетінің мәліметтері табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасның Кеден кодексі, 2003 жыл 1 мамыр
3. Қазақстан Республикасның Қылмыстық кодексі, 1997 жыл
4. Казахстанское таможенное право. И.А.Алибеков. Алматы, 1999г.
5. Основа таможенного дела в РК. В.А.Некрасов, И.А.Джандарбеков. Астана 2002 г.
6. «Основа таможенного дела» В.Г. Драганов Москва, Экономика. 1998 г.
7. «Что такое сертификация?» М.Ахметжанов Алматы, 2000 г.
8. «История таможенного право в РК» А.И.Шалтыков. Алматы, 1999 г.
9. Таможенное право. М.А.Сарсембаев. Алматы, 1997 г.
10. Таможенное право. Б.Н.Грабичидзе, издательство БЕК Москва 1995 г.
11. Таможенное право. А.Ф.Наздрачев, Москва юрист, 1998 г.
12. Жақашев Д.С. Кеден органдарының құқықтық мәртебесі: теориясы мен практикасының мәселелері. Алматы, 2003 ж.
13. Сәрсембаев М.А. «Қазақстан Республикасының кеден ісінің құқығы» Алматы, 2002 ж.
14. Мадиярова Д.М. «Сыртқы экономикалық қызмет және мемлекеттердің экономикалық қауіпсіздігі», 2000 ж.
15. Ушурова С.Р. «Қазақстан Республикасының кеден ісінің негіздері» Алматы, 1998 ж.
16. Абсеметов М. «Қазақстандағы кеден ісі»
17. Тенлибаев Н. «Снижения пошлины: Вести о таможене», Сегодня, 1998 г.
18. И.Н.Герчикова «Международные экономические организация», М. 2001 г.
19. Таможенный вестник – журнал
20. Г.Касымов «Казахстану нужна единная тарифно-таможенная политика» Вестник по налогам и инвестициям. 1998 г.
21. Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі №500 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекеті Үкіметінің арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қою туралы» Келісім.
22. «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулысы.
23. Қазақстан ДСҰ-ға кіруге әзірленуде. Үкімет жаршысы 1995 ж. №5.
24. Ә.Құланбай «ДСҰ-на ену Қазақстанның әлемдік қоғамдастығы орнын бекемдеу» Егемен Қазақстан 2001 ж. 11-желтоқсан.
25. Еуразиялық экономикалық қауымдастық Еуразиялық Одақ құрамына бастайтын төте жол. Егемен Қазақстан, 2000 ж. 10-қазан.
26. Понарама 13 октября 2000 г. Президент пятерки Таможенного союза подписали договор о созданий Еуразиского экономического сообщества.
27. Понарама 20 октября 2000 года. Н.Исингарин, Интеграционный комитет СНГ: Договор по ЕврАзЭС по сути первый документ, предусматривающий действенный организационно-правовой механизм интеграций.

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Бітіру жұмысының тақырыбы Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік
төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері деп аталады. Құрылысы
бойынша бітіру жұмысы 60 бетті құрайды. Үш тараудан, кіріспе мен қорытынды
бөлімдерден тұрады. Алғашқы екі тарау жеке-жеке тақырыптары бар бөлімдерге
бөлінген.
Бітіру жұмысының бірінші тарауында кедендік төлемдердің экономикалық
мәні, оның жанама салықтар жүйесіндегі ролі және кедендік алымдардың
түрлері және олардың сипаттамасы мен мемлекеттің сыртқы экономикалық
саясатын жүзеге асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасын
зерттеу тұрғысынан қарастырылады.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасында тауарға кедендік
төлемдерді салу тәртібі мен шартына, тауардың кедендік құнын анықтаудың
әдіс-тәсілдеріне және кедендік төлемдерден түскен төлемдерді талдау және
оның мемлекеттің бюджетін қалыптастырудағы роліне арналған.
Қазақстан Республикасындағы банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді
кеден бекеттерінде төлеу тиімділігі және кеден рәсімдерін оңайлату, олардың
ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы заңдарды жетілдіру
мәселелері үшінші тараудан орын алады.
Сондай-ақ бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық
актілер тізімін құрайды.
Бітіру жұмысы Қазақстан заңдарына және көпжақты және екіжақты халықаралық
келісім-шарттарға сүйене және оларды талдай отырып жазылған.
Сонымен қатар, осы тақырыпты зерттеу барысында қазақстандық және ресейлік
ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды.

Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және
алу ерекшеліктері

Кіріспе

І.тарау. Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы

1. Кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама
салықтар жүйесіндегі ролі
2. Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы
3. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге
асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасы

ІІ.тарау. Кедендік төлемдерді алуға қолданып жүрген механизм

2.1. Қазақстан Республикасында тауарға кедендік төлемдерді
салу тәртібі мен шарты
2.2. Тауардың кедендік құнын анықтаудың әдіс-тәсілдері
2.3. Кедендік төлемдерден түскен төлемдерді талдау және
оның мемлекеттің бюджетін қалыптастырудағы ролі

ІІІ.тарау. Қазіргі кездегі кедендік төлемдерді алу ерекшелігі

3.1. Банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден
бекеттерінде төлеу тиімділігі
3.2. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету
жөніндегі шаралар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендігін алуы әлем шаруашылығындағы
қатынастардың интеграциясына бастау салды, экономиканы тұрақтардыруда
маңызды роль ойлайтын сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына әкелді.
Үлкен табиғи және ресурстық материалдық өнеркәсіптік күштердің болуы алыс
және жақын шетелдермен сауда, экономикалық және ғылыми-техникалық
қатынастардың қарқынды дамуына алғышарттар жасайды.
Сыртқы сауданың либерализациясы, экспортқа шектеулерді алып тастау мен
соңғы уақытта басқа дамыған елдердің нарығына бұрылу негізінен сыртқы
нарықтар қазақстандық өнімнің өтуі, сауда дискриминациясын жою және
шетелдегі қазақстандық экпортерлердің мүдделерін қорғау үшін жалпы
қабылданған құқықтық базаны пайдалану мақсатындағы мемлекеттің сыртқы саула
саясатына байланысты болып табылады. Осыған орай экспорттық басымдылықты
өсіру экономиканың қайта құрылуына және өсуіне мүмкіндік береді.
Сонымен бірге ішкі нарықты шетел өнімінің экспансиясынан қорғау және
қолдау мемлекеттің импорттық саясатын үнемі жетілдіруді алға қояды.
Қазіргі жағдайда тарифтік шаралардың қолдару сферасы мен мақсаттары
импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейінгіде тарифтік шаралардың
ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту
немесе толығымен жою кезіндегі оның механизмдерін сатылап өңдеу жағына
қарай, экспортты мемлекеттік қолдау жүйесін құру жағына қарай өзгеруде.
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында сыртқы экономикалық қызметті
реттеудің экономикалық әдістері үлкен маңыздылықты алуда. Солардың ішінде
ұлттық нарықты дұрыс ұйымдастырылмаған имопорт немесе экспорттан қорғауда
қолданылатын кедендік төлемдер болып табылады.
Қазақстанның импорттық саясатының басымдылықтарын көрсететін кедендік
тариф импорттың құрылымын оптималдау және валютаның шығындарын
рационализациялау үшін жасалған. Тауарлар мен тауар топтамалары бойынша
баждардың көлеміне байланысты кедендік тариф, не отандық өндірісті шетелдік
бәсекелестіктен қорғауға, не отанлық және шетел өндірістерінің арасындағы
бәсекелестікке мүмкіндік жасайтын жағдайларды құруға жасалған, сонымен
қатар отандық өнімнің бәсекелестік қатілеттілігін көтеруге мүмкіндік
береді. Бұдан басқа кедендік тариф, сыртқы экономикалық қызметтің жаңа
нысандарын дамытуға, Қазақстаннан экспортты біздің өнімнің импортерларына
әртүрлі мақсатты жеңілдіктер беру арқылы ынталандыру үшін жасалған.
Егемендік алғаннан кейін Қазақстанда 1992 жылдың аяғында сыртқы сауданы
мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, Республиканың импорттық саясатын
тиімді жүзеге асыру, Республикалық бюджеттің табысын сыртқы экономикалық
қызметтен түсетін табыстардан көбейту мақсатында импорттық кедендік тариф
енгізілді. Бұл дипломдық жұмыста қарастырылатын басты мәселелер: ұлттық
өндірушіні қорғауда сыртқы сауданы реттеу үшін, импорттық саясаттың жүзеге
асыру тиімді ме, Қазақстан дамыған елдердің сыртқы экономикалық қызметті
тиіміді жүргізу мен экономиканы жөндеудегі тәжірибесін қолдана ала ма,
Республикада кедендік төлемдерді қолданудың басымдылықтары қандай.
Диплом жұмысының мақсаты кедендік төлемдердің салу механизмін зеттеу
және мемлекеттің кіріс жүйесіндегі ролі болып табылады.
Қойылған мақсаттан келесі міндеттер шығады:
- кедендік төлемдердің экономикалық мәнін, олардың түрлерін және салу
әдістерін ашу;
- экспорт пен импортты, сыртқы экономикалық реттеу жүйесіндегі
кедендік төлемдердің мәнін ашу;
- Қазақстан Республикасындағы төлемдердің есептелуі және алыну
тәртібін қарастыру;
- мемлекеттік бюджетке түсетін кедендік төлемдерді талдау және олардың
өзгеру факторларын анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы кедендік тарифті реттеуді жетілдірудің
жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасының территориясында әрекет
етерін кедендік төлемдер жүйесі табылады.
Диплом жұмысын жазудың теоретикалық негізі кедендік саясатты жүзеге
асыру және сыртқы экономикалық қызметті реттеу облысындағы отандық және
шетелдік экономистердің жариялымдары болып табылады. Ақпараттық база болып
Қазақстан Республикасының заң актілері, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік кіріс министрлігінің кедендік және салық комитетінің
мәліметтері табылады.

І.тарау. Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы

1.1. Кедендік төлемдердің экононмикалық мәні, оның жанама салықтар
жүйесіндегі ролі

Кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға Қазақстан Республикасының
кедендік тарифтеріне сәйкес кедендік баждар салынуы керек.
Қазақстан Республикасының кедендік тарифі – Қазақстан Республикасының
кедендік территориясына әкелінген және осы территориядан шығарылған
тауарларға қолданылатын кедендік баждар ставкаларының жиынтығы.
Бұл тауарлар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің
тауарлық номенклатурасына сай жүйеге келтірілген және топтастырылған
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық
номенклатурасы Әлемдік Сауда Ұйымының мүшелері елдерінде пайдаланылатын
тауарларды кодтау және бейнелеудің үйлесімделген жүйесіне негізделіп
жасалған Қазақстандағы экономиканың дамуына қарай сыртқы экономикалық
әдістері үлкен роль ойнауда, соның ішінде орталық орынды кедендік тарифтер
алады. Онсыз сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау мүмкін емес.
Экономикалық негізделген кедендік тарифті енгізу әкімшіл-әміршілден
сыртқы экономикалық қызметті реттеудің эклнлмикалық әдістеріне өту жолында
маңызды қадам болды.
Қазіргі уақытта тарифтік шараларды қолдану сферасы мен мақсаттары
импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейінгі тарифтік шаралардың
ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту
механизмдерін кезеңдер бойынша өңдеу жағына қарай, экспортты мемлекеттік
қолдау жүйесін құру жағына қарай өзгеруде. Қазіргі экспортты реттеу
шараларын уақытша деп қарастыру керек.
Сонымен, кедендік тариф – бұл нарықтық экономика жағдайында сыртқы
экономикалық қызметті реттеудегі таңызды құрал болып табылады.
Тариф – бұл оның тауарлық номенклатурасы, кедендік құнды анықтау және
баждарды салу әдістемесі, оларды жүргізу механизмі, өзгерістер мен жоюлар
кедендік-тарифтік реттеу облысындағы атқарушы өкімет қызметінің шектерін
анықтайтын нормалар, тауардың шығу елін анықтау ережелері. Кедендік
реттеудің белсенді бөлігі – бұл тауарды әкелу немесе шығару құқығына салық
болып табылатын кедендік баждардың ставкалары. 1993 жылға дейін әрекет
еткен кедендік тариф сыртқы экономикалық қызметті реттеу функциялары
орындалады, баждардың ставкалары экономикалық салалардың даму деңгейін
ескермеді, импорттық тауарлардың бағаларына әсер етпеді және экономикалық
мазмұны болмады. Ескі кедендік тариф халықаралық тәжірибеге сәйкес келмеді
және Қазақстанның саудалық-саяси мақсаттарына жетудегі құрал бола алмады.
Нәтижесінде Қазақстанның сыртқы экономикалық кешені өзінің қызметін маңызды
экономикалық реттеушісі және шетел нарықтарына тауарлар экспортын
қамтамасыз ету құралы болмады.
Кедендік тариф Қазақстанның импорттық саясатының тасымдықтарын көрсете
отырып, импорттың құрылымын оптималдау және валюта шығындарын рационалдау
үшін жасалған тауарлар немесе тауар топтамалары бойынша баждардың көлеміне
байланысты кедендік тариф не отандық өндірісті шетелдік бәсекелестіктен
қорғауға, не отандық және шетел өндірісінің арасындағы бәсекелестікке
мүмкіндік жасайтын жағдайларды құруға жасалған, сонымен қатар отандық
өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа
кедендік тариф сыртқы экономикалық қызметтің жаңа нысандарын дамытуға,
Қазақстанның экспорты біздің өнімнің импортерларына әр түрлі мақсаттардағы
жеңілдіктер үшін жасалған.
Қазақстанның кедендік тарифтері мен кедендік баждары белгілеулің
жариялылық сипатты осындай баждарды белгілеу кезіндегі халық шаруашылығының
әр түрлі салаларының мүдделерін есептеуге ғана емес, сонымен қатар оның
Қазақстанның контрагент-елдеріне саудалық-саяст мәнін көтеруге мүмкіндік
береді.
Өз кезегінде кедендік тарифтің жариялылық сипаты Республиканың
нарығында қызығушылығы бар ұйымдарды демократиялық негізде тартуға
мүмкіндік беретін осы механизмді құруды қажет етті. Бұл тариф импорт және
экспорт тауарларына баждар ставкаларын келісімдеуге, кедендік-тарифтік
саясаттың сұрақтары бойынша ұсыныстарды дайындау, кедендік-тарифтік
саясаттың сұрақтарын қозғайтын заң актілерінің жобалары мен халыаралық
келісім-шарттарды қарастыруды қажет етті.
Кедендік баждарды құру кезінде экономикалық табиғат пен олардың
атқаратын функцияларын ескеру қажет, өйткені олар баждардың принциптері мен
әдістерін анықтайды.
Экономикалық әдебиетте кедендік баждардың табиғаты мен олардың
атқаратын функциялары туралы бірде бір мәлімет жоқ.
Нарықтық экономика жағдайында және сыртқы экономикалық қызметті
либерализациялауда кедендік баждар сыртқы экономикалық қызметтің маңызды
реттеушісі болады. Кедендік баждар көмегімен мемлекет тауарларды әкелу
немесе шығаруды қолдауға немесе оларды шектеуге, отардық тауар
өндірушілердің тауарларын басқа да ұқсас тауарлардың шетел бәсекелестеріне
бірдей тепе тең экономикалық, ғылыми-техникалық, эклогиялық, валюта-
қаржылық жүргізуге СЭҚ субъектілерінің қызметін жалпы мемлекеттік, ұлттық
мүдделерге бағыттауға мүмкіндігі бар.
Баж бағалық категориялар санына жатады. Бұл әр тауар бойынша бажды
негіздеуге, олардың ұлттық және әлемдік шығындар мен бағалар арасындағы
үйлестіруді тұтынушының параметрлері мен тауардың сапасын есептеуде, т.б.
жеке бағытты талап етеді. өткен кездегі әкелу баждар анықтаған кезде,
яғни19-ғасырмен 20- ғасырдың басында фискальдық бағыт болды.; баждар жоғары
деңгейде анықталды және мемлекеттің табыс көздерінің маңыздыларының бірі
деп қарастырылды. Сонымен бірге ұлттық экономиканы ағылшын тауарларының
енуінен қорғаудағы мәселені шешуге мүмкіндік берді, себебі Англия басқа
елдерден бұрын өнеркәсіптік революция жолына түсті, оның өнімі жоғары
бәсекелестік қабілетті болды және көбінесе Еуропа мен Америка елдерінің
тауарларынан асып түсті.
20 ғасырда кедендік баждардың төмендеу тенденциясы мемлекеттің
табыстарын қалыптастырудағы оның рөлінің әлсіреуі байқалдығ бірінші орынға
олардың реттеуші функциясы шығарылды, ал ол өз кезегінде импорттық
тауарларды әкелуге шектеу қоюға немесе рұқсат бермеуге шектелген жоқ.
Кедендік баждардың ставкаларын тауарлы топтар мен әр өнімді оның
қажеттілікті, ұлттық және әлемдік бағалардың деңгейін ескере отыру детальді
дифференцмациялау қажеттігі өсті.
Кедендік баждардың мұндай дифференциясы оны ғылыми негіздеуді осы
дифференцияны анықтайтын объективті факторларды оқып білуді талап етті.
Кедендік баждардың ставкаларының төмендеуі мен оның әр тауар топтары
мен әр өнімнің дифференциялауыфн күшейту тенденциялары объективті
факторлармен негізделді. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы
протекционизмді әлсіретуді қажет етті. Ұлттық экономикалардың мамандануы,
соның ішінде пәндік, деталдік және технологиялық елдердің сыртқы
экономикалық саясатын тауардың тобы, түрі бойынша оларға әсер ететін сыртқы
және ұлттық жағдайларды ескере отырып негіздеудегі дифференцияны талап
етті. Бұл проблеманы шешу тек дифференцияланған рента емес бағаның жалпы
теориясының позициясын ғана мүмкін яғни баждарды интернационалды
дифференциалдаған рента түрінде қарастыру керек.
Экономикалық теория мен шаруашылық қызметінінің тәжірибесінде
дифференциалды рентаның екі негізгі нысаны бар. Құнарлылығы мен орналасқан
жері бойынша.
Жердің құнарлығындағы өзгешелік жерді өңдеудегі өндірісін шығындарын
дифференциялаудың негізі болып саналады: құнарлығы төмен жерлерді шығындар
және керісінше қнарлы жерлердің шектеулігі құнарлығы төмен жерлерді
пайдалану қажеттілігін аныөтайды: оның өнімі қоғамға қажет болғандықтан,
оның жеке шығындарын нарықтық бағалар реттейді. Осындай бағаларды жақсы
жерлерде қосымша дифференцияланған табыс жүзеге асырылады, оны жер иесі
дифференциалды рента түрінде алады.
Соынмен бірге дифференциалды рента жер учаскелерінің орналасқан жерінің
өзгешелігі мен көліктік шығындарды дифференциялау нәтижесінде пайда болады.
Әлемдік экономика жүйесінде, осы айтылғандардан басқа, түрлі елдердің
өндірісіндегі ұлттық шығындарының тұрақты өзгешелігі негізінде пайда
болатын дифференциалды рентаның тағы бір нысаны мүмкін. мысалы, өндірістің
төмен шығындары, экономикалық дамыған елдердің өнімінің жоғары сапасы оның
табиғи ресурстарының балығымен емес, олардың ірі импорттары болып
табылады, олар осы елдердің қолайлы жағдайларымен емес, жоғары да аталған
факторлардың негізінде болып отыр. Ұлттық өндірісті мамандандыру кезінде
бір ел маманданған өндірістегі өнімнің бір түрі бойынща бәсекелесті
басымдылықтарға ие болса, өнімнің басқа түрлері бойынша мұндай
басымдылықтары болмауы мүмкін. Ол өзінің өндірістік мамандануына сай
келетін өнімді экспорттап, профильді емес өнімді әкеледі.
Халықаралық өндірістік шығындар профильді, маманданған өнімнің ұлттық
өндірістік шығындар негізіндегі бәсекелестік күресте қалыптасады. Бұл
өнімді әлем нарығына әкелуші негізгі өндірушілер өндірістің табиғи
жағдайлары, орналасқан жері, кадрлардың оқу және кәсіби дайындығы,
техниканың деңгейі, өндірісті ұйымдастыру мен технология деңгейі облысында
басымдылықтары бар елдер болып табылады. Жоғарыда басымдылықтар маманданған
өнім өндірісіндегі ұлттық шығындардың төменгі деңгейін басқа да бірдей
жағдайларда - өнімнің экспортерлері болып табылмайтын елдердің ұлттық
нарығында өткізілетін өнімнің аналогты түрлерінің бағалары мен ұлттық
шығындарын салыстырғанда ұлттық және әлемдік бағалардың төмен деңгейін
қамтамасыз етеді.
Осы ұлттық және әлемдік шығындар мен бағалар арасындағы айырмашылықтар
кеден баждарының қалыптасуының объективті негізі болып табылады.
Баға мен дифференциалданған рентаның жалпы теориясының позициясынан
қарағанда, кеден баждарының экономикалық табиғатын түсіндіруге, олардың
функцияларын анықтауға, олардың сандық негізінің принциптері мен әдістерін
нақты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, 1996 жылдың шілдесіне дейін қолданылған шикізаттың кейбір
түрлеріне экспорттық баждар, ел ішіндегі олардың өндіру мен тасымалдаудың
ішкі жағдайлармен және әлемдік нарықта осы өнімдерді өндіру мен өткізу
шығындарына байланысты, оларға деген жоғары әлемдік бағалармен анықталатын
төмен ұлттық бағалар арасындағы айырмашылықпен көрсетіледі.
Сәйкесінше әкелу баждары өздері ел жағдайындағы ұқсас тауарды
өндірушілердің жоғары шығындарының арасындағы айырмашылығы болып табылады
және осындай тауарларды өндірушілердің негізгі шығындарымен анықталатын
сәйкесінше төмен әлемдік бағалармен ерекшеленеді. Мұндай өндірушілер
тауарларды әлемдік нарыққа шығарып, онда осы тауарларды өндіру облысында
тұрақты тұрақты бәсекелестік басымдылықтарға ие болып келеді. Баға мен
дифференциалданған рентаның жалпы теориясы және оның кедендік баждардың
қалыптасу концепциясында қолданылуы мемлекеттің сыртқы экономикалық
саясатын жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылатын кеден саясатының
негізін жасау үшін объективті база құрады.
Түрлі тауар бойынша баждың көлемін анықтау үшін бағаның ұлттық және
халықаралық шығындарын есепке алу қажет.
Бажды есептеу үшін қлттық және әлемдік бағалар қолданылуы мүмкін.
Баждар әлемдік және ұлттық бағалар айырмашылық негізінде анықталады. Бұл
баждар реттеуші функцияны орындайды.
Әкелу баждары ұлттық және әлемдік бағалар арасындағы айырмашылықтан
жоғары белгіленуі мүмкін. Осы жағдайда баждар протекциондық функцияны
орындайды және отандық нарықта импорттық тауарлардың енуін шектейді, ал
баждық бөгеттің жоғарғы деңгейінде бұл әкелуді тоқтатады.
Сонымен әкелу баждары ұлттық және әлемдік бағалардың арасындағы
айырмадан төмен белгіленуі мүмкін. Мұндай баждар тауар импортына кең
мүмкіндіктер жасайды және оларды тауар импортының анықталған шектерінде
ынталандырушы ретінде қарастыруға болады.
Жоғарыда аталған баждардың функцияларын келесі шартты есепте бейнелеуге
болады. Айталық, А тауарының ұлттық бағасы сол тауардың әлемдік бағасынан
10 есе жоғары десек. Осындай әлемдік және ұлттық бағалара арасындағы айырма
кеден баждарының келесі құрастырылу варианттары мүмкін:
1-ші вариант. А тауарына әкелу бажды 10 процент деңгейінде белгіленеді.
Мұндай баж протекционистік функцияны орындап шектейді, ал жоғары деңгейде
осы тауарды әкелуге тыйым салады.
2-ші вариант. Әкелу бажы 10 процент деңгейінде белгіленеді, яғни
бағаларды айырмаға сәйкес. Мұндай баж ішкі нарықтағы шетел және отандық
өндірушілерге бәсекелестік жағдайларын түзеп, сөйтіп реттеуші функцияны
орындайды.
3-вариант. Әкелу бажы 10 процент төмен деңгейінде белгіленеді. Мұндай
либералды баж кең тауар импортына жағдайлар жасайды. Ал оның нөлдік
деңгейге жақындауында ол нарыққа тауарды әкелудегі экономикалық реттеу
ролін жоғалтады.
Жоғарыда келтірілген есептерге талдау жасау кезінде келесідей
қорытындылар жасауға болады:
1. Өзімен өзі баждардың деңгейі, оны әдемдік және ұлттық бағалар
дейгейімен салыстырмай-ақ, оның орындайтын функцияларын сипаттай
алмайды. 10 процент деңгейінде белгіленген әкелу бажы
протекционистік функцияны орындай алады, егер тауарға әлемдік жәгне
ұлттық бағаның арасындағы 10 проценттен төмен болса, ынталандырушы –
егер ол бағалардағы айырмаға сәйкес келсе.
2. Егер әр түрлі тауарларға көлемі бойынша бірдей кеден баждары
белгіленсе, онда олардың барлығы сыртқы саданы реттуде бірдей
функцияны атқаратындығын білдірмейді.Бір тауарға әлемдік және ұлттық
бағалар арасындағы қалыптасатын қатынастарға байланысты бұл баждар
протекцтондық функцияны орындайды. Басқалар үшін - әкелу
масштабтарын тұрақтандыру, үшіншілер үшін – импорттың мүмкіндіктерін
кеңейту.
3. Баждардың көлемін импорттық және отандық өндірістің тауарындағы
бәсекелестік жағдайларының өзгеруімен әлемдік және ұлттық бағалардың
арасындағы қатысты ескере отырып, түзету керек.
4. Баждарды түзеткен кезде ұлттық өндіріс жағдайымен тауар ұсынысындағы
өзгерістерді ғана емес сонымен қатар әлемдік нарықтың жалпы
канюктурасының халықаралық шығындар мен әлемдік бағаны өзгерістерін
де қажет.
Егер осы тауарға көптеген елдерде желу бағасы бірдей деңгейде
белгіленсе, онда әлемдік және ұлттық бағалардың қатынасына байланысты бір
елдерде бұл баж протекцтондық функцияны, басқаларда – ынталандырушы,
үшіншілерді жай реттеуші функцияны атқаруы мүмкін. Мысалы, егер осы
тауарға 15 процент мөлшерінде әкелу бажы белгіленсе, онда ұлттық баға
әлемдік бағадан 10 процент жоғары А елде, баж протекцтональдық болады,
қлттық баға әлемдік бағадан 15 процент жоғары Б елде баж реттеуші
функцияны атқарады, ұлттық баға әлемдік бағадан тек 1 процент жоғары В
елде, баж ынталандырушы болады.

1.2.Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы.
Кедендік баждар – кедендік баждар тауарларда режимдерде декларациялау
кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы ҚР-ның кедендік тарифіне
сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді кедендік баждардың ставкаларын ҚР-
ның Үкіметі белгілейді.
Кедендік алымдарға кедендік рәсімдеу үшін кедендік алым,
Кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым тауарларды сақтау үшін
кедендік алым жатады.
Тауарлары мен көлік құралдары негізгі кедендік рәсімдеу кезінде
кедендік рәсімдеу үшін ҚР-ның Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым
алынады.
Кедендік ілесіп алып жүру үшін алымды ҚР-ның Үкіметі белгілейді бірнеше
көлік құралын кедендік ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар
бөлінеді.
Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша
сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін кедендік алымдар алынады.
Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау
әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін ҚР-ның Үкіметі
белгіленген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.

t Yt Xt dY dX e e2 et-et-l (et-et-l)2
1 73,7 73,7---------------------- ------------------ ---------
- -- -- - - -
2 74,8 74,8 --------- ------------------ ---------
1,1 1,1
3 75,9 75,9 0,319139 0,10185 --------- ---------
1,1 1,1 0,281593
0,112637
-1,249817
-0,175092
-0,412271
-0,655952
-1,825275
1,46859
4 7,2 77,2 0,079295 -0,037546 0,00141
1,3 1,3
5 9,4 79,4 2,2 2,2 0,012687 -0,168956 0,028546
6 80 81,4 2 1,562042 -1,362454 1,856281
0,6
7 84,6 3,2 0,030657 -1,074725 1,155034
83,1 3,1
8 88,4 3,8 0,169967 0,587363 0,344995
87,1 4,4
9 92,5 4,1 0,430274 0,243681 0,059381
92,5 5
10 4 3,331628 -2,481227 6,156488
94,9 96,5 2,4
11 100 100 3,5 2,156756 3,293864 10,84954
5,1
баға 7,875156 20,45168

DW= 2.596987
dl= 1,08
du= 1,36

Егер DW статистикасы интервалға түссе

duDW4- du;
яғни, біздің жағдайымызда
1,36DW2,64
онда модель қанағаттанарлық болып саналады.

Регрессиялық статистика

Көптік R 0,813462
R – квадрат 0,66172

Нормаланған 0,613394
R – квадрат

Стандарттық 1,060671
қателер

Бақылау 9

Дисперсиондық анализ

df SS MS F F мәні
Регрессия 1 15,40484 15,40481 13,69292 0,007651

Экспорттық баждар Қазақстан Республикасы территориясында өндірілген
және оның шекарасынан шығарылатын тауарларға белгіленеді. Экспорттық
баждарды қолдану кезінде негізінен келесі мақсаттарды көздейді:
Елдің шекарасынан ұлттық экономикаға қажетті, отандық нарықты толықтыру
үшін елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті тауарларды
шығаруды шектеу;
Шикізат тауарлар мен алғашқы өңделген өнімдерді шығарудан ұстау және
жоғары технологиялық тауарлардың жоғары деңгейлі өңделген өнімдердің
экспортын ынталандыру;
Елдің бюджетінің табыс бөлігін толықтыру.
Көптеген елдерде әсіресе, экономикалық дамыған елдерде, экспорттық
баждар импорттық баждарға қарағанджа сирек қолданады. Транзиттік баждар
елдің территориясы арқылы басқа елдерде (тарнзитпен) тасымалдайтын
тауарлардан алынады. Олар мыналар үшін белгіленуі мүмкін:
➢ елдің территориясы арқылы өтетін кейбір тауарлар топтарын реттеу;
➢ мемлекеттік қазынашылықты толықтыру;
Айта кететін жағдай, қазіргі кезде транзиттік баждар әлемде
қолданылмайды.
Ішкі нарық пен отандық өндірушілерді белгілі бір тауар импортынан
қорғау үшін баждардығ ерекше түрлері қолданылады. Қолданылу мақсаттарына
байланысты ерекше баждар арнайы баждарға антидемпингтік баждарға,
компенсациялық баждарға бөлінеді.
Арнайы баждар қорғау шарасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Елге
әкелінетін тауарлардан осындай тауарды өндіруші отандық нарықты қорғау;
Дұрыс емес бәсекелестікті жою тәсілі ретінде.
Антидемпингтік баждар ішкі нарықта демпингті бағалар бойынша тауар
импортынан қорғау үішн арналған.
Демпинг деп импортер – елдің тауардың экспорты мен оны өткізуді ішкі
нарықтағы өндіруші – елдердің бағасынан төмен бағалармен жүзеге асыруы.
Осы бағалардың арасындағы айырма антидемпингтік баждың қалыптасу
негізгі болып табылатын демпингтің мөлшерін сипаттайды.
Конпенсациялық баждар елде экспортты дамыту немесе импорттың орнын
толтыру мақсатында пайдаланылатын мемлекеттік субсидиялармен өндірілетін
тауарлардың импортына жүргізіледі. Субсидияларды пайдалану шығындары әдейі
азайтуға әкеледі, сәйкесінше, экспортталатын тауарлардың бағасының
төмендеуіне әкеледі (соның ішінде Қазақстанда). Қазақстандық өндірушілерге
үлкен залал әкелуі, отандық өндірістің дамуын ұстап тұруы мүмкін. Осындай
жағдайда отандық өндірушілерді қорғау үшін компенсациялық баждар қолдануы
мүмкін. Олардың мөлшері судсидиялардың көлемімен анықталады.
Айта кететін жағдай, Қазақстан Республикасында тәжірибеде ішкі нарық
пен отандық өндірушілерді елге қолайсыз тауар импортын қорғау үшін арнайы
антидемпингтік, конпенсациялық баждар пайдаланылмайды, бірақ бұл проблеманы
шешу өзектілігі өсуде. Жоғарыда көрсетілген баждардың түрлері жылдың әр
уақытында, яғни жыл бойы қолданылуы мүмкін.
Бөлек тауар топтары бойынша жыл бойы өндіріске ұшырайтын өндіру мен
өткізу көлемдері үшін мезгілдік баждар белгіленуі мүмкін. Мезгілдік
баждарды қолдану мемлекетке жылдың белгілі бір уақытында осындай
тауарлардың импорты мен экспортын тиімді реттеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында келесі кедендік алымдар
қолданылады:
1. кедендік баж;
2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергені үшін
алым;
3. кедендік рәсімдеу бойынша мамандарға біліктілік аттестатын беру
алымы;
4. кедендік рәсімдеу үшін кеден алымы;
5. тауарларды сақтау үшін кеден алымы;
6. кедендік ілесіп алу үшін кеден алымы;
7. алдын ала шешім үшін төлем ақы.
Импортталатын тауарлардан қосылған құнға салық пен акциздерді салу
кеден органдары мен Қазақстан Республикасы салық заңында белгіленген
тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің арасындағы мемлекетаралық келісімді
жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы территориясында кеден баждарының
ставкалары белгіленген, кеден құнынан проценттік немесе ЕВРО-мен.
Қазақстан Республикасы бажсыз жаңа тауарларды жасау үшін әкелетін
тауарлар әкеленеді, мысалы, инкубациялау үшін құс жұмыртқалары, дәнді
дақылдар, мерзімді басылымдар, органикалық химикалық қосылулар, табиғи газ
кен және қорғаныс, мысалы концентраттары.
Қазақстан Республикасы лицензия беру алымы алынады.
Кедендік рәсімдеу бойынша мамандарға біліктілік аттестатын беру алымы
200 ЕВРО мөлшерінде алынады.
Кедендік рәсімдеумен байланысты процедура СЭҚ қатысушыларына кеден
органдары көрсететін қызмет ретінде қарастырылады. Кеден рәсімдеу үшін
кеден алымы осы қызмет үшін төлем ретінде көрсетіледі. Кеден рәсімдеу үшін
кеден алымының ставкалары кеден жүйесінің қызметтеріне төлеу болып
саналады.
Кеден рәсімдеу үшін кеден алымын тауарды және оған қатысты құжаттарды
кедендік рәсімдеуге алу мезетінде төлеу жүзеге асырылады. Кеден рәсімдеу
үшін кеден алымының ерекшеліктері:
- біріншіден, бұл алым бойынша төлемді кейінгі қалдыру берілмейді;
- екіншіден, кеден рәсімдеу үшін кеден алымы бойынша төленген сомалар
қайтарылмайды.
Тауарларды кедендік рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасы кеден шекарасы
бойынша тауар ретінде қозғалысындағы көліктік құралдарды қосқанда, сонымен
қатар оңайлатылған, жеңілдік тәртіпте қозғалатын тауарларға, халықаралық
пошталық жөнелтулер мен жүктерге алымдар белгіленген ставкалар бойынша
алынады.
Тауарларды кеден қоймасымен уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін
кеден алымдары алынады.
Кедендік ілесіп алу үшін кеден алымы тауарларды контрабанда жолымен
әкелуден құтылу мақсатында тауарды кеден шекарасынан белгілеу пунктіне
барғаны үшін алынады.

Қазақстан Республикасының Орталық кеден органы, кеден басқармасы,
Қазақстан Республикасының Орталық кеден органымен белгіленетін Қазақстан
Республикасының жекеленген кедендері мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша нақты
тауарға немесе нақты шаруашылық операцияға қатысты, елде шыққан тауардың
кедендік құнының жіктелуі бойынша алдын ала шешім қабылдағаны үшін 50 евро
мөлшерінде төлем алынады.

1.3. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге
асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасы

Алдыңғы қатардағы батыс елдері әрқашан салық жүйесін сыртқы экономикалық
қатынастардың реттеушісі ретінде қолданған, яғни әлемдік нарықта ұлттық
корпорацияның бәсекелестігін жоғарылатуын қатамасыз ететін қажетті
экономикалық құралдардың жиыны. Сыртқы экономикалық қатынастарды реттеу
мақсатында қолданатын алғашқы салықтардың бірі салық бажы мен тарифтер
табылады. Бірінші деп алатын түсінік бұл жерде тура тарихи мағынада, яғни
ол ежелгі Греция мен Римге әкелетін тауарларға салықтар халықаралық сауда
қатынастарының экономикалық реттеуші рөлін атқарады. IV ғасырдың аяғына
дейін кедендік баждар мемлекеттік бюджет табыстарының негізгі көзі болып
табылады. Алайда, дамушы батыс мемлекеттерде кедендік баждардың фискальды
мәні төмендер аетті. АҚШ – та 1798-1791 жылдар аралығында баж сомалары $ 4
млн бағаланды, бірақ ол федералды бюджеттің 99,5% - бөлігін құрады. ХХ
ғасыр қарсаңында баж көлемі 229 млн $, яғни мемлекеттік бюджет табысының 41
%-ін құраған. 1986 жылы жиналған баж сомасы 13 млрд $ алайда американ
бюджетінің табысы 1,6 %-ке тең болды. 1980 жылдың ортасында баждардың үлес
салмағы: Ұлыбританияда – 1,2%; Жапонияда, Германияда-2,5%; Францияда 7,6%
-ті құрады. Ал Қазақстанға келсек, 1997 жылда мемлекеттік бюджет табысының
кедендік баждың үлес салмағы 2,85%; 98-3,5%; 2000 жылы- 3,15%-ті құраған.
Екі әлемдік соғыс арасында ұлттық нарықты шетелдік тауарлардан шектеу
мақсатында тәжірибеде протекциондық баждарды қолдану кең өріс алған. Бұл
1929-1933 жылдардағы Үлкен депрессиямен байланысты болды. Батыс
мемлекеттерде жоғарғы кеден баждары мен кедендік тарифтерді қолдануға 30-
жылдардағы әлемдік экономикалық реакция берді, АҚШ-та (1930ж) сол жылдары
бүкіл тарихта болмаған смута-хаули заңдарына сәйкес ең жоғары
кеден баждары енгізілген. Бұл әлемдік нарықты изоляциялау үшін жасалынды,
яғни сыртқы экономикалық байланыстың халықтық жұмысбастылығына теріс әсер
етуінен ақша айналымының тұрақтануына және ұлттық тауар өндірушілердің
мүддесін қорғау. Бұл заң кризистен шығуға қамтамасыз етуімен Үлкен
депрессия.
Алайда ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе, соғыстан
кейінгі кезеңнің сыртқы сауда және к-се экспорты арқылы ұлттық экономиканың
дамуының әсерінен АҚШ-та Батыс Европа елдерінде, Жапонияда сыртқы сауда
қатынастарын дамыту жолында кедендік және салықтық барьерлерді толық немесе
жартыдай жою қажеттілігін сезді, сонымен қатар бұл қызмет сферасында еркін
құқықты шектеу және айқындалған халықтық сенімділік жүйесін жасау.
1948 жылы Сауда мен тарифтер бойынша бас келісім (ГАТТ) заңы күшіне
енді. Бастапқыда ол уақытша сипатта болып және екі жақты келіссөздер
арасында мүше болған елдер бір-біріне тарифтік жеңілдіктер және олардың
өзара саудасын либерализациялау үшін ұйымдастырылған. (ГАТТ) СТБК 50 жыл
бойы халықтық сауда механизмін реттеуші жалғыз жалпымен қабылданған көп
жақты келісім болып келді.
Осы кезең аралығында көптеген елдер үшін халыққа экономикалық
қатынастарды прогрессивті интеграциясына және экономиканың ашықтығына
байланысты жоғарғы дәрежеге көтерілді. Ол Қытайдың сыртқы саудасының
экономикасының өсуіне күшті двигателіне айналды, сонымен қатар осыған
байланысты Қытайды әлемдегі елдердің ішінен жоғарғы өсу темпіндегі елдерге
айналды. Ұлыбритания ХІХ ғасырдың ортасында еркін халыққа сауданы қолдау іс-
әрекеті оның индустриализацияларуын және дамытуға ынталандырушы құрал
ретінде маңызды мәнге әкелді. Салыстырмалы түрде ашық және жаңа саясатын
жүргізген елдерге қарағында жай дамушы елдерді зеттеу көрсеткендей: өзінің
ұлттық салаларын қорғауда импорттық шектеулерді қолдануы нәтижесінде, өсу
темпінің байлылығына қанағат тұтады.
1998 жылы Европалық қауым шеңберінде 6 елдер кеден одағын құрды, онда
бірыңғай кедендік тарифтік жүйе қалыптасып, ол елдерде өзара кеден баждары
алынбаған. Бұл одақ тек 1995 жылы ғана тоқтатылды. Осы уақыттан соң
Европаық қауым, Европалық одақ деп аталынып, оған 15 мүше елдер кірді.
Қазіргі уақытта кеден баждары тек қана басқа мемлекеттермен бәсекелестікте
экономиканы қорғау мақсатында жұмыс істейді. Мемлекет табыс алу үшін
тағайындалған қаржылық баж бұл елдерде жүзеге асырылмайды.
Бүкіл әлемдік сауда ұйымы (БСҰ) – ГАТТ-ың мұрагері (1995 жылдың
қаңтарында құрылған).
БСҰ өзара ұтымды достастықтағы елдер үшін жағдайдың қалыптасуын және
тәртібін жүзеге асыратын негізгі құралдардың бірі болып табылады.
БСҰ мүшелері болып жалпы әлемдік сауда көлемінің 90%-ін құрайтын 170
мемлекет кіреді. Бұл осы ұйымға қажеттілігі негізінен масштабтылығына
байланысты деп айтуға болады.
Қазіргі уақытта импорттық кеденді баждардың іс-әрекеті әр ел бойынша
ерекшеленеді.
Экономиканың бәсекелестік деңгей қабілеттілігі төмен елдерде енгізілген
баж деңгейң жоғары, ал ұлттық өндіріс шығындары салыстырмалы түрде жоғары,
сапасы әлемдік деңгеймен салыстырғанда төмен экономиканы дамыған елдерде
өнеркәсіптік тауарлар үшін импорттық баждар жоғары.
Бұл келесі мәліметтерден көрінеді. (1-кесте)
1998 жылғы елдер кескініндегі импортты кедендік баждар
(% есебінен) дамушы елдердегі енгізілген баждар бәсекелестігі дамыған
экономикалық елдерден өнеркәсібін қорғау үшін бекітілген.
Шикізат және энерготасымалдаудың кейбір түрлері өндірістің көптеген
өнімдерінің ақырғы материалы болып табылады. Мысалы, мұнайды өңдеуде,
бензин, жағанмай, мазут, тағы басқа өнімдер алынады. Мұнай синтетикалық
жіптер және пластмассалар өндірісінде ақырғы материал болып табылады. Бұл
өнімдер, яғни шикі мұнай импорттың объектісі болып табылады.
Экономикалық дамушы елдерде шикізатты және энерготасымалдағышты
импорттауды бажсыз немесе минималды баждарды қолданып жүзеге асырылатын
негізгі импортерлері болып табылады. Өнімді импорттауда баждар ставкалары
жоғарылайды, ол шикізатты өңдеу дәрежесіне пропорционалды өседі: яғни әрбір
келесі сатыда өнімді өңдеуде баждардың жоғарғы ставкаларын белгілейді,
бұндай тарифтік жүйенің құрылуын тарифтік эскалация деп атайды.
Отандық өндірушінің қорғау қажеттілігі (ЕС) елдер нарығын, жалпы ауыл
шаруашылық саясатын жүргізуге негіз болды. Ішкі және импорттық бағалар
арасындағы айырманы өтеу (жабудың) базалық құралдары болып отыр. Кеденді
баждар және компенсациондық төлемдер табылады, сонымен қатар Европадан
әлемдік нарыққа ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушыларға компенсациалық
төлем. Мысалы, Финляндияда отандық кәсіпорындарды қорғау туралы басқа
елдермен салыстырғанда жоғары. Жапонияда қатаң жүйе қалыптасқан. Жапонияның
ауыл шаруашылық өндірісін дамытуға шектеулі ресурстарының болуына
қарамастан, ауыл шаруашылық өнімдерін импорттайтын елдердің бірі болып,
отандық аграрлы секторды қорғауға болатын, соның ішінде, импорттық квотаны,
тарифті, импортқа салықты орнату арқылы кеңінен кешенді шаралар өткізуде.
Импорттық азық-түлік тауарларына жоғары баждарды бекіту арқылы мемлекет
ішкі азық-түлік нарығын қолдап отырды, ондағы баға әлемдік нарықтағы
бағадан біршама жоғары. Жапонияда тек майлы және фуражды бидайға ғана еркін
енгізіледі.
1992 жылдан бастап Қазақстанның сауда қызметін либерализациялау
саясатын қолданды, яғни тарифтік емес шектеулерді алып тастау ішкі
асудадағы монополиялық құрылымды жою, соның ішінде стратегиялық негізгі
ресурстарды экспорттаумен айналысатын мемлекеттік сыртқы сауда
компаниялары. Қазіргі кезде республиканың барлық шаруашылық субъектілеріне
өздерінің сыртқы нарыққа шығу құқығын берген Қазақстанда либерализациялау
процесі келесідей жағдайлармен болатын;
• экспорттық тауарларға квоталарды, алып тастау;
• лицензияланатын өнімнен тізімін қысқарту;
• барлық тауар түріне экспорттық бажды алып тастау;
• тәжірибеден кедендік және салықтық жеңілдіктерді алып тастау;
• дамыған және дамушы елдерге преференция нұсқасын қолдану, яғни импорттық
кедендік баждарды төлеуден толық немесе жартылай босатуды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында кедендік істің қағидаларын кедендік кодекс
бекітеді, ол бойынша Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы
саясаттарының бөлігі болатын біртұтас кедендік саясатты жүзеге асырады.
Кедендік саясат мемлекеттік биліктің орталық органдарын жүргізуге
бағытталған.
Республиканың кеден саясатының мақсаттары болып:
1. Қазақстанның нарығын қорғау;
2. Қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау
3. Экономиканың дамуын ынталандыру
4. Экономикада құрылымдық қайта құруды жүргізуге көмектесу
5. Бәсекелестікті қолдау және монополияны шектеу
6. Экспортты ынталандыру және импорт алмастыратын өндірістік қолдау;
7. Шетел инвестицияларын тарту;
8. Сауда саясатының міндеттерін шешу;
9. Мемлекеттік билік орталық органдары белгілеген басқа да мақсаттар.
Халықаралық экономикалық интеграциясын дамыту және нығайту жағдайында
Қазақстан Республикасын басқа мемлекеттер мен кедендік одағын, еркін сауда
зонасын құрады, халықаралық құқық нормасына сәйкес кедендік мәселелер
бойынша келіссөздерге отырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі кедендік іске жалпы басшылық етсе, ал
тікелей басшылықты республиканың орталық кедендік органы жүзеге асырады.
1997 жылдың 14-қаңтарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік кедендік
комитеті туралы қаулыға сәйкес мемлекеттік кедендік комитет Қазақстан
Роеспубликасының біртұтас кедендік органдар жүйесін басқаратын, сонымен
қатар тікелей кедендік іске басшылық ететін орталық атқарушы орган. 1999
жылдан Кедендік Комитет Мемлекеттік кіріс министрлігінің қараауында, ол
мемлекеттік бюджеттің кіріс жағының (бөлігінің) қалыптасуына бақылау
жасайды.
Қазақстан Мемлекеттік Кедендік Комитеті кедендік төлемдерді алу
тәртібін анықтайды, ал оның органдары кедендік декларацияға сәйкес
кедендік бақылауға ұсынылған тауарларға төлемдердің төлемін тексереді.
1. Тарау. Кедендік төлемдерді алуға қолданып жүрген механизм.

1. Қазақстан Республикасында тауарға кедендік төлемдерді салу
тәртібімен шарты.

Кедендік бюджеттің өлшемін есептеуде айқындалған кедендік тарифтер
бойынша (кедендік ставкалары) қойылады. Кедендік ставкаларын Қазақстан
Республикасының Үкіметі тағайындайды, олар әдетте тауардың ТНБЭД бойынша
кодына және тауарды шығарушы елге байланысты дифференцияланады. Кедендік
баждың базалық ставкалары Қазақстанның сауда – саяси қатынастарында болған
мемлекеттерге тауарды импоттауда қолайлы жағдай режимін ұсынады. дамушы
елдерден әкілінген тауарлары үшін кедендік баждарға преперенциялды
ставкалар қолданылды. Қазіргі кезде олар базалық ставка мөлшерінің 75 %
шегінде анықталатын.
Дамыған елдердің ТМД елдерінен шыққан тауарлар үшін кедендік баждарға
нөлдік ставка қалды.
Егер Қазақстан Республикасы қолайлы жағдай режимін бермеген елдерге
және тауарды шығарушы ел белгісіз болған жағдайда кедендік баждарға
максималды ставкалар қолданылды (базалық ставкалар екі есе көтерілді).
Белгілі бір топқа жататын елдер тізімін Қазақстан Республикасымен
саудалық режим негізін мемлекет анықтайды.
Кедендік тәжірибеде кедендік баждарды есептеуде халыққа қағидалар және
тауарды шығарған елді анықтау ережесін қолдайды.
Кедендік баждардың ставкалары сыртқы операцияларды, әртүрлі
мәліметтерді және тағы басқа факторларды жүзеге асыратын тұлғаларға
байланысты емес дифференцияланбайды.
Кедендік төлемдердің ставкалары есептеу тәсіліне байланысты олар келесі
түрлерге бөлінеді.
Адвалорлы (латын тілінен advalgrem – құнынан) баж салынатын тауардың
кедендік құнына процентпен есептеледі.
Спецификалық – салынатын тауарға бекітілген бірлік мөлшерінде
есептеледі. Спецификалық евро мен белгіленеді.
Комбинацияланған – жоғары да аталған екі кедендік салымның түрінің
сабақтасуы (үйлесуі).
Кедендік тарифте, кедендік баждарға (тауардың бағасына процент бойынша)
адвалорлық ставка және тауардың санына (немесе көлемі мен, салмақ
бірлігімен сипатталатын құнынан) баждардың спецификалық ставкасы
бекітіледі, қажет жағдай баждың комбинацияланған ставкалары белгіленеді.
Кедендік бажбен есептелінген валюта тауарға салынатын анықталған кедендік
құнына сәйкес валютада болу керек. Тауардың кедендік бажын есептеген кезде
кедендік рәсімдеуге төленуге тиіс әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылады.
Есептеу әдіс – тәсілдері тауар қай ставка түрі бойынша: кедендік баждармен
салынуына байланысты: яғни адвалорлық бойынша; спецификалық бойынша немесе
комбинацияланған бойынша.
Егер тауар адвалорлық ставка бойынша салынатын болса, онда кедендік
баждардың мөлшерін есептеуге негіз болып тауарларды кедендік құны табылады.
Бұл жағдайда кедендік баж мөлшері келесідей формуламен анықталады.
ТПа=ТС*СТПа 100 (1)
Мұнда Тпа – кедендік баж мөлшерінің адвалорлық ставка бойынша
есептелінуі.
ТС – тауардың кедендік құны
СТПа – адвалорлы кедендік баж ставкасы (тауардың кедендік құнына %
есебінен).
Егер тауар спецификалық ставкалар бойынша салынатын болса, онда
кедендік баждардың мөлшерін есептеуге негіз болып – тауардың саны (салмағы,
көлемі т.с.с.) табылады. Кеден баж мөлшері бұл жағдайда мына формуламен
есептелінеді.
ТП= КТ * СТПс Оке ОК вк (2)
Мұнда ТПс – кедендік баж мөлшерінің спецификалық ставка бойынша
есептелінуі.
КТ – тауар саны (тоннамен, литрмен, санымен т.с.с.)
СТПс – кедендік баждың декларацияны қабылдау күніне сәйкес
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындаған теңгенің Евро-ға
қатысты ресми курсы.
Оквк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітілген келісім
шартының теңгеге қатысты валютаның ресми курсы. Кедендік баждардың аралас
ставка бойынша салынатын тауарлардың кедендік баж мөлшерін есептеу 3 саты
арқылы жүзеге асырады. 1 сатыда кедендік баж мөлшері адвалорлық ставака
бойынша (форма а № 1) есептелінеді. 2 сатыда кедендік баж мөлшері
спецификалық ставка бойынша (форма а №) есептелінеді. Ескере кететін
жағдай кеден баж мөлшерін есептеу бірінен соң бірі кері болуы мүмкін:
алғашқыда спецификалық ставка бойынша ал содан кеін адволорлы ставка
бойынша есептелінеді. Бұл жағдайда бірінен соң бірі есебі пренципалды
мағынасы болмайды. 3 сатыда, 2 сатыда есептелінген кедендік баж нәтижелері
қарама – қарсы қойылады. Тпа және ТПс мөлшерлері бір – бірімен
салыстырылады. Осы 2 мөлшердің ішінен біреуі үлкен болса сол төленуге тиіс
кедендік баж ретінде алынады. Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасынан өткізілетін тауарлар ҚР кедендік тарифтерге сай кедендік
баждармен салынуы керек.

Кедендік баж ставкалары бірыңғай олар Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасынан өретін тауарлардың ауысуынан тұлғалардың өзгеруіне
тәуелді емес, кейбір жағдайды ескермегенде.
Кедендік баждан басталады.
1. Халыққа жүктерді, багаждарды, жоаушыларды тасымалдау әрдайым
жүзеге асырылатын көлік құралдары, сол сияқты материалдық-
техникалық, керек-жарақтар, жанармай, азық-түлік сонымен бірге
аралық аялдама пункттерінде эксплуатация кезінде қажетті және
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген нормалар шегінде
осы көлік құралдарымен болған аварияны ликвидачиялауда шетелден
әкелінген басқа да мүліктер;
2. Материалды-техникалық керек-жарақтар, жағармай, азық-түлік және
ҚР бекіткен теңіз аулау жұмысының нормасы шегінде Қазақстандық
және жалға алынған Қазақстандық кәсіпорында мен кеме ұйымы
өндірістік қызметті Қазақстан Республикасының кеден
территориясынан шығарылатын басқа да мүліктер.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар,
ұлттық валюта.
4. Қазақстан Республикасының кедендік территориясына акцеуделген
тауарлардан басқа әкелген тауарлар немесе Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгіленген гуманитарлы көмек ретінде осы
территориядан шығарылған тауарлар.
5. Қазақстан Республикасының кедендік территориясына акцеуделген
тауарлардан басқа әкелген немесе мемлекеттік, үкіметтік, халыққа
ұйымдар желісі арқылы қайырымдылық мақсаттарға өтуі көмек көрсету
ретінде осы елге территориясынан шығарылған тауарлар.
6. Қазақстан Республикасының шетелдік инвестиция туралы заңнамасына
сәйкес, кедендік баждан босатылатын тауарлар.
7. ҚР Ұлттық Банкі өз қажеттілігі үшін әкелінген тауарлар.
8. Кедендік режим шеңберінде кедендік төлемдерден босатуды
қарастыратын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан
өтетін тауарлар.
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген бажсыз тасымалдауды
норма шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жеке
тұлғалардың өткізетін тауарлары.
10. Республикалық және жергілікті бюджеттің сонымен қатар мемлекеттік
сыртқы заемдар қаражаттары есебінен алынған техникалық құрал-
жабдықтар;
11. Қазақстан Республикасы территориясында тарату ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден төлемдерін төлеудегі кеден органдарын құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiнде кеден қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасы кеден ісі негіздері
Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң экономикаық мазмұны
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оны ұйымдастыру
Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның қазақстан республикасында қолданылуы
Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудегі атқаратын рөлі(мысалға қазақстан республикасы)
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
Салық есебінің мәні
Шаруашылық субъектлерінің қаржысы
Мемлекеттің салық-бюджет саясатын жетілдіру
Пәндер