ЭЕМ-нің құрамы, қызметі және жіктелуі: дербес компьютерлер мен алгоритмдік тілдер


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы :ЭЕМ нің құрамы, қызметі және жіктелуі. IBM PS және басқа осы тәріздес дербес комьпьютер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритимдік тілдер туралы мәліметтер.

Тексерген :Қайсанов Советқазы Бекенович

Орындаған :Сақарбек Гүлжан Оралбекқызы ВС-505

2015-2016

Жоспары:

I. Кіріспе

1. 1 ЭЕМ шығу тарихы.

1. 2 ЭЕМ құрылысы

1. 3 ЭЕМ жіктелуі

II. Негізгі бөлім

2. 1 Дербес комьпютердің түрлері және жұмысы туралы мәлімет

2. 2 Алгоритимге жалпы түсінік

III . Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. ЭЕМ шығу тарихы

Компьютер сөзі ағылшын тілінің ағылш. to compute, ағылш. computer сөздерінен шыққан. Бұл сөздер «есептеу», «есептегіш» мағынасында аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің лат. computo - «есептеймін» сөзінен шыққан) .

Алғашында ағылшын тілінде бұл сөз механикалық құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер жүргізетін адамға қатысты айтылған.

Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты айтылатын болды, бірақ, қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей байланысты емес мәселелермен де айналысады.

Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілдді.

  1. ЭЕМ қызметі:

Компьютер - жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

  1. ЭЕМ жіктелуі:

Жүйелік блок

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Дисплей

Дисплей (монитор) - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Пернетақта

Пернетақта - компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Тінтуір

Тінтуір, кейде тышқан - «графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

Принтер

Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

Сканер

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т. б. ) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

Магниттік дискіде жинақтауыш - информацияны қатты дискіге немесе иілгіш магниттік дискіге жазу не онда жазылған информацияны машина жадына енгізу құрылғылары. Винчестер мен дискетті сыртқы есте сақтау құрылғылары деп те атайды.

Компьютер құрамында сызбаны қағазға басып шығару (сызба сызушы), суреттерді және графикалық информацияны компьютерге енгізу (сканер) .

Компьютерді бір-бірімен телефон жуйесі арқылы жалғастыру (модем) құрылғыларыныңда болуы мүмкін. (Бұдан әрі, арнайы айтылмаса, тек әмбебап дербес компютерлерді қарастырамызда, дербес не әмбебап сөзін компьютер сөзіне жалғастырмай тастап кетеміз) .

Пернетақта арқылы компьютер жадында берілген түрлі программа, мәтіндер және т. б. енгізіледі.

Жад оларды және өнеу кезіндегі аралық мәндер мен өңдеу нәтижесін уақытша сақтап тұрады.

Монитор жүйелік блоктан келген информацияны электрондық экран бетіне, ал принтер оны қағазға басып шығарады. Монитор құрылғысын дисплей деп, ал оны пернетақтамен бірге терминал деп те атайды. (display - көрсетекіш, бейнелеуіш) .

Кәсіби компьютердің жұмысын басқарушы операциялық жүйенің түрлері көп. Олардың ішінде IBM PC куомпьютерлердің пайдаланатын жүйелерінің бірі MS DOS деп атайды. Оның бірнеше нұсқалары бар, олардың ішінде соңғы шыққандары - мүмкіндігі мол MS DOS 5. 02, 6. 0, т. б. Соңғы жылдары MS DOS-тан мүмкіндігі жүздеген есе артық Mіcrosoft Windows атауы операциялық жүйелер де жарыққа шықты. Компьютермен жұмыс істеуді жеңілдету үшін оларды тышқан (Microsoft Mouse) құрылғысы пайдаланылады.

II. Негізгі бөлім

2. 1 Дербес компьютердің түрлері және жұмысы туралы мәләмет:

Тұрмыстық компьютерлер - компьютерлердің қарапайым түрлері (1970-жылдары дайындалған, қазіргі кезде өндірістен алып тасталған БҚ-0010, Ириша, Aplle II, т. б. ) . Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес, орындайтын іс-әрекеттері де шамалы болатын.

80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кезіне дейін оқу орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқып-үйрену үшін жад көлемі 64, 128 Кбайт шамасындағы Корвет, УКНЦ, Ямаха, MSX-1, Ямаха MSX-2, т. б. оқулық компьютерлер пайдаланылып келді.

Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі кезде оқу орындары толық қамтамасыз етілген, жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен дербес компьютерлер әмбебап және кәсіби дербес құрылғысы - процессорларды шығарумен алғашқы рет дүние жүзінде Aplle, IBM, Intel, т. б. фирмалар айналысқан болатын.

ДК-де процессор үшін ҮИС, АҮИС пайдалатындықтан, оны микропроцессор деп атайды. Бұл жұмысқа, әсіресе, IBM, Intel фирмаларының еңбегі көп. Intel фирмасының жасап шығарған түллі үлгілі микропроцессорларын пайдаланып, IBM фирмасы компьютердің түрлі сапалы типтерін дүниеге келтірді.

Фирманың компьютерлеріне, типтеріне қарай, ретімен IBM PC, IBM PC XT, IBM PC AT, IBM PS\2, Pentium, т. б. аттар берілген PS (Personal Computer) -дербес компьютерлер XT (extended technology) -кеңейтілген технология, PS (personal system) -дербес жүйе, AT (Advanced Technology) -алынгы технология.

Олар әсіресе IBM PC AT типтес компьютерлер кезінде дүние жүзіне кең таралды. Қазіргі кезде мұндай компьютерлердің Пентиум сияқты жаңа жетілдірілген нұсқалары пайдалануда.

2. 2 Алгоратимдік тілге жалпы мағлұмат:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ-нің құрамы мен қызметі, IBM PC дербес компьютері және алгоритмдік тілдер
ЭЕМ-нің қызметі, құрамы және жіктелуі; дербес компьютерлердің жұмысы, алгоритмдік тілдер және операциялық жүйелер
ЭЕМ-нің қызметі, құрамы және жіктелуі; IBM PC және ұқсас дербес компьютерлердің жұмысы; алгоритмдік тілдер
ЭЕМ-нің қызметі, құрамы және жіктелуі: IBM PC және алгоритмдік тілдер
Электрондық есептеуіш машинаның (ЭЕМ) қызметі, құрамы және жіктелуі: IBM PC пен дербес компьютерлер жұмысы және алгоритмдік тілдер
Электрондық есептеу машиналарының қызметі, құрылымы, дербес компьютерлер және алгоритмдік тілдер
Электрондық есептеу машиналарының қызметі, құрамы және жіктелуі: IBM PC мен дербес компьютерлердің жұмысы және алгоритмдік тілдер
Электрондық есептеуіш машиналардың қызметі, құрамы және жіктелуі: IBM PC және дербес компьютерлердің жұмыс принциптері мен алгоритмдік тілдер
ЭЕМ-нің даму тарихы, буындары және қазіргі дербес компьютерлер
Компьютерлік жүйелер және дербес ЭЕМ-нің аппараттық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz