Әлемдік тілдер: халықаралық тілдердің орны және тілдің диалектілік пен әлеуметтік жіктелуі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Әлемдік тілдер. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері

Орындаған : Тоқтарова Сая

Тексерген: Самекбаева Э. М

Семей 2015 ж

Жоспар:

1. Әлемдік тілдер және халықаралық тілдердің орны

2. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері

Жер шарында мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың бәрінің бір-бірінен толып жатқан айырмашылықтарымен қатар өзара ұқсас, бәріне ортақ жалпы қасиет белгілері де бар. Әрбір тіл белгілі бір жеке халықтың, қауымдастықтың игілігіне қызмет етеді және сонымен бірге ол - қоғамдық-тарихи құбылыс. Ол-адамзаттың мәдени дамуының қажетті шарты, өзара қарым-қатынас орнатудың, ой-сананың қалыптасуы мен дамуының кұралы. Бұлар және бұлар сияқты басқа да мәселелер жалпы тілтанудың зерттеу объектісі болумен қатар философиялық проблемалар болып табылады. Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр. Бірақ бұл тілдер халықаралық деп аталғанымен, олардың ешқайсысы да әлемдік тіл болған жоқ. Алайда, бұл бағыттағы ізденістер толассыз жүріп жатыр. Сондай ізденістің нәтижесінде бірнеше жасанды, көмекші тілдердің жобасы ұсынылды. Солардың ішіндегі ең елеулісі - волапюк, эсперанто деп аталатындар. Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады. Халықаралық тiлдер - халықаралық қарым-қатынас үшін арнайы жасалған жоспарлы тілдер. Мұндай бейтарап тіл ұлттық тілдерге қарағанда қарым-қатынасқа жеңіл болады және этникалық белгілеріне қарамай ұлтаралық күмәнды сейілтеді деп сенеді. Халықаралық ұйымдарда, конференцияларда қолданғанда ол аудармаға жұмсалатын қыруар қаржыны үнемдейді. Барлығы 1000 аса халықаралық тілдер жобалары ұсынылды. Жоспарлы тілдер теориясын XVII ғасырдың өзінде Р. Декарт, Я. А. Коменский, Г. В. Лейбниц және өзгелері жасады. Бастапқыда мұндай тілдерді жасау мақсаты тіл егер қатаң логикалық принциптерге сүйенетін болса ("философиялық тілдер"), адам ойлау жүйесін жетілдіруге бағытталады деген пікір қалыптасты, алайда, XIX ғ. қарай мұндай талпыныстардан түк шықпады. Халықаралық тілдер не a priori (лексикасы мен грамматикасы толықтай жоба авторымен жасалды) принципіне, не а posteriori (лексикасы мен грамматикалық принциптері осы күнгі ұлттық тілдерден алынды) . Апостериорлық тілдер, өз кезегінде, натуралистік болып келеді (түпнұсқа-тілдердің ережелерін бұлжытпай орындайды, мысалы, Окцидентал мен Интерлингуадағыдай) немесе автономды (өзіндік ішкі ережелеріне ғана бағынады, мысалы, Эсперанто немесе Идо) . Алайда бұл халықаралық тілдер жобасының ешқайсысы да XIX ғ. соңына дейін байланыс құралына айнала алған жоқ. 1880 ж. неміс католик діндары И. М. Шлейер волапюк тілінің жобасын жариялады (volapuk - ағылш. world speak - әлемдік тіл), ол аса танымал болып, әлемнің бірнеше елдерінен қолдау тапты. Бірақ тіл аралас априорлық- апостериорлық негізде құрылғандықтан, үйренуге өте қиын түсті, сондықтан 20 жылдан кейін волапюктік қозғалыстар толығымен құрыды. Бұдан кейін халықаралық тілдердің апостериорлық тұрдегі жобалары ұсынылды, олардың ішінен бірнешеуі жүзеге асырылып, байқалды: Эсперанто (esperanto, 1887, Л. М. Заменгоф), Идиомнеутраль (Ideomneutural, 1893, В. Розенбергер), Латиносинефлексионе (Latino-sine-flexione, реформаланған латын, 1903, С. Реапо), Идо (Ido, реформаланған эсперанто, 1907-1908, L. de Beaufront және т. б. ), Окциденталь (Occidental, 1922, Е. von vahl), Интерлингуа (Interlingua, 1951, A. Gode) . Бұл тілдерден тек Эсперанто, Идо және Интерлингуа бірнеше ұрпақ бойына жалғасып келеді, соңғы екеуі - өте шектеулі қауымдастықтарда (шамамен 1000 адам), ал Интерлингуа көбіне ауызекі сөйлесу тілі емес, жазба тілі ретінде басым түсуде. Тәжірибе көрсеткеніндей, байланыс құралы ретінде тек апостериорлық автономды жоспарлы халықаралық тіл ғана өмір сүре алады. Эсперанто құрылымының лингвистикалық ерекшеліктерінің, мақсатты мәдени дамуының және ол тілде сөйлейтін қауымдастықтың идеялық ұйымшылығының арқасында (бірнеше миллион тіл үйренгендер мен әлемнің әр елінде миллионға жуық белсенді қолданатындар) дамыған тіл деңгейіне көтеріліп, ғаламдық ауқымда қолданылуға әзір.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік және халықаралық тілдер: жасанды тілдер мен тілдің диалектілік-әлеуметтік жіктері
Әлемдік тілдер: диалектілік пен әлеуметтік жіктер, тілдік байланыс және пиджин-креол феномені
Әлемдік тілдер: сөйлеу мен кітаби тіл, әдеби тіл, диалектілік және әлеуметтік жіктер
Тіл типологиясы: халықаралық жоспарлы тілдер, әдеби тілдің қалыптасуы мен қызметтері
Тілдің шығуы мен тілдердің қалыптасуы: теориялар мен тарихи-әлеуметтік негіздер
Әлемдік тілдер мен тілдік ареалдар: түрлері, әлеуметтік динамикасы және құрып кету қаупі
Тілдің пайда болуы және әлем тілдерінің территориялық әрі әлеуметтік жіктелуі
Диалекттер, ұлттық тілдің қалыптасуы және жасанды тілдер: тарихи-социолингвистикалық шолу
Тілдердің генеологиялық және типологиялық жіктелуі: дүниежүзілік тіл жанұялары мен типологиялық негіздер
Тіл және қоғам: тілдің әлеуметтік табиғаты және әлеуметтік лингвистика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz