Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Кіріспе

1. Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік сипаттамасы
1.1 Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
1.2 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

2. Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі
2.1 Ұрлықты тергеу әдістемесі
2.2 Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі
2.3 Алаяқтықты тергеу әдістемесі
2.4 Қорқытып алуды тергеу әдістемесі
2.5 Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу әдістемесі

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.

Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді.
Қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып келеді.
Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.
Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Меншікке қарсы қылмыстың аса қауіпті өсу тенденциясы құқық қорғау органдарының олармен терең және нақты күресуін қажет етеді. Қылмысты болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.
Қылмыстық заңда бөтенің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарын қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып, жікке- нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын күш қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдарі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданып жүрген қылмыстық заңдақылмыстардың мынадай нысандарын атап көрсеткен: ұрлық (175 бап); тонау (178 бап); қарақшылық (179 бап); алаяқтық (177 бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176 бап);
Қылмыстардың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады. Сондықтан да қылмыстардың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.
Біз осы диплом жұмысын орындаудан бұрын алдымызға мынандай мақсат қойдық:
1. меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесін саралау зерттеу, сонымен қатар методикалық ңұсқалар келтіру.
Бұл мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер анықталды:
1. меншікке қарсы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасына талдау жасау;
2. меншікке қарсы қылмыстың кейбір жекелеген түрлері бойынша тергеу әдістемесін зерттеу, талдау жасау, сонымен қатар теория тұрғысынан методикалық ңұсқау беру.
Осы жұмысты орындау барысында мынандай зерттеу әдістемесі қолданды:
1. Диалектикалық әдіс
2. Салыстырмалық әдіс
3. Талдау және саралау әдістері
4. Теория мен тәжірбені ұштастыру әдістемесі
Сонымен бұл дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесінің құрылымы табылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстандық және шет елдік ғалым мамандарының еңбектері оқылды, яғни Р.С. Белкин, Е.Р. Российская, В.А. Образцова, Н.А. Селеванов, А.Ю. Аубакиров, Е.О Алауов, және тағы басқалары.
Бұл жұмыс кіріспе бөлімінен, 2 тараудан, 7 параграфтан және қорытынды бөлімдерден тұрады. Жалпы көлемі бет.

МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кіріспе
1. Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік сипаттамасы
1. Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және түрлері
2. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2. Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі
1. Ұрлықты тергеу әдістемесі
2. Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі
3. Алаяқтықты тергеу әдістемесі
4. Қорқытып алуды тергеу әдістемесі
5. Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу
әдістемесі
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады.
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз
құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері
заңмен белгіленеді.
Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі
бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін ерекше
қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны
зардап шегеді.
Қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол
заң тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіз өрескел
қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып келеді.
Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп
отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз
орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.
Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-
ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда
қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Меншікке қарсы қылмыстың аса қауіпті өсу тенденциясы құқық қорғау
органдарының олармен терең және нақты күресуін қажет етеді. Қылмысты
болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсаттарының
бірі болып табылады.
Қылмыстық заңда бөтенің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін
жауаптылық меншік қатынастарын қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып,
жікке- нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын күш
қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдарі
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданып жүрген қылмыстық
заңдақылмыстардың мынадай нысандарын атап көрсеткен: ұрлық (175 бап); тонау
(178 бап); қарақшылық (179 бап); алаяқтық (177 бап); сеніп тапсырылған
бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176 бап);
Қылмыстардың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің
ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады.
Сондықтан да қылмыстардың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының заңдылық
белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі
кепілі болып табылады.
Біз осы диплом жұмысын орындаудан бұрын алдымызға мынандай мақсат
қойдық:
1. меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесін саралау зерттеу,
сонымен қатар методикалық ңұсқалар келтіру.
Бұл мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер анықталды:
1. меншікке қарсы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасына талдау
жасау;
2. меншікке қарсы қылмыстың кейбір жекелеген түрлері бойынша тергеу
әдістемесін зерттеу, талдау жасау, сонымен қатар теория тұрғысынан
методикалық ңұсқау беру.
Осы жұмысты орындау барысында мынандай зерттеу әдістемесі қолданды:
1. Диалектикалық әдіс
2. Салыстырмалық әдіс
3. Талдау және саралау әдістері
4. Теория мен тәжірбені ұштастыру әдістемесі
Сонымен бұл дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып меншікке қарсы
қылмыстарды тергеу әдістемесінің құрылымы табылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстандық және шет елдік ғалым
мамандарының еңбектері оқылды, яғни Р.С. Белкин, Е.Р. Российская, В.А.
Образцова, Н.А. Селеванов, А.Ю. Аубакиров, Е.О Алауов, және тағы басқалары.
Бұл жұмыс кіріспе бөлімінен, 2 тараудан, 7 параграфтан және қорытынды
бөлімдерден тұрады. Жалпы көлемі бет.

1. Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік табылады және бірдей
қорғалады. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік (6 баптың I-тарауы)
иелерініңөз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері оларды қорғау
кепілдіктері заңмен белгіленеді (6 бап II-тарау).
Адамның құқықтары мен бостандық жүйесінде меншікке құқықтың алатын
орны ерекше, себебі ол адамның жеке бастық сәттілігін сипаттайтын
көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да
олардың атқаратын міндеті көп.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік
игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл
игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол бұзушылықпен пара-пар.
Меншікті қылмыстық қол сұғушылық қорғау Қазақстан Республикасының
қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыс-мүліктің меншік немесе өзге иеленушісіне залал
келтіре отырып немесе залал келтіру қауіпін тудырумен байланысты қылмыстық
кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық
іс-әрекеттерді айтамыз.
Меншікке қарсы қылмыстың болып азаматтық құқық бойынша меншік
обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен мүліктер танылады.
Меншікке керек қылмыстық затына адам еңбегі арқылы жасалған кез
келген материалдық дүниелер заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар,
айналымнан алынбаған басқс да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер
жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы,
яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға
арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып
табыламы.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға
болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде сәйкес меншік құқығы
дегеніміз – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған
билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік
иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады.
Меншікке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормалары мен қорғалатын
тікелей объект ретінде меншіктер қатанасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң
мен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық адамның мүлікке өз қалауынша ықпал ету
мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет
жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне
жәнә т.б ие болды, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т.б ие бола
алады.
Иелену құқығы заңмен қорғалады. Мүлікті иелену құқығыбасқа адамға
берілуі мүлкін. Мысалы, коммисия, сақтау және т.б шарттар бойынша
коммиссионер берілген мүліктің сақтаушысы, заң нгізінде иелену құқығын және
т.б құқықтарды жүзеге асырады.
Пайдалану құқығы дегеніміз- мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Пайдалану кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы
өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет.
Мысалы, адам кіржуғыш мақсатына өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса,
ал азық түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т.б
Мүлікті, техниканы шаруашылық мқсатта пайдалануды, сондай-ақ ұйымдар
да жүзеге асырады.
Олар мүлікті алдарындағы мақсатты орындау үшін пайдаланады пайдалану
құқығы да заңмен қорғалады.
Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеу
мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің
мүліктің заңдық жағдайын анықтап өзгерте отырып, мүлікке байланысты
құқықтық қатынастарды белгілеу немесе тоқтату құқығы (мысалы, сату,
айырбастау, сыйлау,жойып жіберу, жедел басқаруға беру және т.б). Билік ету
құқығы тек меншік иесіне тиесілі.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез
келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың
меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып,
оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз
өкілеттілігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да
әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
(Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің -188 бабының 3
тармағы). Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға
қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады. Қылмыстық кодекстың
ерекше бөлімінің меншікке қарсы қылмыстар тарауында бекітілген баптардың
диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей
объектісі бөтенінің меншігі екендігін көрсетеді. Кейбір қылмыстарда (ұрлық,
тонау, алааяқтық, т.б). Тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес
келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты
нысанын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке мншік,муниципалдық не
жекенген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек
деген пікір айтылған,мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан
Республикасының конститутциясы мнешіктің кез келген нысанын бірдей қорғауды
жарйялап отыр. Сондықтан да ұрлықты бөтен мүлікті иеленуді, тағы басқандай
әрекетерді саралау үшін ұрлаған мүліктің қандай нысандағы меншік
екендігінін маңызы жоқ.
Объктивтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы
қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған.
Сондықтан да, олардың, объективті жағы үш міндетті белігіден тұрады іс-
әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептің- зардаптық
байланысы. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыс болып
табылады, себебі бұлардың міндетті белгісі- тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни,
бұл қылмыстардай зардап қылмыс құрамын ың тегінен жатыр. Қылмыстық зардапты
әрқашанда материалдық сиппат болады, мүліктік залал туындайды.
Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамының объективтік
жағының міндетті түрдегі элементті қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып
немесе қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен,
есі дұрыс адам бола алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы бір қылмыста-
мүікті иеленіп алу немесе ысырап етеге –қылмыс құрамының міндетті элементі
арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған
құрамының нышаны ретінде алынады,мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған
алаяқтық (Қылмыстық кодекстің 177 бабы 2 бөлімінің в тармағы), алдау
немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (Қылмыстық
кодекстің 182 бабының 1 бөлігі), жерге заттай құқық бұзу (Қылмыстық
кодекстің 3 бөлігі). Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге
байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге
болады. 16 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға сеніп тапсырылған
бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (Қылмыстық кодекстің 176 бабы )
алаяқтың (Қылмыстық кодекстің 177 бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау
жолымен мүліктік залал келтіру (Қылмыстық кодекстің 182 бабы),көрнеу
қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (Қылмыстық
кодекстің 183 бабы), интелектуалдық меншік құқығын бұзу (Қылмыстық
кодекстің 184 бабы ), жерге заттай құқықтарды бұзу (Қылмыстық кодекстің 186
бабы), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (Қылмыстық
кодекстің 188 бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау
мақсатынсыз заңсыз иелену және ауырлататын мән-жайлардың болмауы (Қылмыстық
кодекстің 185 бабтың 1 бөлімі).
Аурылытатын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе
бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 187 бабынын 1 бөлігі) жатады. 14 жастан бастап
жауаптылық көзделген қылмыстарға ұрлық (Қылмыстық кодекстің 175 бабы),
тонау (Қылмыстық кодекстің тің 178 бабы), қарақшылық (Қылмыстық кодекстің
174 бабы), қорқытып алушылық (Қылмыстық кодекстің 181 бабы), ауырлататын
мән-жайлардың автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау
мақсатынсыз заңсыз иелену (Қылмыстық кодекстің 185 бабының 2-4 бөліктері),
Аурылытатын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе
бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 187 бабының 2,3 бөліктері).
Субъективтік меншіке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады,
меншікке қарсы тек бір қылмыс қана- бөтен мүлік абайсызда жою немесе
бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 88 бабы) кінәнің абайсыз нысанында жасалуы
мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу
мақсатынсыз болып бөлінеді.
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті
белгісі- пайда табуды көздеу немесе сондай себептер.
Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың
объективтік жақтарына қарай, мүлікті алу мін байланасты ұрлау деп аталатын
қылмыстрға және ұрлау мен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады.
Ұрлауға мына қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету,
алаяқтық, тонау, қарақшылық ерекше құнды заттарды ұрлау. Пайда табу
мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға мыналар жатады
алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрнеу,
қымыстық жолымен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интелекттуалдық
меншік құқықтарын бұзу, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау
мақсатынсыз аңсыз иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал бөтен мүлікті
қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру
пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстарға жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп тарағаны және қоғамға
едәуір қауіптігі-ұрлау.
Қылмыстың заң, ұрлағандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты
жауаптылық қарастырған. Қылмыстық Кодекстің тиісті бабтарына бөліп,
нормативтік тұрғыдан бекіткен. Оларға ұрлаудың мына нысандары жатады
Ұрлауға мына қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету,
алаяқтық, тонау, қарақшылық.
Бөтен мүлікті ұрлау дегеніміз-меншік иесінің мүлкін пайда күнемдік
маұсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамның
пайдасына айналдыру.
Заңмен берілген анықтамадан ұрлықтың объективтік жағын сипаттайтын
мына белгілерімен бөліп алуға болады
1. мүлікті алу;
2. алудың заңға қайшылығы;
3. алудың қайтарымсыз болуы;
4. пайда күнемдік мақсат.
Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пайдасына немесе басқа
адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік
жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік
құқығын қымыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірлеушінің
ұрланған затқа меншіктік құқығын ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлауға заң
тұрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті айыптының меншігіне емес ,оның
пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру дегенді бәкім осы
тұрғыдан түсіндірну қажет. Айып қою нәтижесінде меншік иесіне не басқа
иемденушіге материалдық залал келеді. Ұрлағандағы материалдық залал тікелей
нақты залал түрінде көрініс табуға тиіс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі қаулысында былай делінген Қылмыс
объектісі болған мүліктің құнын анықтағанда, оны меншік иесінің қалай
иемденгеніне байланысты, қылмыс жасалған кездегі жеке сауда нарықтық немесе
коммисиандық бағаларға сүйену қажет.
Бағасы болмаған жағдайда муліктін құнын сараптаманың қортындысы
негізінде анықталады.
Ұрлаудын салдарынан келген зауалдың орның толтырғанда оның мөлшері сот
шешім қабылдаған негізгі бағалврға сүиеніп анықталады. Меншік иесіне немесе
заңды иеленушіге материалдық залал келтірмейтін мүлікті алу, ұрлау ретінде
саралануға тиіс емес.
Ұрлауды сипаттайтың келесі белігі- оның заңға қайшылығы. Заңға қайшы
белгі дегеніміз шындығында да, болжам мен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен
мүлікті айыптының алуы.
Шындығындағы құқық дегеніміз – ол мүлікті алуға мүмкіндік беретін,
заңға негізделген құқықтың болуы. Оңың заңда белгіленген тәртіпте
реттелделген реттделмегенің манызы жоқ. Бұл жерде назар ол құқықтың
нысанына емес, түп мәніне аударылыды.
Бұдан жасалынатың тұжырым - егер адам мүлікті алуға заңды
негіздемелері бола тұрып, оны алу үшін белгіленген тәртіптерді ғана бұзса
онда бұл жағдайда ұрлау болмайды.
Қылмысы аяқталғаннан кейін мүліктік залалдардың орның толтыру немесе
ұрланған мүлікті қайтару айыптыны жауаптылықтан босатпайды, бәрақ ол жазаны
женілдетүге негіздеме бола алады.
Айыпты мүлікті алып, оған өз қалау бойынша билік жасай алатын кезден
батап ұрлау аяқталған болып салалады.
Әнгіме нақты билік жасағандықты емес, сол билікті жасау мүмкіндігін
алғандықта.
Сондықтан ұрлауды аяқталған деп танушын айыптының затты іс жүзінде
пайдалаланғаны, одан пайда көргені қажет емес. Оның сондай мүмкіндікті
алғаны жеткілікті. Егер айыпты бөтен мүлікті алуға бағыттылған белгелі бір
әрекеттер жасаса, бәрақ ол мүлікке билік жасау мүмкіндігіне қолын жеткізе
алмаса, онда ол әрекет ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Қарақшылық
бұлардын қатарыда кірмейді, оның аяқталу кезені жайынлағы мәселе қылмыстың
осы құрамына қатысты қаралған.
Күзеттегі аймақта, жасалған ұрлықтын аяқталу кезеңін анықтауда қиындық
туындыйды. Тергеу - сот практикасының соңғы кездерендегі позициясы дұрыс,
себебі ол күзеттегі аймақта жасалған ұрлықты сол аймақтан мүлікті алып
шыққан кезден бастап аяқталған деп санау қажет, себебі ұрланған мүлікке
билік жасау мүмкіндігі ол кезде бастап туады деп санайды. Мүлікті күзеттегі
аймақтан қанша қашықтыққа алып барғандықтың маңызы жоқ, дегенмен, ұрланған
затты аймақтың қоршауынан асыра лақтыруды және қылмысқа қатысуы басқа
адамның сол мезетте ұрлауың қылмыстың аяқталмағандығы деп санаған жағдайлар
болған.
Күзеттегі аймақта жасалған ұрлаудың аяқталу кезеңі мүліктің аумағына
және оның не мақсатқа арналғанына байланысты. Мысылы, егер ұрланатын мүлік
тұтынылмайтын болса және оны күзеттегі аймақта пайдалануға мүмкіндік
болмаса,оны сол аймақтан сыртқа алып шықпайынша Ал, тұтынылатын мүлікті
(мысалы, спирттік ішімдікті) ұрлағанда қылмыстың аяқталу кезеңі айыптының
ұрлаған мүлікке деген пиғылына бойланысты болады. Егер ол ұрланған мүлікке
күзеттегі аймақтан шыққан соң билік жасауды ойластырса, онда мүлікті сол
аймақтан тауып алу- ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Егер ол
ұрланған мүлікке сол аймақтан шықпай-ақ билік жасайтын болса – қылмыс
аяқталған деп саналады .
Егер айыпты мүлікті алып, кейін оңтайлы кезде шығаруды ойластырып оны
сол күзеттегі аймаққа жасырып қойса, сонан соң оны өз еркімен қайтарса,
онда ол қылмысты жасаудан бас тарту негізінде (ҚК-тің 26 бабы) қылмыстық
жауаптылықан босайды.
1 Қарағанды қаласы Совет аудандық соттың архиві 1994ж.
Ұрлау тек тікелеи ниетпен тжасалады. Айыпты мүлікті заңсыз алғандығын
ұғады, өз әрекетімен меншік иесіне залал келтіргендігін алдын ала біледі,
соны тілеиді.
Ұрлаудың міндетті нышаны – пайдакүнемдік мақсат. Ұрлауға заң
тұрғысынан анықтама берілгенде пайдакүнемдік мақсат ұрлаудың нышаны деп
тіке көрсетілген. Ол мақсат айыптының өз пайдасына, сондай-ақ материалдық
жағдайына айыпты мүдделі басқа адамның пайдасына материалдық, мүліктік
табыс келтіруді көздейді.
Алудың тәсілдеріне байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінде ұрлаудың алғы нысаны бекітілген ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті
иеленіп алу, сеніп тапсырылған мүлікті ысырат ету, алаяқтық, тонау,
қарақшылық. Қызмет бабын пайдалану жолымен мүлікті алуды ұрлаудың жеке
нысаны ретінде танудан заң шығарушы бой тартты, оны ұрлаудың үш нысанының
иеленіп алудың, ысырап етудің және аляқтықтың саралаушы нышаны ретінде
қарстырады.
Қастандық жасаудың осы түрінің заты ұрлау құрамының сындарлы
белгілерінің бірі болып табылады. Қылмыстық заң теориясында қылмыс затанаң
шын мәнінде мазмұны бірдей екі анықтамасы кең тараған. Бірінші анықтама
бойынша Қылмыс затына өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыра отырып
қылмыскер тікелей жасайдын сыртқы әлемнің материалдық заттары жатады.
Екінші анықтама бойынша қылмыс затына сол қылмыстың жасалуына себеп болатын
материалдық әлемдегі заттар жатады.
Заң әдебиетінде ұрлау заты түсінігі онша да мағыналы баяндалмаған.
Ұрлау заттары ақша және бағалы қағаздар болуы мүмкін екендігі туралы
пікірге ешкімнің қарсылығы жоқ. Сонымен қатар, әдебиеттерге де, сот
практикасында да осы уақытқа дейін дау туғызып келген бір мәселе
мүмкіндікті алуға құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік кәсіпорындары,
ойын-сауық орындары, спорттық және басқа ұйымдар көрсеткен қызмет үшін есеп
айыруға қажетті билеттер, талондар, абонементтер жеке басқа белгілер ұрлау
заты бола ала ма, жоқ па?
Г.А.Кригердің пікірінше ақшалай, заттай және басқадай лоторея
билеттері. Почта төлемдерінің белгілері,көлікте жүру билеттері, бензинге
талондар немесе сол сияқты ұрлау заты бола алады. Ленинградтық Курс
советского уголовного правоның авторлары онымен толықтай келіспейді, олар
көлікте жүру билеті мүлікті алуға емес, тек көлікте жүруге ғана құқық
беретіндіктен ұрлау заты бола алмайды деп санайды.
Л.А.Андреева мен Б.В.Волжински ұрлау заты ретінде қарастырылуы мүмкін
басқа да бағалы қағаздарға жанар-жағар май талондарын жатқызды. Лоторея
билеттерін, почта маркаларын өзге бағалы қағаздар қатарына жатқызбаса да,
бұл авторлар оның ұрлау заты бола алатындығымен келіседі.
Сонымен қатар, сот практикасы көлікте жүру билеттерін, почта
маркаларын көлік қызметін төлегендігін растайтын, өзін ұсынған адамға
тиесілі қағаздар екенін ескеріп ұрлау затына жатқызады, сондықтан оларды
алуды ұрлау деп қарастырылады. Мәтінін толтырып, мөрмен бекіткеннен кейін,
оларды компостирленгеннен кейін ғана, пайдалануға болатын билеттерді немесе
басқа белгілерді ұрлау сол әрекетке дайындық болып саналады, егер бұл жерде
ұрланған заттарды кейін сатып ақша табу мақсаты болса.
Сонымен, өздерінде көрсетілген құнын немесе қызметтің төлегендігін
растайтын, ұйымның, оның қызметкерлерінің, азаматтардың қолында болғанда
сол тауарлармен қызметтерді олардың пайдалануына мүмкіндік беретін
талондар, көлікте жүру билеттері немесе өзге белгілер ғана ұрлау заты бола
алады деген пікірмен келісу қажет.
Сондықтан легитимациялық құжаттар мен белгілер (аккредитивтер, чектер,
жинақ кітапшалары, жетондар, сенім қағаздары, квитанциялар және сол
сияқтылар) өздерін иеленушілердің белгілі-бір мүліктерге ғана құқұғын
растайтын болғандықтан ұрлау заты табылмайды. Бұл құжаттарды немесе
белгілерді иелену меншік кейпің материалдық залал шеккендігінің айғағы
емес. Бұл ретте ұрлықтың алдағы уақытта жасалуына мүмкіндік туады,
сондықтан да, мысалы: жинақ кітапшасын иеленіп ол бойынша ақша алуды ниет
қылған айыпкердің әрекетін алаяқтыққа дайындық деп саралау қажет.
Мүліктік емес сипаттағы фактілерді растайтын құжаттар мен өзге заттар
ұрлау заты бола алмайды. Оларды ұрлаушы заң шығарушы басқарутәртібіне қарсы
жасалған қылмыс ретінде қарастырады, себебі бұл жағдайда құжат айналымның
заңда белгіленген тәртібі бұзылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумы өзінің 1996 жылғы 25
шілдедегі Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы
қаулысында ұрлау заты дегеніміз – бөтен, яғни айыптының меншігіне жатпайтын
мүлік деп анықтама берді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 115 бабына сәйкес
мүліктік игіліктер мен құқұқтарға: заттар, ақша, соның ішінде шет ел
валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектулдық
қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық
белгілер және бұйымды даряландырудың өзге де құралдары, мүліктікқұқықтар
мен басқа да мүлік жағады. Ұрлаудың мәніне жүгінсек, оның заты деп
ақшаларда, құнды қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды тану қажет.
Зат дегеніміз – кез келген түйгінетін нәрсе, ол газ күйінде, сұйық,
қатты жағдайда, жанды және жансыз бүтіннің бөлігі болуы мүмкін. Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 127 бабына сәйкес ақша дегеніміз -
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құнын бойынша
қабылдауғаміндетті заңды төлем құралы болып табылады.
Егер өсімдік немесе жануарлар әлеміндегі объектілерді өсіруге адам
еңбегі жұмсалған болса, онда оларды заңсыз иелену ұрлық құрамын береді,
мысалы, қандай да бір шаруашылықтың меншігі болып табылатын волердегі
түлікті, жасанды су қоймасындағы балықты ұрлау, паркке отырылғызылған
шыршаны, сәнді бұталарды иелену. Ұрлау затының енді бір сипаты олардың
заңдық қасиеті. Ол дегеніміз – ұрланған зат айыпты үшін әрқашан да бөтен
болуға тиіс. Айыптың ол алынған затқа тікелей де, жанама да құқығы болуға
тиіс емес. Адамның өз мүлкі ұрлау заты бола алмайды, сондықтан өз мүлкін
заңсыз алу ұрлауға жатпайды. Қазақстан Республикасының күшіндегі қылмыстық
заңына сәйкес ұрлық дегеніміз – бөтен мүлікті жасырын ұрлау болып табылады.
Ұрлық объектісі - меншік. Бұл қылмыстың заты - материалдық әлемнің
заты түріндегі, нақты құндылығы бар (заттар, тауарлар, бұйымдар, ақша, т.б)
өндіру үшін адам еңбегі жұмсалған, сондықтан да ақшамен бағалана алатын
бөтен мүлік.
Материалдық құндылығы жоқ зат немесе бұйым ұрлық заты бола алмайды,
себебі оны алу меншік иесіне материалдық залал келтірмейді. Сондықтан да,
жасау үшін қоғамға пайдалы еңбек жұмсалмаған табиғи байлықтарды (орманды,
балықты, тағы жануарларды, т.б) заңсыз иелену меншікке қарсы қылмыстар
қатарына жатпайды, олар экологиялық қылмысқа жатады.
Ұрлыққа тән белгі – оның жасырын тәсілімен жасалуы. Ұрлықтың
жасырындық сипатын анықтағанда айыптың ниетіне, яғни оның ұрлықты
субъективтік қабылдауына баса назар аудару қажет. Ұрлық болады деп санау
үшін айыпты жасырын ұрлық жасауға ұмтылуы, бөтен мүлікті жасырын түрде
иеленуге оның ниеті болуы тиіс. Егер айыпты, өзінің мүлікті заңсыз иеленуін
ұғынған бөгде адамның араласуына мүмкіндік бермей, қалыптасқан жағдайға
байланысты әрекет жасаса да ұрлауда жасырындық сипат болады.
Жасырын ұрлауды саралау үшін мүліктің алынуы тек меншік иесіне ғана
емес, оны күзетушіге де, үшінші адамға да білінбеуі тиіс. Олар ұрлық
жасалған кезде, не сол жерда болмайды, не болған кезде де ұрлықтын
жасалғандығын сезбейді.
Егер айыпты өз, әрекетінің қылмыстық сипатының белгілі болғандығын
ұғынбай, қылмысының құпиялығына өзі күмән келтірмей әрекетін әрі қарай
жалғастырса, ол ұрлық болып саналады. Егер айыпты, әрекетінің белгілі
болғандығын ұғынып ұрлығын доғарса, егер ол еш нәрсе алып үлгермесе, онда
оның әрекеті не ұрлыққа оқталғандық саналады, егер ол қандай да бір
құндылықты алып үлгерсе аяқталған ұрлық болып саналады.
Бөгде адамның көзінше жасалған ұрлықты жасырып жасалған деп тану үшін,
сол адамның айыптың әрекетінде қылмыстық сипат бар екендігін ұғынбағандығы
анықталуға тиіс.
Мысалы, айыпты өзін мүлік иесі атынан билік жасай алатын адаммын деп
өтірік айтады; иесіз тұрған автомашинаға жайбарақат отырып жүріп кеткен
адамның әрекетіне қарап онда тұрғандар ұрлық жасалды деп ойламайды.
Ұрлықтың объективті жағын талдағанда әрекет пен қылмыстың нәтиженің
арасындағы себептік байланысты анықтау қажет.
Теориялық және практикалық тұрғыдан едәуір маңызды болып саналатын
мәселелердің бірі – ұрлық аяқталу кезеңін айқындау. Затты айыптының
иеленген кезеңінен бастап ұрлықтың аяқталған болып саналатын
салалмайтындығы бірнеше маңызды мәселерді шешумен байланысты, олар:
қылмысты саралау, қылмысты жасаудан еркімен бас тарту, қылмысқа қатысушылар
шеңбері, ұрлықты тонаудан жеке қарақты шектеу, жазалау шарасын белгілеу
мәселелері.
Ұрлықты аяқталған деп айыптының затты іс жүзінде иеленген кезінен
емес, ол затқа оның өз қалауыен билік ете алатын мүмкіндігі туған кезден
бастап санау керек.
Егер ұрлық күзеттегі аймаққа жасалса, онда қылмыстың аяқталғандығы
туралы мәселе ұрланған мүліктің сипатына және айыптының пиғылына
байланысты. Мысалы, егер айыпты күзеттегі аумақтан шығармай –ақ
пайдаланылуға болатын мүлікті ұрлауды ойластырса, онда мүлікті оқшаулап,
оған заңсыз иелік орнатқан кезден бастап ұрлық аяқталған болып саналады.
Ұрлаған мүлкін сол тұрған жерінде өз пайдасына жарату мүмкін
болмағандықтан, оны күзеттегі аймақтан алып шығу кезінде айыпты ұсталса,
оның әрекеті ұрлыққа оқталғандық ретінде сараланады.
Кінә, қылмыстың себебі мен мақсаты ұрлықтың субъективтік жағын
сипаттайтын нышандарға жатады. Бұл нышандар ұрлық жасаушы адамның
психикасындағы ішкі процесстердің көрінісі, ол ұраушының санасы мен еркінің
жасалған қоғамға қауіпті әрекетпен байланысын сипаттайды.
Субъективтік жағынан ұрлық – тікелей ниетпен жасалатын әрекет. Ол
дегеніміз – айыпты өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынады,
қоғамға қауіпті зардаптың болатынын алдын ала біледі және соны тілейді;
ешқандай құқығы болмаса да бөтен мүлікті жасырып алады, өзіне заңсыз пайда
түсіру үшін мүлікиесіне материалдық залал келтіретіндігін түсінеді.
Ұрлық жасағанда айыпты өз әрекетін заңға қайыпты екендігін де,
мүлікті жасырып иелетіндігін де ұғынады. Ұрлық жасаудың себебі – пайда
табу. Пайда табу болмаса ұрлық та болмайды. Ол ұрлықтың субъективтік
себебі. Бірақ бұл себебтің мазмұны оның тереңдігі, оны ұғыну дәрежесі және
тұрақтылығы әр түрлі болуы мүмкін.
Мақсат – ұры ұмтылған нысан, оған заңға қайшгы әрекеттер арқылы қол
жеткезеді. Себебке қарағанда қылмыс жасаудағы мақсат айыптының қоғамға
қауіпті әрекет жасай отырып қол жеткізген тікелей нәтижесімен сипатталады.
Мақсат пен себеп арасындағы айырмашылық еріктік проценті әр түрлі
сипаттауға негізделген.
Ұрлықтың себебі ұрық асаған адам нені байлыққа алды деген сұраққа
жауап берсе, қылмыстың мақсаты әрекетіне бағытталған адам ұмтылған жақын
арадағы нәтижені анықтайды.
Қылмыстық нәтиже - бөтен мүлікті заңға қайшы жолмен алу – ұрлық
жасаудағы айыпты алға қойған тікелей мақсат, ол ұрлық құрамының элементіне
жатады. Онда бөтен мүлікті жасырын алуға, одан пайда көруге ұмтылу сипаты
бар. Ұрланған мүліктен пайда көру, іс жүзінде, ұрлық құрамынан тысқары
жатыр. Ол қылмыстан туындайтын қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.
Қылмыстық кодекстің 175 бабының 2-ші бөлігіенде мынандай саралаушы
нысандар көзделген:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байлануы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік ірі жайға, қоймаға заңсыз
кірумен жасалған ұрлық.
Адамдар тобының алдын ала сөз байлануы бойынша түсінігі Қылмыстық
кодекстің 31 бабының 2-ші бөлігінде берілген. Бірлесіп қылмыс жасау жөнінде
алдын ала келіскен адамдар тобы сондайға жатады. Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі Бөтен мүлікті ұрлауды
саралаудың кейбір мәселелері туралы қаулысының 7 тармағынды ұрлық жасау
жөнінде алдын ала келісіп, оған екі немесе одан көп адамдар қаттысса ондай
ұрлық адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлыққа
жатады делінген. Ұрлыққа қатысқа адамдар санын анықтағанда қасақана қылмыс
жасауға қатысушылар туралы жалпы білімге сүйену қажет. Атап айтқанда,
мұндай адамда қоғамға қауіпті осы әрекет субъектісінің нысаны болуға,
сондай-ақ олар бірлесіп, қасақана және келісіп әрекет жасауға тиіс. Топқа
қатысушы кемінде екі адам ұрлықтың объективтік жағын орындаса, онда ол
нысаны жағынан тек бірге атқарушылық қана болуға тиіс. Бұл жағдайда олардың
барлығын бірдей әрекет орындауы міндетті емес. Біреуге ұрлататын мүлікке
жол ашуы басқалары мүлікті алу немесе басқа да әрекеттер жасауы мүмкін.
Сондықтан да бір атқарушы және бір немесе бірнеше қатысушылар
(көмекшілер, айдап салушылар, ұйымдастырушылар) болса осы нышандар бойынша
ұрлықты саралауға болмайды. Қылмыс басталғанға дейін, оған дайындық кезінде
немесе тікелей оқталар алдында келісімге қол жеткен болса алдын ала сөз
байланысқандық орын алады. Сөз байласқан кезден ұрлық басталғанға дейінгі
аралықтағы уақыт маңызы жоқ. Нысаны жағынан сөз байласу ауызша, жазбаша,
тікелей конклюденттік әрекеттер арқылы (тіл көрсетіп), үнсіз болуы мүмкін.
Бөтен мүлікті алуға тікелей бағытталған әрекетті атқарушы бастап
қойған болса, онда басқа қатысушының кейін келіп қосылғандығы бұл саралаушы
нысанды құрамайды, себебі бұл адамды ұрлықты бірге жасау үшін алдын ала сөз
байласқан деп санауға болмайды. әрқайсысы өзінше бастап, кейін кездейсоқ
бірігіп, қылмысты ары қарай бірлесіп жалғастырған адамдардың қылмыстық
әрекеттерін де осы нышан бойынша саралауға болмайды.
Қылмыстық кодекстің 175 бабына бер3лген ескертудің 3 тармағына сәйкес
175-181 баптарда көзделген қылмыстар бірнеше рет жасалған саналады, егер
осы баптарда, сондай-ақ 248, 255, 260 баптарда көзделген қылмыстар оған
дейін бір немесе бірнеше рет жасалған болса.
Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз енумен
жасалған ұрлықтың қоғамға қауіптілігі сонда, ұры кедергілерді өтіп мүлікке
жету үшін белгілі бір қиындықтырды жеңеді, төбені, қабырғаны немесе есікті
бұзады,жәбірленің өз мүлкін сақтау үшін алдын ала қарастырған шараларын
жоққа шығырады,өз мақсатына жету үшін табандылық көрсетеді.
Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс түсінігіне Қылмыстық кодекстің 31
бабының 3 бөлігінде бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын
біріккен адамның тұрақты тобы жасаған қылмыс деп анықтама берілген.
Қылмыстық топтық және сыбайластарының ұйымдасқандығын және
тұрақтылығын,атап айтқанда,олардың құрамының, ұйымдық құрылымдарынң
тұрақтылығы,мүшелерінің ынтымақтастығы,топтағы тәртіпке және
ұйымдастырушының не жетекшінің нұсқауларына бағынуы,қылмыстық қызметтің
нысандары мен әдістерінің тұрақтылығы,қылмысты жоспарлау және мұқият
дайындау,қатысушылар араласында рө бөлу,қылмысты жасыру шараларын және
қылмыстық жолмен тапқан мүлікті сатуды алдын ала орналастыру сияқты
нышандардан көруге болады-делінген ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында.
Ұрлықты ұйымдасқан қылмыстық топ жасаса, онда ұрлауға қатысқан топ
ұйымдастырушының,жетекшісінің және мүшелерінің әрекетін ұйымдасқан топ
жасаған ұрлық үшін жауаптылық көзделген бап пен ұйымдасқан қылмыстық топ
құрғаны және жетекшілік еткені қарастырған Қылмыстық кодекстің 235 баптың
тиісті бөлігінің жиынтығы бойынша саралау қажет.
Ірі мөлшер түсінігі заң шығарушы Қылмыстық кодекстің 175 бабына
беріген ескертуін 2 тармағында қарастырған.
Осы тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесеірі залал деп қылмыс жасалу
ісінде ҰР-ң заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып
түсетін мүліктең құны мен залалдың мөлшері танылады.
Ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам жасаған ұрлық -
Қылмыстық кодекстің 175 бабына берілген ескертуде оған да ресми түсініктеме
берілген. Ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам деп осы
Кодекстін 175-181, 248, 255, 260 баптарында көзделген бір не бірнешіне
қылмыстар үшін соттылығы бар адам танылады.
Ұрлық зорлықсыз қылмыстар қатарына жатады,сондықтан күш көрсетіп
қылмыскер әрекетін бақылау мүмкіндігінен айырылған адамның (бір жерге жауып
қойған)мүлкін жасырып алу,көрсетілген зорлықтың сипатына қарай тонау немесе
қарақшылық ретінде Қылмыстық кодекстің 178, 179 баптары бойынша саралануға
тиіс.
Жәбірленуші дәрменсіз жағдайға келтіру үшін оның ағзасына күшті әрекет
етіп,денсаулығы мен өміріне қауіпті заттарды енгізу және бөтен мүлікті
иелену қарақшылық ретінде (Қылмыстық кодекстің 179 бабы) сараланады.
Әшкерелеген ұры,бастаған жасырын ұрлақтың беті ашылғанын
ұғынып,ұрлағанын тастай салып ұсталып қалмау үшін жасырынуға ұмтылса,мұндай
әрекеттер бәрі бір ұрлыққа (немесе оған оқталғандыққа) жатады. Егер ұсталып
қалмау үшін ұры өзін ұстаушы адамға қарсы күш қолданса, оның әрекеті өзінше
жеке адамға қарсы қылмысты құрайды.
Егер айыпты ұрлықты жасырып бастап,бірақ өзінің әшкереленгендігін
біліп мүлік алуды,ашық жалғастырса,оның әрекеті тонау болып табылады
(Қылмыстық кодекстің 178бабы).
Ұрлықтың бөтен мүлікті иеленіп алудан және ысырап етуден айырмашылығы
сол ұрлық кезінде айыпты бөтен мүлікті алуы,не оған баруға мүмкіндік
алуы,не оны күзетуі мүмкін,бірақ онда ол мүлікке билік етуге,оны
басқаруға,сақтауға ешқандай өкілеттік болмайды.
Ұрлықты алаяқтықтан ажырату қажет.1) ұрлық жасағанда қылмыс заты тек
мүлік қана болады, ал алаяқтықта қылмыс заты мүліктен қатар мүлікке құқық
та болады. 2) ұрлық жасалғанда жәбірленушінің мүлкі онын еріксіз, жасырып
алынады. Ал алаяқтық кезінде меншік иесі немесе заңды иегері алғандықтан
немесе сенімге қиянат жасағандықтан мүлікті қылмыскерге өзі береді. 3)
алаяқтық кезінде мүлікті қылмыскерге әрекет жасауға қабілеті бар, мүлікке
билігін заң танитын адам беруге тиіс. Егер алдау немесе сенімге қиянат
жасау арқылы жасына немесе психикасының бұзылуына баиланысты әрекет жасау
қабілеті жоқ немесе қабілеті шектелген адамның мүлкін иеленсе,онда
қылмыстың әрекеті алаяқтық емес, ұрлық болып саналады, себебі ондай адамның
еркі заң жүзінде ескерілмейді.
4) алдаушылық тек алаяқтықта ғана емес, ұрлық кезінде де болады.
Алаяқтық жасалғанда алдау арқылы мүлік иеленеді, ал ұрлық кезінде сол
жасырып ұрланатын мүлікке беру үшін алдау тәсілі қолданылады.
Ұрлықты тонаудан ажырату керек, оның басты айырмашылығы-мүлікті алу
тәсілінде. Ұрлық кезінде мүлік жасырын алынса, тонауда ашықтан-ашық
алынады.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету
(Қылмыстық кодекстің 176 бабы).
Иеленіп алу немесе ысырап ету,пайдасына заңсыз яғни кінәлі адамға
сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау.
Бұл қылмыстың объектісі-меншік, басқаша айтқанда,мүлікті
иелену,пайдалану, оған билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастаржиынтығы.
Мүлік, бұл жерде ұрлау заты болып табылады. Жалпы ұрлау затына тән
белгілері бар мүліктер ғана иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты бола
алады. Және де, ол мүліктің айыпты адамға сеніп тапсырылуы міндетті шарт.
Иеленіп алудың немесе ысырап етудің затына мына нышандар тән
-заттың;
- экономикалық;
-заңдық;
-айыпты адамға мүліктің сеніп тапсырылуы.
Заттық нышан дегеніміз-иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты
әрқашан да материалдық нәрсе.
Экономикалық нышан иеленіп алудың немесе ысырап етудің затында,қандай
да бір экономикалық құндылық бар екендігін көтсетеді. Ол құндыық өзінің
құнынан ақшалай бағасынан көрініс табады.
Заңдық нышан иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты бөтен, еркін
азаматтық айналымда жүрген мүлік қана болатындығын көрсетеді. Өз мүлкін
ұрлау меншіктік қатынасты бұзбайды. Сондықтан ол меншікке қастандық жасау
деп қарастырылмайды. Бұл қылмыстың объективтік жағын,бөтен мүлікті ұрлаудың
нысаны ретінде,иеленіп алу және ысырап ету құрайды.
Иеленіп алу дегеніміз-белсенді қызмет жасай отырып субъектінің өзіне
сеніп тапсырылған тауарлық материалдық құндылықты алуы,оған заңсыз иелік
орнатуы. Иеленіп алғанда айыптыға сеніп тапсырылған мүлік оқшауанып,оған
заңсыз өтеді,оны өз меншігіне айналдыру немесе үшінші адамның меншігіне
беру мақсаты болады. Меншік иесіндегі мүлік алынып оқшауланған және ол оның
өз мүлкіне қосылған кезден бастап иеленіп алу аяқталған қылмыс болып
саналады.
Ысырап ету-сеніп тапсырылған мүлікті тұтынушыдан айыру арқылы
айыптының өз пайдасына немесе басқа адамның пайдасына заңсыз және
қайтарымсыз айналдыруы.
Бұл жағдайда, қандай да бір өкілеттік жасауы үшін өзіне сеніп
тапсырылған мүлікті айыпкер заңсыз жұмсайды, сатады, үшінші адамға береді
не өзі пайданылады.
Иеленіп алу және ысырап ету аяқталған қылмыс деп саналады, егер
субъект мүлікті тек алып қана қоймай, оны еркін айналымғажіберуге нақты
мүмкіндік алған болса.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниетпен және пайда табу
мақсатымен сипатталады: адам өзіне сеніп тапсырған мүлікті заңсыз ұстап не
неліктен шығарып отырғанын ұғынады, өзінің заңға қайшы әрекетімен меншік
иесіне материалдық залал келтіретінін алдын ала біледі, және бас пайдасын
ойлап сондай болғандықты тілейді.
Қылмыс субъектісі арнаулы – жасы он алтыға толған, есі дұрыс, заңды
түрде мүлік сеніп тапсырылған адам.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алудың немесе ысырап етудің
құрамы үшін заң шығарушы мынандай саралаушы нысандарды қарастырған:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байлануы бойынша жасалған;
2) бірнеші рет жасалған;
3) қызмет бабын пайдаланып жасалған;
4) ұйымдасқан топ жасаған;
5) ірі мөлшерде жасалған;
6) ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан көп рет
сотталған адам жасаған.

Алаяқтық

Бұл іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі сонда, оның жасаудың нәтижесінде
меншік құқығы бұзылады.
Алаяқтық объектісі меншік болып табылады. Алаяқтың заты ретінде тек
мүлік қана емес, сонымен қатар оған құқық, сондай-ақ мүлікке кейбір
өклеттіктер де табылады.
Алаяқтың ерекшелігі осы қылмыстың жасалу тәсілінде – мұнда алдау және
сенімге қиянат келтіру орын алады.
Алдау болған адам бір нәрсені жалған ұғынады, адасады. Алдау белсенді
нысанда не пәс мінез – құлықта көрініс табады. Белсенді нысандағы алдауда
адамға қандай да бір фактілер, оқиғаларжайында жалған деректер беріледі.
Пәс алдауда шындық айтылмай қалады, егер фактілер мен мән-жайлар жайында
дұрыс ақпарат алса, жәбірленуші өз мүлкіне билік етуден тартынған болар
еді. Мүліктік құқық қатынасының шарты мен мазмұнын елеулі өзгертіп мән-
жайларды айтпау да пәс алдауға жатады.
Алаяқтық жасаудың тәсілі ретінде алдау өткен немесе қазіргі кездегі
фактілерді бұрмалап көрсетуде ғана емес, алаяқтың келешекте болатын мән-
жайларды да бұрмалауында.
Алаяқтың көп тараған түрлерінің бірі келешекте болатын оқиғалар
жайында алдау. Мысалы: қымбат автомобиль сатып аламын деп немесе жай
қарызға жәбірленген ақша алу сондайғ ажатады. Алдау сөз нысанында да
немесе жәбірленушіні қатерілестіретін басқа әрекеттер арқылы да көрініс
табады.
Мүлікті немесе мүлікке құқықты алаяқтық жолмен алудың басқа бір
тәсіліне заң сенімде қианат жасауды жатқызады, бұл жағдайда айыпты өзінің
меншік иесімен немесе мүліктің заңды иегерімен арадағы сенімдік қатынасты
пайдаланады. Алаяқ пен жәбірленуші арасындағы сенімді қатынасты
пайдаланады. Алаяқ пен жәбірленуші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке қарсы қылмыстырдың жауап алу ерекшелігі
АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ
Банктің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланудың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
Ұрлық объектісі - меншік
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің жалпы сипаттамасы
Алаяқтық қылмысын тергеу ерекшеліктерінің кейбір мәселелері
Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ АЛДАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Алаяқтық қылмыс ұғымы
Қарақшылық талан-тараждың нысаны ретінде
Пәндер