Қазақ әдеби туындыларының аударылуы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақ әдеби туындыларының аударылуы

Орындаған : Тоқтарова Сая

Тексерген: Сабырбаева Р. Қ

Семей 2015 ж

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» және «Соңғы парыз» романдарының ағылшын тіліндегі аудармалары бар. Мамандардың айтуынша, шебер аудармашы Кэтрин Фитцпатрик тәржімалаған бұл кітаптар сонау мұхиттың арғы жағында Нью-Йорктың «Liberty» баспасынан шықты. Мұны белгілі қаламгерлер қазақ әдебиетінің үлкен жеңісі, жемісі ретінде бағалады. Расымен, әлемдегі бір миллиардқа жуық халық ағылшын тілінде сөйлеп, оқи алса, мұны әдебиетіміздің жеңісі демей көріңіз. Демек, енді осымен тоқтамай, аударма мәселесін мықтап қолға алуымыз керек. Соның ішінде, ұлтаралық қарым-қатынас тілі саналатын ағылшын тіліне әдеби жауһарларымызды аударуымыз шарт. Ең бастысы - бастауын алған істі әрі қарай жалғастыру. Сонда жалпақ әлем қазақ әдебиетін мойындайтын күн де келер, тіпті Нобель сыйлығы да ақын-жазушыларымыздың уысына түсер. Әдебиетіміздің алдыңғы буыны қазірде арамызда жүрген осы Әбдіжәміл Нұрпейісовтер. Ең алдымен Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин секілді алыптар тобының көзін көріп, ақылын тыңдаған олардың шығармаларын ағылшын тілінде аудару заңды да сияқты. Бірақ, тек қана бұл буынмен шектелуге болмайды. Олардың өкшесін басып, өткен ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдары қазақ әдебиетіне ұлы Мұхаңға «жыл келгендей жаңалықты сезіндірген» үлкен лек қосылды. Дүниеден өткендері бар, 60-70 жастың жотасынан асып, сексеннің сеңгіріне беттеп бара жатқандары бар, олардың атын атап, түсін түстейтін болсақ, Әкім Тарази, Қабдеш Жұмаділов, Мұхтар Мағауин, Төлен Әбдік болып жалғасып кете береді. әдебиетке Мархабат Байғұт, Смағұл Елубай, Қуандық Түменбай, Несіпбек Дәуітайұлы, Роза Мұқанова, Нұрғали Ораздардың буыны келді. Бұлар да осалдардың сойынан емес. Мысалы, осы буындағы Әлібек Асқаровтың «Қара аю» әңгімесін оқып, жылап-күлгеніміз бар. Өмірден ертерек өткен Марат Қабанбай мен Талаптан Ахметжанды да шетелдік оқырманға таныта алсақ, ғажап емес пе?! Аяқ астынан жазушы атанған британиялық Джоуан Роулингтің әлем балаларын жаулап алған «Гарри Поттерінен» біздің Мараттың «Жиһанкез Титиі» артық болмаса, кем емес.

«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» - қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т. б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды. Қазақ аудармасы ұлттық мәдениетіміздің, әдебиетіміз бен публицистикамыздың құрамдас бір саласы ретінде дамып отырған кезде оның теориясы, тарихы, жеке аударманьщ шеберлігі жайында келелі пікірлер айтыла бастады, жеке авторлардың монографиялык зерттеулері, жинақтар, мақалалар жарияланды. Аударманы зерттеу ісінде соңғы 30-40 жылдың ішінде елеулі Бір кезде В. Г. Белинский «Орыс тіліне аударылған шығарма брыс әдебиетінің туындысы» деген болатын. Аударма қызметінің ең басты мақсаты, Белинскийдні айтуынша, халықтардың бір-бірімен танысьш, өзара идеялар алмасуы, соған орай, әдебиеттерінің гүлденіп өсуі, ақыл-ой ерісінің үлгілері бір халық әдебиетініқ екінші халық тіліне аударылуына негізделеді.

Аударманың тарихын сөз еткенде оның өзі әрбір ұлттың әдебиет пен мәдениеттің құрамдас бөлігі болғандықтан, ізін де, дәстүрін де, даму дәрежесінің қандай сатыда болған да сол ұлттың әдебиеті мен мәдениетінің тарихынан іздеген дұрыс.

Демек, қазақ тіліне аударылған әдеби туынды-қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған дүниелік, ол казак, әдебиетінің төл туындысымен туыстас, үзеңгілес бола алады. Аударма әдебиет жеке бір жанр емес, ол - ана тіліміздегі әдебиетіміздің барлық жанрын қамтитын бея баласы, солардың ажырамас бір бөлігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдеби туындыларының аударылуы жайлы
Бердібек Соқпақбаев шығармаларының аударылуы
Аударма дәл аударма
Аударма жайында
Аудармашының шығармашылық шеберханасы
Әдеби мәтінді қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың мәселелері
Тәржіма тағылымы
Көркем образ
Аударманың лексиколистикалық мәселелері
Фразеологизмдерді аудару мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz