Дарынды балаларды айқындау және дамытудағы жұмыс істеудің жолдары



Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай: «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш – адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі». Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды.
Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау – белгілі бір баланың дамуына талдау жасаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес, дарынды балаларды іздеу- арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде іздестіруді қажет ететін процесс.
Ал, дарынды баламен жұмыс жүйесі дегеніміз – мектептік және мектептен тыс сипаттағы тәрбиелік білім беру мекемелерінің өзара байланыс пен қарым-қатынастағы басқару органдарының жиынтығы. Балалардың, мұғалімдердің, ата-аналар мен ұйымдастырушылардың дарынды балалар мен жастарды айқындауға, қолдауға бағытталған іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, нысандары мен әдіс-тәсілдері кіреді.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам.. «Дарынды, талантты тұлға – халқымыздың ең қымбат байлығы». Мектептегі ғылыми ізденістер мен шығармашылық танытып, түрлі деңгейдегі сайыстардан абырой биігінен көрініп жүрген ұстаздар мен шәкірттері де аз емес.
Ұлы ойшыл, ағартушы-демократ ақын Абай Құнанбайұлы «Ұстаздық – жүректің асылдығы» деп тегін толғанбаса керек. Расында, мұғалім мамандығын таңдаған адам баласының артына қалдыратын жарқын ізі - өз кәсібіне лайықты еңбек етіп, кейінгіге ғибратқа толы тәлім-тәрбие қалдыру болса керек.
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі Оқу құралы.–Алматы.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Респуликасының Ғылым және Білім министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Дарынды балаларды айқындау және дамытудағы жұмыс істеудің жолдары

Тобы: П-311
Орындаған: Ибадулла А. Б
Тексерген: Тұрғанбаева Б.Ш

Семей 2015

Қазақстан Республикасының жаңа Білім туралы Заңына мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай: Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш - адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды.
Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау - белгілі бір баланың дамуына талдау жасаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес, дарынды балаларды іздеу- арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде іздестіруді қажет ететін процесс.
Ал, дарынды баламен жұмыс жүйесі дегеніміз - мектептік және мектептен тыс сипаттағы тәрбиелік білім беру мекемелерінің өзара байланыс пен қарым-қатынастағы басқару органдарының жиынтығы. Балалардың, мұғалімдердің, ата-аналар мен ұйымдастырушылардың дарынды балалар мен жастарды айқындауға, қолдауға бағытталған іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, нысандары мен әдіс-тәсілдері кіреді.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз - теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам.. Дарынды, талантты тұлға - халқымыздың ең қымбат байлығы. Мектептегі ғылыми ізденістер мен шығармашылық танытып, түрлі деңгейдегі сайыстардан абырой биігінен көрініп жүрген ұстаздар мен шәкірттері де аз емес.
Ұлы ойшыл, ағартушы-демократ ақын Абай Құнанбайұлы Ұстаздық - жүректің асылдығы деп тегін толғанбаса керек. Расында, мұғалім мамандығын таңдаған адам баласының артына қалдыратын жарқын ізі - өз кәсібіне лайықты еңбек етіп, кейінгіге ғибратқа толы тәлім-тәрбие қалдыру болса керек.
Егеменді еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі, жан-жақты дамыған, өрелі азамат болып қалыптасуындағы мектеп ұжымының игі істері өз нәтижесіне алдағы уақыттарда да берері сөзсіз.
Жалпы жеке тұлға дарындылығының деңгейлік көрсеткіштері ғалымдардың пайымдауы бойынша жоғары дарынды, дарынды, орташа дарынды болып сипатталады. Дарынды балаларды орта мектептерде айқындау процесі арнайы дарынды балалар оқитын мектепке қарағанда өз ерекшелігі бар. Дарынды балаларды айқындауда негізгі жұмыс мектеп психологы мен пән мұғалімі, мектеп әкімшілігінің бірлескен қызметі арқылы іске асырылуы қажет.
Дарынды балаларды айқындауда комплексті түрде әртүрлі әдістер қолданылады:
- балаларды бақылау (сабақта, сабақтан тыс);
- баланың ата-анасымен байланыс;
- арнайы психодиагностикалық тренингтер;
- топтық шығармашылық жұмысқа араластыру;
- түрлі интеллектуалдық, пәндік олимпиадалар, конференциялар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, сайыстар, спорттық жарыстар т.б.
- қызығушылығы, ынтасы жоғары оқушылардың өзі тектес білімге құштар ортаны қалыптастырып, ол балаларды біріктіру;
- диагностика жасағанда пән мұғалімдері, кітапханашы, дәрігердің пікірін ескеру;
- педагогикалық консилиумда қарау.
Сонымен қатар бүгінгі күннің талабы нәтижеге бағытталған білім беруде дарынды оқушылар қызметін шығармашылықпен ұйымдастыру қажет, яғни мотивациялық, танымдық, процессуалдық компоненттер, олар:
- шығармашылық - ерік, жігерді талап етеді;
- зерттеушілік;
- біреуге бағыныштылықтың болмауы;
- жоғары деңгейдегі оңды мінез көрсетуі;
- мені бар, проблемаларды жаңаша шешуді ойластыруы, интеллектуалдық потенциалдың жоғары болуы;
- ішкі күшті дауысы бар;
- жаңаны зерттеу және ашуға ынталылық, ақылының тереңдігі;
- рефлексия мәдениеті, нәтижеге таңдана білу;
- бірегей ойларды білдіру және табу қабілеті;
- тапқырлық пен қиялдың кеңдігі;
- ерекше, беймәлім нәрселерге қызығушылығы;
- дивергенттік ойлауы т.б.
Өз тәжірибемде шығармашылық нәтижеге жету үшін төмендегідей мәселелерге мән беру қажет:
- жүйелі, жоспарлы жұмыс жасау;
- жеке оқушымен нәтижеге бағытталған шығармашылық деңгейде бірігіп іздену;
- ғылыми зерттеу жұмыстарында зерттеуді жүргізетін орындар - мекемелермен - СЭС-дағы химиялық, бактериологиялық лабораториялар, ЖОО - микробиология саласындағы ғалымдармен байланыс;
- пәндік олимпиада жүлдегерлерін дайындауда жыл бойы күрделі есептерді шығару әдістерін шешу;
- Алматы облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты жанынан Дарын орталығының ұйымдастыратын жазғы мектебінің жұмысына дарынды оқушылардың қатысып, білімдерін тереңдетуіне бағыт беру
- оқушының өз бетімен ізденуі, интернет сайтынан есептер шығару ресурстық қорын арттыру т.б. жұмыстар.
Ойымды қорытындылай келе дарынды оқушылармен шығармашылық нәтижеге жету жолдары:
І. Педагогикалық үрдісі бұрынғы дәстүр бойынша жүретін мектептерде ешбір еңбектің нәтижелі сипаты болмайды, себебі оқушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дарындылықты қалыптастыру мәселелері
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Дарынды балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Дарынды балалар сипаттамасы
ОҚУШЫЛАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер