ҚР – ның мәдениет саласының ағымдағы жағдайы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР :

  1. ҚР - ның мәдениет саласының ағымдағы жағдайы
  2. Республиканың мәдениет саласындағы басқару жүйесін жетілдіру
  1. ҚР - ның мәдениет саласының ағымдағы жағдайы

Мәдениет саласының тарихи қалыптасқан және тәуелсіздік жылдары қарқынды дамыған инфрақұрылымы қазақстандық мәдениеттің одан әрі дамуы үшін негізгі тұғырнама қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2015 жылғы 1 қаңтарға елімізде 62 театр, 4 185 кітапхана, 45 концерттік ұйым, 3 164 клуб үлгісіндегі мекеме, кино қою мен кинофильм шығаруды жүзеге асыратын 125 ұйым, 224 мұражай, 112 ойын-сауық және демалыс саябағы, 5 хайуанаттар бағы және 5 цирк жұмыс істейді. Олардың ішінде 40 кітапхана, 198 клуб, 9 театр, 11 концерттік ұйым, кинопрокаттауды жүзеге асыратын 81 ұйым, 47 ойын-сауық және демалыс саябағы мен 1 мұражай жеке меншікте.

Инфрақұрылымның даму серпіні тұрақты оң сипатқа ие. Мәселен, соңғы 10 жыл ішінде мұражайлардың, клуб үлгісіндегі мекемелердің және кино қоюды іске асыратын ұйымдардың саны 50%-дан аса артты; театрлар саны 30%-ға дерлік өсті, кітапханалар саны 20%-ға дерлік көбейді. Саланы жүйелі мемлекеттік қолдау да тұрақты қаржыландырумен айқындалады.

Елімізде өзінің сәулеті бойынша бірегей "Қазақстан" орталық концерт залы, Орталық Азиядағы ең ауқымды "Астана Опера" опера және балет театры, елімізде мәдени мұраның маңызды құндылықтары жинақталатын аса ірі орын болуға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ашылды.

Сала инфрақұрылымы жылына орта есеппен 90, 5 миллионнан астам адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік зерттеулердің деректері бойынша, халықтың көрсетілетін мәдениет қызметтеріне қанағаттану деңгейі 66-67 % құрайды. Мемлекеттік және жеке меншік сектор үлесінің арақатынасы тиісінше 94, 9%-ды және 5, 1%-ды құрайды.

Қазіргі бағыттардың, жанрлар мен стильдердің барлығы дерлік өз даму бастауын классикалық, халықтық және бұқаралық мәдениеттен алды. Қазақстандық музыка, бейнелеу, кино және театр өнері әртүрлі халықаралық өнер фестивальдарында, көрмелерде, форумдарда, биеннале мен конкурстарда лайықты ұсынылды. Қазақстандық үздік өнер шеберлерінің әлем өнерінің ең беделді алаңдарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар.

Еліміздің театр алаңдарында жыл сайын 10 мыңнан астам спектакль қойылады, олардың 300-і - отандық және шетелдік хореографтардың, балетмейстерлердің, режиссерлердің жаңа қойылымдары, "Тәуелсіздік толғауы" шығармашылық конкурстарының шығармалары.

Отандық киноиндустриясы белсенді дамуда. "Қазақфильм" АҚ киностудиясында түрлі жанрлар мен форматтардағы фильмдерді түсіруге мүмкіндік беретін киноөндірісінің қазіргі заманғы толық технологиялық тізбегі қамтамасыз етілген. Кинобазаның өндірістік қуаты жыл сайын 100-ден аса фильмді құрайды. Қазақстандық картиналар халықаралық кинокөрсетілімдер мен фестивальдарға қатысуда. Бірқатар жүлдегер-картиналар шетелдік прокатқа шықты: "Жаужүрек мың бала" фильмі Сингапурдың ауқымды прокатында пайда болды (картина ағылшынша және қытайша субтитрлармен қазақ тілінде көрсетілді) ; Д. Өмірбаевтың "Студент" фильмі Францияда прокатқа; "Шуақты күндер" фильмі (реж. Н. Төребаев) - Германияда прокатқа шығуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың негізгі зияткерлік ресурсы болуға бағытталған ҚазҰЭК - Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының қорын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Электрондық каталогтың көлемі 18 000 библиографиялық жазбаны құрайды. Қашықтықтан пайдаланушылардың сұратуы бойынша кітаптардың е-көшірмелерін жасауға жыл сайын орта есеппен 1 500 тапсырыс қабылданып, өңделеді.

Шетелде қазақстандық мәдениетті танымал ету шеңберінде соңғы бірнеше жыл бойы Мәдениет күндері форматындағы іс-шаралармен ТМД-ның барлық дерлік елдері, Еуропа мен Азияның, Таяу Шығыстың жетекші елдері қамтылып келеді.

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында іс-шаралар кешені жүзеге асырылып, нәтижесінде тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштері ашылды, маңызды тарихи-мәдени объектілер консервацияланды, реставрацияланды және реконструкцияланды, елдің мәдени мұрасын зерделеудің тұтас жүйесі үшін база құрылды.

Тарих пен мәдениеттің отандық ескерткіштерін ауқымды түгендеу жүргізілді, республикалық (218 ескерткіш) және жергілікті (11 277) маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдері бекітілді.

"Қазақтың дәстүрлі мың күйі", "Қазақтың дәстүрлі мың әні" және "Батырлар жыры" бірегей жобаларының шеңберінде халық шығармашылығының ең үздік үлгілері жүйелендірілді.

Қазақстан халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша мәдениет саласындағы негізгі конвенцияларды: 1972 жылғы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияны, 2003 жылғы Материалдық емес мәдени мұраны (МеММ) қорғау туралы конвенцияны, 1954 жылғы Қарулы қақтығыстар болған жағдайда мәдени құндылықтарды қорғау туралы конвенцияны ратификациялады.

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне мәдениет ескерткіштері - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері, сондай-ақ "Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері" табиғи мұра объектісі енгізілді. Жібек жолының Жетісу бөлігінің қазақстандық сегіз объектісі: Талғар, Қаялық, Қарамерген, Ақтөбе "Степнинское", Өрнек, Құлан, Қостөбе, "Ақыртас" археологиялық кешені "Жібек жолы: Чанань-Тянь-Шань дәлізі маршруттарының желісі" атты сериялық трансұлттық номинацияның құрамында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне кірді.

Тұтастай алғанда, саланың әлеуеті мейлінше жоғары, мұны көрсетілетін мәдени қызметтерді тұтынудың тұрақты өсу серпіні айғақтап отыр. Тек соңғы он жылда ғана театрларға бару көрсеткіші 35%-ға артты, кітапханалардың тұрақты оқырмандарының саны 18 %-ға өсті, кинотеатрлардың көрермендер саны 5 есе ұлғайды.

Алайда, жалпы сала көрсеткіштері қарқынды өскенімен, мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен беделі бұрынғысынша төмен күйінде қалып отыр. Сала қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысы республикадағы қызметтің барлық салалары бойынша осыған ұқсас көрсеткіштің 61-72 %-ын құрайды. Қызметтің көрсетілген түрі бойынша еңбекақы қоры елдегі жалпы еңбекақы қорының 1, 3%-ын құрайды. мәдениет саласындағы жаңа жұмыс орындарын ашу серпіні саланың жұмыспен қамтудың орташа республикалық көрсеткішінен артта қалғанын көрсетіп отыр.

  1. Республиканың мәдениет саласындағы басқару жүйесін жетілдіру

Мәдениет саласындағы басқару жүйесін қалыптастырудың жаңа тәсілдері жеке инвестицияларды тарту практикасын, меценаттықты және басқаларды пайдалануды болжайды. Мәдениеттің институционалдық өрісін өзгерту, ұйымдар менеджментінің тиімділігін арттыру саланы терең жаңғыртуға ықпал ететін болады.

Мәдени қоғамдастықты тарту және мәдениет саласындағы басқарушылық мәселелерді үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес пен Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы уәкілетті органының жанынан салалар бойынша көркемдік кеңестер құру ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес мәдени саясатты іске асыру мәселелеріндегі басты консультативтік-кеңесші орган болмақ, оның құрамына депутаттар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, көрнекті шығармашыл тұлғалар, шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдарының басшылары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері кіретін болады. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы уәкілетті органы болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліміздегі туризмді, туристік кластерді дамытудың қағидаттары мен тәсілдерін қарастыру
Білім жүйесін дамытудағы мемлекеттік бюджет қаражаттарының алатын рөлі
Қазақстандағы мұрағат ісі
Қaзaқстaн Республикaсының туризм сaлaсындaғы инвестициялық жағдайы мен инвестициялық сaясaты
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыратын салықтар
“Ақсай нанның” ЖШС –ның астық өндірісінің экономикалық жағдайын талдау
Мүгедектер әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде
Кітапханалық – библиографиялық процестерді автоматтандыру
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz