Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру процесі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру процесі
Тексерген: Адильжанова К. С
Орындаған: Садвакасова. А. С
Семей 2015ж
Білімді меңгеру - белгілі уақыт аралығын талап ететін үрдіс. Білімді меңгеру арқылы адам ой және дене еңбегінің мазмұнын жан-жақты, әрі терең ұғынады. Білімді меңгеруге ұмтылдыратын түрткілер (мотивтер) адамның жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп дамып отырады. Жасы өскен сайын мотивтерінің түрлері мен мазмұны да дамиды. Білімді меңгеру адамның танымдық әрекеттерін ұйымдастыруға да тәуелді
Білім, дағды және іскерлік беріктігі - практикада еркін қолдануда, оқушылардың жадында тұрақты бекітуді, оқу материалын игерудегі тыңғылықты білдіретін дидактиканың ұстанымы. Мұндай игеру жаңа білімдерді табысты меңгеруге мүмкіндік бередіМектептің дамуы, оның жұмысының жекелеген жақтарындағы жетістіктер тек инновациялық процесс ретінде жүзеге асырылады, яғни ескірген және тиімді емес құралдарды сол жағдайда жаңа және тиімдіректерімен ауыстырып, жаңа идеяларды, технологияларды қолдану.
Осыған орай, «технология», «білім беру технологиясы» ұғымдарын қарастыру қажет.
Шет тілі сөздігінде технологияға мынадай анықтама берілді. Грек тілінен аударғанда Techne - шеберлік, іскерлік және - логия - объектінің жиынтығы. Бұл термин түсіндірме сөздікте қандай да бір істе, шеберлікте қолданылатын тәсілдердің жиынтығы деп анықталынады.
Т. И. Шамованың пікірінше, білім беру технологиясы - қатыстырушыларға комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағалаудағы және корреляциялаудағы мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі.
Білім беру технологиясына кіретіндер:
- Мақсаттық бағытталғандық;
- Сүйенетін ғылыми идеялары;
- Мұғалімдер мен оқушылардың істерінің жүйесі;
- Нәтижені бағалаудың өлшемдері;
- Нәтижесі;
- Қолданудағы шектеуліктер.
Білім беру технологиясы мен оқыту әдістемесінің арақатынасы қандай деген сұраққа Г. К. Селевко технологияда процессуалдық, сандық және есептегіш компонент берілсе, әдістемеде мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативтілік - бағдарлаушылық көбірек берілген деп жауап береді. Технология өзінің қайталанғыштығымен, нәтижесінің көптеген «егер» (егер талантты мұғалім, егер қабілетті оқушылар т. б. ) дегендердің болмауымен айрықшыланады. Кейбір жағдайларда екеуі араласып, бірде әдістеме технология құрамына кірсе, енді берде технологиялар оның әдістемесінің құрамына кіреді.
Технология - бұл белгілі бір шығармашылықта қолданылатын тәсілдер жиынтығы. Педагогикалық технология оқытудағы құру, қолдану, анықтау сияқты процестердің жүйелі моделі. Педагогикалық технология түсінігі 3 аспектімен белгіленеді:
- Ғылыми педагогикалық технология - педагогика ғылымдарының бір бөлігі. Көзделген мақсатқа жету жолындағы мазмұны оқыту әдәсі мен проекторлық педагогикалық процесі.
- Бейнелеу процесі - мазмұны мен көзделген мақсатқа жету және оның нәтижесін оқыту.
- Әрекет процесі - технологиялық процестердің әрекеті инструментальдық және метадологиялық педагогикалық орта әрекеті.
Педагогикалық технологияның ғылыми сатылық 3 деңгейі бар:
1. Бүкіл педагогикалық деңгей. Бұған ортақ педагогикалық технология жатады. Педагогикалық технология бір мағыналық педагогикалық жүйеде оған мақсат жиынтығы, амал мен тәсілді оқыту, объект және субъект процестері жатады.
2. Модульдық деңгей. Оқу тәрбие процесі дидактикалық және тәрбиелік тапсырманың жеке шешімі. ол функциональдық элементпен олардың арсындағы логикалық қарым-қатынасты зерттейді.
3. Жүйелік педагогикалық технология - барлық жағынан төмендегі системаларды игеру керек. Басқармалық, диаграмалық жоспарлау, оқу процесін жасау, коррекциялық жұмыстар
Қоғамда болып жатқан елеулі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру саласына да өз ықпалын тигізуде. Сондықтан қазіргі кезеңде білім беру шартында өмір талабына сай мектеп оқушыларына сапалы білім беру, өнегелі де өнерлі ұрпақ тәрбиелеу, жетілдірілген оқыту технологияларын меңгеру, сабақты ғылыми негізде ұйымдастыру - өзекті мәселелердің бірі. Көтеріліп отырған өзекті мәселені қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарды күшейту, талдау жасай отырып оларды орынды пайдалана білу арқылы жүзеге асыру. Ол үшін мектептерде оқушыларды нақты біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыратын мақсатты, нәтижелі оқу жүйесі құрылуы керек. Кез келген мектеп оқушылары меңгеруге тиісті білім мен іскерлік шеңбері анық та дұрыс сызылып алынғаны жөн, ал негізгі алынатын білім анықталғаннан кейін, күтілетін нәтижелер сабақтың жүргізілу шеберлігі мен мұғалімге байланысты. Себебі сабақ - оқыту жүйесінің негізгі құрам бөлігі, мұғалім мен оқушылардың білімі және іскерлігі белгілі бір деңгейде тек сабақта ғана байқалады. Сабақта алынатын барлық бақылау мен өздік жұмыстарда білімі орташа оқушыларға қиыны, мықтыларға қызығушылығын жоғалтып алмайтындай түрлі деңгейдегі тапсырмалардың берілуін ойластыру ұсынылады. Ал қосымша сабақтарда оқушылардың өздерін қызықтыратын немесе жоғары оқу орындарына түсуге ниеттеніп дайындалатын пәндер бойынша шығармашылық күшті талап ететін күрделі, жүйелі тапсырмалар түрі берілуі керек. Оқушының дайындық сапасы оқу пәндеріне, яғни оның мазмұны мен әдістемелік шеберлігіне, сабақта білім алуға жасалынған жағдайларға, яғни қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарға тығыз байланысты. Тұлғаны қалыптастырып дамыту және сапалы білім беру мақсатында төмендегідей талаптар ұсынылады:
1) Сабақта бағдарлама-әдістемелік талаптардың нақты және шығарма-шылықпен орындалуы; сауатты түрде сабақ түрлерін анықтау, оның бөлімдегі, курсаралық байланыстағы орны, әр сабақтың өткізілу ерекшеліктері.
2) Әр түрлі жастағы оқушы-лардың, сыныптың оқу мүмкіндіктерін, олардың тәрбиелері мен сынып ұжымына қалыптасу деңгейлерін, қызығушы-лықтарын, бейімділіктерін, қажеттіліктері мен сұраныстарын, білімдегі кемшілік-тертерді жоюға талпыныстарын ескеру.
3) Білім бірлігіндегі міндеттерді шешу және ойластыру (өз бетімен білім алуға дайындығын, арнайы жалпыоқулық іскерлік пен дағдыны, танымдық әрекеттерін) қалыптастыру; тәрбиені (әлемдік көзқарас, белсенді өмірлік позиция, дұрыс тәртіп пен қарым-қатынас тәжірибесін, осы бағалы қасиеттерді тұрақты жеке қасиеттерге айналдыруды, өзін-өзі тәрбиелеу мен психологиялық дамытуды) қалыптастыру; оқушының түсінігін, қабылдауын, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін, ақыл-ойын, тілін дамыту, сабақтың маңызды және үстем міндеттерін көрсету, оларды ұжымның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып нақтылау.
4) Сабақтың жүргізілу қарқыны мен тиімді құрылымына қарай таңдау, алдыға қойылған міндеттердің тиімді шешілуі және сабақта уақытты тиімді пайдалану.
5) Маңызды ғылыми түсініктерді, теориялық ережелерді, заңдылықтарды, оқу материалдарындағы басшы тәрбиелік идеяларды, оқу мазмұнындағы негізгі өміршең бөліктерді бөліп алуға оқушы-лардың ықыласын, назарын аудару.
6) Оқу процесінде тәжірибелік, саясаттық, мамандық таңдау бағыттарының қамтамасыз етілуі; оқушылардың алған білімдерін, іскерлік пен дағдыларын пайда-лануға нақтылы мүмкіндіктерді жасау, теориялық мәліметтерді жасанды меңге-руге жол бермеу.
7) Белсенді, қарқынды оқыту әдістерінің есебінде басым әдістерді таңдау қуатын кеңейту, сабақта көрнекілік пен практикалық, репродуктивті және проблемалық іздене отырып оқыту әдістерін, оқушылардың өздік жұмыс-тарын, танымдық қызығушылықтарын арттыратын әдістерді, білімге, оқуға саналы қарым-қатынастарын, міндет сезімдерін, жауапкершілік пен тәртіпті және басқа да оқыту себептерін зор үйлесімділікпен пайдалану; оқыту әдістерін, олардың ішінде қазіргі жағдайда оқушыларға оқу жаңалықтарының мазмұ-нын толық және терең жеткізуге қабілетті әдістердің қуатын кеңейту, көп жағдайда оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру.
8) Сабақта жалпысыныптық жұмыс түрлерін топтық және жеке жұмыс түрлерімен үйлестіру, оқу жұмыстарын ұйымдастыруға ұжымдық қызметтей талпыну.
9) Диагностикалау негізінде нақты оқыту мүмкіндіктерін, оқушыларға дифференциялды көмек мөлшерін пайдалануды түрлі деңгейдегі дайындықпен жүзеге асыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz