Мінез- тұлғадағы әлеуметтік-типтік және жеке даралық ерекшеліктің бірлігі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Мінез- тұлғадағы әлеуметтік-типтік және жеке даралық ерекшеліктің бірлігі.
Тексерген: Тезекбаева М. Ж.
Орындаған: Кененбаева Г.
ПХ-315 топ
Семей-2015ж
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз. Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет. Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б. э. д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т. б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter - қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А. Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы - мінезнаманы жасады. Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл - қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда «әлеуметтік құрылым” ұғымы «әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. «Әлеуметтік құрылым” түсінігі «әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады - әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. «Әлеуметтік құрам” - бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент - осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, «әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан - мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады. Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл - элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.
Біздің қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған:
- адамдардың бөлінуі нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік-таптық құрылым (таптар, касталар, сословиелер, әлеуметтік топтар, олардың қабаттары) ;
- әлеуметтік-этникалық құрылым, яғни адамдардың белгілі бір территорияға, экономикаға, мәдениетке, дәстүрлерге, психологиялық ерекшіліктері және т. б. арқылы бірігуі негізінде пайда болған адамдардың тарихи қауымы - тайпа, ру, халық, ұлт, этностар.
- мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т. б. ) территориялық құрылым;
- жаспен, жыныспен белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар, балалар, «жұмыс жасындағы» адамдар, зейнеткерлер) демографиялық құрылым;
- отбасылық-тұрмыстық құрылым, көрші қауымдастықтар, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ, некелік пен некесіз байланыстар мен қатынастар. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т. б. құрылымдарды бөлуге болады.
Біз әлеуметтік құрылымның бөлшегі болатындығын негізге аламыз. Себебі, ол экономикалық, саяси, идеологиялық қатынастардың тұрақты тасылмалдаушысы болып келеді.
Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінін, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік - бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардын қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүргізуге болады. /модель немесе типтердің көмегімен объектілерді біріктіру.
Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:
- қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері,
- дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.
Дарындылық - адамның интеллектуалдык мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылыньщ деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік - бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік. Психологиялық жағынан караусыз қалған деген сөз ортаның келенсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын айтады. Мұндай балаларды девианттар деп атайды. Мектеп оқушысьшың жеке ерекшелігі дегеніміз - оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс - бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz