Программаларды құжаттау: МЕМСТ талаптары, құжаттау түрлері және біріңғай жүйесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №2

ТАҚЫРЫБЫ : «Программаларды құжаттау ұғымын қарастыру. МЕМСТ пен бекітілген программалық құжаттаудың түрлерін анықтаңыз. Программалық құжаттаудың біріңғай жүйесі туралы»

Орындаған: ВТ-405 группасының студенті

Дүйсенбекова А. А.

Тексерген: Жаксыгулова Д. Д.

Семей қаласы, 2015 жыл

Жоспар:

1. Программалық құжат туралы түсінік.

2. Программалау құрылымының қызметі.

3. Объектіге бағытталған программалар қызметі.

4. Программалаудың интегралдық жүйесі.

ЭЕМ-нің негізгі қасиеті - программалық жабдықтар деп аталатын, арнайы программалармен жұмыс жасай алу қабілеті. Қазіргі заманғы ЭЕМ-нің программалық жабдықтары оның әртүрлі көптеген функцияларын іске асыра алатын программалар жиынын құрайды. Программалық жабдықтардың көлемін оның бағасы арқылы сипаттауға болады. Программалық жабдықтардың маңыздылығын ескере отырып, оның құрылымын қарастырамыз. Олар қолданбалы және жүйелік болып бөлінеді. Соңғы кездері компьютерлерге жаңа программалар жасауды қамтамасыз ететін программалау жүйесін қолдануға болады.

Қолданбалы программалар деп белгілі бір мақсатта нақтылы есептерді шешуге арналған программаларды айтады. Мысалы, егер ЭЕМ-ді пайдаланып сурет салу, текст құрастыру керек болса, немесе бір нәрсе ойлап шығарғыларың келсе, ол үшін программа құрудың қажеті жоқ, ондай программа машина жадының бір жеріне сақталып, программалық жабдықтар құрамында болуы мүмкін.

Қандай да бір арнайы үлгідегі мәселелерді шешетін осындай қолданбалы программаларды жалпы мақсатты қолданбалы программалар деп атайды. Егер арнайы үлгісі жоқ есепті шешу керек болса, арнайы мақсатты қолданбалы программа қажет, ол үшін программа құруға немесе программа құрастырушы адамнан көмек сұрауға тура келеді. Бұл қолданбалы программалық жабдықтарды құрайтын программалық құралдарды кластарға бөлудің бір варианты екені түсінікті.

Жалпы мақсатты программалық құжаттар. Текстермен жұмыс істеу үшін ең жиі пайдаланылатын программа-текстік редакторлар мен баспалық жүйелер. Сарапшылар бағалауы бойынша қазіргі компьютерлердің 80%-і жазу машинкасы ретінде қолданылады.

Арнайы мақсатты программалық құжаттар адамзат іс-әрекетінің белгілі аумағындағы есептерді шешуге арналған, мысалы, финанстық,
банктік, бухгалтерлік программалар, офистік құжаттарды енгізуге арналған программалар, қаражатты коммерцияны және өндіріс қызметін жоспарлау программаларды («1С: Бухгалтерия», «Финансы без проблем», «Турбо-бухгалтер», «Геопард», «Босс», «Офисс» және тағы басқалар) . Әрине, бұл программалармен жұмыс істеу үшін, кез келген адамға біраз уақыт пен күш-жігер жұмсау керек. Алайда бұл шығынның орнын есесімен толтыруға болады, бұрын адам қайсыбір жұмысқа бір апта уақытынан жоғалтқан болса, енді бұл программалар көмегімен оны он бес минутта орындай алады.

Жүйелік программаларға мыналар жатады:

- операциялық жүйелер;

- сервистік программалар;

- техникалық қызмет көрсету программалары.

Соңғы жылдары программалауда көрнектілік кең таралуда. Графикалық кескіндерді пайдалану және басқару элементтерін құру, олардық қызметін қадағалау көптеген қиыншылықтар алып келді. WINDOWS программасына қарасақ көптеген стандартты басқару элементтерін көреміз. Осы элементтерді құру және олардың жұмысын іске асыру өте көп жұмысты қажет етеді. Мұндай процесстер жылдам жобалау құралдарында автоматтандырылған.

Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат - ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка және т. б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.

«Құжат» ұғымы білімнің көптеген саласында қолданылып, тұтас бір ғылыми пәндер қатарындағы зерттеу объектісі болып табылады. Бұл ғылымдардың әрқайсысы құжатқа анықтама беруде қандай өлшемдер (құжаттың мәні, нысаны, ақпаратты жазу мен дыбыстап бейнелеу тәсілі т. б. негіздеме ретінде алынғанына қарай өз тәсілдерін ұсынады. Құжат функцияларын жалпы және арнайы функциялар деп екі салаға бөлуге болады. Жалпы функциялар құжаттардың бәріне ортақ. Ал арнайы функциялар - құжаттардың тек шектеулі топтарына ғана тән.

Құжаттың жалпы функцияларына мыналарды жатқызуға болады:

1) әлеуметтік - құжат әлеуметтік мәнге ие объект болып табылады, өйткені ол әлеуметтік қажеттіліктен туындаған әрі сол әлеуметтік жүйеде жүзеге асырылады;

2) ақпараттық - құжат ақпаратты жазып алу, сақтау және тарату құралы ретінде қызмет етеді;

3) қарым-қатынастық - құжат қоғамдық құрылымдар мен жеке адамдар арасында байланыс құралы ретінде жүреді, ол жай хабарландырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық сананы шоғырландырып, бірыңғай пікір қалыптастыруға, ұжымдық реакция туғызуға, бүкіл қауымды жұмылдыруға ықпал етеді;

4) мәдени - құжат әлеумет тәжірибесі мен мәдени дәстүрлерді бекіту және оларды болашаққа қалдыру құралы ретінде қызмет етеді.

Барлық көрнектілік элементтері мен басқару элементтері қолмен программаланбайды. Олар дайын элементтерді жобалау терезесіне алып келіп қондыру арқылы іске асады. Олардың қасиеті немесе қызметі кейін сәйкестендіріледі. Осындай дайын элементердің библиотекасы сан алуан түрдегі элементерден құралған жобаларды жасауға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программаларды құжаттау: ұғымы, МЕМСТ бойынша түрлері және біріңғай жүйесі
Программалық қамтамасыз етуді құжаттау: ұғымы, МЕМСТ бойынша бекітілген түрлері және біріңғай жүйесі
Бухгалтерлік құжаттау және түгендеу: теориялық негіздер мен рәсімдері
Класс диаграммасы: жүйенің статикалық құрылымын модельдеу және құжаттау
Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, құжаттау және есептік регистрлер
Құжаттың мәні мен қызметі: құжаттау тәсілдері және құжаттама жүйесінің қалыптасуы
ТАЕ және ТБЕ буферлері: молярлық және миллимолярлық концентрациялар, ПТР өнімдерінің рестрикциясы және гель құжаттау жүйесі
Басқаруды құжатпен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және құжаттау: білім беру ұйымының басқару іс қағаздарын ұйымдастыру және талдау
Еңбекақыны ұйымдастыру және есебі: құжаттау мен есеп айырысу тәртібі
Қазақстандағы аудитті құжаттау мен аудиторлық қызмет сапасын бақылауды оңтайландыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz