Қазақ және орыс тілдеріндегі флексия. Аффиксоидтер және интерфикстер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Тақырыбы: Қазақ және орыс тілдеріндегі флексия.

Аффиксоидтер және интерфикстер

Тексерген: Ахметова Г. С.

Орындаған: Құлахмет С. Ж.

Топ: Қ-217

Семей, 2015 ж.

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗ ҚҰРАМЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Қазақ және орыс тілдеріндегі флексия.

2. Аффиксоидтер және интерфикстер

Қай тілді алсақ та оның өзінің сөздік құрамы, ерекше фонетикалық жүйесі және грамматикалық құрылысы болады.

Қазақ және орыс тілдерін генеологиялық жақтан алғанда, әртүрлі тілдік топтарға жатады: қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, орыс тілі индоеуропа тілдерінің шығыс-славян тілдерінің тобына жататыны белгілі.

Қазіргі уақытта қазақ тіл білімінде сөзжасам саласының ғылыми айналысқа енуіне байланысты көптеген морфология саласының терминдері сөзжасамда қолданылып жүр. Мәселен, түбір, туынды түбір, түбір морфема, туынды морфема, жалаң және күрделі сөздер т. б. бірінің орнына бірі ешбір талғаусыз қолдануда.

Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелерін жан-жақты зерттеген ғалым Т. Т. Пірімбетовтің айтуынша, дайын лексикалық тұлға, яғни туынды сөз деп отырған термин қазіргі қазақ тіл білімінде ғылыми айналыста жүргенімен, ол тұрақты бір мағынада қалыптасты деуге келмейді. Себебі оны кейде туынды түбір деген мағынада да қолданушылық кездеседі. Бұл мәселе ол екі терминнің мағынасына дұрыс көңіл бөлмеуден, үлкен айырма барына баса назар аудармаудан болып отыр. Зерделей келгенде, туынды сөз деген терминнің мағынасы туынды түбір деген терминнен әлдеқайда кең. Туынды түбірлер - незінен туынды сөздердің бір түрі ғана болып табылады. Туынды түбірлер морфологиия саласы терминіне жатады да, тек жұрнақ арқылы, яғни синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер деген мағынаны білдіреді. Туынды сөз деген терминге келсек, оның табиғатына туынды түбірлер оның бір тобы ретінде кіретіні сөзсіз, бірақ туынды сөздерге жұрнақ арқылы жасалған туынды түбірлерден басқа, олардан өзге тәсілдер арқылы (семантикалық, аналитикалық) жасалған түрлі-түрлі туынды сөздердің барлық жиынтығы да жатады.

Туынды сөздер барлық тілдерде кездеседі. Олар күнделікті тұрмыста, жалпы өмірдің қай саласы болмасын пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажетігін өтеу үшін қалыптасқан сөзжасам заңдылықтары арқылы жасалған сөздер не сөздер тобы десек те болады.

Туынды сөз деген морфемаларға бөлшектенетін туынды негіздерді түсінеміз. Туынды сөздің құрамында негіз морфема және қосымша морфема болуы шарт. Мысалы: жазушы, жазушылық, егіншілік, өзенше, құрылысшы, кітапша, әдемілеу, ұзындау т. б.

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де сөздің тұлға-тұрпаты (құрылымы) оның лексикалық және грамматикалық сипаттарымен байланысты. Осы себептен сөздер құрамы жағынан әртүрлі болып келеді. Сол әртүрлілік сөздердің құрамдарының әртүрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Осындай сөздің лексикалық, грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектер морфемалар деп аталады. Морфемалар түбір морфема, яғни сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі, қосымша морфемалар, яғни түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін морфемалар деп бөлінеді.

Сондықтан сөздің құрамын анықтау мақсатымен, әр қилы грамматикалық (морфологиялық) талдау жасағанда, практикалық жағынан жеңіл болуы үшін, түбір сөзді тек қана түбір деп, туынды сөздің түбірін (сөзжасамда) негіз деп атаған қолайлы. Мысалы, құрылысшыларды деген сөздің негізі - құр (құру мағынасында), ал құрыл - құрылыс - құрылысшы - құрылысшылар - құрылысшыларды дегендердің бәрі синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер болып табылады. Сөйтіп, туынды сөздер деп сөзжасамдық қосымшалар арқылы негізден өрбіген сөздерді айтамыз (бұл әрине синтетикалық тәсіл бойынша) . Туынды сөздер сөзжасамның басқа да тәсілдері арқылы жасала береді дейді зерттеуші Т. Т. Пірімбетов.

Туынды сөздер табиғатында, негізінен, жұрнақтар ерекше орын алғанымен (қазақ тілі жалғамалы тілге жататындықтан), жұрнақтар барлық сөзге бірдей жалғана бермейтінін ескеру қажет. Кейбір жұрнақтар бір сөзге ғана емес, белгілі бір топ сөздің қайсысына болса да талғамай жалғана берсе, кейбір жұрнақтар бірді-екілі сөздерге ғана жалғанумен шектеледі де, көнеленіп қалуына байланысты басқа сөздерге мүлдем жалғанбайтын тұстары да бар.

Қазақ тілінде түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Ал орыс тілінде сөз түбірі көбінесе дербес мағына білдіре алмайды.

Қазақ тілі агглюнитативті тілдер тобына жататындықтан, бірнеше қосымша бірінен соң бірі жалғана береді. Ал орыс тілі флективті тілдер тобына жатады. Флективті тіл дегеніміз сөз тұлғаларының жалғау арқылы өзгеруі.

Осыған байланысты екі тілдің грамматикалық құрылымында көптеген айырмашылықтар бар.

Аффиксация құбылысы екі тілде де бар. Аффикстер немесе аффикстік морфемалар екі үлкен топқа бөлінеді: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ (суффикс) сөз тудырады, ал жалғау (окончание) сөз түрлендіреді.

Бірақ қазақ және орыс тілдерінде олардың айтарлықтай айырмашылықтары бар. Бұл, ең алдымен, аффикстердің жалғану тәсіліне және ретіне байланысты. Мәселен, орыс тілінде жұрнақ түбірге кіріге жалғанады және оң жағынан жалғанады. Түбірдің сол жағынан сөз алды қосымшасы (приставка) қосылады. Осының салдарынан түбірдің дыбыстық құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды (выпадение, чередование звуков) .

Орыс тілінде бір түбірге бір ғана жұрнақ қосылатыны содан (бір түбірге екі немесе үш жұрнақтың қосылуы сирек кездеседі) . Жалпы, орыс тілінде қосымшалық көп мағыналы болуы да осыдан шығады. Ал қазақ тілінде қосымша түбірге орыс тіліндегідей кірікпейді, тіркесе жалғанады және тек оң жағынан ғана жалғанады. Тіркесе жалғанғандықтан, бір түбірге бірнеше жұрнақ және бірнеше жалғау бірінің үстіне бірі қабаттасып жалғана береді.

Әрбір жеке тілде олардың грамматикалық құрылысының ерекшеліктеріне қарай жұрнақ үш түрге жіктеледі. Олар: префикс немесе приставка, инфикс немесе интерфикс, суффикс (постфикс) .

Орыс тілінде сөз тудырушы, форма тудырушы қосымша морфемалардың бірі ретінде сөз алды қосымша (префикстер) аталады. Префикс дегеніміз түбірдің алдында түратын сөзтудырушы, форматудырушы морфема. Мысалы: вы-ход; делать - с-делать т. б. Орыс тілінде сөз алды қосымшалар (префикстер) кейде сөздің грамматикалық, лексикалық мағынасын да өзгертеді. Мысалы: на-писал, пере-писал т. б.

Ал қазақ тілінде сөз алды қосымшасы жоқ, тек кірме сөздерде -на, -би, -бей- сияқты сөз алды қосымшалары кездеседі және олар тек болымсыздық мағынаны білдіреді: беймаза, бейшара, бейтарап, нахақ, наразы т. б. Бірақ префикс қызметін атқармайды. Иран тілдерінен енген сөздердің құрамында бөлшектенбейтін біртұтас тұлға ретінде қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және орыс тілдеріндегі флексия, аффиксоидтер және интерфикстер туралы ақпарат
Қазақ және орыс тілдеріндегі флексия
Грамматика әдістері
Тіл білімі және оның зерттеу нысаны
Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің негіздері
А.Ысқақовтың жалпылингвистикалық тұжырымдамалары
СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Еліктеу сөздердің фоносемантикалық сипаты
Ағылшын және қазақ тіліндегі сын есімнің қолданылуы
Зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz