Дидактика жөнінде түсінік


Жоспар:
- Дидактика жөнінде түсінік
- Оқудың әдіснама-дидактикалық жүйелері
- Оқыту процесінің дидактикалық заңдылықтарына:
- Дидактиканың оқыту принциптері
- Пайдаланылған әдебиеттер
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. « Дидактика » термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін аңдатқан. Ал Я. А. Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. ХІХ ғасырдың басында неміс педагогы И. Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В. Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу ; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса -өашан, қай жерде, кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдістері, құрал-жабдықтары, нәтижесі(өнімі) . Дидактикалық жүйе және оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика - бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нәтижесіне негіз болар тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші әдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады:1) теориялық (диагностика және болжастыру), 2) практикалық (қалыпты іс-әрекет, құралдар дайындау) .
Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс-әрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зертейтін пәні:оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары және соның арқасында жетілетін нәтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оөыту әдістемесі деп аталады. Ол әртүрлі оқу пәндерінің желісін, мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін қарастырады.
Оқу мәнін түсіндірудің бірнеше әдіснама-дидактикалық жолдары бар. Олардың ішінде аса кең танымал болғандары:
- Гербарттық тәрбиелік оқу бағыты;
- Дж. Дьюидің оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты;
- Қазіргі заман демократияшыл дидактика бағыты;
Оқыту процесінің дидактикалық заңдылықтарына:
1. Оқытудың мақсат-міндеттерінің қоғам талабынан туындап, сонымен бірге оның мазмұны мен амал-тәсілдері және ұйымдастыру формаларының өзгеріп, жаңартып, толығып отыруы заңды процесс болып табылады.
2. Оқытуда оның білім беру, тәрбиелеу және даму қызметтерінің өзара байланысты болуы заңдылық.
3. Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі артады, ақыл-ой қабілеті дамиды, ғылыми ұғымдарды, олардың мәнін, ерекшеліктерін түсініп, меңгереді.
4. Оқыту - тәрбиенің негізгі құралы. Сондықтан оқытуда тұлғаның жеке басының қалыптасып дамуы да заңды процесс.
5. Оқыту барысында әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін ескеру, соған байланысты таным әрекетін ұйымдастырып отыру да заңдылық боп есептеледі.
6. Оқытудың адам және табиғаттың жалпы даму заңдылықтарына байланыстылығы.
Оқыту принциптері дидактиканың негізгі буыны. Принцип (латын сөзі) - бастапқы, негізгі деген ұғымды немесе, басшылыққа алатын идея, негізгі ереже, талаптар деген мағнаны білдіреді.
Оқыту принциптері кездейсоқ құрылмайды, оларды қалыптастыруда белгілі бір дәуір, тарих жатыр. Солардың негізі алғаш рет Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоци және К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде тұжырымдалған.
Оқытудың ғылымилығы принципі. Оқыту процесінде оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыру мектептің аса маңызды міндеті. Себебі, мектептегі оқыту, білім беру негізгі ғылыми жүйеде жасалған. Онда әрбір ғылымның пайда болуы, тарихы, даму заңдылықтары түсіндіріледі. Сонымен бірге, ғылыми мысалдар, фактілер тәжірибемен байланыстырылып қарастырылады.
Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі принципі . Бұл пртнциптегі өзекті мәселе оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізуді қамтамасыз етіп, дамытуды және оны әрбір оқушының саналы меңгеруін қарастырады. Әрбір сабақ барысында қойылған оқу міндеттерін оқушылардың түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауын мақсат етіп көздейді.
Оқытуда теория мен практиканың байланыста болуы принципі. Бұл принциптің міндеті оқытуда оқушылар жаңа теориялық білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету.
Оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі. Бұл принцип оқушылардың таным әрекеті мен оған басшылық жасауға бағыт беретін негізгі принциптерін бірі. Саналылық пен белсенділік принципін оқушылардың меңгеруінде, олардың оқуға деген қызығушылығын арттырудың маңызы ерекше.
Оқытудың көрнекілік принципі. Оқушылардың дүние танымы негізінен көрнекілік арқылы жұзеге асырылады. Ол заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді. Көрнекілік принципінің мақсаты оқылатын тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын орнату және есте сақтау қабілетін шыңдау; мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақтылы дәлелдеуі ұшін қолдануы.
Оқытудағы білімнің беріктігі принципі. Оқытудың тиімділігін арттырып, сапасын жақсарту оқытудың негізгі принциптерінің бірі. Осы принципті ұйымдастыруға байланысты мынадай талаптар жүйесін ескерген жөн: оқушылардың алған білімдерін қайталап отыруды үнемі ұйымдастыру; сабақтар жүйесінде әр түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру; оқушылардың білім сапасын есепке алу, тексеру және бағалау.
Ынталандыру принципі. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларды ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады. Сондықтан мұғалім, ең алдымен сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz