Түйенің шығу тегі



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Түйенің шығу тегі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Түйелер (лат. Camelus) — сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), — Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.
Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек. Қос өркешті қазақ Түйелері дене бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық типке бөлінеді: оралбөкей, Қызылорда және оңтүстік Қазақстан Түйелері. Орал-бөкей типінің басқаларынан тірілей салмағы мен жүн өнімділігі 5 – 10%-ға жоғары болғандықтан, асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып келеді. Дара және қос өркешті Түйелерді бір-бірімен будандастырудан алынған будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі бойынша таза тұқымды Түйеден айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей салмағы бойынша артықшылығы 20 – 25%-ға дейін жетеді. Будандардың үлектерін нар, інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Маялар әдетте қос өркешті үлектермен шағылыстырылып, аталық тұқымға ұқсас ұрпақ алынады. Түраралық будандастыру тек таза қанды дара және қос өркешті Түйелер пайдаланылғанда ғана жақсы нәтиже беретіндігі, будандардың асыл тұқымды мал ретінде маңыздылығы жоқ екендігі ескерілуі қажет. Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы түбіт.
1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы.
2. Т. Мұсақұлов,Орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ
Тақырыбы: Түйенің шығу тегі

Орындаған: Алибекұлы С. Тексерген: Қорабеав Ж.З.

Семей 2015
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Түйенің шығу тегі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Түйенің шығу тегі
Түйелер (лат. Camelus) -- сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) -- негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), -- Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері -- Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.
Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі - қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек. Қос өркешті қазақ Түйелері дене бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық типке бөлінеді: оралбөкей, Қызылорда және оңтүстік Қазақстан Түйелері. Орал-бөкей типінің басқаларынан тірілей салмағы мен жүн өнімділігі 5 - 10%-ға жоғары болғандықтан, асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып келеді. Дара және қос өркешті Түйелерді бір-бірімен будандастырудан алынған будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі бойынша таза тұқымды Түйеден айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей салмағы бойынша артықшылығы 20 - 25%-ға дейін жетеді. Будандардың үлектерін нар, інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Маялар әдетте қос өркешті үлектермен шағылыстырылып, аталық тұқымға ұқсас ұрпақ алынады. Түраралық будандастыру тек таза қанды дара және қос өркешті Түйелер пайдаланылғанда ғана жақсы нәтиже беретіндігі, будандардың асыл тұқымды мал ретінде маңыздылығы жоқ екендігі ескерілуі қажет. Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы түбіт.
Ертеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйе түрлері мен тұқымдары
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде төрт түлік малдың алатын орны
Түйелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Қойдың жүн өнімділігі
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Төрт түлік пірлерінің пайда болуы
Түйелерді сұрыптау мен жұптау
Түйе мен бота
Түйені күту және азықтандыру
Қазақ танымында суреттелетін жануарлар
Пәндер