Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк дамыту және қолдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырыбы: Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк

қолдау мен дамыту

Орындаған: Төлеуқадыров Е. Т

СТ-409 группасының студенті

Тексерген: Есенбекова З. Ж

Семей

2015

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдау

2. 3 Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік қолдау шаралары

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Шағын кәсіпкерлік бәсекелесу рыногының өте маңызды әрі таптырмас факторы болып саналады. Кәсіпкерліктің негізгі қағидасы: "мұқтаждықты сұраныс арқылы табу және оны өнім шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру" тек шағын кәсіпкерлік арқасында айтарлықтай дәрежеде жүргізіледі. Оның себебі, біріншіден, рыноктардың қажетті бөліктерінде әрекеттенеді; екіншіден, олар әрқашанда тұтынушыларға жақын тұрады; үшіншіден сұраныстарды қанағаттандыруға өте бейімделген; төртіншіден, олардың тұрғылықты халықты жұмыспен қамтамасыз етуі; бесіншіден, бұл кәсіпкерлік түрі тікелей кәсіпкердің басқаруымен қызметін жүргізе береді (басқа басқарушы кадрларды қажет қылмайды) . Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің саны 50-ден аспайтын дара кәсіпкерлер және жыл бойындағы активтерінің орташа құны 60 мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.

Шағын кәсіпорынның негізгі проблемалары - ресурстық базасының жетіспеушілігі; материалдық-техникалық және қаржылық. Бұл проблемаларды шешуге мемлекет тікелей қатысуы керек. Кәсіпкерлікті дамыту проблемаларын шешу жолдары ҚР Президентінің "Қазақстан-2030" атты көпжылдық бағдарла-масында көрініс тапқан болатын. Мысалы, Н. А. Назарбаев: «Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жоюға; жылжы-майтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға тиіспіз . . . ", "ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттерді арзандатамыз; . . . шағын және орта бизнесті дамытамыз; . . . қызмет көр-сету саласын, әсіресе туризмді белсенді дамытамыз» деп стратегиялық бағыттарды атап көрсеткен болатын. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандитаты Әділбек Смағұлов кәсіпкерлікті қолдаудың ең тиімді үлгісі - лизинг дейді. Кәсіпкерлікпен шұғылданғысы келетін кез келген адам лизинг компаниялары арқылы өзіне керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Шағын кәсіпкерліктің іс-әрекеттерін терең зерделейтін жүйе жоқ. Басты проблеманың бірі-ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ оңдай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет. Қазақстан кәсіпкерлерінің 4 форумы ел Президентінің қатысуымен 1998 жылғы 27 сәуірде Алматыда өткізілді. Форумға республиканың түпкір -түпкірінен 1600 делегат қатысты, шағын бизнесті дамытудың көптеген мәселелері жан -жақты талқыланды. Осы бас қосуда Президент Нұрсұлтан Назарбаев мінберде тұрып «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігінің құқығын қорғау туралы» жарлыққа қол қойды. Президент жанынан шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнідегі ҚР агенттігі және қоғамдық бірлестік - «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» құрылды. Өзінің сөзінде ел басы Н. Назарбаевта осы саланың дамуына бөгет жасап отырған, шешуі табылмаған мәселелер көп екенін айтып, олардың негізгі екі себебіне тоқталды.

Бірінші - қызмет бабы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікпен байланыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлер мен ұйымдар тарапынан тыйылмай отырған үздіксіз, негізді негізсіз тексерулер. Екіншісі - орталықтан қаржыландырудың және сауда айналымына ғана емес, ұзағырақ мерзімге несие беру мүмкіндігінің жоқтығы. Сондай - ақ кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын сот ретінде енгізу керек, кәсіпкерлер мен тексерушілер органдар арасындағы даулы мәселелерді ашық процесстерде қарайтын сот арнайы әкімшілік сот жүйесін құру да қажет және ондай соттың әкімшілік жаза қолданатын құқығының болуы шарт. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу кезінде мына мақсаттар көзделеді:

- кәсіпкерлікті мемлекеттің, қоғам-ның мүддесін сақтай отырып дамыту;

- кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау;

- барлық шаруашылық субьекті-лерінің заң алдындағы теңділігін қамта-масыз ету.

Шағын кәсіпкерлік субьектілерін мемлекет тарапынан қолдаудың мына келе-сідей шаралары заң жүзінде белгіленген:

- Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржымен қолдау шеңберінде тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шегінде жеңілдікті жағдайларда статис-тикалық және ақпараттық қызмет (кұрал-дар), сондай-ақ ғылыми - техникалық талдамалар мен технологиялар беріледі.

- Шағын кәсіпкерлер үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шағын кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалатын барлық қаражат көлемінің кем дегенде 2 проценті мөлше-рінде шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарла-маларыңда көзделген қаражат есебінен жаңа оқу және зерттеу орталықтарын, мамандырылған консалтингтік ұйымдар және шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін құру және жұмыс істеп тұрғандарын дамыту арқылы жүргізіледі.

- Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілері мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш жыл бойына, жылжы-майтын мүлікке құқығын төлеу үшін ақы төлеуден босатылады.

- Өндірістік қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілеріне (заңды және жеке тұлғаларға) жер учаскелерін беру (сату, жалға беру) олардың жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініші бойынша жерді пайдалану (жерді иелену) актісін бергені үшін ақы алмастан және жерді сатып алған немесе оны жалға алғаны үшін төленетін соманы үш жыл кейінге қалдыра отырып жүргізіледі.

- Шағын кәсіпкерлік үшін мемлекет қатысатын екінші деңгейдегі банктерде шот ашу ақысы алынбастан жүргізіледі.

- Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілері кәсіпорындардың - табиғи монополистердің қызметін монополияға қарсы реттеу қолданыла отырып, электр эиергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және канализация бойын-ша біріктірілетін қуат үшін ақы төлеуден босатылады.

Аса маңызды бағыт ретінде шағын кәсіпкерлік аясындағы өзіндік реттеуді да-мытуды айтуға болады. Кәсіпкерлер одақтар, ассоциациялар, клубтар, бизнес орталықтарын құра алады. Ең тиімдісі қалалық әкімшіліктің жанында шағын кәсіпкерліктің өкілдігін құру. Шағын кәсіпкерлікке басқарушылық ықпалын ти-гізу жүйесіндегі пайдаланылатын негізгі реттеу нысандары мына келесідей болып келеді:

- муниципалдық тапсырыс;

- баға деңгейіне ықпал ету;

- несиелеу;

- салықтарды жіктеу және жеңілдік-тер беру;

- кәсіпкерлікті дамытуға қажетті қаржылық қорлар құру;

- кәсіпорындардың басы бос қаражаттарын ерікті түрде белгілі мақсатта бірік-тіру (жиыстыру) .

Бұлардан басқа әкімшілік реттеу түр-лері қолданылуы мүмкін:

- негізді, негізсіз тексерулерді шек-теу, прокуратура қадағалауына берді;

- инспекциялау, салықтық және әкім-шілік бақылау;

- айыппұл санкциялары;

- қызметке тыйым салу.

Заңдық реттеу бағытына тоқталсам. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық базасы ҚР азаматтық кодексі сондай-ақ тағы басқа ҚР Зандары, Заңға сәйкес нормативтік актілері болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсіпкерлік
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz