Түркі тілдерінің жіктелуі туралы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Түркі тілдерінің жіктелуі
Тобы: КЯ- 413
Орындаған:Телеухан Гүлден
Тексерген: Шаяхметұлы Қ.
Семей, 2015 ж
Жоспар:
- Түркі тілдерінің жіктелуі.
2. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері.
3. М. Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі.
Туыстас тілдердің материалдарын өзара салыстырып қарайтын болсақ, кей тілдер өте жақын туыстық қатынаста болып, ұқсастық белгілері айқын көрініп жатса, екінші бір тілдер арасында ондай ұқсастық аз болады, тіпті кейбіреулерінің туыстық қатынасын анықтау арнайы ғылыми даму жолында да, жеке тіл ретінде қалыптасу кезеңіне де, көрші тілдердің әсеріне де байланысты болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерінің ұқсас белгілері өте көп, олардың туыстығын дәлелдеп жатудың керегі де жоқ.
Тілдерге туыстық жағынан талдау жасауда қиындық туғызатын жағдай бірден - бір « таза» тіл болмайды. Өйткені жеке, саяқ өмір сүретін тіл кездеспейді. Жер жүзіндегі барлық тілдер, соның ішінде түркі халықтарының тілдері де, басқа көршілес тілдермен ұзақ уақыт бойына қарым - қатынас жасап келеді. Осының нәтижесінде бір тілден екінші тілге сөз, дыбыс не грамматикалық элементтер ауысып отырады. Сондай - ақ, о бастағы негізгі бір туыс тілдер өзара жіктеліп, жеке, дербес тіл құрауы да немесе бірнеше басқа тілдердің құрамына еніп, жаңа ерекшеліктерге ие болуы мүмкін.
Түркі тілдерінің жүйесін жасауда отандық орыс ғалымдарының еңбегі зор. Солардың ішінде В. В. Радлов, Ф. Е. Корш, А. Н. Самойловичтердің жасаған жүйесінің орны бөлек.
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесіне отырып, В. В. Радлов оларды: 1) шығыс тобы, 2) батыс тобы, 3) Орта Азия тобы және 4) оңтүстік тобы деп 4 топқа бөледі. [ 1. 151 ]
Бұл топтастыруда тілдердің орналасу мекен - жайы негізге алынса да, ол оларыдң фонетикалық белгілеріне сүйенген. Мысалы, шығыс тобы деп аталатын түркі тілдерінің тобына Сібірдегі түркі тілдері енген. В. В. Радлов шығыс тобына саха тілін қоспастан, оны жеке тіл ретінде қараған.
Батыс тобына автор Батыс Сібір татарларының, Еділ татарларының тілін, сондай - ақ қырғыз, қазақ, башқұрт тілдерін енгізген.
Солтүстік тобы. Түркі тілдерінің бұл тобына алтай ( ойрат), қырғыз, қарачай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт, т. б. тілдерді енгізген. Бұл топтағы түркі тілдері тағ сөзінің соңыдағы ғ д ыбысын у дыбысына алмастырып ( тау ), осының негізінде созылыңқы айтумен ерекшеленеді. Яғни тағ - тау - тоо ( қырғызша) - туу ( чувашша) .
Батыс тобы . Түркі тілінің бұл тобына автор түрікмен, түрік, әзірбайжан, гагауз, т. б. тілдерді енгізген. Бұл топқа енген тілдер қосымша басындағы ғ дыьысын жоғалтқан ( қалан) болса да, сөз соңындағы ғ дыбысын ( тау орнына тағ ) сақтап қалған.
Шығыс тобы . Бұл топқа автор көне орхон, көне ұйғыр, шағатай, қыпшақ, қарағас, т. б. тілдерді қосады. Бұл тілдерде сөз соңында ғ дыбысы сақталып ( тағ ) , қосымшалары ғ - дан басталады ( қалған) ; сөз соңындағы қысаң дауыстылардан кейін де ғ қолданылады ( сарығ ) .
Аралас топ. Бұл топқа автор жоғарыдағы тілдермен байланысы жоқ саха, чуваш және Орта Азиядағы халықтардың кей тілдерін жатқызған. [ 2. 157]
Түркі тілдерінің өзіндік ерекшелігін кеғңінен қамтуға әрекет еткен жіктемені А. Н. Самойлович жасады . Академик А. Н. Самойлович Радлов пен Корштың топқа бөлуін қостай отырып, оған азын - аулақ өзгеріс енгізді. Ол түркі тілдеріндегі алты ( тоғыз, аяқ, бол, тау, сары, қалған ) сөздің фонетикалық, морфологиялық белгісіне қарай отырып, оларды алты топқа бөледі.
Түркі тілдерін профессор В. А. Богородицкий олардың орналасқан географиялық орнына қарай бөлуді ұсынған. Ол түркі тілдерін 7 топқа бөледі . 1) солтүстік батыс тобы ( саха, тува, қарағас тілдері) ; 2) хакас тобы; 3) алтай тобы; 4) батыс Сібір тобы ; 5) Еділ және Орал бойындағы татар, башқұрт тілдерінің тобы; 6) Орта Азия тілдері; 7) Оңтүстік батыс тілдері. . [3. 30 ] :
Түркі тілдеріне тарихи тұрғыдан топтау жасаған С. Е. Малов болатын. Ол түркі тілдерін көне элементтерді құрамына сақтауына қарай е ң көне тіл, көне тіл, жаңа тіл және ең жаңа тіл деп 4 топқа бөлген.
1. Ең көне түркі тілдері: бұлғар, ұйғыр, чуваш. якут тілдері.
2. Көне түркі тілдері: оғыз, тофалар, тува, ұйғыр, хакас, шор.
3. Жаңа түркі тілдері: әзірбайжан, гагауз, құман, қыпшақ, печенек, половец, салар, түрік тілдері
4. Ең жаңа түркі тілдері: башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, құмық, ноғай, ойрат, чуваш, якут тілдері. [2. 112, 90]
Б. Серебренников тілдерді жіктеуде лексикалық белгілердің де мәні ерекше. Бір топқа жататын тілдерде олардың барлығына ортақ сездер мол кездеседі. Сондықтан ондай ортақ сездердің сандық мелшерін, проценттік шамасын айқындау да тілдерді топқа дұрыс жіктеуге зор септігін тигізеді дейді. Ортақ сездердің сандық мелшеріне қарай түркі тілдерін 4 топқа бөлуге болады. Олар: 1) түрік, әзербайжан, гагауыз, түрікмен; 2) татар, башқүрт, қүмық, ноғай, балқар, өзбек, ұйғыр; 3) қазақ, қырғыз, 4) Тува, хакас, якут, чуваш
Туыстық жақындығы жағынан талас туғызбайтын, әбден шешілген тілдік топтар қатарына Б. Серебреннитав мыналарды жатқызады: 1) татар, башқұрт, 2) ұйғыр, өзбек, 3) түрікмен, әзербайжан, түрік, гагауыз 4) хакас, шор, 5) якут, чуваш. Ал қалғандарының 1) қазақ, ноғай, қарақалпак 2) Алтай, қырғыз 3) қараим, құмық, қарачай-балқар, қырым татары 4) тува, тофа тілдерінің туыстық шамас өлі де зерттей, айқындай түскен жөн дейді.
Талдағанда классификацияларда жеке түркі тілдерінің қай топқа жаткызылатыны жөнінде бірізділік жоқ. Мысалы, Қазақ тілі И. Березин еңбегінде оңтүстік немесе Қыпшақ тобына жатқызылса, В. Радлов, Г. Рамстедт, Бельцинг, Г. Менгес еңбектерінде солтүстік батыс тілдері тобына, С. Малов жаңа түркі тобына, Н. Баскаков Батыс Хун тілдері ішінде қыпшақ-ноғай тілдері тобына қосқан.
Түркі тілдерін классификациялауға байланысты соңғы пікір иесі -Туркия ғалымы Т. Текин . 1976 жылы Алматыда өткен Бүкілодақтық II түркологиялык конференцияда сөйлеген сөзінде Текин түркі тілдерін топтауға байланысты езіне дейінгі айтылған пікірлердің қай -қайсысында болса да сәтсіздіктің барлығын айта келіп, оның негізгі себебі, зерттеушілердің түркі тілдерінің өлі, тірілерін тегіс қамтып жіктегісі келгендіктерінде екендігін сынай келіп, орхон, көне ұйғыр, қыпшақ тілдері жазба ескерткіштерін жіктеуге қоспау керек дейді. Екінші кемшілік-фонетикалық критерий берік, жүйе сақталмайды. Осыларды айта келіп түркі тілдерін фонетикалық белгілеріне сүйеніп бөлуді үсынады.
Керсетілген жіктеулер ішінде кемшіліктен қолдау тауып, жиі қолданылып жүргені -түркі тілдерін сол тілдің иесі болып табылатын халықтардың, этникалық татардың даму тарихына, қандай тайпалық бірліктен тығыз да ұзақ байланыста болғанына қарай, яғни қалыптасу, даму тарихына қарай жіктеу принципі.
Түркі тілдерін топтастыруды ең алғаш ұсынған - М. Қашғари. Толық аты-жөні Махмұд ибн ул-Хусайын ибн Мухаммаддин Қашқари. 1029-38 жылдар шамасында туылған. Қазіргі Шу өңірінде Барсған қаласында туылған, Қашқарда өмір сүрген. Әкесі, аталары атақты әскери адамдар болған. Әкесі белгілі Бограханның немересі. Оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан. М. Қашқари білімді алғаш Баласағұн, Қашқар қалаларына алған. Білім алуды кейін Орта Азиядағы орталықтары болған Самарқан, Бұқарада жалғастырып, Мерв, Бағдат қаласында толықтырады. Түркі араб-парсы тілдерін игерген. Ол Қашқардан Римге дейінгі аралықты - түркі халықтары мекен еткен жерлерді түгел аралап, саяхат жасай жүріп, олардың өмірін, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, тілін, әдебиет үлгілерін зерттеген. Атақты «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі мен «Түркі тілдері синтаксисінің қымбат қасиеттері туралы» атты еңбегі соның негізінде жазылған. [ 1, 176, 110]
«Диуани лұғат ат-түрік». “Диуани лұғат ат-түрік”-қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар. Мұнда тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасалады. Сондай-ақ сөздікте тіл мен әдебиетке ғана емес, сол кездегі ру- тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет - ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне т. б. қатысты аса бағалы деректер берілген. Еңбектің осындай ерекшеліктерін ескеріп белгілі кеңес түркологі А. Н. Кононов сөздікті энциклопедиялық туынды деп бағалайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz