Этнопедагогика және фальклорық зерттеу әдісі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік униберситеті, Жаратылыстану-математика факультеті

СӨЖ

Тақырбы: Этнопедагогика және фальклорық зерттеу әдісі

Тексерген: Серикова Н. У

Орындаған: Еркин. Ж

Тобы: Е-417

Cемей-2015

Жоспар

1. Этнопедагогика

2. Фалкьлорлы материалдық зерттеу әдісі

3. Фольклор мен әдебиет байланысының теориялық бастаулары


Этнопедагогика ” термині екі сөзден құралған: “paidagogike”(грек тілінен аударғанда тәрбие туралы ғылым) және “ethnos” (грек тілінен аударғанда ұлт, халық) . Этнопедагогика ғылымы халықтың қалыптасқан ұлттық құндылықтарын, қоғамның ерекше қарым-қатынасын, халықтың әлеуметтік талаптарын жеке тұлғаның қалыптасуына бағыттап үйретеді. Этнопедагогика - ұрпақ тәрбиелеудің ұлттық жолдарын, мәдениеттің ұлттық негіздерін үйрететін ғылым. Этнопедагогика пәні халықтық педагогика болып табылады. Ал «Этнопедагогика» терминінің бірнеше анықтамасы бар. Г. Н. Волков этнопедагогика халықтық (табиғи, қарапайым, бейресми, мектептен тыс, дәстүрлі) тәрбиенің тарихы мен анықтамасы болып табылады, этнопедагогика этностық топтардағы бала тәрбиесі мен білімі негізіндегі отбасының, рудың, тайпаның, ұлыстың, ұлттың байырғы құндылықтар мен моральдық - этикалық және эстетикалық көзқарастарының эмпирикалық тәжірибесі туралы ғылым болып табылады деп көрсетеді. К. Ж. Қожахметова этнопедагогиканы педагогика ғылымының құрамдық бөлшегі ретінде, этнография, этнофилософия, этностық мәдениет және этнопсихологияның тоғысқан жерінде қалыптасқан саласы ретінде қарастырады. Ол этностық тәрбие жүйесінде отбасында және білім мекемелерінде үздіксіз жүзеге асырылатын пән болып табылады. Т. И. Огородников этнопедагогиканы этнографиямен және фольклористикамен байланыстыратын жаңа сала ретінде бағалайды. Т. Н. Петрова этнопедагогиканы халық тәрбиесімен теориясы ретінде түсіндіреді. Жоғарыда көрсетілген этнопедагогика терминінің тұжырымдай келе, жалпы түрде және қысқаша айтар болсақ, оның халық педагогикасы ғылымына жататындығын көруге болады. Әр халық өзінің тарихи даму кезінде өзіндік тәрбие тәжірибесін жасады, өскелең ұрпақты оқытуда және тәрбиелеуде өздеріне тән тәжірибе жинақтады. Сондықтан қазақ, татар, т. б. халықтар этнопедагогикасы толық негізделген, сонымен қатар барлық халыққа ортақ жалпы педагогикалық көзқарастары да бар. Мұндай көзқарастардың болуы бұл халықтың тарихи және географиялық дамуының ортақ болуы, жалпы адамзаттық рухани инабаттылықтардан туындаған мақсат, мүдделернің ортақтығынан, педагогикалық дәстүрлерінің өзара әсерінен туындаған. Этнопедагогика педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде педагогикалық заңдар мен заңдылықтарға, педагогикалық принциптерге бағынады.

1. Фалкьлорлы материалдық зерттеу әдісі 1846ж ауыз әдебиетін атау үшін фалкьлор сөзі халықаралық ғылым атауы ретінде орныққан. Бұл әдісте халықтың мәдениеті тұрмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі көрініс береді.

Фалкьлор ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдықтар, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім сондай-ақ тұтастай көркем өнер алу үшін қолданылады

Фольклор мен әдебиет байланысының теориялық бастаулары

Қазақ халқының бағзы заманнан бергі негізгі рухани азығы, мәдениеті, әдебиеті, философиясы, даналығы - ауыз әдебиеті болғандығы мәлім. Фольклор - жазба әдебиеттің іргетасы. Онсыз ешбір елдің әдебиеті кемел болмақ емес. Бүгінгі күні фольклор мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып, барған сайын оған деген жан-жақты қызығушылық артуда. Этнография, тарих, тіл білімі, тіпті әдебиет тарихы сияқты гуманитарлық ғылымдардың ешқайсысы фольклорсыз өмір сүре алмайды. Яғни, ол - халықтың сан ғасырлық көркемдік ақыл-ойының жемісі, жазу білмеген тұстағы халықтың көркем тарихы. Фольклор қай замандардың көшінен өтсе де, әрбір кезеңнің жанды эстетикалық құралы ретінде талай уақыт сынынан да, талай ғасырлар асуынан да мүдірмей, шашырамай осы күнге жетіп отыр. Жалпы, фольклор халықты біріктіретін мәдени-интегралды жүйе ғана емес, этностық, тұтас халықтың дүниетаным ерекшеліктерін айқындайтын философиялық-адами феномен. Әрбір есейген, кемеліне келген жазба әдебиеттің өткен тарихы оның ауыз әдебиеті дәстүрінен тыс емес. «Адамзаттың көркемдік дамуында фольклор мен әдебиеттің алатын орны үлкен. Өзара күрделі ұқсастықтары да бар бұл құбылыстардың мәні мен өзгешелігін нақтылы біліп отыру - рухани жолдарын түсіну үшін де аса қажет. Фольклор мен әдебиеттің жалпы заңдылықтары мен шарттылықтарын саралап ажырату - ауыз әдебиеті қоры мен дәстүрі күшті халықтар үшін өте-мөте керек» [1, 14], - дейді Р. Бердібаев.

Жалпы, фольклор мен жазба әдебиет байланысы мәселесі орыс әдебиетінде терең де жан-жақты, әрі ертерек зерттелді. Ал, қазақ әдебиеттану ғылымында бұл проблема кешеуілдетіп қолға алынды десе де болады. Бұған ең бірінші себеп - тоталитарлық жүйенің көп жылдар бойы фольклорға ескінің қалдығы деп қарап, зерттеуді екінші орынға қойып келуі. Осы көзқарастың салдарынан қазақ әдебиетінің көрнекті классиктерінің шығармаларында тұнып тұрған фольклорлық дәстүрлер күні бүгінге дейін зерттеуден тыс қалып келді. Фольклорлық сюжеттерге шығарма жазу дәстүрін немесе көркем туындыларында фольклорлық дәстүрлерді молынан пайдаланған қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған жазушылар творчествосының осы қыры, яғни фольклорлық айшығын айқындау - бүгінгі әдебиеттану мен фольклортану ғылымының ең өзекті мәселесінің бірі боп отыр. Осы проблема аясында бүгінгі әдебиеттану ғылымында соңғы кезде жүйелі зерттеулер жасалуда, сөйтіп өз алдына бір дербес ғылым тармағының өзекті мәселесі ретінде күн тәртібінен маңыздылығы бір де бәсеңдемейтін зерттеу объектісі боп қалыптасуда. Жалпы, фольклор мен әдебиеттің арасындағы байланыс, ең алдымен, олардың біртұтас даму заңдылықтарымен айқындалады. Ол заңдылық - дәстүр мен жалғастықтың сабақтасуымен тығыз байланысты. Дәстүрді, әдетте, халықтың рухани көркемдік-эстетикалық өмірі жағдайындағы асыл мұраттары, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, дамытып жалғастырудың тарихи қажеттілігі деп түсінеміз.

Қазіргі таңда қазақ әдебиеттану ғылымы жаңа, тың да соны бағытта зерттеулерді қолға алып, бірталай рухани серпіліс дарытып отыр дедік. Сол бағытта профессор Ә. Молдахановтың М. Әуезов көркем шығармаларындағы фольклорлық дәстүрлерді зерттеген ғылыми еңбегі жарық көрді. С. Мұқановтың шығармаларындағы фольклорлық дәстүрлерді Қ. Байтанасова арнайы зерттеді. Б. Қанарбаева Мағжан шығармашылығының фольклорлық қырларын зерттеп, ғылыми жұмыс қорғады. І. Жансүгіровтің халық ауыз әдебиетін пайдалану әдістері жөнінде Е. Естаев зерттеді. Ж. Ахметова ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі фольклорлық дәстүрлерді Шәкәрім, Сұлтанмахмұт шығармаларының негізінде зерттеп шықты. Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады. Яғни, бұдан шығатын қорытынды сонау қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған классиктерімізден бастап бүгінгі күнге дейінгі ақын-жазушыларымыздың шығармашылығындағы халықтық негізді айқындау, ғылыми айналымға енгізу ғылымдағы кезек күттірмейтін мәселе екендігі.

Әдебиеттегі фольклорлық дәстүр мәсе­лесін белгілі бір жазушының көркемдік әдіс-тәсілдерінің жүйесі деп қана емес, соны­мен қатар философиялық, этикалық, дүниетанымдық категорияда қарастыру қажет. Отандық ғылымда фольклоризм мәселесін анықтаудың түрлі аспектілері қалыптасып келеді. Ұлттық әдебиеттің қалыптасуындағы фольклордың рөлі зор. «Фольклор» терминіне қатысты тұжырымдар жалпы дүниежүзінің жетекші ғалымдары арасында бірталайға шейін пікір таласқа негіз болып, бүгінгі күні сөз өнерінің ерекше мұрасы ретінде мойындалып, жазба әдебиеттің бастауы ретінде тұжырымдалды. В. Я. Пропп фольклор деп дамудың қандай деңгейде болғанына қарамастан, барлық халықтарды әлеуметтік төменгі сатыдағыларына тән шығармашылықты атайды да, әрі қарай фольклордың өзіне тән белгілерін белгілеп, фольклор мен әдебиет байланысына ұластырады. Фольклористика мен әдебиеттану ғылымының күрделі де маңызды міндеттерінің бірі ретінде шығарманың ішкі құрылысын зерттеуді атайды. Фольклорлық шығармалар мен әдебиет туындыларының құрылымы әр түрлі екендігі ғылымда дәлелденген, яғни фольклордың тек қана өзіне тән құрылымдық заңдары болады. Ал осы өзіндік заңдылықты түсіндіруге әдебиеттану ғылымының күші келмейді, бірақ оны тек қана әдеби талдау тәсілдерімен анықтауға болатынын айтады. Осылайша фольклор мен әдебиеттің өзара байланысы мен ерекшелігі мәселесі бүгінгі күнге дейін өзек тартып келеді. Әдебиет пен фольклордың байланысының тамыры тым тереңде жатыр. Екеуі де сөз өнері болғандықтан бір-бірімен тығыз байланыста дамитыны сөзсіз. Қазіргі заман әдебиетінде фоль­клорлық элементтер рөлі шығарманың көркемдік идеялық концепциясының мазмұнын байытып қана қоймайды, халықты адамгершілік рухта тәрбиелеуде де үлкен маңызға ие. Көркем әдебиеттің фольклормен байланысын тек этно-генетикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи-әлеуметтік тұрғыдан да біртұтас қарастырған дұрыс. Сонда ғана оның көркем әдебиетпен біте араласып кеткен қасиеттерін, оның көркемдік ерекшеліктерін тереңірек ұғамыз. Сондай-ақ фольклор мен қазіргі әдебиеттің бірінен-бірі туындап, дамып жататын жанрлық принциптерін де ескерген дұрыс. Бұл туралы Б. Н. Путилов: «Разумеется, нет основании к тому, чтобы вообще отрывать поэтику фольклора от поэтики литературы. Контакт между ними, взаимодействие, если угодно союз, будут плодотворными и необходимыми, но лишь при том условии, что фольклор и его поэтика станут рассматриваться в их генетической и исторической самобытности, эстетической самоценности как особый художественный (и не только художественный) мир, понять который можно изнутри, раскрыв присущие именно ему закономерности» [4. 14], - деген пікірі ойымызды тұғырлай түседі.

Сонымен, фольклордың өзіндік табиғаты оның теориясына да айрықша түр береді. «Фольклордың теориясы, ең алдымен, оның әр кезде атқаратын әр түрлі қоғамдық-тұрмыстық міндеті мен танымдық, тәрбиелік және эстетикалық функцияларынан, мақсаттарынан туындайтын мәселелерді қарастырады» [5. 11] . Осылардың ішіндегі ең бастылары, әрине, фольклорлық дәстүрлермен тығыз байланысты. Фольклорлық дәстүр деге­німіз - қалыптасқан шығармашылық әдістің жалғастығы, ал, әдебиеттегі дәстүр дегеніміз - бұрынғы тәжірибені жаңғырту болып табылады. Әлде де нақтылы айтар болсақ, фольклордағы дәстүр - қалыптасқан шығармашылық әдістің жалғастығы, ал, әдебиеттегі дәстүр - ескіні өзгертпей қолдану емес, керісінше соны өзгерте дамыту, жалғастыру. Сондықтан да әдебиетте даралық сипат басым болады да, автор өзіне дейінгіні қайталамайды, бұрынғыны бойына сіңіре отырып, өзі қабылдаған шындықты халыққа қайтадан, жаңарған күйінде ұсынады. Дәстүр нағыз халықтық рухта сусындаған суреткердің қанымен келіп, еріксіз көрінетін құбылыс. Мінекей, осынау «фольклорлық дәстүр» ұғымы (немесе ғылымда оны «фольклоризм» деп те атайды) қазақ әдебиеттану ғылымының да басты арналарының бірі болып қалыптасуының өзіндік даму жолды да бар.

Ең алғаш ХІХ ғасырда қазақ даласына орыс ориенталистерінің келуі арқылы қазақ халқының фольклорлық мұраларын жинап, бастырып, бағалау істері қолға алынғаны белгілі. Талай ықылым замандарды басынан кешіріп, рухани байлығын ішіне бүгіп жатқан дархан қазақ даласына патшалық Ресей алдымен осы жағынан қызығушылық туғызды. Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасуы осы алғашқы жинап-бастыру істерінен басталғаны мәлім. Ал орыс әдебиетінде ұлттық әдебиеттің қалыптасуындағы фольклордың рөлін бағамдау қадамдары ХVІІІ ғасырдың өзінде-ақ көріне бастады. ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында фольклоризм «халықтық» деген түсінік аясында қарастырылды. Ал жазушы шығармашылығы мен халық ауыз әдебиетінің арасындағы байланысты зерттеу нақты ХІХ ғасырдың аяғында байқалды.

Жалпы, фольклор мен фольклортану туралы ғылыми таным-түсініктер қазақ арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Шоқан, Ыбырай еңбектерінен бастап қалыптаса бастады. Әрине, қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңінде оның ең басты құрамдас бөлігі болып табылатын фольклортанудан басталуы заңдылық. Әдеби мұраны игеру жұмысы ғылымның ең басты міндеті десек, жоғарыда атап кеткен орыс ориенталистері әуелі осы міндет өресінен көріне білді. Орыстың отаршылдық саясатымен қатар қазақ даласына келген елеулі жаңалықтар ұлттың зиялыларының қалыптасуына да игі ықпал етті. Мәдениет пен ғылымды игеруге деген ерекше құлшыныс сирек те болса қазақ балаларының арасынан да байқалды, сөйтіп ұлттық интеллигенцияның алғашқы өкілдерін де туғызып, әдеби мұраны игеру жұмыстарына олардың да араласуы байқалды. Бұл жұмыс, ең алдымен, фольклорлық үлгілерді жинап-жариялау әрекеттерінен басталды. Халық жадында сақталған сан мыңдаған фольклорлық мұраларды жинауда орыс ғалымдарына көмектесе отырып, олардың арасында өз аттарынан да жариялаушылар болғаны белгілі. Осыларға қоса ХІХ ғасырдың аяғына қарай халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап-жариялаумен қатар, оны ғылыми тұрғыда сараптап, зерттеушілік пікірлермен ұштастырған зерттеушілер де пайда болды. Мысалы, Т. Сейдалин, Д. Сұлтанғазин, С. Жантөрин, М. Бабажанов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев еңбектерінде фольклорлық мұраны ғылыми тұрғыда зерттеудің алғашқы бағыттары қалыптасты. Абай мен Ыбырай ауыз әдебиеті мұраларын арнайы зерттемегенмен, олардың шығармаларында фольклордың халықтық сипаты туралы көзқарастары айқын танылды. Ал Шоқан еңбектерінде алғаш рет ғылыми зерттеудің тарихи принциптері жүзеге асты. Ал ХХ ғасырдың бас кезіндегі зерттеу еңбектерде «фольклор» терминіне балама сөздер қолданыла бастады. Мысалы, А. Байтұрсынов «ауызша шығарған сөз», С. Сейфуллин «ауыз әдебиеті», «ел әдебиеті» деп атаса, М. Әуезов «ауызша әдебиет», «ел ақындығы» деп қолданады. ХХ ғ. басындағы әдебиеттану ғылымының да­муын саралағанда байқалатын басты нәрсе әдебиеттің ауыр жүгін арқалаған азаматтардың сол өздері жасаған әдебиеттің ғылыми проб­лемаларынан да ешқашан тыс қалмағандығы. Ғылымға шөлдеген қазақ халқының бағына жа­ралған асыл азаматтарымыздың қай-қайсысы да қазақ халқының ерекше мұрасы ауыз әдебиет үлгілерін жинаумен айналысып қоймай, ғылыми жағынан негіздеді. Өз шығармаларында халық ауыз әдебиетінің үлгілерін батыл пайдаланды. Осы орайда жаңа әдебиет үшін күресті қоғамдық-революциялық күрестерімен ұштастыра білген Сәкеннің өзі халық мұрасының жақсы үлгілерін пайдалануды әдебиеттің басты міндеті деп көрсетеді. Халық ауыз әдебиеті мұраларын жинап оған ғылыми тұрғыда баға берген Сәкен жаңа әдебиет ескі әдебиет мүсіндерін іс жүзінде меңгеріп алып, жаңа ережелермен мүсіннің үлгілерін, типтерін қарастырып, бажайлау, екшеу, сөйтіп оған еңбекші тап мазмұнын кіргізу негізінде жасалады деп, таптық тұрғыда қарауға баса назар аударса да, ең бастысы, фольклордың жазба әдебиетке негіз болатынын айтады. Мағжан Жұмабаев та ауыз әдебиеті үлгілерін аса бағалы рухани байлығымыз ретінде бағалап, оны сақтауға, қастерлеуге ерекше мән береді. «…Бірақ, талайлар ұмытылып қалды деп қанша өкінгенмен, әлде болса да ауызда аман қалған әдебиетіміз талай елдердің ауыз әдебиетінен бай. Әлі де болса ауыз әдебиетіміз, бір елдің жазба әдебиетіне негіз болуға жарарлық. Өзінің ауыз әдебиетін негіз қылмай ешбір елдің жазба әдебиеті өркендемек емес. Біздің де жазба әдебиетіміз ауыз әдебиетін негіз қылуға міндетті. Негізі берік өз еліміздің әдебиеті боламын десе, өзіміздің ауыз әдебиетімізге қайтуға міндетті», - деген Мағжан пікірінен жаңа дамып келе жатқан қазақ әдебиетінің алдына нақты, қомақты да сындарлы міндет қойғанын көреміз [6. 341] . С. Мұқанов та халықтың ең таңдаулы фольклор үлгілерін жинап, олардағы көркемдік шеберлікті, халықтың тарихы мен қоғамдық өмірін үйрену керектігін баса көрсетеді. Ғасыр басындағы әдебиеттің жүгін арқалаған ақын-жазушылардың әрқайсысы халық мұрасынан өз шығармаларына негіз іздеді және қолдана білді. Олар, ең алдымен, фольклорлық тақырыптарды жазба әдебиеттің игілігіне айналдыруымен бағалы болса, екіншіден, өз шығармаларының сюжеттік тінінде фольклорлық дәстүрлерді кеңінен қолдана білді. Яғни сарын, тақырып, кейіпкерлер жүйесі сияқты түрлі фольклорлық байланыстарды өз шығармаларында жан-жақты пайдаланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата жырларының тәрбиелік маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,Ж. Аймаутовтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Химия сабағындағы халықтық педагогиканың ұғымдары
Педагогика және этнопедагогика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz