Пастереллез кезіндегі биопрепараттар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы:

Пастереллез кезіндегі биопрепараттар

Тексерген: Муратбаев. Д. М

Орындаған: Бабарханова М

Жоспар:

  1. Пастереллез туралы жалпы түсінік.
  2. Эпидемиологиясы
  3. Емдеу және анықтау жолдары

Пайдаланылған әдебиеттер

Пастереллёз - (Pasteurellosis), геморрагиялық септицемия - жануарлардың көптеген түрінде және адамда болатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы - ауру немесе аурып жазылған жануарлар организмінде болатын пастерелла бактериясы. Пастереллёз аэрогенді және алементарлы жолмен жұғады. Пастереллёзбен ауырған малдың тыныс алі, ішік-қарын жолдарының кілегей қабығы қабынып ісінеді. Ауру малдың дене қызуы көтеріледі, жемшөптен қалады, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді. Егер тыныс алу жолдары қабынса танауынан іріңді сұйық ағады, көзі конъюнктивит болады, тыныс алуы нашарлап жөтеледі. Ішек, қарынның кілегей қабығы қабынса іші өтеді, әлсірейді, басы, мойны ісінеді. Ауру асқынса мал өледі. Аурудан сақтандыру үшін қора-жайды таза ұстап, малдың күтімін жақсарту керек. Мал дәрігерлік-санитариялық шараларды қатал сақтау. Емі: ауру малға ем сарысуын егу, антибиотиктер, сульфаниламид дәрілерін ішкізу. Анықтамасы. - Pasterella тобына жататын микроорганизмдермен қоздыратын, жедел немесе жеделдеу түрінде өтетін, теріні, лимфа түйіндерді, көзді және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, жалпы улану және геморрагиялық синдромдарымен сипатталатын жұқпалы ауру. Пастереллез барлық континеттерде кездесетін зоонозды ауру. Жануарлардың арасында жиі ірі эпизоотиялар ретінде өтеді. 1984 жылы Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облыстарында сайгактардың арасында пастереллездың эпизоотиясының әсерінен олар қырылып қалды (А. М. Айкимбаев, 1985) . Пастереллалардың токсині оксигемоглобинді метгемоглобинге алмастырып құстар ұшыпбара жатқан жерде құлап өледі. Сол себептен бұл ауруды «құстардың обасы» деп атаған. Адамдардыңда аурғандары кездесіп жатыр. 1993-1994 жж. Алматы қаласында пастереллезбен бірден 59 адам ауырып Алматы қалалылық жұқпалы ауруханада емделіп щыққан. Аурудың көзі ауру ірі қара мал мен жылқылар болған. Ауырғандардың ішінде малшылар және ауру малдың етін сатып алып үйлерінде қолданған қала тұрғандары болған. Олар ауруханаға «Түйнеме» диагнозымен түскен, себебі дәрегерлердің көбі бұл ауру жайлы білмейді. Пастереллездің клиникалық көріністері полиморфизмен сипатталғаннан соң бұл ауру басқа диагнозбен өтіп, толық тіркелмей жатыр.

Этиологиясы. Пастереллездің қоздырғышы Pasterella алғашкы рет тауықтардың қанынан Е. Перрончито және К. Земмер 1878 ж бөліп алды, сосын Л. Пастермен 1879-1880 жж зерттелді. Бұл қоздырғышты ветеринарлар геморрагиялық септицемияның қоздырғышы деп атайды. Қоздырғыш сиырдан бөлінсе - Р. boviseptica, Р. avisseptica, шошқадан - P. suisseptica деп аталған. Соңынан С. Розенбух, Ж. Метхант - Р. multocida деп атады. 1939 ж В. Фредериксен пастереллаларды биохимиялық қасиеттері бойынша 4 топқа бөледі: P. multocida 1-5-ші биоварлары - pig -түрі шошқаларда, 6-шы биовар - dog- түрі иттерде P. Pneumotropics P. Urea P. haemolitica- АбТб 3 биовары және avis түрі, Actinobacillus.

Пастереллалар кептіргенге, күн сәулесіне төзімсіз. Жоғары температурада 58-60º С - 20 мин. ; 70-90ºС - 5-10 мин. арасында, ал 100ºС тез тіршілігін жояды. Төменгі температурада ұзақ сақталады, аязға қатыпқалған құстардың өліктерінде, мұздатылған етте жылдар бойы сақталады. Топырақта 30 күн, құстардың нәжісінде 2 айдан аса сақталады.

Эпидемиологиясы. Пастереллез - табиғи ошақты зоонозды ауру. Қоздырғыштың резервуары болып жабайы жануарлар, кеміргіштер табылады. Жабайы және үй жануарлары, адамдар көбінесе болып табылады, пастереллалар олардың тыныс жолдарында, ауыз қуысында орналасады. Бұлар аурудың резервуары. Жануарлардың пастереллезі - эндогендік инфекция: жануарларда иммунды тапшылық қалыптасқанда пастереллалар қанға түсіп аурудың клиникалық көріністері пайда болады. Бұл жағадайда жануарлардың арасында эпизоотия басталады.

Пастереллез диагнозын келесі әдістер арқылы дәлелдеу болады.

Микроскопиялық әдіс - патологиялық материалдардан (өлген адамдардың, жануарлардың ішкі ағзаларынан, мидан, лимфа түйіндерінен, қаннан, біріншілік терілік аффекткен) жағынды алып, Романовский-Гимзе бойынша бояп микроскоп арқылы қарайды. Биполярлы боярған таяқшалар анықталады. Бұл әдіс пастереллездің болжам диагнозын қоюға пайдаланады.

Бактериологиялық әдіс - папула, пустула бөлінділерін, лимфа түйіннің, абсцесстің, флегмонаның пунктатын, жұлын сұйықтығын, қанды, қақырықты, анқаның жағындысын Эритрит-агарға себеді (Хоттингер, Мартен орталарына 1% глюкоза ертіндісі, 3-5% гемолизденген қан қосылады) . Термостатта 3-4 күн сақталады.

Серологиялық реакциялар: ТеГАР (диагностикалық титрі 1:200), ИФА, ПТР.

Биологиялық әдіс - патологиялық материалды ақ тышқандарға, теңіз шошқаларына енгізіледі. Бір пробаға 2 жануарды қолданады.

Емдеу әдістері және қолданылатын препараттар:

1-ші жағдайда этиотропты препараттарды тағайындайды: цефалоспориндер (цефтриаксон, цефтизоксим, цефамезин, цефазолин, цефалотин), пенициллиндер (пенициллин, ампициллин, карбенициллин), аминогликозидтер (гентамицин, амикацин) . 2 препараттың комбинациясы, орташа терапевтикалық дозасында қолданылады. Жергілікті антибактериалді мазьдерді қолдануға болады.

2-ші жағдайда науқасты шоктан шығару керек - тамыр ішіне полиионды ертінділер (хлосоль, трисоль, ацесоль, және дестран ертінділері - полиглюкин, реополиглюкин) . Полиионды ертіндердің коллоидты ертінделерге салыстырмасы 2:1- 3:1 болуы керек. Анурия кезінде коллоидты ертінділерді пайдалануға болмайды. Күніне 3-6 л ертінділер енгізіліп, адекватты зәр бөлінуі керек. Анурия кезінде - фуросемид 20-40-80 мг. Науқасты шоктан шығарғаннан соң этиотропты емін бастауға болады - тамыр ішіне цефалоспориндер мен ампициллин, немесе цефалоспориндер мен аминогликозид орташа дозада (3-4 млн ҚБ) енгізіледі. 1 г антибиотиктерге - 1 л сұйықтықтар енгізіледі. Антибиотиктердің курсының ұзақтығы - температура қалыпқа келгенге дейін және қалыпты темепратура кезеңінде 5-7 күн. Преднизолон 3 мг/кг, тәулік дозасы 4-ке бөлініп тамыр арқылы енгізіледі, қысқа курс (1-2 күн) қолданылады, 3 күннен артық қолданғанған жағдайда септикалық асқынулар қалыптасуы мүмкін. ТШҰ-синдромының I, II-ші (гиперкоагуляция) сатыларында гепарин тағайындау керек, ал III-ші (гипокоагуляция) сатысында гепариндді қолдануға болмайды.

Мысалға Ампицилин препаратын жиі қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пастереллез кезіндегі биопрепараттар жайлы
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Актиномикоз, аспергиллез ауруларында қолданылатын биопрепараттар. Пастереллез, колибактериоз ауруларында қолданылатын биопрепараттар
Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар туралы
Пастерелез кезінде қолданылатын биопрепараттар
Пастерелез кезінде қолданылатын биопрепараттар жайлы
Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Листериоз, лептоспироз, шошқа тілмесі ауруларына қолданылатын биопрепараттар
Қой қылауы мен пастереллез ауруының таралуы
Пастереллез
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz