Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жүн– қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой жүні көп өндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 – 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүнбіркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 – 35 мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т .б. ешкі тұқымының жүні биязылау келеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады.
Мехтық шикізатқа тондық, мехтық қой терісі және елтірі жатады. Қой терісін үш топқа: тондық, мехтық және былғалырық деп бөлінеді. Тондық қой терісін қылшық жүнді қой малдарын сойған кезде алады. Қой терісінің жылулық қасиеті оның шел қабатының тығыздығы мен мықтылығына, мех ұзындығы мен қоюлығына, түбіт пен қылшық арақатынасына байланысты. Жеңілдігі шел қабатының жіңішкелігіне, жүн жіңішкелігіне, мехтың оптималды тығыздығы мен ұзындығына, шайырдың аз түзілуіне негізделген. Топтық жіңішкелігіне қой терісін үш түрге бөледі: романдық, орыс және далалық.. Романдық қой терісін романдық қой тұқымынан өндіреді; орыс қой терісін – құйрықты және елтіріні қой тұқымынан басқа барлық қылшық жүнді қой тұқымынан ал далалық қой терісін – құйрықты және елтірі қой тұқымдарынан алады. Мехтық қой терісін жүн жабынының сапаы бойынша: биязы, биязылау және ұяң деп бөлінеді. Тондық қой терісі шығарылған ауданына қарай орыс және далалық болады. Қой терісінің көлемі 18 дм-ден кем болмауы керек. Мехтық биязы жүнді қой терісі. Жүн жабыны негізгі аумақта қою, біркелкі, жіңішкелігі мен ұзындығы тең, штапель құрылымды. Жас мал терілері үшін штапельдің сыртқы бөлігінің ұштарына ластану рұқсат етіледі. Мехтық биязылау жүнді қой терісі. Жүн жабыны негізгі аумақта қою, біркелкі, штапель құрылымды, орташа немее ірі иректілігі бар. Қой терісінің шеткі және аяқ аймақтарына штапель – тұлымды құрылым рұқсат етіледі.
1. А.Қ. Бұлашев «Иммунология» Астана 1998 ж.49-53 б.
2.Б.Т. Толысбаев, К.Б.Бияшев «Микробиологияжәнеиммунология» Алматы 2008 ж
3. Л.Б.Борисов. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология. //Москва. – МИА. – 2005.
4. Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002 ж.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: 1. Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы. Ет және тері- ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. 2. Қи микрофлорасының сандық құрамы. Қидағы микробиологилық үдерістер. Қиды биотермиялық өңдеу.

Орындаған: Раймишова Г.Б. Тобы: ВС - 303 Тексерген: Омарбеков Е.О.

2015 ж.
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Жүн - қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой жүні көп өндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 - 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүнбіркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 - 35 мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т .б. ешкі тұқымының жүні биязылау келеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады.
Мехтық шикізатқа тондық, мехтық қой терісі және елтірі жатады. Қой терісін үш топқа: тондық, мехтық және былғалырық деп бөлінеді. Тондық қой терісін қылшық жүнді қой малдарын сойған кезде алады. Қой терісінің жылулық қасиеті оның шел қабатының тығыздығы мен мықтылығына, мех ұзындығы мен қоюлығына, түбіт пен қылшық арақатынасына байланысты. Жеңілдігі шел қабатының жіңішкелігіне, жүн жіңішкелігіне, мехтың оптималды тығыздығы мен ұзындығына, шайырдың аз түзілуіне негізделген. Топтық жіңішкелігіне қой терісін үш түрге бөледі: романдық, орыс және далалық.. Романдық қой терісін романдық қой тұқымынан өндіреді; орыс қой терісін - құйрықты және елтіріні қой тұқымынан басқа барлық қылшық жүнді қой тұқымынан ал далалық қой терісін - құйрықты және елтірі қой тұқымдарынан алады. Мехтық қой терісін жүн жабынының сапаы бойынша: биязы, биязылау және ұяң деп бөлінеді. Тондық қой терісі шығарылған ауданына қарай орыс және далалық болады. Қой терісінің көлемі 18 дм-ден кем болмауы керек. Мехтық биязы жүнді қой терісі. Жүн жабыны негізгі аумақта қою, біркелкі, жіңішкелігі мен ұзындығы тең, штапель құрылымды. Жас мал терілері үшін штапельдің сыртқы бөлігінің ұштарына ластану рұқсат етіледі. Мехтық биязылау жүнді қой терісі. Жүн жабыны негізгі аумақта қою, біркелкі, штапель құрылымды, орташа немее ірі иректілігі бар. Қой терісінің шеткі және аяқ аймақтарына штапель - тұлымды құрылым рұқсат етіледі. Терінің барлық аумағында өсіп кеткен қылшық талшықтары кездеседі. Мехтық ұяң жүнді қой терісі. Жүн жабыны әркелкі аралас, штапель - тұлымды құрылым. Қой терісінің шеттерінде будандастыру (метизация) белгілері байқалса ол тондық теріге жатқызылады. Будандастыру белгілері тері шеттерінде бар болса қой терісі жүні тұлымды құрылымды. Тондық - орыс қой терісі. Жүн жабыны әркелкі, көбінесе толқынды, тұлымды құрылымды. Өлі және құрғақ талшықтар кездеседі. Жүн ұзындығы 1,5 см - ден жоғары. Тондық - далалық қой терісі. Жүн жабыны тұлымды құрылымды, түбіт және қылшық талшықтарынан тұрады. Жүн ұзындығы 1,5 см-ден жоғары. Далалық қой терісін қылшық жүнді құйрықты қойлар мен ересек қаракөл қойларынан өндіреді. Қой терісін жүн жабынының ұзындығына байланысты:жүнді, жартылай жүнді және төмен жүнді деп жіктейді. Мехтық қой терісі жүнінің ұзындығы 0,5 см-ден төмен болса, голякқа жатқызады, яғни стандартқа сай емес тондық қой терілерінің жүн ұзындығы шерсти 1,5 см және одан төмен болса, былғары шикізатына жатқызылады. Былғарлық қой терісі - бұл талдық нехтық қой терісі, бірақ жүн жабыны жағдайында ірі кемшіліктер болады немесе жүн өте қысқа жүн өте қысқа 2,5 см - ден төмен қой терілері тондық немесе мехтық өнімдер өндіруге жарамсыз болып табылғандықтан, былғары зауыттарына былғары өнімдері үшін жіберіледі. Тондық және мехтық қой терілерін сорттау кезінде алдын ала оларды жүн жабынының биіктігіне байланысты топтарға бөлінеді
Қойдың жүнін жабағы, күзем жүні, қозы жүні, өлі жүн және шет-пұшпақ деп бес түрге бөліп айтады.Жабағы жүннен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терлік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді, сонымен қатар киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Жүн матаның сыртына шығып кетпес үшін және шайырынан арылтып тазарту үшін жабағы жүнді түтіп болған соң, қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейтіндіктен оны киімнің, көрпенің тысының арасына салуға келмейді. Сондықтан одан көбіне киіз басылады, текемет, қалпақ, кебенек тігіліп, киіз етік, пима сияқты аяқ киімдер жасалады. Оны алдымен шаң-тозаңнан, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабап алады. Ертеде әйелдер мен еркектер жүн сабауға ерекше көңіл-күймен кіріскен, бұл үрдіс ойын-сауықпен көңілді өтетін болған. Жүн сабалып болған соң тулақ шашу деген ырым бойынша ісмерлер жиналып, тамақ ішіп, ойын кешін өткізген.
Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт жүнді иіріп, шарф, шұлық, қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқыған. Түбітті ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі. Ешкінің қылшығы арқан-жіп есуге жұмсалады. Ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналған.

Тері бетіне түк, майжәне май бездерінің өзектері шығады.Сау мал терісінің қабатында микробтар түк ұясында және өзектерде болады. Шел қабық стерильді, оның бетіне микробьар мал терісін сыдырғанда және теріні өңдеу кезінде түседі.
Жас терінің микрофлорасы. Теріні сырып алғаннан кейін біраздан кейін теріде ФЕРменттік процестер (автолиз) басталады, бұл миеробтар дамуына қолайлы жағдай туғызады. Жас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қидағы микробиологилық үдерістер. Қиды биотермиялық өңдеу
Жүн және тері, шикізаттардың микрофлорасы.Ет және тері – ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау
Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы жайлы ақпарат
Терінің микрофлорасы
Жүн және тері, ішіктік заттардың микрофлорасы
Микроорганиздердің әсерінен тері және жүн өнімдерінің биозақымдануын зерттеу
Топырақ, су, ауа, жануар денесінің, нәжістің, азықтың, сүттің микрофлорасы
Былғары және мехтың сапасы мен оны басқару
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Жүннің құрылымы
Пәндер