Биологиялық препараттар: өндіріс әдістері мен қолдану салалары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей қаласының Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Орындаған :Турарова Н. К

Тобы:ВС-403

Тексерген: Зейнетдинова Д. Б

2015 жыл

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Биопрепараттар

2. 2 Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиет тізімі

Кіріспе

Соңғы жылдары басқарумен өткізілетін биологиялық технологияларды пайдалану арқылы маңызды өнімдер алынуда. Бұл технологиялардың негізінде әртүрлі биологиялық агенттердің каталитикалық потенциалдары мен биологиялық жүйелер пайдалануда, атап айтқанда - микроорганизмдер, вирустар, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары мен ұлпалары, сонымен қатар жасушадан тыс орналасқан заттар мен жасушалық компоненттер. Қазіргі кезеңде көптеген дамыған елдердің ғалымдары жаңа биотехнологиялық әдістерді шығаруда және оларды нәтижелі игеруде, өнімдерін сапасын жақсартуда, жемісті еңбектенуде.

Ауыл шаруашылық биотехнологиясында, фармацевтикалық, тағам және химия өндірістерде, амин қышқылдарын, ақуыздарды, ферменттерді, медикаменттерді препараттарын синтездеуде көптеген тәжірибелік мәліметтер жинақталынды.

Қазақстан Республикасы биотехнологияның түрлі саласында жаңа техникалар мен технологияларды игерген, фундаментальды және қолданбалы зерттеулерді белсенді жүргізетін, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына кіреді. Ген инженериясының жаңа технологиялары дәстүрлі биотехнологиялық процестердің деңгейлерін жоғарлатуға және бұрын қол жеткізбейтін бағалы өнімдерді алуға жол ашады.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес биотехнологиялық өндірістері қалыптастыру, Қазақстандық биоөнімдерді әлемдік экономикалық кеңістікте бәсекелестіруге және экспортқа шығарудың негізгі жолы болып отыр.

Биотехнологиялық процестерді адамға қажетті бағыттардың бәрінде дамытудың көзделуінің негізгі себебі, мұндай өндірістер бір жағынан ықшамды болса, екінші жағынан үлкен масштабты, процестердің негізгілері заманға сәйкес , еңбектің өнімділігі жоғары болатындығы анық. Биотехнологиялық процестерді бақылауға, реттеуге және автоматтандыруға болады. Бұл процестердің химиялық процестермен салыстырғанда, жүргізу жағдайлары «жұмсақтау», қысымдық көрсеткіштері қалыпты, реакциялардың белсенділіктері жоғары температураларды қажет етпейді және бұл процестер сыртқы ортаны қалдықтарымен және қосымша өнімдерімен көп ластамайды. Ыдыстарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары жүргізіледі. Яғни тазарту арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады. Қолмен тазарту келесі ретпен жасалады:

Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау жүргізіледі. Медициналық аспаптарды, шприцтерді, инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен анықтайды.

Биологиялық препараттар, биопрепараттар - адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар.

Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т. б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.

Ал құрамында фосфор бактериялары бар - фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы - ферменттер. Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады. [1]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық препараттар: жіктелуі, өндіріс әдістері және оларға қойылатын талаптар
Биологиялық препараттар: жалпы сипаттама, алыну мен тазарту әдістері және жіктелуі
Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар: түрлері, өндірісі және қолдану әдістері
Биологиялық препараттар: түрлері мен жіктелуі; пробиотиктер, пребиотиктер және синбиотиктер
Аэрозольдер: сипаттамасы, жою әдістері және қолдану салалары
Идентификация: тұжырымдамасы, түрлері, әдістері және қолдану салалары
Стресстің психодиагностикасы: теориясы, әдістері және қолдану салалары
Комбинаторика: негізгі ұғымдар, есептеу әдістері және қолдану салалары
Өсімдіктер аурулары және қорғанысқа қолданылатын биологиялық және химиялық препараттар
Сандық картография және ГАЖ технологиялары: әдістері мен қолдану салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz