Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау жəне алдын-ала өңдеу



1. Кіріспе
2. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау жəне алдын.ала өңдеу
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Металл сынықтары мен қалдықтарының жинауын қайтармалы түсті металдардың өндірістік-дайындау басқармалары (Вторцветмет) жүзеге асырады. Пайда болатын қалдықтардың көлемі едəуір болған жағдайда өндірісте оларды сақтау үшін, əртүрлі қалдықтардың бір-бірімен араласуын, ластануын, тотығуын болдырмау үшін арнайы жабдықталған алаңдарды ұйымдастырады. Қалдықтарды жинау үшін əртүрлі жабдықтар қолданылады: крандар, электрокарлар, автотиегіштер. Негізгі назарды қаптамаға (тара) аударады. Ол аса үлкен емес жəне сыйымды, жүк көтеретін механизмдермен тасымалдау үшін жəне тиеу үшін ыңғайлы болуы керк. Металл сынықтары мен қалдықтарын алдын-ала өңдеу деп олардың əрі қарай металлургиялық өңдеуін нəтижелі жасайтын күйге келтіруін айтады. Түсті металдардың қайтармалы шикізатының алдын-ала өңдеуі оны стандартқа сай өлшемдер мен массаға келтіруін, қара жəне түсті металдар сынықтарының бір-бірінен ажыратып алуын, металл емес қоспаларды, ылғалдылықты, майды жəне т.б. жоюды қарастырады. Алдын-ала өңдеуге металдың амортизациялық сынықтары мен тасымалдауға келмейтін ластанған қалдықтарды ұшыратады. Мұндай өңдеуді металл сынықтары мен қалдықтары пайда болған жерлерде, арнайы бөлу-сорттау базаларында, қайтармалы жəне техногенді шикізатты өңдейтін зауыттар мен алаңдарда, түсті металлургиядағы зауыттардың шихта дайындау цехтарында жүзеге асырады.
Металл сынықтары мен қалдықтарын өңдеу келесі негізгі операциялардан 19 тұрады: сорттау, бөлу, кесу, пакеттеу, брикеттеу, ұсақтау, ұнтақтау, магнитті сепарациялау, кептіру, майсыздандыру жəне т.б. Қайтармалы шикізаттың өзгеше түрлерін (аккумуляторлар, электр-қозғалтқыштар, тоқ өткізгіштіктер) алдын-ала өңдеу үшін арнайы желілер қолданылады.
Сорттау. Оның мақсаты – металл сынықтары мен қалдықтарын біртекті металдар мен қорытпаларға бөлу, сонымен қатар металл емес материалдар мен қара металдарды ажыратып алу. Сорттаудың негізгі түрлері: түрлік, механикалық, ауыр орталарда бөлу, металлургиялық сорттау. Түрлік сорттау қайтармалы шикізатты сыртқы (түсі, қаттылығы, тығыздығы, магнитті қасиеттері жəне т.с.с.) жəне заттық (бұйымның аталуы) белгілері бойынша, маркалары бойынша, арнайы аспаптарды, талдаудың тамшы жəне спектрлі əдістерін қолданып көзбен шолу кезіндегі бөлінуінде негізделген. Механикалық сорттауға шикізатты ірілік бойынша (елеуіштерде) бөлу жəне темір қоспаларынан ажыратып алу (электмагнитті сепарация арқылы) операциялары кіреді.
 Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.
 Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
 Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы

СӨЖ 2
Тақырыбы: Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау жəне алдын-ала өңдеу

Орындаған: Тексерген:
ПСМ-219 тобының студенті Жетекші: Окасов А.Р
_____ Төлегенұлы А. (жетекшінің Т.А.Ж.)
(қолы)
_____ _______ _____ _______
(бағасы) (күні) (бағасы) (күні)

Семей 2015
Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау жəне алдын-ала өңдеу
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Металл сынықтары мен қалдықтарының жинауын қайтармалы түсті металдардың өндірістік-дайындау басқармалары (Вторцветмет) жүзеге асырады. Пайда болатын қалдықтардың көлемі едəуір болған жағдайда өндірісте оларды сақтау үшін, əртүрлі қалдықтардың бір-бірімен араласуын, ластануын, тотығуын болдырмау үшін арнайы жабдықталған алаңдарды ұйымдастырады. Қалдықтарды жинау үшін əртүрлі жабдықтар қолданылады: крандар, электрокарлар, автотиегіштер. Негізгі назарды қаптамаға (тара) аударады. Ол аса үлкен емес жəне сыйымды, жүк көтеретін механизмдермен тасымалдау үшін жəне тиеу үшін ыңғайлы болуы керк. Металл сынықтары мен қалдықтарын алдын-ала өңдеу деп олардың əрі қарай металлургиялық өңдеуін нəтижелі жасайтын күйге келтіруін айтады. Түсті металдардың қайтармалы шикізатының алдын-ала өңдеуі оны стандартқа сай өлшемдер мен массаға келтіруін, қара жəне түсті металдар сынықтарының бір-бірінен ажыратып алуын, металл емес қоспаларды, ылғалдылықты, майды жəне т.б. жоюды қарастырады. Алдын-ала өңдеуге металдың амортизациялық сынықтары мен тасымалдауға келмейтін ластанған қалдықтарды ұшыратады. Мұндай өңдеуді металл сынықтары мен қалдықтары пайда болған жерлерде, арнайы бөлу-сорттау базаларында, қайтармалы жəне техногенді шикізатты өңдейтін зауыттар мен алаңдарда, түсті металлургиядағы зауыттардың шихта дайындау цехтарында жүзеге асырады.
Металл сынықтары мен қалдықтарын өңдеу келесі негізгі операциялардан 19 тұрады: сорттау, бөлу, кесу, пакеттеу, брикеттеу, ұсақтау, ұнтақтау, магнитті сепарациялау, кептіру, майсыздандыру жəне т.б. Қайтармалы шикізаттың өзгеше түрлерін (аккумуляторлар, электр-қозғалтқыштар, тоқ өткізгіштіктер) алдын-ала өңдеу үшін арнайы желілер қолданылады.
Сорттау. Оның мақсаты - металл сынықтары мен қалдықтарын біртекті металдар мен қорытпаларға бөлу, сонымен қатар металл емес материалдар мен қара металдарды ажыратып алу. Сорттаудың негізгі түрлері: түрлік, механикалық, ауыр орталарда бөлу, металлургиялық сорттау. Түрлік сорттау қайтармалы шикізатты сыртқы (түсі, қаттылығы, тығыздығы, магнитті қасиеттері жəне т.с.с.) жəне заттық (бұйымның аталуы) белгілері бойынша, маркалары бойынша, арнайы аспаптарды, талдаудың тамшы жəне спектрлі əдістерін қолданып көзбен шолу кезіндегі бөлінуінде негізделген. Механикалық сорттауға шикізатты ірілік бойынша (елеуіштерде) бөлу жəне темір қоспаларынан ажыратып алу (электмагнитті сепарация арқылы) операциялары кіреді. Қорғасынды аккумуляторлардың сынықтарын жəне қайтармалы шикізаттың басқа түрлерін бөлу үшін ауыр орталарда бөлу қондырғыларын пайдаланылады. Құрамында темір бөлшектері бар түсті металдардың төменгі сапалы шикізатының металлургиялық сорттауын балқығыш пештерде жүзеге асырады. Сорттаудың мына түрі түсті металдар мен болаттың балқу температураларының анағұрлым айырмашылығында негізделген. Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының түрлік сорттауын сорттаушы үстелдерде, конвейерлерде жəне конвейерлі желілерде жүргізеді. Кесектер өлшемдері 250 мм-дан аспайтын шикізатты сорттау үшін механикаландырылған үстелді қолданылады. Шикізатты елеу операциясы құрғақ жəне сулы болуы мүмкін, соңғыны ылғал жəне ұсақ материалдарды бөліп алу үшін қолданған тиімді. Ол əрқашан құрғақ елеуден тиімді болады, егер елеуіш астындағы өнімнің өлшемі 5 мм-дан төмен болса. Жұмыс істеу принципі бойынша елеуіштерді қозғалмайтын колосникті, барабанды жəне тербелмелі деп ажыратады. Оларды таңдау кезінде өңделетін шикізаттың қасиеттерін жəне елеу кезінде алынатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарын ескереді. Электрмагнитті сепарциялауға ірілігі 450 мм-ке дейін жоңқа мен қалдықтарды, шлактарды, елеуден қалған өнімді, шаңтəрізді қалдықтарды, ұсатылған кабельді, аккумулятор сынықтарын, штамптау қалдықтарын жəне т.б. ұшыратарды. Бұл операцияның мақсаты - металлы сынықтары мен қалдықтарынан ферромагнитті бөлшектерді жəне құрамында жоғары мөлшерде темір қоспалары бар бұйымдарды бөліп алу.
Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын өңдеу кезінде ең жиі қолданылатындары: ЭПР типтегі электрмагнитті асылған теміражыратқыштары, ШЭ типтегі электрмагнитті шкивтер, электрмагнитті сепараторлар. Асылған теміражыратқыштарды таспалы конвейерлердің үстіне орнатады. Электрмагнитті шкивтер материалды 20 шығару зонасында орналасқан жəне біруақытта сорттаушы конвейердің жетекші барабанының қызметін атқарады. Асылған сепараторды конвейер білігінің бойымен жəне көлденең орнатады. Құрамында темірі бар бұйымдар электромагнитпен таспаға тартылып, түсірілу үшін шетке шығарылады. Шикізаттағы магнитті фракцияның бөлінуі үздіксіз жүреді. Сепаратор таспасының жүктен босатылуы үздіксіз болуы мүмкін немесе оның бетінде магнитті материалдың жиналуына қарай босатылып отырады. Өлшемі 5 мм-ден жəне салмағы 0,08 кг-нан төмен ферромагнитті бөлшектер асылған сепараторлармен ажыратылмайды. Ірілігі 60 мм-ден төмен материалдардан ферромагнитті қосылыстарды ажыратып алу үшін үздіксіз жұмыс істейтін электрмагнитті сепараторларды пайдаланылады. Мұндай сепараторлар магнитті жүйенің сумен салқындатылуының арқасында 110 ºС температураға дейін қыздырылған шикізатты өңдеуге мүмкінді береді. Металлы сынықтары мен қалдықтарын бөлу. Бұл операцияның мақсаты - қара металдар мен метал емес материалдар бөлшектерін бөліп алу, əртүрлі металдар мен қорытпалардың механикалық байланысқан бөлшектерін ажырату, сонымен қатар шикізатты кейінгі өңдеу мен тасымалдауға ыңғайлы жасау үшін металл сынықтарының өшемдерін жəне салмағын кішірейту. Бөлу операцияларына кесу, ұсақтау жəне ұнтақтау, пакеттеу жəне брикеттеу, электрмоторларды, кабельді, аккумулятор батареяларын, радиаторларды, артиллерия гильзаларын жəне қайтармалы шикізаттың басқа түрлерін өңдеу операциялары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрамында никель бар қайтармалы жəне техногенді шикізатты өңдеу процестері
Құрамында мыс бар қайтармалы жəне техногенді шикізатты өңдеу процестері
Гальваникалық өндіріс қалдықтарынан асыл металдарды алу
Қалдықтарды қайтадан колдану
Қалдықсыз өндiрiстер
Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану
Экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау үшін, қалдықтар жүйесін жан-жақты зерделеп, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру
Табиғи битумдар негізіндегі көмірсутекті материалдардың экологиялық қауіпсіздігі
Қалдықтар. Қалдықтарды жіктеу
Қара металлургия ғаламдық нарықта
Пәндер