Флора


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім жене Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Флора.

Тексерген: Жилкыбаева. С. Ж

Орындаған: Тұрысбекова Ә. Е

Семей - 2015 жыл

Флора құрамындағы өсімдік түрлері анықталып, оларға таксономиялық сипаттама беріледі. Флора құрамындағы өсімдік саны көп болады, сондықтан оларды реттеп белгілі бір жүйеге келтіруге қажет.

Өсімдік систематикасында өсімдіктерді жүйелеуге өзіне тән тілі, ұғымдары және таңбалары қолданылады. Систематикалық бірлікті белгілеуде таксон термині қабылданған. Ол әр түрлі рангтардаболуы мүмкін. Ресми қабылданған «Ботаникалық номенклатура жөніндегі халықаралық кодексте» жарияланған соңғы Халықаралық ботаникалық конгрестің шешімдеріне сәйкес ботаникалық 23 таксон қабылданды:

Өсімдіктер патшалығы- Regnum vegetabile

Бөлім- Divisio

Бөлім тармағы-Subdivision

Класс-Classis

Класс тармағы-Subclassis

Қатар-Ordo

Қатар тармағы-Subordo

Тұқымдас-Familia

Тұқымдас тармағы-Subfamilia

Триба немесе буын-Tribus

Триба тармағы немесе буын тармағы- Subtribus

Туыс- Genus

Туыс тармағы- Subgenus

Секция- Sectio

Секция тармағы- Subsectio

Серия-Series

Серия тармағы-Subseries

Түр- Species

Түрше- Subspecies

Вариация немесе түр өзгерісі- Varietas

Субвариация немесе варияция тармағы- Subvarietas

Форма- Forma

Форма тармағы- Subforma. Одан әрі жеке individuum түр дарақтары немесе өсімдік особьтері деп жіктеледі.

Ең басты таксономиялық рангқа түр жатады. Түр ретінде филогенетикалық тұрғыдан, яғни шығу тегінің бірлігіне байланысты біріктірілген қатарлардың систематикалық бірліктері алынады. Түр дегеніміз- табиғи үздіксіз эволюциялық жағдайдағы, яғни жалпыға бірдей өзгеру және заңдарына бағынатын систематикалық категория.

Түрдің бұл анықтамасынан систематиканың екі бағыты туындайды: бір жағынан - классификациясы, яғни анықталған өсімдіктерді белгілеріне қарай дұрыс топтастыру, екінші жағынан - филогениясы, яғни бұл топтардың шығу тегіне және эволюциясына сүйене отырып өзара байланыстарын анықтау.

Кейбір авторлар түрлерді түршелерге және варияцияларға жіктейді. Түрше дегеніміз- түр ішінде өзге дарақтардан ерекше белгілері бар және бұл белгілері тұқым қуалайтын формалар жиынтығы. Вариация дегеніміз- әдетте белгілі бір тіршілік жағдайларына байланысты ұрпақтарда байқалатын жаппай құбылыс; варияциялық құбылыстардың тұқым қаулаушылық белгілері төмен. Сонымен қатар, систематикада форма деген ұғым болады: ерекшеліктер тіршілік жағдайларынан туындайды және бұл жағдайлар тұрақты болуы шарт, яғни белгілер тұқым қуалайды. Систематиканың ең кіші бірлігі - түр дарағы, немесе индивидуум; әрбір түр дарағының тек өзіне ғана тән белгілері болады.

Жер бетінде ежелден келе жатқан түрлер де бар, сонымен бірге кейіннен қалыптасқан түрлер де кездеседі, яғни әрбір түрдің өзіндік тарихы бар: алдымен түр жекеленіп қалыптасады, содан соң даму шегіне жетеді, соңында түр тозып кетуі мүмкін. Бұл процесс, әсіресе тіршілік үшін күрес нәтижесінде және тіршілік жағдайларының өзгеруіне байланысты жеделдеуі мүмкін. сонымен, түр морфологиялық өзгерістерімен қатар кеңістікке және уақытқа байланысты өзгереді. Қорыта келгенде, өсімдіктер дүниесінің табиғаттағы эволюциясының негізгі қозғаушы күштері:табиғи сұрыптау, өзгергіштік және тұқым қуалаушылық болып табылады.

Туыс категориясы түрмен салыстырғанда жоғарғы таксономиялық рангта орналасады, себебі туысқа бір-бірімен туыстық байланыстағы өсімдіктер түрлері топтастырылады. Туыс көп түрден, бірнеше түрден немесе бір ғана түрден тұруы мүмкін. Систематиктер үлкен туыстарды туыс ішіндегі таксон рангтарына туыс тармақтарына, секцияларға немесе секция тармағына бөледі.

Жақын түрлер туыстарға біріктірілгендей, жақын туыстар да тұқымдастарға топтастырылады. Көбінесе таксономиялық рангтарда үлкен тұқымдастарды тұқымдас тармағы, трибаға бөліп қарастырады. Сол сияқты бір тұқымдасқа ұқсас туыстар топтарына біріктіріледі. Қосымша тұқымдас тармағы және триба рангтары қолданылады.

Жақын тұқымдастар топтары қатарларға біріктіріледі. Қатарға филогенетикалық жағынан жақын бір немесн бірнеше тұқымдас кіуіне байланысты еске сақтауғажеңіл келеді. Біршамажоғары таксономиялық категорияға класс жатады. Класқа жақын қатарлар біріктіріледі, бірақ қатармен салыстырғанда кластардыңайқын айырмашылықтары болады. Соған байланысты өсімдіктерде кластар саны жағынан аз. Мысалы, гүлді өсімдіктер дара және қос жарнақтылар болып тек екі класқа бөлінеді. Өте ірі кластар, әдеттер класс тармақтарына бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді интродукциялау
Анар өсімдігін жылыжай жағдайында көбейту
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы
Есептің математикалық моделін құру
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Биогеографияның басқа ғылымдармен байланысы. Биогеография және Дарвинизм
Биогеография туралы түсінік
Хан шыңғыс флорасы және экологиялық сипаттамасы
Синантропты өсімдіктердің жіктелуі
Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz