Интернет қосымшаларын құру технологиялары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Автоматтандыру және электротехника кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Интернет қосымшаларын құру технологиялары
Орындаған:Қайырбек А. С
Тобы: ВТ-211
Қабылдаған:Шайханова А. К
СЕМЕЙ 2015
Жоспар:
- Интернет қосымшалары
- Интернет қосымшаларын құру технологиялары
- Пайдаланған әдебиеттер
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-құжаттарының бір ортақ қасиеті - олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-құжаттарды жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML - гипермәтіндік белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.
Интернеттің қазіргі дамуы 90 - жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (HyperText Transfer Protocol - гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде - HTML (HyperText Markup Language - гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *. HTM немесе *. HTML болуы тиіс.
HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол - мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтін экранда белгіленіп ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Интернет жүйесіндегі басқа компьютерде орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Гипермәтінді экранға шығарып бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер арнайы командалармен - тәгтермен толықтырылған мәтіндік құжатты қабылдап алып, оның тақырыптарын экранға үлкен әріптермен, ал жай мәтіндерін кішірек таңбалармен жазады, оның ішіндегі суреттерді де адрестеріне сәйкес басқа немесе осы компьютерден оқып экранда көрсетеді. Ең кең тараған броузерлерге Windows операциялық жүйесімен бірге қойылатын Internet Eхplorer және жеке қолданылатын Netscape Navigator программасы жатады. Осы екеуі (олардың бұрынғы нұсқаларын қоса есептегенде) бүгінгі қолданылып жүрген броузерлердің 90 %-ын құрайды.
Сонымен, web-құжат дегеніміз тэгтермен толықтырылған мәтіндік файл болып табылады, оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра отырып белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар. Web-құжаттың алғашқы нұсқасын Блокнот сияқты редакторлардың бірінде дайындап алып, броузер арқылы экранда көреміз. Егер оны түзету керек болса, броузер арқылы мәтін нұсқасын экранға шығарып түрлендіру қажет. Web-құжаттарды жасап, оны көрнекті түрге келтіріп безендіретін мамандарды web-шебер немесе web-дизайнерлер деп атайды. Шағын көлемді web-құжатты HTML тілінің негізін білетін кез келген студент жасай алады.
Негізінде гипермәтіндік web-құжаттар жасаудың екі тәсілі бар, олар: HTML тілін пайдалану және арнаулы HTML-редакторларды қолдану. Соңғы тәсіл «экранда не көрсең, соны аласың» деген WYSIWYG принципімен диалог режимінде істейтін Netscape Editor, Hot Dog, Front Page сияқты программалар арқылы гипермәтін жасауды жүзеге асырады, олар құжаттың ішкі құрылымына араласпай, тек меню командалары немесе батырмалар арқылы керекті құжат бейнесін қалыптастырады. Дегенмен, HTML тілі ең қысқа, әрі жылдам істейтін тәсіл болып есептеледі, редакторлар арқылы жасалған Web-парақтың ең соңғы нұсқасына өзгертулер енгізу де HTML тілі арқылы орындалады.
4. 0. Internet Explorer және Netscape Navigator пайда болғанша сценарийлер беттердің сыртқы беттерімен мазмұнын write. document әдісі арқылы, беттердің жүктеу кезінде өзгерте алатын. Кез-келген сценарийлер, жаңа беттің жүктелуіне сұраныс жасау, ескерту терезесін шығару немесе формалар жолының мәнін өзгерту сияқты командаларын, бет жүктеліп болған кезде ғана браузерге жібере алады, ал HTML кодын сценарийлер өзгерте алмайды. Егер қолданушының іс-әрекетіне жауап ретінде өзгерте алмайды. Егер қолданушының іс- әрекетіне жауап ретінде өзгерте алмасақ онда қалай Web беттерін интерактивті етіп жасай аламыз? 4. 0 версияның Internet Explorer-де және Netscape-те өңделген динамикалық HTML бұл шектеулерді жояды
Динамикалық HTML сценарийін қолдану арқылы HTML блоктарын қоюға болады, шыққан беттердің объектілерінің қасиетін өзгертуге немесе өшіруге болады. Браузер автоматты түрде жаңа қасиеттер мен жаңа HTML кодын көрсете алады. Динамикалық HTML екі принцип негізінде құрылады. - Құжаттың объектілі моделі (DOM) - ол браузерде объектілердің аттарын және ұйымдастыру тәсілін сипаттайды және де қандай объектілер мен қасиеттерді өзгертуге болады, олар мәндерді қолдана алатынын анықтайды.
Оқиғалы модель - сценарийдің орындалу кезінде қандай іс-әрекет жіберетіні яғни сценарийлер арқылы басқарып жіберу тәсілін анықтайды. Macromedia Flash. World Wide Web (Дүниежүзілік торы) бүгінгі күні қарқынды дамуда. Әдеттегі статикалық ақпаратты Web-сайтары (Web-sites) бұрынғыдай соңғы қолдаушылардың қызығушылығын өзіне тарта алмайтын болды. Сондықтан график және GIF форматындағы анимациялық файлдарды еңгізу арқылы Web дизайнерлері мен өңдеушілер өз Web парақтарына керемет көрініс беруге тырысады. GIF, JPEG және PNG дәстүрлі форматтарда сақталған графиктер сайттарға жақсы көрініс пен эффектілер бергенімен жүктелу кезінде ондай беттердің өлшеміне байланысты графикалық файлдар көп уақыт алады. Ондай жағдайда анимация құрудың тиімді құралы ретінде, программалық өнім - Macromedia Flash болып табылады. Яғни ол Web өңдеу кезіндегі алғ Web дизайнерлері мен өңдеушілер өз Web парақтарына қойылған мақсаттарға жетуге көмек береді.
Басқа графикалық қосымшалармен салыстырғанда Flash Web және файлдан шығаратын қорытындыларды баспаға шығаруға арналған көптеген артықшылықтары бар. Мысалы: Өзіндік математикалық формулаларымен анықталатын, формалар өлшемін, түсін және орналасуын сипаттайтын векторлық графиктерде қолданылады. Векторлық графиктер түзулерден және қисықтардан тұрады. Демек ол расторлық, сондықтан графика үлкен емес растор нүктелері мен пиксельдерден тұрады. Математикалық формулаларды қолдаудың негізгі артықшылығы Web үшін ең қажеттісі файлдарды аз өлшемде сақтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz