Түйелердің сапасын бағалау жүйесі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Түйелердің сапасын бағалау жүйесі

Орындаған: Шуленова М. Қ.

Тексерген: Қорабаев Ж. З.

Топ: ТЖ - 305

Семей - 2015

Түйелердің сапасын бағалау жүйесі

Түйелердің сыртқы тұрқын зерттей келе, олардың өнімділік және тұқымдық қасиеттеріне баға бергенде қазіргі кезге дейін субъективтік көзқарас ықпалының болатындығын айта кеткен жөн. Осы жағдайды болдырмай, ең әділ баға беру үшін бонитер - маман түйені жақсы білетін, сондай-ақ оның күтіп-бағу және азықтануы жағдайымен түбегейлі таныс және бағалау саласында бірталай тәжірибе жинақтауы қажет.
Сапа бағалаудың түрлері мынандай: көз мөлшерімен бағалау (жазбаша және ұпаймен баға беру) ; дене мүшелерін өлшеу; индексін анықтау; графикалық әдіс; суретке түсіру.
Көз мөлшерімен бағалау экстерьерге баға берудің негізгі түрі болып келеді. Тәжірибелі маман осы әдіспен малдың конституциялық ерекшеліктерін және оның денсаулығын тез арада анықтайды. Сонымен қатар малдың өнімділігі мен тұқымдық қасиеттері жөнінен де кажетті мағлұматтар табуға мүмкіндік алады.
Көз мөлшерімен бағалауды екі әдіспен жүргізеді: малды түбегейлі қарап, оның жетістіктері мен кемшіліктерін жазу; негізгі дене мүшелерін ұпай санымен бағалап, содан кейін оларды жинақтау арқылы малдың жалпы бағасын аныктау.
Бағалау жұмысы түйелердің асыл тұқымдық қасиетінің құндылығын анықтау және оны болашақ пайдалану мақсаты үшін жүргізіледі.
Түйе шаруашылықтарында мал сапасын бағалауды ұйымдастыру мен оны өткізу жауапкершілігі мал маманына жүктеледі. Осы жұмысқа мал дәрігерлері де катыстырылады. Малдың сапасын бағалау алдында төмендегідей даярлық жұмыстары жүргізілуі тиіс;
• малдың сапасын анықтау (бонитировка) мерзімі белгіленеді;
• мал аттары мен нөмірлері тексеріледі, 6-7 айлық боталарға ыстық, не болмаса суық әдіспен тұрақты нөмір салынады, ата-тегі туралы мәліметтері жазбалармен салыстырылады, анық көрінбейтін немесе жоғалған нөмірлері қалпына келтіріледі.
• 3-4 сауын айында 2 күн қатарынан жүргізілген бакылау сауынының негізінде інгендердің сүт өнімділігі есепке алынады;
• жүндестігі жөніндегі деректер нақтыланады;
• осы көрсетілген мәліметтер ашылған бағалау карточкаларына толтырылады, ал қалған деректер түйенің сапасын қыркүйек-қараша айларында анықтаған кезде толтырылады;
• әр топқа бөлінген түйелерді шоғырландыру үшін 3-4 секциядан тұратын қаша салынуы қажет. Ондағы станок саны шаруашылықтағы түйелер санына байланысты болады. 1-ші станокке 1-3 тонналық таразы қойылып, қалған станоктардың едендері қалың тақтайдан, не болмаса бетон төсеніштер төселуі қажет. Бұның бәрі түйе денесінің дұрыс өлшенуі үшін кажет;
• түйенің сапасын бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізілуі қажет: малдың түрі және тегі, дене өлшемі және салмағы; тұлғасы (экстерьер) ; жүн өнімділігі; бейімділік қасиеті; ұрпағының сапасы. Әр көрсеткіш (белгі) 10 ұпайлық шкаламен есептелінеді;
• бірінші бағалау және түйелерді топтарға сұрыптау олардың 2, 5 жасында жүргізіледі. Бұл кезде оларды (құнаншаларды) түрі және тегі, дене өлшемі, салмағы, түлғасы, бейімділік қасиеті және жүн өнімділігі бойынша бағалайды;
• екінші, яғни соңғы бағалау барлық көрсеткішті анықтау арқылы түйелердің 5, 5 жасында жүргізіледі;
•сақа түйелерді бағалау жұмыстары ұрпағының сапасы туралы деректердің жиналғанына байланысты толықтырылып және пысықталынып тұрады.
Жас түйе төлдері (6 айлық және 1, 5 жасар кездерінде) бағалауға жатпайды. Олардың ата-енелерінің төл сапасын аныктауға және жас төлдердің болашақта кандай бағытта пайдалану максатында түр-тұлға, қоңдылығына карай көз мөлшерімен 10 ұпайлық шкала бойынша жалпы баға беріледі.
Жалғыз және қос өркешті түйелерден алынған будандар асыл тұқымды малға жатпайды, сол себепті оларға бағалау жұмысы жүргізілмейді. Сол сияқты бағалау жұмысы ауру және қоңы өте нашар түйелергеде жүргізілмейді.
Түйенің тұқымға және шаруашылыққа жарамдылығын бес өлшем арқылы ажыратады.
Дене мүшелерін өлшеу үшін түйені төрт аяғы тең басылатын тегіс жерге орнатылған қошаға (раскол) кіргізеді. Өлшеу кезіңде түйе төрт аяғын тең басып, тік тұруы керек, алдыңғы екі аяғы бір-біріне параллель болуы шарт
Өлшемдерді дененін келесі нүктелері бойынша алады :
а) Биіктік (өлшеу таяғымен) - қос өркешті түйенің биіктігі екі өркештің арасындағы жайпақ нүктеден тігінен жерге дейін, ал бір өркешті түйенікі - шоқтығының жоғары нүктесіне дейін өлшенеді.
б) Ұзындық (өлшеу таяғымен) - тоқпан жілік пен жауырыннын тоғысқан жерінің алдыңғы шетінен жамбас сүйегінің соңғы шетіне дейін өлшенеді.
в) Кеуденің жерден биіктігін төс сүйектің ортасынан жерге дейін өлшейді.
г) Кеуде орамын (жіп тәрізді өлшеуішпен) қос өркешті түйенің алдыңғы өркешінің артқы жағынан төсінің ортасынан өткеру аркылы өлшейді, ал аруана түйелер - шоқтығының ортасы мен төс сүйегінің ортасынан өткеру арқылы өлшенеді.
д) Жіліншік орамын (жіп тәрізді өлшеуішпен) тірсекті үш бөлгенде жоғары бөлімнің ең жіңішке тұсынан өлшеу керек.
Ұзындыкты, биіктікті және кеуде орамын - 1 см, желіншек орамын - 0, 5 см аралығындағы дәлдікпен өлшейді.
Тірілей салмакты таразыға тарту арқылы 1 кг аралығындағы дәлдікпен, немесе біз ұсынған түйенің сапасын анықтау нұсқауындағы қосымша кесте бойынша анықтауға болады.
Дене мүшелерін өлшеу әдісі объективті деп есептелгенмен, ол

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйе бонитировкасы
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Түйелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Түйе етін өндіру технологиясы, химиялық құрамы және сараптау нәтижелері
Түйенің экстерьері және денесінің анатомиялық ерекшелігі
Түйе өркешінің майы
Түйенің түрлері
Шұбатқа ветеринариялық-санитариялық баға беру
Жылқы мен түйелердің гигиенасы,қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz