Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.

Азаматтық құқық пәні бойынша

Дипломдық жұмысы

Тақырыбы: Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.

Орындаған :

Тексерген:

Жоспар.

Кіріспе.

І. Жалпы ереже.

1. 1 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ұғымы және олардың түрлері.

1. 2 Міндеттеменің орындалуын қамамасыз ету тәсілдерінің акцессорлық сипаты.

1. 3 Міндеттемелерді қамтамасыз ету шараларын қолдану.

ІІ. Кепілпұл.

2. 1 Кепілпұл туралы келісімнің субъектілері, формасы.

2. 2 Кепілпұл туралы келісім. Келісімнің өзіндік сипаты.

2. 3 Кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені тоқтатудың немесе орындамаудың не кепілпұл туралы келісімді тоқтатудың салдарлары.

ІІІ. Тұрақсыздық айыбы.

3. 1 Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің тараптары және түрлері.

3. 2 Тұрақсыздық айыбын өндірудің негіздері және функциясы

3. 3 Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің формасы.

ІV. Кепілдік және кепіл болушылық.

4. 1 Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже.

4. 2 Кепілдікпен және кепіл болушылықпен қамтамасыз етілетін талаптар. Кепілдік пен кепіл болушылықтың туындау негіздері. Кепілдік пен кепіл болушылықтың тоқтатуы.

V. Кепіл.

5. 1 Кепіл ұғымы. Кепілдің акцессорлық сипаты және кепіл объектісі.

5. 2 Кепілдің туындауының негіздері және кепіл туралы шарт.

5. 3 Кепіл туралы келісімнің формасы және кепілді тіркеу.

5. 4 Кепілдің субъективтік жағы. Кепіл ұстаушының және өзге де адамдардың кепіл нысанына құқықтарының қиғаштығы.

5. 5 Кепілмен қанағаттандырылатын талаптар, түрлері. Кепіл құқығының тоқтатуы, аудару және тәсілдері.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы « Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. » Бұл тақырыпты зерттегенде көптеген әдебиеттерді қолдандым. Зерттеу барысында тақырыпты келесі бөлімдерге жіктеп қарастырдым:

  • Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ұғымы және олардың түрлері бөлімі келесі бөлімдерге жіктеледі: Міндеттеменің орындалуын қамамасыз ету тәсілдерінің акцессорлық сипаты, міндеттемелерді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы мағлұматтар қамтылды.
  • Кепілпұл бөлімі мынандай бөлімдерге жіктеледі: Кепілпұл туралы келісімнің субъектілері, формасы, кепілпұл туралы келісім, тоқтатудың салдарлары туралы мағлұмат.
  • Тұрақсыздық айыбы келесі бөлімдерге жіктеледі: келісімнің тараптары, түрлері, тұрақсыздық айыбын өндірудің негіздері, функциясы, формасы туралы мәлімдемелер қарастырылды.
  • Кепілдік және кепіл болушылық бөлімі келесі бөлімдерге бөлінеді: жалпы ереже, кепілдік, кепілдік пен кепіл болушылықты қамтамасыз ететін талаптар, туындау негіздері, формасы, кепілші мен кепіл болушының жауапкершілігінің шектері, салдарры, тотатылуы.
  • Кепіл бөлімі келесі бөлімдерге жікетеледі: кепіл ұғымы, кепілдің акцессорлық сипат, объектісі, кепілдің туындау негіздері, кепіл туралы шарт, келісімнің формасы, кепілді тіркеу, кепілдің субъективтік құқығы, кепіл ұстаушының және өзге де адамдардың кепіл нысанына құқықтарының қиғаштығы, талаптар, кепіл құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру, кепілді қайталап салу, тоқтауы, кепіл құқығын аудару, тәсілдері.

Дипломдық жазудағы ұстанған мақсатым: міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тақырыбымды толықтай зерттеу болып табылады.

Толығымен дипломдық жұмыс туралы мағлұматты дипломдық жұмыспен танысуда алуға болады.

Жалпы ереже.

1. 1 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

ұғымы және олардың түрлері.

Міндеттеме бойынша құқықты жүзеге асыру құқық субъектісінің ырқына ғана емес, борышкердің де еркіне байланысты. Міндеттемеден (атап айтқанда, шартқа негізделген) басқаның әрекетіне құқық туындайды, яғни міндеттеме талап етуге құқық береді, бірақ, жалпы ереже бойынша, борышкер уәде еткен әрекетті орындауға мәжбүрлемейді. Бұл ережеге кірмейтін бірден бір жағдай, ол - жеке - белгілі бір заттарға қатысты міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлейтін меншік құқығын және өзге заттық құқықты қорғау тәсілдерінен туындайтын мүмкіндік. Жалпы ережеге сәйкес міндеттеме бойынша әрекет жасау міндетті адамның еркіне байланысты, ол міндеттемелік қатынастар бойынша орындауға белгілі бір қауіптілік береді. Сонымен қатар несие беруші, міндеттемелік қатынастар бойынша борышкердің міндеттемені орындамауына байланысты шығындардың орнын толтыруға құқылы. Кез келген міндеттемені орындау, жалпы ереже бойынша, несие берушінің заңда көзделген жағдайларда оның мәжбүрлеу тәртібінде орындалуын немесе міндеттеменің бұзылуынан туындаған залалдың орнын борышкер өз мүлкі есебінен толтыруын талап ету құқығымен қамтамасыз етіледі.

Заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің жалпы шараларына қосымша (міндеттеменің орындалмауынан болған залалды өз мүлкі есебінен төлеу жөнінде борышкерге жүктелетін жауапкершілік түрінде ) міндеттеменің орындалуына септігін тигізетін ерекше амалдар пайдаланылады. Міне осы амалдар азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдер деп аталады.

Азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерге заңда немесе шартта көзделген, борышкердің міндеттемені тиісінше орындауына ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнаулы шаралар жатады. Бұл шаралар, әдетте, мына мақсаттарды көздейді:

  • Борышкердің жауапкершілігінің ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату - бұл шараларға мерзімді өткізіп алғандық үшін өсімақы немесе міндеттемені орындамағандық немесе тиісінше орындамағандық үшін айыппұл жатады;
  • Борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды орындауға жауапты адамдар қатарына тарту - бұл шараларға, атап айтқанда, кепілдік және кеплідік беру жатады;
  • Несие берушіге белгілі бір заттар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру («адамға емес, заттың

құнына сенемін») - бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады;

  • Борышкер міндеттемені орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушінің қайтарылмайтын аванс алуы - бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады;
  • Борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай міндеттемені орындағанына дейін несие берушінің затты немесе өзге мүлікті беру жөніндегі міндеттемені орындамауына құқық беру - бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.

Айта кететін бір жағдай - міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдерінің тізбесі АК-ның 292 - бабының 1-тармағында тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік, кепіл немесе мүлікті ұстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді. Борышкерді міндеттемені тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы, сөзсіз, егер заңды болса, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне жатады. Аталған дәстүрлі тәсілдермен қатар міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің басқа да көптеген конструкциялары болуы мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де (мысалы, кепілдік жарна, қаржыландыру

шарты бойынша ақша талабынан қайту туралы жағдайды пайдалану), заңнамада көзделмей шартта белгіленуі де мүмкін.

1. 2 Міндеттеменің орындалуын қамамасыз ету

тәсілдерінің акцессорлық сипаты.

Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады, яғни оның заңдылығына және заңдық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдігі жжатпайды, оның қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке негізделген.

Міндеттеменің (қамтамасыз етуші міндеттеменің ) орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің негізгі (басты) міндеттемелерге қосымша сипаты бірталай жерде көрініс табады. Біріншіден, тек заңды міндеттемелік талаптар, яғни заңды негізде туындаған талаптар ғана қамтамасыз етіледі. Екіншіден, қамтамасыз етуші міндеттеме талап ету құқығын беруге көнгенде және көптеген жағдайларда осы негізгі міндеттеме бойынша борышты аударғанда негізгі міндеттеменің тағдырына ілеседі. Үшіншіден, негізгі міндеттеменің тоқтауы, ол қандай негізде тоқтаса да, әдетте, қамтамасыз ететін міндеттеменің тоқтауына әкеп соғады. Төртіншіден, негізгі міндеттеменің заңсыз болуы оны қамтамасыз ететін міндеттеменің заңсыздығына әкеп соғады, ал бұл норма императивтік, ол өзгедей шарттық салдарлардың болуы мүмкін екендігін қарастырмайды. Ал, қамтамасыз етуші міндеттеменің заңсыздығы қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына еш әсерін тигізбейді, бұл басты міндеттеменің тағдырының қосымша міндеттеме тағдырына тәуелді еместігін көрсетеді.

Негізгі міндеттеменің тағы бір артықшылығы сонда, ол қамтамасыз етуші міндеттеменің тоқтаған-тоқтамағандығына тәуелді емес. Бірақ бұл ережеге кепіл затын ломбардтардың сатуы және жылжымайтын мүлік ипотекасының заттарын соттан тыс мәжбүрлеп сатқызудың кейбір жағдайлары кірмейді, бұл заң шығарушының кепіл берушілер мүдделерін мамандандырылған кәсіпкерлік ұйымдардың - кепіл ұстаушылардың қорғау ниетінен туындаған.

2. 3 Міндеттемелерді қамтамасыз ету шараларын қолдану.

Несие берушінің боышкердің міндеттемені орындамағаны үшін жауаптылығының азаматтық-құқықтық принциптеріне негізделген, міндеттеменің бұзылуынан келген залалды борышкер мүлкі есебінен өндіріп алу құқығына қарағанда міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шаралардықолдану өзінен өзі болмайды. Міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ереже қамтамасыз етуші шараларды қолдану мүмкіндігін ғана қарастырады. Қандай да бір міндеттеме қандай да бір нақты тәсілмен қамтамасыз етілуі үшін тараптардың келісімі немесе заңның арнайы міндеттеуі керек. Бұл ретте, міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері заңнамада да, тараптар келісімінде де (мысалы, кепіл зат, тұрақсыздықайыппұл, мүлікті ұстап қалу), кейбіреулері - тек тараптар келісімінде (мысалы, кепілақы) көзделуі мүмкін.

Міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері (тұрақсыздық айыппұл, кепілақы) бір жағынан заңдық жауапкершілік шаралары да болып табылады, себебі олар міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамға қосымша мүліктен айырылуды (ауыртпалық) жүктейді, ол сөзсіз және тікелей міндеттемені орындамаудан туындайды. Басқалары (кепіл зат, мүлікті ұстап қалу, кепілдік және т. б. ) жауапкершілік шараларына жатпайды, себебі оларды қолдану олардың туындау негіздерін дәлелдеудің кейбір процедураларымен және қамтамасыз етілген міндеттемеден заңда немесе тараптар келісімінде көзделген тәуелсіз жағдайлардың туындауымен байланысты.

ІІ. Кепілпұл.

2. 1 Кепілпұл туралы келісімнің субъектілері, формасы.

Кепілпұл дегеніміз - Шарт жасасқан кезде бір адамның екінші адамға міндеттемеден туындайтын белгілі бір әрекеттер орындағаны үшін беруге жататын ақша сомасының бір бөлігін төлеуі. Кепілпұл - борышкер несие берушіге төлеуге тиісті қандай да бір ақша сомасының бөлігі. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі кепілпұлдың маңызы сонда, ол шартты қандай да бір тараптың орындамауынан сақтандырады. Шартты орындамау оның орындалуына жауапты тарап үшін қолайсыз зардаптар әкеледі. Кепілпұл, негізінен, борышкердің қандай да бір ақша сомасын төлеу жөніндегі негізгі міндеттемесі бойынша міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге бағытталған, мысалы, сатып алушының сатылатын бағаны төлеу міндеті, жалгердің жалдау ақысын төлеу міндеті, т. б., ал қамтамасыз етуге сол кепілпұл берген адамның кейін шартты орындаудан бас тартқан жағдайда сол кепілпұлдан айырылып қалу қаупі арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, кепілпұл алған адамның шартты орындамауы да оған алған кепілпұлды қайтару, сондай-ақ контрагентке алған кепілпұлдың сомасына тең сома төлеу түрінде қолайсыз зардаптар алып келуі мүмкін.

Кепілпұл туралы келісімнің субъектілері. АК-ның кепілпұл туралы жаңа ережелері кепілпұлмен қамтамасыз етілуі мүмкін шарттың міндеттемелердің аясын кеңейтті. Бұрын бұл тәсілмен тараптарының біреуі азамат болып келетін шарттар ғана қамтамасыз етілетін. Қазір, кепілпұлмен қамтамасыз етілетін міндеттемелерді қатысушылар құрамына қарай шектеу жойылды, кепілпұлмен кез келген шарттық міндеттемелерді, оның ішінде тараптары азаматтардың қатысуынсыз етуге болады.

Кепілпұл туралы келісімнің формасы. Кепілпұл туралы келісім, оның сомасына және негізгі міндеттеменің формасына қарамастан, заңсыз болады деген үреймен жазбаша түрде жасалуы тиіс. Егер негізгі міндеттемені нотариус куәландыруы тиіс болса, кепілпұл туралы келісімнің заңдылығы үшін жай жазбаша форма жеткілікті (АК-ның 337-бабының 2-тармағы) .

«Кепілпұл» ұғымында бірнеше мәндік және заңдық мағына бар. Көбіне «кепілпұл» ұғымы кепілпұлтуралы келісімнің өзін белгілеу үшін қолданылады - шарт жасасқанда және белгілі бір құқықтар мен міндеттерді сондай-ақ осы келісімді қолдану барысында заңмен белгіленген зардаптарды анықтағанда ақша сомасының бір бөлігін төлеу туралы келісімді білдіреді. «Кепілпұл» ұғымы, тағы да, азаматтық құқық институтын білдіреді, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кепілпұл туралы келісімді қолданудың салдарын реттейтін материалдық құқық нормаларының жиынтығын береді.

Тікелей келісімді кепілпұл туралы келісім деп, ал құқық институтын - «кепілпұл туралы келісім институты» деп белгіленген дұрыс болар еді. Сонымен қатар кепілпұл бір адамның екіншіге төлейтін ақша сомасының бір бөлігін ғана білдіреді.

2. 2 Кепілпұл туралы келісім. Келісімнің өзіндік сипаты.

Кепілпұл айрықша келісім бойынша төленеді, ол шарттан бөлек болады және шарттағы міндеттемені қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Кепілпұл туралы келісім шартқа қосымша болып келеді, ол міндеттеменің орныдалуын қамтамасыз етеді. Кепілпұл туралы келісімнің ол үшін заңнама қажетті деп тапқан елеулі белгілері, ол - кепілпұлдың мөлшері, сондай-ақ орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілпұл төленетін негізгі міндеттемені анықтау.

Кепілпұл туралы келісімнің заңдылығы негізгі шарттың заңдылығына байланысты. Негізгі шарттың заңдылығы оның заңға сәйкестігін күшіне енуін, кепілпұл туралы келісім күшінде болған кезде негізгі шарттың күшінде болуын білдіреді. Сонымен қатар кепілпұл туралы келісім тараптардың міндеттерін күрделендіреді. Кепілпұл алған адамның құқығы азаймайды, міндеттемені қамтамасыз ету салдарынан көбейеді. Кепілпұл берген адамда да қосымша міндеттемелер туындайды, кепілпұл алған адамның кепілпұл мен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамағанына дейін қандай да бір құқық туындамайды.

Кепілпұл туралы келісімнің өзіндік сипаты. Кепілпұл, барлық міндеттемелерден өзін ерекшелейтін белгілерге ие.

Біріншіден, кепілпұлмен шарттардан туындайтын міндеттемелер ғана қамтамасыз етіледі және ол өзге міндеттемелерді қамтамасыз етуге пайдаланылмайды.

Екіншіден, кепілпұл мен тараптардың біреуінің ақшалай міндеттемесі көзделген шарттың орындалуына ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, себебі кепілпұл «уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа» беріледі.

Үшіншіден, кепілпұл, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып, шарт жасалғандығының дәлелдемесі рөлін атқарады. Бұл дегеніміз -егер шарт тараптардың біреуінің кепілпұл төлеуін көздейтін болса, онда бұл міндет орындалғаннан кейін ғана шарт жасалады деп саналады. Кепілпұлды төлеу тараптар арасында кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттың барлық елеулі жағдайлары бойынша келісімге қол жеткендігінің және туындайтн барлық саладарларымен оның күшіне кіргендігінің дәлелдемесі.

Төртіншіден, кепілпұл, оны беруші тарап үшін де, оны алушы тарап үшін де жауапкершілік өлшемі болады, біріншісінің міндеті - өзінен алынатын төлемді төлеу, ол одан бас тарқан жағдайда кепілпұлды жоғалтады, екіншісінің міндеті - міндеттемені заттай орындау, себебі оны орындамаған жағдайда ол кепілпұлды қайтарады және соның мөлшерінде қосымша шығын тартады.

1. 3 Кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені

тоқтатудың немесе орындамаудың не кепілпұл туралы

келісімді тоқтатудың салдарлары.

Кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттың тоқтауы кепілпұл туралы келісімнің тоқтауына әкеп соғады. Кепілпұл туралы келісім тоқталып, берілген кепілпұлдың тағдырын шешкенде оның негізгі міндеттемеден бөлек еместігі, оның бір бөлігі - шарттың тараптарының біреуінің ақшалай міндеттемесінің бөлігі екендігі ескеріледі. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарт тоқтаған екі жағдайда кепілпұл қайтарылуы тиіс.

Тараптар, кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартты оны орындау басталғанға дейін өзара келісіп бұзса (зат түрінде орындау - жұмыс, қызмет көрсету жаңадан немесе жарым-жартылай орындалса, мүлікті ішінара берсе, не ақшалай міндеттемені орындағанда - кепілпұлдан басқа, шарт бойынша ақшаның бір бөлігін төлесе) АК-ның 338 бабының 2-тармағында көзделген салдарлардан босатылады, олар тараптардың негізгі шарты бойынша, да міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соғады, ал бұл ретте кепілпұл қайтарылауға тиіс. Қамтамасыз етілетін міндеттемені тараптар жауап бермейтін мән-жайлардың нәтижесінде орындау мүмкін болмағандықтан ол басталмай жатып тоқталса, жоғарыда көрсетілгендей салдарлар туындайды.

Кепілпұл, міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі болумен қатар тұрақсыздық ақысы, жауапкершілік шарасы да бола алады. Егер тараптардың біреуі негізгі міндеттеме орындалмай қалатындай әрекет жасаса, оған сол әрекет үшін жауапкершілік ретінде екінші жаққа, берілген кепілпұл ескеріліп, кепілпұл сомасы мөлшерінде ақша төлеу міндеті жүктеледі. Сондықтан, егер қамтамасыз етілетін міндетттеменің орындалмағанына кепілпұл берген тарап жауапты болса, онда кепілпұл оны алған жақта қалады.

Міндеттемені бұзғандық үшін жауапқа тартылатындай жағдайлар болса кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамағаны үшін тарап жауапкер деп танылуы мүмкін. Яғни, кепілпұл жауаптылық шарасы ретінде болады, ол міндеттемені орындамаған жақтан өндіріледі, ол үшін, жалпы ереже бойынша егер шартта немесе заңнамада басқадай көзделмесе, кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындамауында оның кінәсі болуы тиіс. Сондықтан, егер міндеттеме тарапы кәсіпкер болса, оның кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамауы, егер жойқың күштің - табиғи құбылыстардың, әскери қимылдардың және т. б. әскери салдарынан міндеттемені орындаудың мүмкін болмағандығы дәлелденбесе, жалпы ереже бойынша одан жауапкершілік шарасы ретінде кепілпұлды өндіріп алуға негіз болады. Сонымен қатар, кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемеде не кепілпұл туралы шартта тараптардың міндеттемені бұзғаны үшін кінәсіз жауапкершілігі көзделуі мүмкін, және бұл жағдайда да, сондай-ақ қамтамасыз етілген міндеттемені бұзған жағдайда да кепілпұл кінәсіз бұзушыдан өндіріледі.

Кепілпұлды төлеу, жалпы ереже бойынша, міндеттеменің орындалмағын үшін жауапты тараптың міндеттеменің орындалмауына байланысты туындаған шығындарды негізгі шарт бойынша басқа тарапқа, кепілпұл сомасы ескеріліп, төлеуден босатпайды. Шығынды өтеу туралы заң ережелері, оның ішінде шығын мөлшерін анықтағанда кепілпұл мөлшерін есепке алудың қажеттілігі, егер келісімде бұл жөнінде еш нәрсе көзделмесе, толықтырғыш болады. Сонымен қатар, тлаптардың келісімінде кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемелерден туындаған шығындарды өтеудің өзге салдарлары көзделуі мүмкін. Шартта, мысалы, шығындар кепілпұлдың сомасынан тысқары толық мөлшерде өндірілуі мүмкін, кепілпұл түрінде ғана, яғни бас тарту төлеті ретінде өтеуге жол беріледі және т. б. деп көрсетілуі мүмкін. Кепілпұл аванстан бөлек, аванс шартты орындау есебінен болашақ төлемге жатқызылып беріледі, ол қамтамасыз ету құралы бола алмайды. Егер төлем кепілпұл деп жазбаша көрсетілмесе, онда оны аванс деп санау керек.

ІІІ. Тұрақсыздық айыбы.

3. 1 Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің

тараптары және түрлері .

Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі ретінде тұрақсыздық айыбын міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда борышкердің белгілі бір ақша сомасының төлеуінің қамтамасыз ететін басты міндеттемеге қосымша шарты ретінде түсінеміз. Тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етудің мақсаты - борышкерді қамтамсыз етілген міндеттеме бойынша өз міндетін оны күрделендіріп алмау қаупімен дәл орындауға мәжбүрлеу, ал күрделенген жағдайда - міндеттеме нысанын құрайтын міндеттер көбейеді, белгілі бір ақша сомасын төлеу түрінде қосымша міндеттер пайда болады.

Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып тұрақсыздық айыбының өзі алдын ала анықталған ақша сомасын білдіреді, бұл ақша сомасы да тұрақсыздық айыбы деп аталады.

Өсім немесе айыппұл деп аталатын тұрақсыздық айыбы міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда белгіленеді, мысалы, орындау мерзімінің бұзылуы (өткізіп алу), өнімнің сапасы, ассортименті, буып-түйілуі туралы шартта көрсетілген талаптардың бұзылуы т. б.

Тұрақсыздық айыбының туралы келісімнің талаптары қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша тараптар болып табылады. Негізгі қамтамасыз етілген міндеттемеде борышкер әрқашанда тұрақсыздық айыбы туралы келісім бойынша, міндетті адам деп саналады. Борышкер міндеттемені орындамағанда қандай да бір соманы төлеу міндеті үшінші жақ өзіне алған жағдайлар кепілдік пен кепіл болушылыққа жатқанмен, тұрақсыздық айбына еш жатпайды.

Заңнамамен анықталған тұрақсыздық айбында оның мөлшерін көбейтпеуге болмайтындығы жөнінде тікелей нұсқама болса, ол мөлшер тараптардың өзара келісімі мен ұлғайтылады. Мысалы, ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны үшін ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерінде белгеленген тұрақсыздық айыбы тараптардың келісімі бойынша ұлғайюы мүмкін. Бұл ретте заңды айыпақының мөлшерін өсіруге тараптар өзара уағдаласқан келісімнің формасына шарттық тұрақсыздық айбы туралы келісімнің формасы үшін көзделген ережже қолданылады, тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің жай жазбаша формасын сақтамау несие берушіні заңда белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айбын өндіртіп алу құқығынан айырмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау, ұғымы, әдістері
Міндеттемені тоқтату
Міндеттемені орындау ұғымы мен принциптері
Жылжымайтын мүлік ипотекасының ұғымы және заңдық базасы
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
Міндеттемелерді қамтамасыз ету
Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету
Міндеттеме бойынша тұлғалардың ауыстырылуы
Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме
Кепілдің құқықтық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz