Тілдің жүйелік, құрылымдық, таңбалық сипаттары туралы ақпарат


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Тілдің жүйелік, құрылымдық, таңбалық сипаттары

Тексерген: Самекбаева Э.

Орындаған: Мәсәлім Н.

Тобы: ФИ-403

Семей 2015

Жоспар

І. Тілдің жүйелік және құрылымыдық сипаты

ІІ. Тілдің таңбалық сипаты

IІІ. Қолданылған әдебиеттер

Тіл белгілі бір құрылымы және қызметі бар, бір бүтін (тұтас) жүйелі құбылыс ретінде өмір сүреді. Құрылым мен жүйе тілге ғана емес, сонымен бірге басқа да құбылыстарға тән болуы мүмкін. Сондықтан да, ең алдымен, жалпы «жүйе» және «құрылым» (структура) деген ұғымдардың мән-мәнісін айқындап алу қажет. Жалпы «жүйе» «құрылым» туралы ұғымдарды айқындау тілдің жүйелі сипаты мен құрылымдық қасиетін танып білуге көмектеседі.

Бүтіннің элементтерінің арасындағы қатынастардың схемасы, әдетте, құрылым деп аталады. Ал жүйе, қалай да болсын, белгілі құрылымның болуын аңғартады. Дегенмен, жүйе тек құрылымнан ғана тұрмайды. Әрбір жүйе оған өте-мөте тән және бір -бірімен байланысты үш түрлі, атрибуттың (бірдеменің ең маңызды белгісі) - құрылым мен субстанцияның және қызметтің үштасып келуінен және олардың диалектикалық бірлігінен құралып, өмір сүреді және дамиды. Осы үшін атрибуттың ерекшеліктерінің және олардың ара қатысын есепке, алатын жүйелік зерттеу қарастырылатын обьектіні түтас күйінде танып білуге мүмкіндік тудырады. Жүйелік тұрғыдан қарау, сайып келгенде, жүйенің қасиеттерін оның құрылымы мен субстанциясының және қызметінің өз ара қатынасын айқындау арқылы балдап түсіндіруге келіп тіреледі. Жоғарыда аталып өткеніндей, жүйе туралы ұғым мен құрылым туралы ұғым өз ара шарттас, бір -бірімен байланысты ұғымдар болғанымен, бір -біріне ажыратылатын, әр басқа ұғымдар болып саналады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән, нақтылы мазмұны бар. Құрылым қатынастардың схемасы дегенді білдіреді, осыған орай, бұлұғым жұйенің бір ғана шағын жағы -оның қанақасы сипаттайды. Ал жүйенің ұғымы - құрылымы ұғымнан әрі кең, әрі күрделі ұғым. Жүйе рет-ретімен орналасып ұйымдасқан бір тұтас құбылыс. Ол құрылым мен субстанцияның қосылу, бірігу түрінде өмір сүреді және белгілі бір қызмет атқарады. Сонымен жүйе құрылымға ие болатын және белгілі бір мақсатты орындау үшін осы құрылымды субстанция арқылы іске асыратын, ұйымдасқан (ретке келген) бүтін ретінде қаралды.

Құрылымдық қасиет пен жүйелік қасиет тілге де тән. Құрылым мен жүйе ұғымдары тілге қатысты мынадай мазмұнға ие болда: құрылым бүтіннің бойындағы әртектес элементтердің арақатынасынан және бірлігінен тұрады. Ол элементтер мыналар:

а) Дыбыстар (фонемалар) - «құлаққа естілетін жай ғана дыбыстар емес», тілдің материалдық таңбалары (терминдік емес, қарапайым мағынадағы таңбалар) . Тіл дыбыстары (фонемалар) біріншіден, есту мүшелері арқылы қабылданады, екіншіден, бір сөзді екінші сөзден, бір морфеманы басқа морфемалардан ажыратады. Мысалы: т, д , дыбыстары тән, дән деген сөздерді бір-бірінен ажыратса, н, ң, дыбыстары тон, тоң, деген сөздерді бір -бірінен ажыратады.

ә) Морфема -мағына мен дыбысталудың бірлігінен тұратынең кіші тілдік элемент. Морфеманың түбір (немесе негізгі) морфема деп аталатын түрі (мысалы, орыс тіліндегі красный деген сөздің құрамындағы красн-, қазақ тіліндегі бүлін деген сөздің құрамындағы бұл- морфемасы) заттық (вещественное) мағынаны білдірсе, аффикстік (немесе көмекші) морфема деп аталатын не деривациялық мағынаны (сөз тудырушы аффикстің мағынасы: мысалы, жылқышы, балалық деген сөздердің құрамындағы -шы, -лық, аффикстерінің мағынасы), не реляциялық мағынаны (сөздерді түрлендіретін және олардың байланысын, бір- біріне қатынасын білдіретін аффикстердіңмағынасы; мысалы, ағаштың бұтағы дегендегі -тын, -ы аффикстерінің мағынасы) білдіреді.

б) Сөздер заттар мен құбылыстардың, сапа мен белгіні іс-әрекет пен қимылды және т. б. атайды, солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Сөздің бұл қызметі - номинативті (атау болу) қызмет.

в) Сөйлем ойды білдіреді, хабарлау қызметін атқарады. Сөз номинативті қызмет атқарса, сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлем коммуникативті қызметті, әдетте, сөздердің бір-бірімен тіркесін, өз ара байланыста, предикативті қатынаста жұмсалуы нәтижесінде атқарады. Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін хабарлаудың негізгі құралы-сөйлемдер арқылы іске асырады.

Құрылымның элементтері тілде өзара бір-бірімен байланыса келіп, бірлікте болады.

Тілдік құрылымның әрбір деңгейі немесе сатысының, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік деңгейлерінің әрқайсысының өз жүйесі болады да, әрбір жүйенің барлық элементтері сол жүйенің мүшелері реінде қызмет етеді.

Жүйе дегеніміз - өзара шарттас, өзара байланысты біртектес элементтердің бірлігі.

Тілдің жүйелі сипаты оның барлық саласынан - фонетикалық саласынан да, грамматикалық саласынан да, лексикалық саласынан да көрінеді. Мысалы, белгілі бір тілдің фонетикасында «дауысты дыбыстардың жүйесі», «дауыссыз дыбыстардың жүйесі» деп айтылуы тегіннен-тегін емес.

Жүйесіз нәрсені жадыңда сақтау қиын. Егер тілде жүйе болмаса, егер ол бір-бірімен байланыссыз, ретке келтірілмеген, ұйымдаспаған, бөлшектері бүтінге бірікпеген, бытыраңқы элементтер күйінде болса, онда тіл адамның жадында да (санасында) сақталмаған болар еді, қатынас құралы, пікір алусыдың құралы болып қызмет етуге де жарамас еді. Тілде жүйелік қасиет бар. Сондықтан да оның жүйесі сол тілде сөйлейтін адамның жадында жатталып, сақталып қалады. Тілдің жүйелік қасиеті оны меңгере білуге және қатынас құралы, пікір алысудың құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Тілде жүйелік қасиет болғандықтан да, біз басқа бір шет тілді оқып үйрене аламыз. Шет тілді оқып үйрену және оны меңгеру, сайып келгенде, оның фонетикалық жүйесін және грамматикалық жүйесін оқып үйрену және меңгеру болып шығады.

Тіл білімде тілді жүйелік қасиеті бар құбылыс, барлық элементтері бір-бірімен байланысты, өз ара бағыныштыбір тұтас құбылыс деп қарау тілдің табиғатын, бүтін мен оны құрастырушы бөлшектердің арақатысын атап айтқанда, бүтіннің оны құрастырушы бөлшектерге тәуелділігін, керсінше, бөлшектердің бүтінге тәуелділігін айқындауға мүмкіндік береді. Тілдің жүйсін тілдік жеке құбылыстардың өз ара байланысы тұрғысынан, бүтіннің өз ішіндегі жеке құбылыстарды бағындыруы, билеуі тұрғысынан зерттеу айрықша мәнге ие болады.

Сонымен, тілдің өзіне тән құрылымы бар жүйелі құбылыс екендігі туралы қағида тіл білімінде орныққан және басты қағидалардың бірі болып саналады.

Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Осылай болғандықтан, философтар мен лингвистер бұл мәселеге (тілдің таңбалык сипаты туралы мәселеге) ертеден бері-ақ назар аударып келеді. Тілдің таңбалық табиғаты әсіресе Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінен және Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» атты еңбегі жарыққа шыққаннан бергі дәуірде кең көлемде қарастырыла бастады.
Ф. де Соссюр тілді таңбалардың жүйесі деп есептейді де, оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстыра қарайды. Ол былай деп жазды: «Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың жүйесі, демек, оны жазумен, мылқаулар үшін жасалған әліппемен, символ мәнді әдет-ғұрыптармен, сыпайылық формаларымен, әскери сигналдармен және т. б. салыстыруға болады. Ол (тақбалардың жүйесі ретіндегі тіл. - К. А. ) тек осы жүйелердің ішіндегі өте-мөте маңыздырағы. Сонымен, қоғам өмірінін, ішіндегі таңбалардың табиғатын зерттейтін ғылым бар деп ойлауға болады, біз оны «семиология» деп атар едік».

Таңбалар жүйесінің ұғымы қазіргі заманғы ғылымда кен өріс алғандығын және әр түрлі типтегі таңбалар туралы ғылым - семиотика білімнің әр түрлі салаларының назарын аударып отырғанын айту қажет. «Ғылыми-зерттеу процесінде таңбалық жүйелердің мол тобын қолданудың өрістеуі қазіргі заманғы ғылымның маңызды ерекшелігі болып саналады. Біздің кезіміздің адамдары өзінің практикалық қызметінің табысты болуы үшін «табиғи» таңбалар жүйелерін ғана емес, сонымен бірге әр түрлі жасанды «тілдерді» (математикалық формалар мен теңдемелер жүйелерін, чертеждерді, графиктеоді, таблицаларды және т. б. ) қолдануға мәжбүр болып отыр. Әр түрлі типтегі танбалар жүйелері туралы ғылым - семиотика соңғы кезде зерттеушілердің назарын өзіне өте-мөте жиі аудара бастады. Оның негізгі проблемалары - таңба мен мағынаны анықтау, таңбалық ситуацияның компоненттерінің анализі, таңбалардың типологиясы және т. б. - диалектикалық материализм философиясының теориялық танып білу проблематикасымен тығыз астарласып жатады және философтар мен логиктердің, лингвистика, психоогия және кибернетика салаларындағы мамандардың қоян-қолтық жұмыс істескен кезде ғана табысты шешімін таба алады.

Тілдің таңбалық табиғаты сөз болғанда, бүтіндей тілдің және оның элементтерінің обьективті болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы және олармен жанама түрде байланысу дәрежесі ескеріледі.

Тіл білімінде тілдік таңбаның түрлерің айқындауға таңбаның қызметінің сипаты негізге айналды. Осыған орай, тілдік таңбаның типтері делініп мыналар саналады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің жүйелік, құрылымдық, таңбалық сипаттары
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Ежелгі дәуір тіл білімі
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Тіл біліміндегі концепт ұғымының сипаты
Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Тілдің танбалық сипаты туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz