Негізгі өндірістік қорлар



Қазіргі кезде өнеркәсіпке негізгі өндірістік қорларды экстенсивті пайдалану тән, бұл өнеркәсіптік кәсіпорындарда жаңару үдерістерін жеделдетудің кейінге қалдырылуын көрсетеді.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалануға ықпал ететін сыртқы және ішкі орта факторларының арасында негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсу қарқыны, негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру көздеріндегі амортизациялық жарналардың үлесі, өнімнің өзіндік құнындағы амортизацияның үлесі, активтер құрылымындағы материалды емес активтердің үлесі, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындардың үлесі сияқты көрсеткіштермен бейнеленетін инвестициялық-инновациялық факторлар тобы анықтаушы болып табылады.
Атап айтатын болсақ, кәсіпорындардағы амортизациялық аударымдардың үлесінің төмендігі негізгі өндірістік қорлардың тозуының жоғарылауына, өнімнің амортизация сыйымдылығының төмен үлесіне, негізгі өндірістік қорлардың шығу коэффициентінің аз болуына әкеледі.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, еліміз экономикасының өнеркәсіптік өндірісінде ұдайы өндірістің қарапайым типі қалыптасқан. Осыған орай өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі қорлардың үлес салмағының төмен болу, негізгі өндірістік қорлардың пассивті бөлігінің үлес салмағының басым болу, жаңа негізгі қорларды сатып алуға бағытталған инвестициялар үлесінің азаю, негізгі қорлардың тозуының өсу, шығу коэффициентінің жаңару коэффициентінен алшақтау деректері байқалып отыр.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жаңару үдерісі амортизацияның өзінің ұдайы өндірістік функциясын орындамауы себебінен қиыншылыққа ұшырап отыр. Амортизацияның әрекет етуші жүйесінің негізіне кәсіпорындардың өндірістік базасын дамытуға арналған бос ақша қаражаттарын құру емес, амортизацияланатын нысанның өзін біртіндеп ауыстыру, оны ұдайы өндіру идеясы қаланған.
Сондықтан негізгі өндірістік қорлар нысандарын әділетті құны бойынша есепке алу, амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдістерін пайдалану арқылы кәсіпорынның өндірістік әлеуетін инновациялық дамытуға бағытталған экономикалық тетікті әзірлеу қажет.
Кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатудың негізгі бағыттары ретінде инвестицияның үлесін негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігін, материалды емес активтерді, адам капиталын ұлғайтуға бағытталған негізгі өндірістік қорларды жаңарту тұжырымдамасын әзірлеу мен енгізуді; амортизациялық саясатты өзгерту есебінен өнімнің өзіндік құнының құрылымындағы амортизацияның үлесін жоғарылатуды; негізгі өндірістік қорларды экстенсивті пайдаланудан интенсивті пайдалануға көшуді жатқызуға болады. Мұның өзі қор қайтарымы, қормен қарулану және еңбек өнімділігі көрсеткіштері арасындағы арақатынасты жақсартуға мүмкіндік береді.
1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
2. Аникин А.В. Юность науки. М.: Политиздат, 1979
3. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
4. Интернет желісі.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Негізгі өндірістік қорлар
Қазіргі кезде өнеркәсіпке негізгі өндірістік қорларды экстенсивті пайдалану тән, бұл өнеркәсіптік кәсіпорындарда жаңару үдерістерін жеделдетудің кейінге қалдырылуын көрсетеді.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалануға ықпал ететін сыртқы және ішкі орта факторларының арасында негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсу қарқыны, негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру көздеріндегі амортизациялық жарналардың үлесі, өнімнің өзіндік құнындағы амортизацияның үлесі, активтер құрылымындағы материалды емес активтердің үлесі, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындардың үлесі сияқты көрсеткіштермен бейнеленетін инвестициялық-инновациялық факторлар тобы анықтаушы болып табылады.
Атап айтатын болсақ, кәсіпорындардағы амортизациялық аударымдардың үлесінің төмендігі негізгі өндірістік қорлардың тозуының жоғарылауына, өнімнің амортизация сыйымдылығының төмен үлесіне, негізгі өндірістік қорлардың шығу коэффициентінің аз болуына әкеледі.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, еліміз экономикасының өнеркәсіптік өндірісінде ұдайы өндірістің қарапайым типі қалыптасқан. Осыған орай өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі қорлардың үлес салмағының төмен болу, негізгі өндірістік қорлардың пассивті бөлігінің үлес салмағының басым болу, жаңа негізгі қорларды сатып алуға бағытталған инвестициялар үлесінің азаю, негізгі қорлардың тозуының өсу, шығу коэффициентінің жаңару коэффициентінен алшақтау деректері байқалып отыр.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жаңару үдерісі амортизацияның өзінің ұдайы өндірістік функциясын орындамауы себебінен қиыншылыққа ұшырап отыр. Амортизацияның әрекет етуші жүйесінің негізіне кәсіпорындардың өндірістік базасын дамытуға арналған бос ақша қаражаттарын құру емес, амортизацияланатын нысанның өзін біртіндеп ауыстыру, оны ұдайы өндіру идеясы қаланған.
Сондықтан негізгі өндірістік қорлар нысандарын әділетті құны бойынша есепке алу, амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдістерін пайдалану арқылы кәсіпорынның өндірістік әлеуетін инновациялық дамытуға бағытталған экономикалық тетікті әзірлеу қажет.
Кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатудың негізгі бағыттары ретінде инвестицияның үлесін негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігін, материалды емес активтерді, адам капиталын ұлғайтуға бағытталған негізгі өндірістік қорларды жаңарту тұжырымдамасын әзірлеу мен енгізуді; амортизациялық саясатты өзгерту есебінен өнімнің өзіндік құнының құрылымындағы амортизацияның үлесін жоғарылатуды; негізгі өндірістік қорларды экстенсивті пайдаланудан интенсивті пайдалануға көшуді жатқызуға болады. Мұның өзі қор қайтарымы, қормен қарулану және еңбек өнімділігі көрсеткіштері арасындағы арақатынасты жақсартуға мүмкіндік береді.
Негізгі өндірістік қорлар қазіргі кезде күрделі көп аспектілі сипатта және әрқилы мақсатты бағыты бар, бұл төмендегі кестеде бейнеленген.

Кесте Негізгі қорлардың түсініктерін анықтау бағыттары

Категориясы
Мазмұны
Еңбек құралдары
Қоғамдағы өндіргіш күштердің прогрессивтілігін анықтайды
Ұзақ кезеңде әрекет ететін машиналар, приборлар, жабдықтар, инструменттер және басқа технологиялық саймандар, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары түрінде еңбек үдерісін жүзеге асрыуға арналған
Негізгі қорлар
Елдің ұлттық байлығының негізгі элементі болып табылады
Экономиканың өндірістік және өндірістік емс сфераларындағы кәсіпорындарда пайдаланылатын еңбек құралдарының құндық нышаны
Негізгі өндірістік қорлар
Технологиялық укладтың материалдық-техникалық базасын және прогрессивтілігін анықтайды
Өндіріс үдерісінде көп мәрте қатысатын, өзінің құнын дайын өнімнің құнына амортизациялық жарналар арқылы бөліп көшіретін, өзінің заттай-натуралдық формасын өзгертпейтін (ғимраттар, құрылғылар, беріліс қондырғылары, машиналар мен жабдық және т.б.)
Негізгі құралдар
Негізгі өндірістік қорларды бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу үшін пайдаланылады
Кәсіпорын балансындағы айналымнан тыс активтердің бөлігі, олар бухгалтерлік есептілікте қалдық құны бойынша кәсіпорын балансының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндірістік қорлары
Кәсіпорынның өндірістік қоры
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы
Логистикадағы қорлар
Негізгі қорлар және оларды пайдалану
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы мәлімет
Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
КОРПОРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау және бағалау
Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні
Пәндер