Малды қабылдау және тапсыру тәртібі мен ветеринарлық талаптар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы : Малды қабылдау және тапсыру ережелері

Орындаған: Жақашева Д

Тексерген: Қорабаев Ж. З.

Семей қаласы

2015

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Малды ет өндіру орындарында қабылдау

2. 2 Жаппай тексеру, мал дәрігерлік байкауы

ІІІ. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мал және құсты, мал өңдеу кәсіпорындарында олардың тірілей массасы бойынша, ал негізінен еттің шығымы мен сапасы бойынша қабылдайды. Етке өткізілетін мал, шаруашылықта арнаулы дайындаудан өтеді. Оны кәсіпорынға жіберер алдында мал дәрігерлік байқаудан өткізеді. Малдың дене қызуы өлшенеді. Малдың түрі, сырғасының нөмірі немесе таңбасы, ал бордақылауда болған малға бөлімшенің нөмірі көрсетілген тізбе дайындалады.

Мал өңдеу кәсіпорындарында бруцеллез ауруларының клиникалық белгілері бар, диагнозы анықталмаған, температурасы қалыптан жоғары немесе төмен малды және орнитоз, грипп, Ньюкасл ауруы бар құсты жіберуге болмайды.

Емдеу немесе аурудың алдын алу мақсатында антибиотик берілген малды, дәрінің ветеринарияда қолдану туралы нұсқау қағазында көрсетілген мерзімге дейін союға жіберуге рұқсат етілмейді. Пестицидтермен өңделген малды «малды шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаға қарсы өңдеуге ұсынылған химиялық заттардың тізімінде» көрсетілген уақыт ішінде союға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар малға балық және балық қалдықтарын, балық ұнын жеткізгеннен кейін 30, ал құс 10 күнге дейін, мал өңдеу кәсіпорындарына жіберілмейді. Союға жіберілетін әр малға, мал дәрігерлік заңдылықта көрсетілген тәртіп бойынша мал дәрігерлік куәлік (анықтама) толтырылады. Онда куәлікте көрсетілген барлық мәліметтер, соның ішінде малдың жұқпалы ауруы жоқ мекендерден шыққандығы көрсетілуі тиіс. Топ (партия) малға бір шаруашылықтан (фермадан) шыққан, бір түлік мал және бір мезгілде, бір куәлікпен жіберілген мал жатады. Шаруашылықта ұстауға, бордақылауға келмейтін, жұқпайтын ауруы, жарақаты бар, бірақ температурасы қалыпты малға акт толтырылады.

Жаппай тексеру кезінде бруцеллезге, туберкулезге оң реакция берген мал, туберкулезге оң реакция беретін құс, сондай-ақ ауру малды ет комбинаттарына тек қана облыстың мал дәрігерлік бөлімінің рұқсатымен жіберіледі. Ондай малды тапсыру, ет комбинатымен келісілген кесте бойынша жүргізіледі, ал малды тасымалдау және сою осы ауруларға қарсы жүргізілетін шаралар туралы нұсқау бойынша жүргізіледі. Ауру малды ет комбинаттарына айдауға болмайды.

Малды автокөлікпен немесе айдап келген уақыты, ал темір, су жолдарымен тасымалдаған уақытта вагонның немесе баржаның малды түсіруге әкелінген уақыты, малдың ет өңдеу кәсіпорынына түскен уақыты болып есептеледі. Темір және су жолымен тасымалданған мал, кестеге сәйкес тәуліктің кез келген уақытында автокөлікпен және айдап келген мал ет комбинатына жұмыс уақытының бітуіне бір сағат қалғанша әкелінсе қабылдануға тиіс. Егер мал кестеде көрсетілген уақыттан кеш әкелінсе оған шаруашылықтың кінәсі жоқ болса мал сол күнгі нормаға сәйкес немесе шаруашылықтың келісімі бойынша келесі күнгі қабылдау нормасына сәйкес қабылданады. Ал себепсіз кешіккен және кестеден тыс немесе келісілген мал басынан артық әкелінген малды ет комбинаты орынмен және сумен қамтамасыз етуге тиіс, ал жем-шөпті мал тапсырушы шаруашылық жеткізеді. Мұндай малды қабылдау ет комбинаты мал тапсырушы шаруашылықтың келісімі бойынша жүргізіледі.

Мал кәсіпорынға түскеннен кейін ет комбинатының мал дәрігерлік куәліктің дұрыс толтырылуын тексеруге және мал қабылдаушы тауартанушымен

Қорытынды

Ветеринар мамандар клиникалық зерттеу, термометрия, туберкулез, бруцеллез және тағы да басқа ауруларға арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізеді және қажет болған жағдайда профилактикалық егу шараларын іске асырады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың негізгі мақсаты - контрактация келісімшарты бойынша сатып алу. Контрактациялық шарт жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші мен оны өңдеушінің арасында жасалады. Ол өнім санын, жақтармен келісілген қабылдау пунктеріне күнтізбелік кесте бойынша әкелу мерзімін анықтайтын құжат болып табылады. Сатып алуға стандарттар мен ветеринарлық заңнама талаптарына сәйкес келетін жануар өнімдері мен сойыс малдары жатады. Ауру жануарлар, соның ішінде туберкулезге, бруцеллезге және тағы да басқа аурулармен ауыратын жануарларды ерекше жағдайда жібереді. Ет комбинаттары шаруашылықтардан әкелінген жануарларды келген уақытынан 2 сағаттан кешіктірмей кесте бойынша қабылдауы керек. Қабылдаушы жануардың әкелінген уақытын тауарлық-транспорттық жүкқұжатта белгілеуі міндетті. Кәсіпорынның жұмыс уақытының аяқталуына 1 сағат қалғанда әкелінген жануарды сол күні қабылдауы тиіс. Ал темір жолымен тасымалданған жануарларды тәуліктің кез келген уақытында қабылдайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Т. Телеуғали, С. Қырықбайұлы Мал дәрігерлік санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері
  2. К. Е. Елемесов, М. Д. Закиров, И. И. Сячин, Қ. А. Атамұрадов Қаракөл елтірісі, аң терісі және тондық қой терісі шикізаттарының тауартануы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малды асылдандыру және қолдан ұрықтандыру: әдістері мен ветеринарлық-санитарлық талаптары
Сойыс малдарын өткізу және қабылдау тәртібі: қоңдылықты анықтау мен ветеринарлық бақылау
Жануарлар мен жануартекті өнімдерді тасымалдауға қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар және мемлекеттік ветеринарлық қадағалау
Істер номенклатурасын қалыптастыру, рәсімдеу және мұрағатқа тапсыру тәртібі
Кедендік одақ аумағында жабайы, хайуанаттар бағы мен цирктік жануарларды тасымалдауға қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар және бақылау тәртібі
Кинофотофоно және бейнеқұжаттарды мұрағаттау: рәсімдеу, сақтау және мемлекеттік сақтауға тапсыру тәртібі
Атқарушылық құжаттарды орындаудың тәртібі мен ерекшеліктері: мүліктік емес талаптар, жұмысқа қайта қабылдау, үйден шығару және қоныстандыру
Ірі қара малға қойылатын ветеринарлық-санитарлық және гигиеналық талаптар
Жылқы гигиенасы: ветеринарлық-санитариялық талаптар, қораландыру және күтім жүйелері
Сот өндірісінің басталуы және талап қою арызын жауапкерге тапсыру тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz