Модаль сөзді баяндауыштар



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Тарау. Баяндауыштың жалпы сипаты. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
І.1. Баяндауыш жайлы тіл біліміндегі пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
І. 2. Баяндауыштың сұраулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
І. 3. Баяндауыштың жасалу жолдары, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ. Тарау. Модаль баяндауыштың жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ІІ. 1. Қазақ тіліндегі модаль сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ІІ. 2. Қазақ тіліндегі модальділік категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
ІІ. 3. Жалаң және күрделі құамды модаль баяндауыштар ... ... ... ... ... ... ... .43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Кіріспе
Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында білім беру жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында жеке сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайтып, мемлекеттік – жекеменшік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет екендігін көрсеткен болатын (1).
Грамматиканың негізгі саласының бірі - синтаксис. Тіл -тілдің бәрінде де синтаксис сөйлем құрылысын, сөз тіркестері мен сөйлем мүшелерін, сөздердің синтаксистік байланыстарын тексеретін ғылым. Сол синтаксистегі тілдік единицалардың бірі - сөйлем. Адам баласының қарым-қатынас жасауында да, өз ойын білдіруінде сөйлемнің рөлі өте зор. Өйткені сөйлем қатынас жасаудың ең басты формасы болып табылады. Сөйлемнің грамматикалық негізі - сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері деп сөйлем құрауға негіз болған сөздерді айтамыз. Бірақ сөйлем құрауға қатынасқан сөздердің барлығы сөйлем мүшесі бола бермейді. Сөйлем мүшесі болу үшін толық мағыналы сөз болу керек. Сөйлемдегі басқа сөздермен байланыса отырып, белгілі бір сұраққа жауап беруі керек. Сөйлем мүшелерінің ішінде бастауыш пен баяндауыш - сөйлемнің негізгі арқауы, сөйлемді құрастырып, ұйымдастыратын орталық. Ал тұрлаусыз мүшелер сөйлемге қаншалықты қажет болып көрінгенмен, тұрлаулы мүшелерсіз сөйлем құрай алмайды. Тұрлаулы мүшелерсіз сөйлем болмайды. Олар сөйлем ішінде түсіріліп қалса да, түсіріліп қалғандығы сезіліп тұрады. Ал тұрлаусыз мүшелер керек болған жерде айтылып, керек болмаған орында айтылмай қалып отырады. Түсіріліп қалған жерде, қалғандығы анық сезілмейді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Сөйлемді құрауға негіз болатын мүшенің бірі-баяндауыш. Баяндауыштың жасалу жолдары мен түрлері, оның лингвистикалық табиғаты қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттелген. Баяндауыштың қазіргі таңда оныншы сөз табы деп танылып жүрген модаль сөздер арқылы жасалуы, оның құрамы - зерттеудің өзектілігі.
Жұмыстың негізгі нысаны. Модаль сөзді баяндауыштар, олардың жасалу жолдары мен құрамы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты -қазақ тіліндегі баяндауыштың табиғатын ашу. Жұмыста алға қойған мақсатқа орай төмендегідей міндеттерді шешуді көздедік:

— Жалпы баяндауыштың, соның ішінде модаль сөзді баяндауыштардың сөйлем ішінде алатын орнын анықтау, түрлерін саралау және баяндауыштық тұлғаны анықтау;
— Тіліміздегі модаль сөзді баяндауыштардың қалыптасып, даму жолдарын көрсету.
- Модаль сөзді баяндауыштың жалаң және күрделі құрамда кездесетінін дәлелдеу.
Жұмыстың синтаксисіне арналған зерттеулер, оқулықтар, монографиялар қарастырылды. Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелері, оның ішінде баяндауыш жайлы көзқарастар мен тұжырымдар басшылыққа алынды. Жұмыста тілдік фактілерді жинақтау, талдау, сипаттама беру әдістері қолданылды.
Халық ауыз әдебиеті мен халық ақындарының, көркем шығармалар мен баспасөз материалдары пайдалднылды. Теориялық мәселе Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романынан алынған сөйлемдер арқылы дәлелденді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тарауданжәне қорытынды бөлімнен тұрады. Бұған қоса әдебиеттер көрсеткіші берілді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Аманжолов С. Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы І бөлім. Алматы, 1939
2. Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисінің методикасы. Алматы, 1964
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996
4. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. Алматы, 1993
5. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы, 1966
6. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 2003
7. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. Алматы, 1949
8. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері. Алматы, 1941
9. Бәйтенов І. Сөйлем мүшелері туралы. «Халық мұғалімі» 1939 №15-16.
10. Болғанбаев Ә. Көп мағыналы сөздер және олардың жасалыну жолдары. Алматы, 1963
11. Виноградов В.В. О категории модальность и модальных слов в русском языке. Москва, 1975
12. Жанпеисов Е. Модальные слова в современном казахском языке. Алма – Ата, 1958
13. Зарецкий А. И. О местаимении. Русский язык в школе. 1949.№6.
14. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы, 1998
15. Кекілбаев Ә. Үркер. Алматы , 1981
16. Қазақ тілінің грамматикасы. І бөлім. Морфология. Алматы, 1967
17. Қазақ тілі. Энцеклопедия. Алматы,1998
18. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
19. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1961
20. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі VII., Алматы, 1983
21. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989
22. Қордабев Т. Жалпы тіл білімі. Алматы, 1983
23. Қордабев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. Алматы, 1987
24. Құрышжанов Ә. Томанов М. Орхон – Енисей жазу ескерткіштерінің зерттеліну тарихы мен грамматикалық очерктері. Алматы, 1964
25. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы, 1998
26. Оразов Н. Көмекші сөздер. Ташкент, 1997
27. Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Алматы, 1993
28. Томанов М. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1988
29. Убрятова Е.И. Исследование по синтаксису якутского языка. Москва, 1950
30. Узбек тилининг грамматикасы. Тошкент, 1965
31. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991
32. Петров Н. Е. Модальные слова в якутском языке. Новосибирск, 1984.
33. Энциклопедиялық сөздік. Алматы, 1981
34. Хозирги узбек адаби тили. Тошкент, 1966

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Факультет Филология
Кафедра Қазақ тіл білімі

Диплом жұмысы
Тақырыбы: Модаль сөзді баяндауыштар

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Тарау. Баяндауыштың жалпы сипаты.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
І.1. Баяндауыш жайлы тіл біліміндегі
пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
І. 2. Баяндауыштың
сұраулары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.14
І. 3. Баяндауыштың жасалу жолдары,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ. Тарау. Модаль баяндауыштың жасалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ІІ. 1. Қазақ тіліндегі модаль
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ІІ. 2. Қазақ тіліндегі модальділік
категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..38
ІІ. 3. Жалаң және күрделі құамды модаль
баяндауыштар ... ... ... ... ... ... ... ..43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..50

Кіріспе
Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында білім беру
жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында жеке сектор мен мемлекет
арасындағы серіктестікті нығайтып, мемлекеттік – жекеменшік білім
беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет екендігін көрсеткен
болатын (1).
Грамматиканың негізгі саласының бірі - синтаксис. Тіл -тілдің бәрінде
де синтаксис сөйлем құрылысын, сөз тіркестері мен сөйлем мүшелерін,
сөздердің синтаксистік байланыстарын тексеретін ғылым. Сол синтаксистегі
тілдік единицалардың бірі - сөйлем. Адам баласының қарым-қатынас жасауында
да, өз ойын білдіруінде сөйлемнің рөлі өте зор. Өйткені сөйлем қатынас
жасаудың ең басты формасы болып табылады. Сөйлемнің грамматикалық негізі -
сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері деп сөйлем құрауға негіз болған сөздерді
айтамыз. Бірақ сөйлем құрауға қатынасқан сөздердің барлығы сөйлем мүшесі
бола бермейді. Сөйлем мүшесі болу үшін толық мағыналы сөз болу керек.
Сөйлемдегі басқа сөздермен байланыса отырып, белгілі бір сұраққа жауап
беруі керек. Сөйлем мүшелерінің ішінде бастауыш пен баяндауыш - сөйлемнің
негізгі арқауы, сөйлемді құрастырып, ұйымдастыратын орталық. Ал тұрлаусыз
мүшелер сөйлемге қаншалықты қажет болып көрінгенмен, тұрлаулы мүшелерсіз
сөйлем құрай алмайды. Тұрлаулы мүшелерсіз сөйлем болмайды. Олар сөйлем
ішінде түсіріліп қалса да, түсіріліп қалғандығы сезіліп тұрады. Ал
тұрлаусыз мүшелер керек болған жерде айтылып, керек болмаған орында
айтылмай қалып отырады. Түсіріліп қалған жерде, қалғандығы анық
сезілмейді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Сөйлемді құрауға негіз болатын мүшенің
бірі-баяндауыш. Баяндауыштың жасалу жолдары мен түрлері, оның
лингвистикалық табиғаты қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттелген.
Баяндауыштың қазіргі таңда оныншы сөз табы деп танылып жүрген модаль сөздер
арқылы жасалуы, оның құрамы - зерттеудің өзектілігі.
Жұмыстың негізгі нысаны. Модаль сөзді баяндауыштар, олардың жасалу
жолдары мен құрамы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты -қазақ
тіліндегі баяндауыштың табиғатын ашу. Жұмыста алға қойған мақсатқа орай
төмендегідей міндеттерді шешуді көздедік:

— Жалпы баяндауыштың, соның ішінде модаль сөзді баяндауыштардың сөйлем
ішінде алатын орнын анықтау, түрлерін саралау және баяндауыштық тұлғаны
анықтау;
— Тіліміздегі модаль сөзді баяндауыштардың қалыптасып, даму жолдарын
көрсету.
- Модаль сөзді баяндауыштың жалаң және күрделі құрамда кездесетінін
дәлелдеу.
Жұмыстың синтаксисіне арналған зерттеулер, оқулықтар, монографиялар
қарастырылды. Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелері, оның ішінде баяндауыш жайлы
көзқарастар мен тұжырымдар басшылыққа алынды. Жұмыста тілдік фактілерді
жинақтау, талдау, сипаттама беру әдістері қолданылды.
Халық ауыз әдебиеті мен халық ақындарының, көркем шығармалар мен
баспасөз материалдары пайдалднылды. Теориялық мәселе Ә. Кекілбаевтың
Үркер романынан алынған сөйлемдер арқылы дәлелденді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тарауданжәне қорытынды бөлімнен тұрады. Бұған
қоса әдебиеттер көрсеткіші берілді.

I тарау. Баяндауыштың жалпы сипаты
I. 1. Баяндауыш жайлы тіл біліміндегі пікірлер
Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер қазақ тіл білімінде көп.
Алдымен Ахмет Байтұрсынұлының баяндауыш туралы пікірлеріне тоқталайық. Тіл
тағлымы атты еңбегінде баяндауышқа мынандай түсінік береді: Әуелі
баяндауыш болады етістік. Мысалы: Қой үрікті. Ит үрді. Адам айқайлады. Бұл
сөйлемдердің ішінде баяндауыш болатын қай сөз екенінін әуелі ішкі
белгісімен тауып қарайық. Баяндауыш болмақ керек қандай сөздер?— Жоғарыда
айтуымыз бойынша, баяндауыш болатын сөз бастауыш атаған нәрсенің не сыр-
сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсету керек. Олай болса,
алынған сөйлемдердің ішіндегі бастауышты тауып, сонан соң ол бастауыш
атаған нәрсенің не сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсететін
сөзді табу керек.
Бірінші сөйлем: Қой үрікті. He үрікті? - қой. Бастауыш қой деген сөз
болып шықты. Үрікті деген сөз қойдың не істегенін, амалын көрсетіп түр.
Екінші сөйлем: Ит үрді. He үрді? - ит. Бастауыш ит деген сөз болып шықты.
Үрді деген сөз иттің не істегенін - амалын көрсетіп түр. Үшінші сөйлем:
Адам айқайлады.
Кім айқайлады? - адам. Бастауыш адам деген сөз болып шықты. Айқайлады
деген сөз адамның не істегенін - амалын көрсетіп тұр.
Сөйтіп, бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш атаған нәрселердің амалын
көрсетуші үрді, айқайлады деген сөздер болып шықты немесе екінші сөзбен
айтқанда, баяндауыштың ішкі белгісі осы сөздерге келеді. Сондықтан бұл
сөздер баяндауыш болуға тиіс.
Енді тысқы белгісімен тауып көрейік. Баяндауыштың тысқы белгісі—не
етпек?, не қылмақ?, кәйтпек? , не болмақ?, нешік?, немене?,
қалай?, кімдікі?, ненікі?, қайсы? негізді сұрауларға жауап беру.
Сондықтан бұл негізді сұраулар баяндауыш сұраулары деп аталады. Алынған
сөйлемдер ішінде қай сөз баяндауыш сұрауларына жауап берер екенін қарайық,
1-інші сөйлем: Қой үрікті. Қой не етті?—үрікті. 2-інші сөйлем: Ит үрді. Ит
қайтті?—үрді. 3- інші сөйлем: Адам айқайлады. Адам не қылды?—айқайлады.
Мұнда не етті?, қайтті? деген баяндауыш сұрауларына жауап беріп
тұрған тағы сол үрікті, үрді, айқайлады деген сөз адамның не
істегенін—амалын көрсетіп тұр.
Сөйтіп, бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш атаған нәрселердің амалын
көрсетуші үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер болып шықты немесе екінші
сөзбен айтқанда баяндауыштың ішкі белгісі осы сөздерге келеді. Ішкі, тысқы
белгісі бірдей болған соң, баяндауыш болып тұрған сөздер -үрікті, үрді,
айқайлады деген сөздер - етістіктер. Етістіктің есімше мен көсемше түрлері
де баяндауыш болады. Екеуіне де мысал келтірейік. Есімше дара күйінде
баянда-уыш болатынына мысалдар:
1)Мен сөйлеушімін, сен тыңдаушысың. Мұнда сөйлеушімін, тыңдаушысың
деген сөздер мен, сен жайын баяндап тұр ( бұл— баяндауыштың ішкі белгісі).
Мен неменемін?—сөйлеушімін. Сен неменесің? - тыңдаушысың ( бұл
-баяндауыштың тысқы белгісі).
2) Заман өзгерген, білім күшейген. Мұнда өзгерген,күшейген деген
сөздер заман мен білім жайын айтып бірінің өзгергендігін екіншісінің
күшейгендігін баяндап тұр. ( Бұл—ішкі белгісімен қарағандағысы ). Заман не
еткен? - өзгерген. Білім не еткен?—күшейген. ( Бұл—тысқы белгісі ) .
3) Біреу беретін, біреу алатын. Мұнда біреу жайынан беретіндігі мен
алатындығы сөйленіп тұр. (бұл—ішкі белгілері). Біреу не
беретін—беретін.Біреу не ететін—алатын. ( Бұл—тысқы белгілері).
Есімше мен көсемше қосар күйінде баяндауыш болатынына мысалдар:
1)Бала жылай берген. Кім жылай берген?—бала (бастауыш) Бала не
қылған?—жылай берген (баяндауыш).
2) Оспан оқып жүрген. Кім оқып жүрген?—Оспан (бастауыш). Оспан не
қылған?—оқып жүрген (баяндауыш).
3) Асан айтқан екен. Кім айтқан екен?—Асан (бастауыш). Асан не
қылған екен?—айтқан екен (баяндауыш).
Көсемше баяндауыш болатынына мысалдар:
1)Ат тулай берді. Не тулай берді?—ат (бастауыш). Ат не
қылды?—тулай берді (баяндауыш).
2) Әлжан алып берді. Кім алып берді? - Әлжан (бастауыш). Әлжан
не қылды?—алып берді (баяндауыш).
3) Тауық ұша алмайды. Не ұша алмайды?—тауық (бастауыш).Тауық не
ете алмайды?—ұша алмайды (баяндауыш).
4)Ақын айта беріпті. Кім айта беріпті?—ақын (бастауыш),айта
беріпті (баяндауыш).
Екінші – баяндауыш болатын сын есім. Қыс жақсы. Мал семіз. Ел
тоқ. Не жақсы? - қыс. Не семіз?—мал. Кім тоқ?—ел—бастауыштар,
баяндауыш болатын сөз, әуелі, ішкі белгісімен келу үшін бастауыш атаған
нәрсенің, яғни қыстың, малдың,баяндауыштың тысқа белгісі болған сұрауларға
жауап беру керек. Қалай болар екен, қарайық:
1-ші сөйлем: Қыс жақсы. Қыс қалай?-жақсы.
2-ші сөйлем : Мал семіз. Мал қалай?-семіз.
3-ші сөйлем: Ел тоқ. Ел қалай?-тоқ.
Мұнда жақсы, семіз, тоқ деген сөздер қыстың малдың, елдің жай-
күйін көрсетіп тұр.
Ол баяндауыштың ішкі-тысқы белгісі бірдей осы сөздерге
келгенін көрсетеді. Сондықтан бұл сөздер баяндауыш болады. Жақсы, семіз,
тоқ деген сөздер сын есімдер.
Үшінші-баяндауыш болады зат есім. Мысалы: Ат-көлік. Атшы-кісі. Қамшы
-қару, не көлік?-ат. Кім кісі?-атшы. Не қару?—қамшы. Ат, атшы, қамшы
бастауыштар. Баяндауыш болатын сөзде оның ішкі-тысқы белгілері болу керек.
Ат немене?—көлік. Атшы немене?—кісі. Қамшы немене?—қару. Көлік, кісі,
қару деген сөздер аттың, атшының, қамшының немене болатын болмысын айтып
тұр. Сонықтан бұлар баяндауыштың ішкі белгісіне тура келеді.
Көлік, кісі, қару деген сөздер немене? деген баяндауыштың
сұрауына да жауап беріп тұр. Бұл тысқы белгісіне тура келгені,
баяндауыштың, ішкі ,тысқы белгісіне бірдей келген соң, бұл сөздер, әрине,
баяндауыш болмақ.
Көлік, кісі, қару—зат есімдер.
Төртінші—бастауыш болатын сан есім. Мысалы: Ер кезегі үш. Не үш?—ер
кезегі. Ер кезегі деген сөз бастауыш.
Баяндауыш болатын сөзде оның ішкі-тысқы белгілері болу керек. Ер
кезегі немене?—үш. Үш деген сөз ер кезегінің немене болатынын айтып тұр.
Болмысын айтып тұрған соң, бұл сөз баяндауыш болмақ (ішкі белгісі бойынша).
Үш деген сөз немене? деген баяндауыштың сұрауына жауап беріп тұр.
Бұл тысқы белгісінің де осы сөзден табылғанын көрсетеді. Ішкі-тысқы белгісі
келгені үш деген сөз баяндауыш болғанын көрсетеді. Үш деген сөз сан
есім.
Бесінші—баяндауыш болатын есімдік. Мысалы: Медеуі—мен, Омары—ол,
Өтегені - өзі. Мен кім?—Медеуі. Ол кім?—Омары. Өзі кім? - Өтегені. Медеуі,
Омары, Өтегені деген сөздер бастауыштар. Баяндауыш болатын сөзде ішкі-тысқы
баяндауыш белгісі бұларға тиіс.
Медеуі қайсы?—мен. Омары қайсы?—ол. Өтегені қайсы? - өзі. Мен, ол, өзі
деген сөздер Медеуінің, Омарының, Өтегенінің кім болатындығын айтып тұр.
Болмысын айтып тұрған соң, бұл сөздер баяндауыш болады.
Оның үстіне мен, ол, өзі деген сөздер қайсы? деген баяндауыш
сұрауына жауап беріп тұр.
Ішкі-тысқы белгісі бірдей келген соң, бұл сөздер, әрине, баяндауыш
болады. Мен, ол, өзі деген сөздер есімдіктер.
Алтыншы –етістікпен қосыла одағай және басқа сөздер баяндауыш
болады. Мысалы: Мылтық тарс етті. От жылт етті. Күн жаз болды. Ет аз болды.
Беретіні бес екен. Не тарс етті?—мылтық. Не жылт етті?—от. Не жаз
болды?—күн. Не аз болды?—ет. Бес несі екен?—беретіні.
Мылтық: от, күн, ет, беретіні деген сөздер—бастауыштар.
Баяндауыш болатын сөзде ішкі-тысқы баяндауыш белгісі оларға керек.
Мылтық не етті?—тарс етті, от не етті?—жылт етті. Күн қайтты?—жаз болды, ет
қайтты?—аз болды. Беретіні не екен?—бес екен. Тарс етті, жылт етті, жаз
болды, аз болды, бес екен деген сөздер мылтықтың, оттың, күннің, еттің,
беретінінің амалдарын, жайларын, болмыстарын айтып отыр. Онымен тұрмай жаңа
да баяндауыш сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан ол сөздер баяндауыш
болады. Тарс етті дегенде, тарс—одағай, етті—етістік. Жылт етті
дегенде, жылт—одағай, етті—етістік. Жаз болды дегенде жаз—зат есім,
болды—етістік. Бес екен дегенде, бес—сан есім, екен—етістік. Мұнан
көрініп тұр: бәрінде де түрлі сөздер етістікке қосылып, баяндауыш болып
шыққаны. Осындай екі сөзден, үш сөзден, әйтеуір, бір емес, бірнеше сөзден
қосылып болған баяндауыш қосарлы немесе күрделі деп аталатыны жоғарыда
айтылған.
Жетінші—баяндауыш болады—бүтін сөйлем. Мысалы: Білемін деген
(бастауыш). Білемін деген немене?—білемін (баяндауыш). Бұл тысқы
белгісімен табу. Ішкі белгісімен қарайық: мұнда не жайынан айтылып
тұр?—білемін дегеннің жайынан.
Бұл айтылған мысалда бастауыш та, баяндауыш та бүтін
сөйлемнен болған. Баяндауыш бастауышқа жақтарымен ғана жанасып,
қиындасады. Мысалы; мен кітап оқыдым, сен жазу жаздың. Ол шай
қайнатты. Мұнда әр жақ өз жағымен жанасып, қиындасып тұр.
Мен кітап оқыды, сен жазу жазды, ол шай қайнаттым, шай
қайнаттың деп айтылмайды. Сөйлем ішіндегі сөздер қиындаспай кетеді.
Мұндай әр жақ өз жағымен жанасу жалғыз етістіктен болған
баяндауышта емес, басқа сөз таптарынан болған баяндауышта да
бар.
Мысалы; мен жаспын, сен жассың, ол жас, біз жаспыз,
сіз жассыз, басқалары жаңа солай. Бірақ да, де демеуліктер
қосылғанда, бұл ымыра бұзылып, да айтылады.
Мысалы; мен де жас, сен де жас, ол да жас, біз де
жас, сіз де жас, олар да жас деп айтуға да болады.
Етістіктен болған баяндауыштардағы ымыра да, де демеулер
қосылса да бұзылмайды.
Баяндауыш жекелік, көптік жүзінен де ымыраласады. Бірақ ол
ымырасы толық емес, тұрақты емес. Мысалы; мен барамын, сен
барасың, ол барады, біз барамыз, сіз барасыз немесе сендер
барасыңдар. Олар барады (барадылар орныны барады болып тұр). Мен
саумын, сен саусың, ол сау, біз саумыз, сіз саусыз немесе сендер
саусыңдар, олар сау (саулар орнына сау ғана болып тұр).
Мұнан не көрініп тұр? Жекелік, көптік жүзінен бірінші жақтарында
баяндауыш бастауышпен ымыраласып, үшінші жаққа келгенде, көпше
айтылмай, ымырадан шығып кететіні көрініп тұр.
Сөйтіп, баяндауыш бастауышпен жеке айтылғанда, үш жағымен
ымыраласып, көпше айтылғанда, үшінші жағымен ымыраласпайтын болып
шығады.
Х. Басымов: баяндауыш мүше шығаратын мағынасы жағынан
бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын, не екендігін айқын
білдіреді - дейді (2).
І.Бәйтенов: а) қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе етістіктен
кейін тұрған сөзді баяндауыш - дейміз, ә) сөйлемнің ішіндегі
барлық сөздің түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді баяндауыш
дейміз, б) бастауыштың күйін, жайын, қимылын көрсетіп тұрған
сөз баяндауыш болады,- деп талдайды (2).
С. Аманжолов: бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі
ойды тиянақтайтын сөйлемнің мүшесін баяндауыш дейміз және
бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп
айтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз,-дейді (3)
М.Балақаев: бастауыштың жайын, ісін білдіретін сөйлем мүшесі
десе, (4) Х.Арғынов: баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, күйін,
заттың сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді,--
деген тұжырым айтады (5).
Р.Әміров: Предикативтілік іс-әрекетті, сапаны білдіретін
сөйлем мүшесін айтамыз десе, М.Серғалиев: бастауыштың іс-әрекетін,
қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем мүшесі деп қорытады. Ал,
Ә.Нұрмаханова: Ол бастауышпен предикаттық байланысқа түскен, оның
қимылын, іс-әрекетін, күйін білдіреді,- дейді. Сол сияқты кейбір
түркітанушы-ғалымдардың да баяндауыш туралы мына пікірлерін
келтірейік: Н.К. Дыренкова: баяндауыштың бастауыштың әрекетін, амалын
білдіретін сөйлем мүшесі, Н.А.Кононов: баяндауыш грамматикалық
жағынан бастауышқа бағынышты екі құрамды сөйлемнің бас мүшесі;
А.Жапаров: сөйлем бастауышына грамматикалық жағынан бағынышты
болып, оның қимыл-әрекетін, амалын, кім екендігін, белгісі мен сан
ретін тағы солар сияқты қасиетін баяндап тұрған бас мүшесінің
бірі—деген тұжырым жасаған. (6).
Баяндауышқа байланысты бұдан басқа да ережелерді беруге болады.
Біз енді осы ережелердегі көтерілген мәселелер, олардың қайсысына
өзіндік пікір айтуға болатынына назар аударайық:
Ең алдымен, осы ережелер бойынша нендей шарттар барын
көрейік: 1. Баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі
екендігі;
2. Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтап тұратындығы;
3. Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді дегенді
әр автор әр түрлі айтады: а) ісін, қимылын; ә) оған қоса жайын-
күйін, заттың сындық сапасын, мөлшерін, мекенін, мезгілін; б) іс-
әрекеттің сапасын; в) қасиетін, г) амалын, д) кім екенгдігін,
белгісі мен сапа ретін; т.б.
4. Баяндауыштың бастауышпен жақ, жекеше, көпше түрде үйлесуі;
5.Предикативтілік білдіруі;
6. Олардың екі құрамда болатындығына байланысты;
7. Сөйлемнің бас мүшесі екендігі;
Бастауышты сөйлемдегі негізгі ойға ие екендігіне дау болмаса
керек. Сондай сөйлем мүшесіне баяндауыштың бағынышты болуы оның негізгі
қасиеті де. Сондықтан бастауышқа баяндауышты бағынышты деген пікір-
дұрыс пікір.
Баяндауышсыз жалпы (атаулы сөйлем болмаса) сөйлем
құралмаса керек. Баяндауыш қай сөз табынан болмасын бәрібір
сөйлемді тиянақтау жағынан, оны сөйлем дәрежесіне жеткізу жағынан
қандай тұлғада, қай орында келуіне қарамастан басты тұлға.
Дегенмен, сөйлемді тиянақтау жағынан баяндауыш басқа сөйлем
мүшелерінен жеке дараланады.
Баяндауыш бастауышқа бағынышты бола отырып, оның әр түрлі
қасиетін көрсететіндігі туралы пікір әр қилы. Соның бәрін
жинақтай келгенде, баяндауыш бастауыштың жоғарыдағыдай қасиетін
көрсетеді деп білеміз.
Әрине, баяндауыштың, бастауыштың мұндай қасиетін көрсетуі, шындап
келгенде, ол оның қай сөз табынан жасалатындығы да айқындай
түссе керек.
Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанымен, бәрібір
бастауыштың
әр түрлі қасиетін айқындауда басты тұлға.
Бір етістіктен болған баяндауыштар бастауыштың ісін,
қимылын, іс-әрекетін, жайын, күйін, амалын, т.б. білдіреді. Түптеп
келгенде, осылардың бәрі қимылға қатысты айтылатын сөздер.
Осылардың ішінде етістік баяндауышқа тікелей қатысты, яғни етістіктен
болған баяндауыш туралы ісін, қимылын, іс-әрекетін деген
сөздер нақты дәлелдесе керек. Ал жайын, күйін, амалын сияқты
сөздерді қолдану мәселесі абстрактылау ма деген пікірге
келеміз. Баяндауыш ережесіне жайын, күйін, т.б., сөздерді қолдану
мағыналық та, стильдік те жағынан келе бермесе керек. Зат есімнің
баяндауыш болуы арқылы бастауыштың кім, не екендігін, заттың
мекенін, т.б. білдіреді дейтін де сөздерді кездестіреміз. Әрине
зат есімнен болған баяндауыштардың мағыналық қасиеті түрліше.
Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдердің қолданылуына
байланысты.
Сын есім, сан есімдерге қатысты сындық, сапалық
қасиетін, санын, мөлшерін, сапа-ретін сияқты сөздердің ішінен
сапасын, санын деп қана айтып, нақтылы көрсету орынды сияқты.
Осы ережелердегі амалын, мезгілін деген сөздер туралы ойлану
керек. Сөйлемде қай сөз таптары амалды білдіріп, баяндауыш
бола беруі онша келе бермесе керек. Амалды білдіру қимылға
қатысты сөздерде ғана болуы тиіс емес пе? Олай болса, бұл
мағыналық сөздер де баяндауыш болуы туралы айту әзірге орынды
болмаса керек.
Ал мезгілді білдіру арқылы баяндауыш болу үстеу, сөз
табына ғана байланысты.Әрине, зат есімдер де септеліп келіп
те мезгілді білдіреді. Мысалы; Жасымда ғылым бар деп
ескермедім дегендегі, жасымдағысы мезгілді білдіріп,
пысықтауыш болып тұрғанымен, тұлғалардың ондай мағыналарда баяндауыш
болуы әзірше қалыптаса қойған жоқ сияқты. Сонда мезгілдік мағынаны
білдіретін үстеуден басқа сөздер баяндауыш болып кетуі
қиын. Баяндауыш бастауыштың мезгілдік білдіруі тек үстеуге
қатысты деп ойлайтын боламыз. Бірақ, жоғарыда айтылғандай,
үстеулердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы қазіргі әдеби тілде
соңғы кездің жемісі деп білеміз.
Кейбір ережелерде ғана бастауыштың баяндауышпен жақ,
жекеше, көпше түрде қиысуы да сөзге тиек болады. Негізінде
барлық тілде де бастауыш пен баяндауыш айтылуы тиіс. Әр
түрлі болғанымен, алайда олар үшін бұл қасиет негізгі мәселе.
Дегенмен, бастауыш пен баяндауыштың бұл ерекшелігін ереже
құрамында қараудың мына жайттарда байланысты демекпіз.

Бұл біріншіден, тек бастауышқа ғана қатысты емес, екі
бас мүшенің бірлігі негізінде ғана арнайы сөз болуы керек. Осы
себепті де екі сөйлем мүшесін толық етіп болғаннан кейін бастауыш
пен баяндауыштың байланысы дейтін өз алдына арнайы тақырыпты барлық
әдебиеттен орын алуы да оны дәлелдесе керек.
Сол сияқты кейбір ережелерде баяндауыш екі құрамды болатындығы
да айтылып отырады. Ереженің ішінде ол мәселені айтпағанның өзінде
де сөйлемнің тұрлаулы немесе екі құрамды деп айту олар
үшін негізгі қасиеті емес пе ? Ол үшін ережені
күрделендірудің онша реті келіп тұрған жоқ. Осыған қоса
предикативтілік және сөйлемнің бас мүшесі туралы да осыны
айтуға болады. Сонымен баяндауыштың ережесі нендей нәрселерді
қамту керек деген мәселе төңірегінде былай деп айтуға болатын
сияқты. Біріншіден, баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем
мүшесі екендігі; екіншіден, сөйлемді біршама тиянақтап тұруы;
сөйлемді сөйлем етудегі баяндауыштың қызметі ерекше аталуы;
үшіншіден, баяндауыш бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, кім ,
не екенін, заттық қасиеті, мекені, сапасы , саны ,т.б. қасиеттерін
айқындауы.
Сонымен, баяндауыш бастауышқа бағынып, оның қимылын, іс-
әрекетін, кім, не екенін, заттық, мекендік, сындық, сандық
қасиенттерін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.
Әрбір сөйлем мүшесіне тән өзіндік қасиеттері бар.
Баяндауышқа да қатысты негізгі мәселелер—баяндауыштың сұраулар,
баяндауыштық тұлға, баяндауыштың жасалуы мен түрлері, т.б.
Енді олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
I.2 Баяндауыштың сұраулары. Баяндауыштың негізі бір
мәселесі оның сұраулары. Баяндауыштың сұраулары туралы зерттеу
барысында мынаны байқадық: біріншіден, А.Н.Кононов, Н.К Дмитриев,
сол сияқты қазақ тілінің ғалымдары Н.Сауранбаев, Р.Әміров,
А.Нұрмахановалардың еңбектерінде жалпы баяндауыштың сұраулары
сөз болмайды. Екіншіден, баяндауыштың сұрауларын жан-жақты
көрсете алмайды. Соған қарамастан қазақ тіл біліміндегі
баяндауыштың сұрауларының берілу дәрежесін көрсетуге болады.
А.Байтұрсынов: не етпек? не қылмақ? қай етпек? Не
болмақ? Нешік? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі? Қайсы?
С.Аманжолов: не қылдың? Кім? Не ? қандай? Нендей?
Қанша? Неше? Не еткен? Не қылған? Қайда? Неде?
Х.Арғынов: не істеді? Не болды? Не етеді? Қайтеді?
Кім? Не? Қанша? Қайда? Қашан?
М.Серғалиев: Қайтті? Не қылды? Не қылады? Не қылмақ?
қылам? Не етеміз? Не істейміз? Неше? Қанша? Қаншасы? Кімі?
Несі?
Ғ.Әбуханов: не қылды? Не істеді? Не қылады? Қандай?
Қанша? Неше? Нешінші? Кім? Не?
Міне, осы сұрақтардың өзінен бірнеше құбылысты байқауға
болады, біріншіден, етістікті әрі есімді баяндауыштың сұраулары
түгел емес.
Екіншіден, бір сұраудың бірнеше нұсқасын беріп,
сұраулардың аясын кеңейтіп жібереді. Үшіншіден, барлық
сұраулар әуелі тілдік жағынан келе бермейді (қай етпек?).
Төртіншіден, тәуелдік жалғаулы сұраулардың көбіне үшінші жақтағы
түрі алынады да, бірінші, екінші жақ сұраулары ескерілмейді.
Бесіншіден, сұраулардың көбіне дара түрі сөз болады да, көптік
жағы ескеріле бермейді. Алтыншыдан, септік жалғауларының ішінде
тек жатыс септігі ғана ескерілген. Жалпы, сұрауларды
морфологиялық, синтаксистік те жағынан қарастыру орынды сияқты.
Морфологиялық еңбектердегі есімдік сөз табындағы
сұраулар құрамына қарай дара болып келеді. Сол дара сұраулар
зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу сөз таптарына тән
болып келсе, ал етістік сөз табының сұраулары сол дара сөз
таптарына екінші бір етістік сөздердің қосылуы арқылы күрделі
болып, етістіктің не қылды? Не істеді? т.б. сұраулары етістіктің
түрлі тұлғаларында келе беретіні айқын. Сонда ондай күрделі
сұраулардың бірінші сыңарлары көбіне не? Есімдігі болып қана
келетін сияқты да, екінші сыңарларының ең негізгі істеді етістігі
болып табылады. Сонда етістіктің сұраулары әрі есімнің де, әрі
етістіктің де элементтері арқылы құралады. Сонымен морфологиялық
сұраулар құрамына қарай дара да, күрделі де бола береді екен.

А.Байтұрсынов баяндауыштық сұраулардың құрамында не
есімдігімен бірге қай есімдігіне е көмекші етістігінің де
қосақталуын бірге ала келіп, ол көмекші етістіктің есімше
тұлғасы арқылы қай етпек? деген сұрауды бір қосып көрсетеді.
Әрине, бұл сұрау соңғы кезде онша қолдау таппағанын көреміз.
Сұраулардың осы сияқты құрамды түрлері синтаксисте де
қолданылады. Сұраулардың морфологияда қолданылуына қарағанда
синтаксисте қолданылуында өзіндік ерекшелігі бар. Бұл арада біз
тек етістіктердің немесе синтаксистік баяндауыштың сұрауларын
ғана арнайы сөз етпекпіз.
Жалпы алғанда, етістіктің де, баяндауыштың да
сұраулары бір екендігі айқын. Мұндай құбылыстың тек қазақ
тілінде ғана емес, орыс т.б. тілдерде де осы іспетті, бірақ
баяндауыштың сұраулары, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы
кейбір ойларды ортаға салуды жөн көрдік. Орыс тілінде
баяндауыштық сұраулардың ең негізгісі ретінде қарастыратыны что
делает? сұрау туралы. Орыс тіліндегі что делает? сұрауын

Л.Д. Чеснокова грамматикалық жағынан тұрақты тіркесті қалыпқа
ие болған деп берсе, А.И. Зарецкий ондай сұраулар есімдік пен етістіктің
тіркесі арқылы жасалған, сондықтан да оларды етістікті есімдік немесе
местоимение – глагол деп өзінше атауды ұсынады (7).
I.3. Баяндауыштың жасалу жолдары, түрлері. Барлық
түркітану және қазақ тіл білімінде арнайы түрде сөз болатын негізгі мәселе-
баяндауыштың жасалу жолдары. Баяндауыштың ережесі, тұлғалы, сұраулы, т.б.
мәселелерінің барлығы, негізінде, жасалу жолдарымен тығыз байланысты.
Сондықтан оның жасалуы әр түрлі айтылады. Дегенмен , негізгі пікір мынаған
келіп тіреледі: Біріншіден , баяндауыш қызметінде сөз болатын сөз
таптары—етістік пен есімдер тобы. Кейбір еңбектерде баяндауыштың жасалуында
етістіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуының айта келіп, оның ішінде
есімшенің де баяндауыш болуын арнайы бөліп көрсетеді. (А.Байтұрсынов.) Ал,
Е.И.Убрятова етістіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы туралы айта келіп
етістіктер тек сөйлемнің соңында жұмсалып қана баяндауыш болады деп ерекше
атап кетеді. Жалпы алғанда, етістіктер мен есімдердің баяндауыш қызметінде
жұмсалуы туралы кейбір ерекшеліктер айтылғанымен баяндауыштың жасалуындағы
бұл сөз таптары басты фактор. Сөз таптарының ішінде баяндауыш қызметінде
есімдік, үстеу кейбір көмекші сөздер туралы түрліше көзқарастарды байқауға
болады. А. Байтұрсынов баяндауыштың жасалуын жан-жақты айта келіп, кейде
автор есімдік, одағайлар да баяндауыштар болады деп көрсетсе, Е. Убрятова
тек сұрау есімдіктері ғана баяндауыш болады дейді (8).
Зерттей келгенде, есімдіктер де басқа есімдер сияқты баяндауыш
қызметінде жұмсала береді. Ондай кезде есімдіктердің тек сұрау есімдіктері
ғана емес, оның басқа да түрлері ретіне қарай жұмсала береді. Сондықтан да
баяндауыш қызметінде есімдер жұмсалады дегенде есімдіктерді де сол дәрежеде
түсіну керек. Әсіресе, баяндауыштың жасалуында әр түрлі пікір айтылып
жүрген сөз табы - үстеу. Үстеу табиғатында мезгілді мекенді білдіріп,
арнайы пысықтауыш болатын сөз табы. Дегенмен осы күнгі әдебиеттерде
үстеулер де баяндауыш қызметінде жұмсалады. Бұл туралы алғашқы пікірді С.
Аманжолов айтса Е. Убрятова, Н. Сауранбаев, К. Аханов , М. Серғалиев та
қолдайды. Үстеудің осы сияқты қызметі туралы қарақалпақ тілінің авторлары
да жақтайды. Жалпы алғандада, үстеулердің қазіргі кездегі қолданылу аясы
жан-жақты кеңейгендігін көреміз. Бұрын үстеулер морфолгиялық жағынан
өзгермейтін сөз табы делініп келсе, енді меңгеріле, қиыса да байланысатын
дәрежеге ие болды. Оның үстіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары қызметінде
етістік, есімдер мол қолданылатын болса, әзірше үстеу туралы осыны айтуға
болады. Бұған қарағанда, үстеулердің түбінде баяндауыш қызметінде жұмсалуы
активті процесс болуы тиіс дейміз. Баяндауыштың жасалуында С. Аманжолов
шылауларды да ескертіп кетеді. Әрине, шылаулардың дербес мағынасы жоқтығы
соған сәйкес олардың дербес сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала алмайтындығы
айқын. Дегенмен автордың бұл пікірін де теріске шығаруға болмайды. Шылаулар
өзі сөйлем мүшесі болмағанымен, басқа сөздердің жетегінде келіп, сол
тобымен сөйлем мүшесі, соның ішінде баяндауыш та бола беретіні дәлелденіп
отыр. Тіпті, тек шылаулы түйдекті тіркес қана емес, негізгі сөздер мен
көмекші есім, көмекші етістік және модаль сөздердің түйдекті тіркесі де
баяндауыш болуы айқын дәлелденіп отыр. Сонымен негізгі сөз бен түйдекті
тіркес құрайтын көмекші сөздер баяндауыш жасаудың негізгі бір жолы.
Әдетте сөйлем мүшелері сөйлемнің негізгі элементі дейміз де, сөйлемнің
ішкі бөлшектерін сөйлем мүшелеріне талдаумен шектелеміз. Зерттей келгенде,
енді сөйлемдердің өздері де ретіне қарай сөйлем мүшелері болатынын
уақытысында А. Байтұрсынов алғаш көрсетуші болды. Бұл 1920-1925 жылдарғы
алғашқы сөз болған мәселе - қазіргі кезде едәуір мол қолданысқа ие болды.
Қазіргі кезде сөйлемді таза және түрлі көмекші етістіктер арқылы да
баяндауыш болуы тілімізде жиі ұшырайды. Сол сияқты баяндауыш қызметінде
жұмсалуға тиісті категорияның бірі—тұрақты тіркестер. Олар сөйлемді
тиянақтай келе сөйлемнің баяндауышы болуы тілімізде жиі ұшырайды. Тіпті,
баяндауыш қызметінде жеке дыбыстар да қолданылатыны дәлелденіп отыр.
Сонымен баяндауыш, оның жасалуын мына топ арқылы көрсетуге болады:
Дербес мағынасы бар сөз топтарының қатысы арқылы жасалуы;
Негізгі сөз бен көмекші сөздер (көмекші етістік, көмекші есім, модаль
сөздер мен шылаулар);
Тұрақты тіркестер арқылы;
Сөйлемнің сөйлем мүшесі болуы арқылы;
- нікі, -дікі қосымшасы арқылы;
Жеке дыбысты сөйлем мүшелері арқылы.
Баяндауыштың түрлері. Түркітану және қазақ тіл білімінде де
баяндауыштардың негізгі бір сөз болатын мәселесі - олардың түрлері. Бірақ
баяндауыштың түрлерін айқындауда негізінен түрліше көзқарасты көруге
болады.
А. П. Поцелуевский баяндауыштың әрі есім, әрі етістіктерден жасалуын
айта келіп, оларды сөз таптарының ыңғайында топтаудан гөрі сөйлемнің
түрлеріне қарай, яғни етістікті де , есімді де сөйлемді құрауына сәйкес
есімді сөйлем және етістікті сөйлем деп топтауды ұсынады. Ал басқа
еңбектердің бәрінде де негізінен баяндауыштың түрлерін сөз таптарының
ыңғайында топтастырған. (9).
А. Н. Кононов, Н. Сауранбаев, қарақалпақ тілінің мамандары есімді,
етістікті баяндауыш түрін көрсетсе, С. Аманжолов Асанның келгені жақсы
болды дегендегі баяндауышты аралас баяндауыш деп береді. Ол 1940 жылғы
еңбегінде етістікті баяндауышты арнайы көрсеткенімен, есімді баяндауышты
арнайы айтпайды, бірақ құрамы баяндауыш деген терминді енгізеді (10).
М. Балақаев 1949 жылғы мектеп грамматикасы мен 1954 жылғы академиялық
грамматикада баяндауышты есімді және етістікті деп берсе, 1971 жылғы
еңбегінде құрама баяндауышты қоса береді (11).
Сонымен, баяндауыштарда түрлері жағынан онша алшақтық жоқ. Бірақ кейбір
ғалымдар баяндауыштарды есімді, етістікті және құрамы түрлерімен бірге
арнайы түрде бар, жоқ сөздерінің де баяндауыш болуын көрсетіп отырады.
Сонда бұл екі сөзді баяндауыштардың қай сөз табына тәндігі басы ашылмайды.
Оның өзі ондай сөздердің қай сөз таптарына тән деген мәселесімен ұштасып
жатса керек. Осы іспетті рас, қажет, керек, т.б. сөздер қатысты
баяндауыштардың да қай топқа қатысы тіпті ескерілмейді де. Мысалы: Айып
менде екені рас. Бұл кітаптардан алған хабардың бәрі қазір аттанатын
жолаушы үшін керек. Сонымен баяндауыштарды қай сөз таптарынан жасалуына
қарай есімді, етістікті және құрама баяндауыштар деп бөлуін қолдай келе
сонымен бірге олардың әр тобындағы кейбір ерекшеліктерге де назар аударуды
жөн деп білеміз. Етістікті баяндауыштардың өзі дара және күрделі болып
бөлінетіндігі белгілі. Осы екі жағдайда да баяндауыштар таза етістіктерден
ғана жасалады да, олардың дара мен күрделі түрінің айырмашылығы сөз соңында
келтіріледі. Екіншіден күрделі етістікті баяндауыштардың құрамында да
негізгі немесе арнайы көмекші етістіктер, не ретіне қарай негізгі
етістіктер де қатысатыны айқын. Мысалы: оқып отыр, оқып жатыр, оқып еді,
құбылып кету, қуып жету. Сонда күрделі етістіктердің құрамында қалай да
арнайы көмекші етістіктер, отыр, тұр, жатыр, тұр ауыспалы мағыналы және
негізгі етістіктер ғана болатыны айқын.
Есімшенің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Есімшенің морфологиялық
өзгерісінің молдығына сәйкес ол синтаксистік қызметке де бай екені айқын.
Әрине, есімше етістіктің басқа категорияларына қарағанда барлық сөйлем
мүшесі бола береді. Соның ішінде есімшелердің баяндауыш болатыны да
айтылады, бірақ есімшенің баяндауыш қызметінде жұмсалуы оның басқа да
сөйлем мүшелері болуына қарағанда жан- жақты айқындалмайды. Есімшенің
синтаксистік қызметі туралы еңбектерде есімше де баяндауыш қызметінде
жүмсалады деп бір – ақ сөзбен айтып өте шығады.
Есімшелер баяндауыш қызметінде жұмсалған кезде әрі етістікті тұлға да
есімдерде түрленуі арқылы жұмсала береді. Есімшелердің ішінде баяндауыш
қызметінде -ған, -ген, -ар, -ер, -р, -атын, -етін, -итін жұрнақты түрлері
жұмсалады. Мысалы: Үстінен қыс киімінің бірі – қалың күпіні тастамаған.
Қимыл есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Етістіктердің ішінде
баяндауыш қызметінде жұмсалуы жағынан өте аз айтылатыны - қимыл есім.
Қазіргі ғылыми еңбектердегі қимыл есімдердің баяндауыш болуы тек -у жұрнағы
арқылы ғана жұмсалатындығы ескеріледі ал жиналған материалдарға қарағанда
қимыл есімі баяндауыштар дара да, күрделі түрде жасалып, оның өзінің
әрқайсысының іштей бірнеше жасалу жолдарын да көруге болады. Қимыл есімді
баяндауыштардың тұлғалық түрлерінің әр түрлі болуы оларға түрлі жалғаулар,
көмекші сөздердің жалғануы болса, екіншіден, қимыл есімдерінің септелу
дәрежесіне де байланысты.
Қимыл есімдері таза түрінде келуі арқылы баяндауыш болуын да
негізінде түбір етістікке тікелей немесе -у жұрнағы түбір етістікке
тікелей немесе түрлі етістіктердің де басқа жұрнақты түрлеріне де жалғана
береді. Мысалы: Күн тәртібіндегі мәселе егіс жоспарын өсіру. Мұндағы басты
мақсат - тиімді тәсіл- сүтті күбідей шайқап май шығаруы. Кейде қимыл
есімдері тәуелденіп барып та жұмсала береді: Барлық істе дерлік ең қиыны -
басталуы. Аузың кенердей болып, қара басып отыруың .
Қимыл есімді етістіктер септеліп келіп те баяндауыш болады. Ондай кезде
олар дара күйінде алынып, жатыс септігінде ғана келеді. Мысалы: Жергілікті
қазақ жылқысы түбірінен жақсарды және жақсаруда. Қасқыр аяқтарын серпіп
жанталасуда.
Қимыл есімді баяндауыштар күрделі түрде де жұмсалады. Ондай кезде қимыл
есімдер негізгі мағынаға ие болып олар таза қимыл есімді, не тәуелденіп, не
септік жалғаулары арқылы кейде түрлі жұрнақтар арқылы келеді де, оған түрлі
көмекші сөздер көмекші қызметте жұмсалады.
Таза қимыл есімді баяндауышқа көмекші сөздердің тіркесуі арқылы
баяндауыш жасалуында өзіндік ерекшелік бар. Егер көсемше, есімшелер күрделі
баяндауыш қызметінде жұмсалғанда оларды күрделендіруші негізінен көмекші
етістіктер болса, ал қимыл есімді күрделі баяндауыш кезінде алдымен
модаль сөздер көп жұмсалады да, одан кейін барып көмекші етістіктер келе
береді. Мысалы: Сылтау табылды. Енді осыны пайдалану керек. Сол жайлы
отынға жеткенше, Айгүлдің әні үзілмеу керек.
Қимыл есімді күрделі баяндауыштардың бірінші сыңарлары көбіне барыс,
кейде көмектес жалғауында келеді де, ал оларды күрделендіруші етістіктер
әдеттегідей өз мағынасы бар етістіктер болып келеді.
Шартты райлы етістіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Әдетте шартты
райлы баяндауыш сабақтас құрмалас сөйлемде ғана жұмсалады делініп келеді.
Шынында, ол дұрыс та . Оның олай болу себебі шартты райлы етістіктерде
тиянақтылық болмауынан. Осы қасиетіне сай олар құрмалас сөйлемнің басыңқы
және әдеттегі жай сөйлемде қолданылмайды. Бірақ тіл үнемі даму процесінде
болатыны белгілі. Сондай даму немесе әдеттегі сөйлемдерді тиянақтау шартты
райлы етістіктерге де тән құбылыс болу кейінгі кездің жемісі. Шартты райлы
етістіктердің баяндауыш болуының бірнеше тәсілі бар. Соның бірі шартты
райлы етістіктермен таза күйде келіп жұмсалуы болып табылады. Мысалы:
Әйелге ердің шашы ағарғаны, бетінің әжімденгені есеп емес. Етістіктердің
негізгі сыңары көсемше тұлғалы етістік, яғни негізгі мән өртеу етістігінде
белгілі.
Шартты райлы етістіктер сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы ретінде
жіктеліп те жұмсала беретіні белгілі. Ондай тұлғада олар қалайда бағыныңқы
сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалғанымен кейде мұндай жалғаулардан соң
-шы, -ші жұрнағының қосылуы арқылы енді тиянақты баяндауыш қызметінде де
жұмсала алады.
Шартты райлы етістіктердің тиянақты баяндауыш қызметінде жұмсалуында
көмекші сөздердің қызметі ерекше. Тек көмекші етістік немесе модаль сөздер
тіркесіп жұмсалуы арқылы оларда тиянақтылық нақтылана түседі де, сол
тобымен күрделі баяндауыш ретінде жұмсала алады. Ондай күрделі баяндауыш
кезінде негізгі мағыналы шартты райлы етістіктерге таза күйінде және жіктік
жалғауларында да келуі арқылы жұмсала береді. Ал ондай кезде көмекші сөздер
дара немесе бірнеше көмекші етістіктерде бірлікте келе береді. Шартты райлы
ондай баяндауыштар көбіне жай немесе құрмалас сөйлемнің басыңқы
сыңарларында ғана жұмсалып қоймай, салалас сөйлемнің бірінші сыңарында да
жұмсала береді. Мысалы: Естімеген елде көп дейтін казақтың қанатты
сөзінің мән мағынасы осынау қилы-қилы өмірімізде адам айтса нанғысыз
құбылыс—оқиғалардың болып тұра беретіндігіне мегзесе керек. Ендеше, мен
неге тығыламын, - деді Шоқан. — Ауылға шапса дегенім ғой. Әбдірахман
мектепті бітіргенде дыбысы жер жарды. Өте зерек болған ғой, мұғалімдері де
мақтаса керек. Бір сөзді күллі жұртқа жайғың келсе, біздің үйдің көршісіне
ешкімге айтпа деп айтсаң болды, сол бойда алдыңнан шығады.
Етістіктің категорияларының аралас түрде баяндауыш қызметінде жұмсалуы.
Етістіктің дербес мағыналы тобы да, көмекші тобы да тілімізде мол
жұмсалғанымен, синтаксистік тек дербес мағыналы топтарында ғана болады
да, ал көмекші етістіктер өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайтыны белгілі.
Ал дербес мағыналы етістіктерге есімше, көсемше, қимыл есімі, шартты рай,
етістер тобы мен жақты білдіретін сөздер жататын болса, сол топтарының
ретіне қарай сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалуы сөз болғаны белгілі.
Сонда етістіктің сол категориялары жеке-жеке баяндауыш қызметінде мол
жұмсалатындығы және ондай кезде олардың модельдері де баршылық . Аралас
құрамды етістікті күрделі баяндауыштың негізгі сыңары көсемше де көмекші
сыңарлары есімше, қимыл есімі, етістер,
-нікі, -дікі жұрнақтары есімшелер т.б. жұрнақты сөздер де кездесе
береді. Сонымен бірге ондай кезде кейбір модаль сөздер мен демеуліктер де
кездесіп отырады.
а) Көсемше мен есімшеге көмекші етістіктердің тіркесі арқылы:
ә) Көсемше +дай жұрнақты есімшеге ондай кезде көмекші етістіктердің
тіркесуі арқылы:
б) Көсемше есімшеге модаль сөздердің тіркесуі арқылы:
в) Көсемшеге есімшеге жоқ сөзінің тіркесуі арқылы:
г) Көсемше мен тәуелдік жалғаулы есімшенің тіркесі арқылы:
д) Бірнеше көсемше мен тәуелдік жалғаулы есімшенің тіркесі арқылы:
з) Көсемшеге -мақ, -мек жұрнақты есімше, онан соң көмекші етістіктердің
тіркесі арқылы:
Көсемше мен қимыл есімнің тіркесі арқылы:
а) көсемше мен таза қимыл есімі немесе оның тәуелді жалғауы арқылы:
Мысалы: Хан иемнің ойы, солар жеткенше, керей мен уақты алдастырып ұстай
тұру.
ә) Көсемше мен қимыл есіміне модаль сөздердің тіркесі арқылы: Мысалы:
Оларды қайда қаңғыртып жіберу керек.
б) Бір не бірнеше көсемшеге барыс жалғаулар қимыл есімі және оған
көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Мысалы: Енді суық түскенде, кәрі
шешесін және Ұлжан қолындағы жас балаларын тоңдырып отыра беруге болмады.
Әрнеге бір бой ұрып, күш қуатты шаша беруге болмайды.

II тарау.Модаль баяндауштың жасалу жолдары

II.1. Қазақ тіліндегі модаль сөздер

Сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі сөйлеушінің
пікірін білдіретін сөздер модаль сөздер деп аталады. (пікірлеуіш сөздер
деуге де болады). Алдымен модаль деген сөзге түсінік берейік.
Лингвистикалық әдебиеттерде сондай-ақ соңғы кездегі басқа да кейбір
зерттеулер мен оқулықтарда қолданылып жүрген модальность термині орыс
сөзі емес. Ол латын тіліндегі modus (мера) деген сөзден алынған. Бұл
сөз латын тілінде грамматикалық термин (рай атауының ) орнына да
қолданылған (10).
Модаль сөздер тюркологияда өз алдына тек соңғы жылдар ішінде ғана
қолға алынып жүр. Мысалы Е.И. Убрятова, Н. А. Баскаков, Н.К.Дмитриев, А. Н.
Кононов якут, қарақалпақ, башқыр, түрік тілдері жайындағы монографиялық
және оқулық түріндегі зерттеулерінде оларды, яғни сөйлем мазмұны жөніндегі
сөйлеуші адамның пікірін білдіретін сөздерді жеке тақырыпша етіп алып өз
алдарына бөлек талдайды. Бұл сөздер сондай-ақ Қазіргі заман өзбек тілі
деп аталатын жоғары оқу орындарына арналған оқулықта да, қырғыз және
түрікмен тілдерінің грамматикаларында да осылай жеке параграф түрінде сөз
етіледі. Бұл еңбектерде де және С. Саидовтың, Ф.А Ангелидің,
Н.Г.Агазаденің, Н.К. Коцаревтің диссертациялық жұмыстарында да —
ешқайсысында да модаль сөздер өз алдына сөз табы ретінде қаралмайды.
Өйткені, олардың ішінде, Е. И. Убрятова айтқандай, өз алдына жеке толық
мағыналы сөздер де, көмекші сөздер мен кейбір шылаулар да, қыстырма сөздер
де – бәрі де үнемі аралас жүреді және сөз таптарына тән қасиет, негізгі
белгілер бұлардан (модаль сөздерден) байқалмайды. Оның үстіне тағы
модальділік категориясы жөніндегі түсінік те әлі басқа-басқа. Модаль сөздің
сондай-ақ саны қанша, көлемі қандай- бұл мәселе туралы да көзқарас әзір әр
түрлі.
Модаль сөздер есімді ( керек, қажет, тиіс, сияқты, сықылды, тәрізді,
секілді, мүмкін, бәлки, бәлкім, әрине, әлбетте, рас, анығынан, шамасы,
тәрізді) және етістікті (екен, шығар, болар, дейді, көрінеді, білем) деп
екіге бөлінеді. Бұлардың модальдылық сипаты бірдей емес. Әрине, мүмкін
сөзінің лексикалық мағынасының өзі әуелден модальды. Ал білем, көрінеді
т.б. сөздердің лексикалық мағынасының сыртында модальдылық та мағына бар.
Мыс: Мен оны жақсы білем. Бұл жерден ауыл анық көрінеді. Мұндағы білем,
көрінеді етістіктер өздерінің негізгі лексикалық мағынасында жұмсалған.
Мені оятқан сен білім, Кешегі обылысқа кеткендердің бірі Асқар көрінеді
дегендерде бұлар таза модальдылық мағына білдіріп тұр. Сондай-ақ қажет,
керек, мүмкін, рас модаль сөздерін де дәл осы тұрғыда алып қарауға болады.
Модаль сөздер сөйлемнің баяндауышының құрамында да жұмсалады. Кейбірі
қыстырма сөздердің қызметінде қолданылады.
Тіл білімінде модаль сөздер туралы біршама пікірлер айтылса да,
олардың барлық қасиеттері толық ашылып, тілдің грамматикасындағы орны толық
анықталған деуге болмайды. Егер қазіргі түркі тілдерінің (басқа тілдерден
де) материалы негізінде жазылған ғылыми еңбектер мен жоғары оқу орындары
үшін жазылған оқулықтарға көз салып қарасақ, бір топ ғалымдар модаль
сөздерді сөз табының қатарына қосса, екінші бір тобы -оларды жеке топ етіп
алады да, сөз табының қатарына қоспайды. Тіпті кейбіреулер модаль сөздерді
морфологияның аясынан шығарып, синтаксистік категория ретінде де қарауды
ұсынады. Біздің түсінгімізше кез-келген сөз мағына мен дыбысталудың
бірлігіне тұрады да, мағына түсінігі лексикалық мағынадан кеңірек
түсініледі. Сөзде әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағына болады да,
оларды топтастырғанда осы екі мағына есепке алынады. Сондықтан да біз сөз
табы дегенде лексика-грамматикалық категорияны түсінеміз. Егер модаль сөз,
сөз болып саналатын болса, онда ол морфологияық категория аясына еніп,
белгілі бір сөз табының құрамында қаралуы керек. Егер оны сөз табы деп
қарамасақ онда біздің сөздерді таптастыру принциптеріміздің жетілмегендігін
көрсетеді, тілді системалы категория деген пікірді мойындамағанымыз болып
саналады. Бірақ сөздерді таптастырудың шешілмей жатқан даулы мәселелері жоқ
емес. Сондай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзaқ тiлiндeгi бaяндaуыштың тaбиғaтын aшу
Баяндауыш.туралы
Құрама баяндауышты тұлға
Баяндауыштың жасалу жолдары
ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Баяндауыштың жасалу жолдары жайлы
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдер
Қазақ және моңғол тілдеріндегі сөйлем құрылысының ұқсастығы мен ерекшеліктері
Баяндауыштың жасалу жолдары жайында
Жақсыз сөйлем
Пәндер