«Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары)»


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы :«Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет
тілдің нұсқалары) »

Орындыған: Мұхаметжанова Г.

Топ: Қ - 319 с

Тексерген: Мұқанова Қ. Қ.


Семей 2015 жыл

Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет
тілдің нұсқалары) .

Диалект (гр. διάλεκτος - говор, сөйленіс) - 1. Белгілі бір аймақ, облыс тұрғындары қолданатын тіл ерекшеліктері бар халық тілінің бөлігі. Диалект халық тілінің құрамына кіре отырып, өзіне тән лексикалық, дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктерге ие болады. Ұлттардың қалыптасу кезенінде ұлт тілдерінің негізіне жатуы мүмкін. Адамдардың аз ғана тобы қолданатын, жеке тіл дәрежесінде дами алмайтын жаргондардан Диалектті айыра білу қажет. Әдеби тіл мен Диалекттің өзара қарым-қатынасы өте күрделі. Әдеби тіл Диалектке эсер ете отырып, өзі де олардың есебінен байып отырады.

2. Негізгі тілдік ерекшеліктері бірынғай говорлардың жиынтығы. «Диалект» термині «говор», «говорлар тобы» және «наречие» мағыналарында да қолданылады. Диалектология (гр. діалектос - сөйлеу, гр. логос - білім) - тіл білімінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу сипатын, ұлттық және әдеби тілге қарым-қатынасын зерттейтін саласы. аумақтық немесе әлеуметтк жағынан біріктірліген, шоғырланып орналасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас жасауының негізгі құралы болып табылатын тіл. Аумақтық диалект - аумақтық жағынан шектелген жіне әдеби тілмен қатар қолданылатын тіл; ол тек ауызша нысанда ғана болады; қатаң нормалары жоқ; стильдік тармақтары да сараланбаған. Әлеуметтік тіл әлеуметтік немесе кәсіби жағынан топтасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас құралы болып табылатын тіл.

Диалектологияның міндеті - жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді.

Жергілікті диалектілердің зерттеле бастауы 19 ғ. 2- жартысында Германия, Франция, Италия сияқты елдерде кеңінен дамыған. Диалектологияның жеке сала ретінде қалыптасуына орыс ғалымдарыда көп еңбек сіңірген. Зерттеу нысанының саралануына және сипатына қарай диалектология -сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның міндеті- тілдегі диалектілер мен сөйленістердің дыбыстық, грамматикалықжәне лексикалық құрылысын сипаттау, сол жайында жүйелі түсінік беру. Тарихи диалек. Міндеті- тілдегі диалектілер мен сөйленістердің диалектілік ерекшеліктердің пайда болу сырын, тарихын зерттеу.

Қазақ тіліндегі диалектілерді, сөйленістерді топтауда әр түрлі пікірлер болып келеді. С. Аманжолов оңтүстік, батыс, солтүстік-шығыс сияқты үш диалект бар деген қорытынды жасады. Ж. Досқараев болса қазақ тілінде екі үлкен сөйленістер тобы бар деп көрсетті. Қазір қазақ тілінде төрт түрлі сөйленістер тобы айқын көріне бастады. 1. оңтүстік, 2. батыс, 3. шығыс, және 4. орталық-солтүстік.

С. Аманжолов қазақ әдеби тілілінің негізі солтүстік-шығыс диалектісі болды деген пікір айтқаны белгілі. Ол бір еңбегінде: Әдеби тіліміздің жасалуы үшін оңтүстік, батыс диалектілері негіз болған жоқ, бұлардың байлығы соңғы кезде ғана халық шаруасының бірлесіп өркендеуі арқасында ғана көрініп отыр десе тағы бір еңбегінде Қазақтың үш жүзінен шыққан ақын-жазушылар біріне-бірі қайшы тілде, бірнеше бөлек диалектіде жазып, әр қайсысы өз беттерімен, өз білгендерімен шығармаларын таратуға тырысты дей келіп, Қазаргі қазақ әдеби тілге солтүстік-шығыс қазақтарының тілі негіз болды- деген пікір түйді. Бұл пікірді ғылыми тұрғыдан дәлелді пікір дей алмаймыз.

Тіл-тілде сөздік құрамның толығуы сөздік қордың ішкі мұмкіншіліктерімен қатар, бөтен тілдерден де сөз қосып байытады. Бүл әр ұлт тілдерінде ұдайы болып отыратын тілдік процестер. Соның бірі- казак тілі. Түркі тілдерінде де бұрыннан келе жатқан сөз алмасу құбылысы тілші зерттеушілер назарынан тыс қалган жоқ. Мәселен, казак тіліндегі кірме сөздер мен неологизмдер туралы көптеген талдау, пікірлер баршылық. Алайды, кірме сөздер мен неологизмдердін түп төркіні кебінесе орыс тілінен енген сөздер тобына көбірек талдаулар бар болса, орыс тілі арқылы шет тілдерінен енген сөздер мен тіркестерді тек атап кету ғана дағдыға айналған. Бұл лексикалық единица мен тұрақты тіркестерге де бірдей катысты еді. Қазақ тілі ұлт тәуелсіздігіне байланысты соңғы он жылдықта /1990 жылдан былай қарай мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғаннан бері тілдегі неологизмдер мен кірме сөздер тасқыны көбінесе шет тілдік сөздер мен сөз тіркестері орыс тілінің графикасынан егізделіп енседе, қазақ тілінде ешбір фонетикалык игерілусіз-ақ, тіпті кейде экзотикалык лексика ретінде ағылшын, француз, неміс тіліндегі графикалық нұсқалары сақтап жазылуда. Бұларға мысал ретінде экономикалық және мұнай өндірістеріндегі кірме сөздерді қосар едік. Калька туралы тілдік талдаулар да фразеологиялық тіркестер қоса айтылады. Өйткені тілдегі тұрақты тіркестер де сол ұлттың сөздік қүрамында қалыптасады, сақталады. Фразеологизмдерді кең мағынада түсіну аясында тілдегі барлық тұракты тіркес түрлері, мәселен, идиомдар, фразеологиялық бірліктер, фразеологиялык тізбектер мен коса, паремиологиялыққор, сондай-ақтерминдік тіркестер, бір сөзбен айтканда тұрақтылық және тұтастық формаларын сактайтын тіркестер тобын айтсак, онда бұлардын ішінде шеттілдік конструкциялар мен модельдер аркылы жасалған немесе калькаланған тұракты тіркестер тобы да қазақ фразеологиясында талдануға тұрарлық тілдік факторлар деп айту керек. Орыс тілі арқылы енген шеттілдік теракты тіркестер қазақ тілінде де ұшырасады. Бірак қандай шет тілінің мысал үлгілері деген сауалдарға бас қатырып жатпағандықтан, кездесіп қалатын тұрақты тіркес формаларын көбінесе, бұрыннан калыптасып қалған дәстүр бойынша, орыс тілі арқылы қабылданған тұрақты тіркестердеп бөле-жарып айтпайтынымыз бар. Қазіргі тілдік даму тұрғысынан қазақ тіліне еніп жатқан кірме сөздер мен неологизмдерді және тұрақты тіркес, яғни фразеологизмдерді «атын атап, түрін түстеп» түгендеп отырсақ, қазақ тілінің сөздік құрамына қаншалықты шет тілдік элементтердің катысы барлығын бағамдауға болатыны белгілі. Орыс тіліне де әртүрлі ұлт тілдерінен еніп жататын фразеологиялық тұлғалардың единицалардың тілдік сипаттары мен статистикалық ерекшеліктері туралы зерттеулер баршылық. Мысал үлгілері сол зерттеулер аркылы басқа тілдерге де танылып жатады. Мысалы, қазақ тіліндегі шара қолдану; принять меры орысшаға арғы тілдік дерек бойынша француз тіліндегі rendrelesmesures деген тіркес түрінде сөзбе сөз; аудару, калька аркылы енсе, қырғи-қабақ соғыс- холодная война ағылшын тілінен goldwar деген тіркестен орыс тіліне сөзбе сөз аударылған. Ал казак тілінде семантикалык сөзжасам үлгісі бойынша жасалған . Сол сияқты қайталау- білім анасы; повторение - мать учения латын тіліндегі repelitio est mater studiorum деген тіркестерден аударылған. Бұл арада қазақ тіліндегі орыс тілі арқылы енген барлық шет тілдік тұрақты тіркес тобын санамалаудан аулақпыз. Шағын мақала - тезис көлемінде мүмкіндікке қарай, осындай тілдік ауысулар түрі болатынын, олардың қандай тілдерден екендігін және қазіргі колданыс өрісі туралы пікір білдіру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің аумақтық өзгешеліктері
Тілдің аумақтық өзгешеліктері туралы ақпарат
Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары) туралы
Тіл және қоғам жайлы
Кәсіби сөздердің әдеби тілге қатысы жайында
Ағылшын тіліндегі диалект сөздердің жіктелуі
Әлемдік тілдер жайлы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы ақпарат
Әлемдік тілдер туралы ақпарат
Ағылшын тілінің қалыптасу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz