ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты жайлы


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Баяндама

ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты

Жоспар:

  1. Стандарттау және сертификаттау түсінігі мен маңызы
  2. ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты
  3. Стандарттау және сертификаттау немесе бәсекелестік ортадағы тұрақтылық

Пайдаланылған әдебиеттер

Стандарттау - бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:

• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост) ;

• салалық стандарттар (ССТ) ;

• техникалық жағдайлар (ТЖ) ;

• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;

• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы

Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.

Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.

ҚР - ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:

  • өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
  • өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
  • сынақтың кәсіби түрде өтуі;
  • шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
  • өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
  • сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
  • сертификаттау объектілерінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
  • сертификаттау жұмысында ИСО/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
  • ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредитацияланған сынақ зертханаларының сертификатталатын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану.

Халықаралық стандарттау ұйымының бастамасымен жыл сайын 14 қазан күні Халықаралық стандарттау күні атап өтіледі.

1946 жылдың 14 қазанында Лондонда бас қосқан 25 елдің делегаттары жаңа халықаралық стандарттау ұйымын құру жайлы шешім қабылдайды. Содан бастап атаулы күнге айналды.

Аталған ұйымның басты мақсаты - өндірістік стандарттарды халықаралық формаға сай үйлестіру және біріктіруге жәрдемдесу. Биыл Стандарттау күні «Шығындарды қысқартамыз, нәтижені жақсартамыз. Стандарттар тиімділіктерді жоғарылатады» ұстанымымен өтті.

Қоғамдық ортада ашық және қолайлы жағдайда әзірленген халықаралық стандарттарға әрбір мүдделі жақ (кәсіпорын, ұйым және т. б. ) өзінің үлесін қосу арқылы шығынын азайта отырып, экономиканың дамуына әсер ете алады.

Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО), халықаралық электробайланыс кеңесі (МСЭ) және халықаралық электротехникалық комиссияның (МЭК) бірлесе дайындаған халықаралық стандарттар әлемдегі қаржы тұрақсыздығы жағдайында кәсіпорын мен ұйымдарда шығындарды төмендету арқылы тұрақтылық пен тиімділікке қол жеткізуге әсерін тигізеді.

ИСО кеңесінің жұмысына қатысу біздің мемлекетімізге және барлық елдерге халықаралық стандарттау саласындағы стратегияны жасау мен құрастыруға белсенді қатысуға, ғаламдық мәселелерді шешуде өз ойларын ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда стандарттауды дамытуға қосымша екпін береді және республиканың экономика секторының дамуына, кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға белсенді ауысуына ықпалын тигізеді. Халықаралық стандарттар саясаткерлерге, өнеркәсіптер мен тұтынушыларға экономиканың күрделі өзгеруіне бірлесіп, қарсы тұруға қажетті жалпы құралдарды ұсынады.

ИСО тәжірибесінің негізінде тұрақты жетілдіруге ұмтылу бар. Бұндай көзқарас қауіпсіз өнімді шығаруға және көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Экономикалық дамыған елдерде басқарудың озық құралдарын қолданудың экономикалық тиімділігін әлдеқашан бағалаған болатын. Мысал ретінде Финляндияда орналасқан аты әлемге әйгілі «RAUTARUUKKI» металлургиялық зауытын алсақ та болады. Аталған зауыттың мамандары «мүлтіксіздікке жету мүмкін емес» деген пікірді ұстанады. Бұл кәсіпорында ХС ИСО енгізілген. Дегенмен, кәсіпорын басшылары «тексеріспен келетін аудиторлардың кемшілікті аз табуы - мекеменің нарық заманында алға жылжуына көп кедергі келтіреді» деп есептейді екен. Яғни сынға жол беру арқылы, өздерін шыңдауға бейімделген.

ДСҰ елдері халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасайтын серіктестермен ғана иықтаса қызмет атқарады десек, алдағы уақытта Қазақстан да бұл талаптарды толық орындап, ДСҰ құрамына жақын арада мүше ретінде кіреді деп нық сеніммен айтуға болады.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңы бойынша техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне көшу барысында стандарттарды қолданудың аумағы айтарлықтай кеңейді және осы заңға заманына сай талап етілген тұрақты өзгеріс пен өзгертулер енгізілуде.

1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы - Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) және Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымының (МОЗМ) толық құқықты мүшесі, ал 2004 жылдан бастап Халықаралық электротехникалық комиссияның (МЭК) бақылаушы мүшесі атанды. Сөйтіп ұлттық қауіпсіздік пен тәуелсіздіктің жаңа сапалы деңгейіне, азаматтардың сапалы және қадірлі өміріне бет ала отырып, Егемендік Қазақстан стандарттаудың дамуындағы өз таңдауын жасады.

1997 жылы Стандарттар мен стандартты үлгілердің мемлекеттік ақпараттық орталығы, ал одан кейін 2000 жылы оның негізінде Қазақстанда Стандарттау мен сертификаттау институты құрылды. Бұл институт - стандарттауды дамыту саласындағы жетекші кәсіпорынның бірі. Республикадағы әрбір облыстық орталықта филиалдар мен өкілеттіліктер құрылып, жұмыс атқаруда.

Өзінің тарихында Стандарттау мен сертификаттау институты техникалық реттеу жүйесінің қайта құрылу шегіндегі үлкен және маңызды жұмыс атқарды және атқарып келеді, ол ұлттық стандарттар тұғырын құрудың, сапа менеджменті жүйелерін дамытудың негізін қалаған. Қазақстан экономикасының шынайы секторының өкілдері саналатын барлық отандық тауар өндірушілер осы институттың қызметтеріне назар аударғаны жөн.

Стандарттау қорлары бойынша халықаралық байланыс орнатылды. Қазіргі уақытта ТМД мемлекеттері мен Еуропа ұйымдарының ақпараттық қорлары стандарттау, метрология және сертификаттау сұрақтары бойынша тығыз жұмыс атқарады.

Институттағы мемлекеттік қорда 66 мыңға жуық стандарттау жөнінде нормативті құжаттар бар, бұлар мемлекеттік, халықаралық, ұлттық және аймақтық стандарттарға ие. Осында 4 мыңға жуық мемлекеттік стандарттар қабылданған, оның ішінде 3 мың данасы халықаралық стандарттарға үйлестірілген.

Қазақстан Республикасының экономика салаларындағы стандарттарды әзірлеу үшін 53 стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер үлесін қосуда және бұл жерде тәжірибесі мол ғылыми қызметкерлер жұмыс атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің сапасы оның бәсекелестігінің көрсеткіші
ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты туралы
Сапа жүйесінің аудиті
ҚР стандарттау мен сертификаттау саясаты
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Сапаны басқару жүйесінің теориялық негіздері
ҚР стандарттау мен сертификаттау саласындағы саясаты
Сапа менеджменті жүйесінің әзірленген бағдарламасын енгізу
Қонақ үйді басқарудың ұйымдық құрылымы
Халықаралық стандарттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz