Агротехника сапасыз болғанда топырақты суарудан соң күтіп-баптау



Мазмұны

Кіріспе

1.Агротехника сапасыз болғанда топырақты суарудан соң күтіп.баптау
1.1 Өсімдіктің өсіп.өну кезеңіндегі алғашқы суару тәсілі
1.2 Оңтүстік аймақтың еңісі мен ылғалдылығы аз жерлерін суару нормасы

II.Негізгі бөлім
2.Қазаның суды қажет етуі
2.1.Алқаптың еңістігіне және топырағына қарай суару жүйесі
2.2.Қуаң,ыстық аймақтарда ауылшаруашылық дақылдарын суару

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Су - өсімдіктің тіршілік етуіне қажетті негізі факторлардың бірі. Өсімдіктің сумен қамтамасыз етілуі мақтаның өсуі мен дамып жетілуіне ықпалын тигізеді. Су өсімдіктің барлық бөліктерінің құрамында болып, оның жалпы массасының 60 пайыздан 90 пайызға дейінін құрайды. Су әсіресе өсімдіктің жас_өскіндерінде - жапырақтарында, гүл қауызында, салған түйнектерінде, тағы сол сияқтыларында көп болады, ал, пісе бастаған шиті мен талшығында едәуір азырақ болады. Бұл -бұрынғы пісіп жетіле бастаған өсімдіктерге қарағанда жас өсімдіктердің құрамында су көп болады деген сөз.
Өсімдік суға әбден қанған кезде ғана ондағы маңызды тіршілік процестері толық әрі ойдағыдай жүреді. Топырақта ылғалдық жетіспеуі салдарынан өсімдік клеткаларының құрғай бастауы мақта өнімінің азаюына әрі ташлықтың сапасының төмендеуіне әкеліп соғады.
Жапырақтардың суды буға айналдыруының (транспирация) өсімдікі үшін мейлінше зор маңызы бар. Транспирация кезінде өсімдіктің ішкі тінімен су жүреді. Топырақтағы су азықтық заттармен бірге тамыр арқылы сорып алынып, өсімдіктің тініне одан бұтақшаларына, жапырақтарына, қауашақтарына, тағы басқа органдарына жетеді.
Судын жапырақтардан буланыс ұшуы оларды күн сәулесінен қызып кетуден сақтайды. Өсімдік өзінің құрғақ массасының әрбір грамына өсіп-жетілу кезеңінде 500-600 грамм су шығындайды, демек, ол булануға өз салмағынан 500-600 есе көп су жұмсайды. Өсімдіктің құрғақтай салмағының бірлік өлшеміне жұмсалатын су мөлшері транспирация коэффициенті деп аталады. Осы коэффициентті біле отырып, қандай да бір өнім өсіруге қажетті су мөлшерін есептеп шығаруға болады.
Мақта алқабына жұмсалар судың мөлшері топырақтың жағдайы мен агротехникаға қарай өзгеріп отырады. Агротехникалық баптау сапасын көтерудің, топырақтың құрылымын жақсартудың және суаруды тыңайтқыштармен күтіп-баптаумен дұрыс үйлестірудің арқасында құрғақ заттардың бірлік өлшеміне судың шығыны азаяды да, өнім молаяды. Агротехника төмен болған жағдайда, нақ осындай өнім алу үшін су да көп шығындалады.
Өсіп-өнудің бастапқы кезеңінде мақта суды аз ішеді, өйткені бұл
уақытта оның жапырақтары көп жайыла қоймайды, ауаның температурасы да біршама салқынырақ болады. Алғашқы жапырақтары пайда болған кезде мақта алқабының 1 гектарына тәулігіне 11-12 текше метр су жұмсалады, ал, гүл жарар кезінде бұл шығын әр гектарына 33-48 текше метрге дейін жетеді.
Қоза өсімдігі әсіресе гүл қауызы жетіліп, көсек байлар кезеңінде суды көп қажет етеді, бұл шақта оның бір гектары тәулігіне 90-100 текше метрге дейін, тіпті- бұдан да көп су ішеді. Ал, пісіп-жетілер мерзімінде бұл шығын 30-40 текше метрге дейін азаяды. Мақта алқабына жұмсалар судың жалпы мөлшерінің 30-35 пайызға жуығы топырақта буланады, ал, қозалық алқап берілген судың 65-70 пайызын ішеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. П. М. Жуковский - "Мәдени өсімдіктер мен олардың тұқымдастары". (Орыс тілінде). "Колос" баспасы, Ленинград қ. 1964. 425-бет
2. С. М. Мирахмедов (Бас редактор) - "Мақта шаруашылығының энциклопедиясы". (Орыстілінде). Өзбек кеңес энциклопедиясының
Бас редакциясы. Ташкент қ. 1985. I және II томдар. 154, 179, 446- беттер.
3. А.П. Колдаев, А. С. Самойлов және басқалары. "Мақта шаруашылығы". (Орыс тілінде). Өзбек КСР-інің Мемлекеттік баспасы. Ташкент қ. 1952. 11-75, 179 және 255-беттер.
4. А. Эгамбердиев - "Мақта шаруашылығында 70 жыл қызметте". "Сельское хозяйство Узбекистана" журналы. (Орыс тілінде). Ташкент қ. 1992. №10-11. 6,7-беттер.
5. Ж. Кучкарев, М. Хамраев, Ф. Саттаров "Әртүрлі жағдайдағы жаңа сорттар". "Сельское хозяйство Узбекистана" журналы. (Орыс тілінде). Ташкент қ. 1992. Х28-9. 5-7-беттер.
6. X. Салиметов "Мақтаарал тәжірибе станциясының селекция және тұқым шаруашылығы бөлімінің 1995-1999 жылдардағы жүргізген жұмысының ғылыми есебі". Қолжазба. (Орыс тілінде).
7. Ш. Ибрагимов,Ф. Верхотурцев. "Шит шаруашылығына көңіл бөлейік". "Сельское хозяйство Узбекистана" журналы. (Орыс тілінде). Ташкент қ. 1992. № 4-5. 3-5-беттер.
8. Р. Нұғыманов және басқалары. "Қазіргі жағдайдағы шит шаруашылығы". "Сельское хозяйство Узбекистана" журналы. (Орыстілінде). Ташкент қ. 1993. №3. 8-10-беттер,
9. Р. Нұғыманов, Б. Үсенбаев "Сорттан туған сергелдең". "Южный Казахстан" газеті. (Орыс тілінде). 1992. 2-ақпан, 8-ақпан, 11-ақпан және 13-ақпан күнгі сандары.
10. Р. Нұғыманов және басқалары. "Сорт - өзбектікі, танап - қазақтікі, проблема — тең ортақ". "Сельское хозяйство Узбекистана" журналы.
(Орыс тілінде). Ташкент қ. 1993. № 2. 6-9-беттер.
11. Э. Бойниязов. "Ауыспалы егіс жүйесін жаңартын отыру керек". "Сельское хозяйство Узбекистана" журналы. (Орыс тілінде). Ташкент қ. 1995. №2-3. 8-10-беттер.
12. Ю. Безбородов, А. Безбородов. "Компьютерлік технология және жаңа ауыспалы егіс жүйелері". "Сельское хозяйство Узбекистана" журналы. (Орыс тілінде). Ташкент қ. 1999. №3. 4-6-беттер.
13. С. Рахманкулов. "Мақта шаруашылығын дамыту проблемалары". "Сельское хозяйство Узбекистана" журналы. (Орыс тілінде). Ташкентқ. 1996. №3. 3-6-беттер.
14. Ж. Я. Батькаев, А. Б. Мустафаев, И. И. Үмбетаев "Оңтүстік Қазақстан облысында қозаға минералдық және органикалық тыңайтқыштар беру жөніндегі ұсыныстар",(Орыс тілінде). "Қайнар" баспасы. Алматы қ. 1993. 46-47-беттер.
15. Р. Назаров. "Жерді сақтай білейік". "Хлопководство" журналы. (Орыстілінде). 1995. №5-6. 17-19-беттер.
16.И.Сеиітов,Т.Саудабаев,Ш.Әбдірашев.»Агрономиянегіздері»Алматы1991.(қазақ тілінде).

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Менің бұл курстық жұмысымда мақта өсімдігін суару туралы кеңінен
қамтылды.Негізгі обьект ретінде Мақтарал ауданындағы Достық савхозында
жүргізген зерттеу жұмыстары жазылған.Мақта өсімдігін суару барысында
транспирация процесі және су беру нормасы қаралған.Агротехника сапасыз
болғанда топырақты суарудан соң күтіп-баптау,қозаның суды қажет
етуі,алқаптың еңістігіне және топыпағына қарай суару жүйесі,өсімдіктің өсіп-
өну кезеңіндегі алғашқы суару тәсілі немесе суару нормасы жайында
қамтылған.Мақта алқабын минералданған сумен суарғанда танап алқабын күтіп
–баптау жәнеде көптеген мәселелер қаралған.Басты мақсат мақта өсімдігін
дұрыс суарып, дұрыс күтім жасау және сапалы өнім алу.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...

1.Агротехника сапасыз болғанда топырақты суарудан соң күтіп-
баптау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Өсімдіктің өсіп-өну кезеңіндегі алғашқы суару
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Оңтүстік аймақтың еңісі мен ылғалдылығы аз жерлерін суару
нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .

II.Негізгі бөлім
2.Қазаның суды қажет
етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Алқаптың еңістігіне және топырағына қарай суару
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Қуаң,ыстық аймақтарда ауылшаруашылық дақылдарын
суару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...

III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

IV.Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Су - өсімдіктің тіршілік етуіне қажетті негізі факторлардың бірі.
Өсімдіктің сумен қамтамасыз етілуі мақтаның өсуі мен дамып жетілуіне
ықпалын тигізеді. Су өсімдіктің барлық бөліктерінің құрамында болып, оның
жалпы массасының 60 пайыздан 90 пайызға дейінін құрайды. Су әсіресе
өсімдіктің жас_өскіндерінде - жапырақтарында, гүл қауызында, салған
түйнектерінде, тағы сол сияқтыларында көп болады, ал, пісе бастаған шиті
мен талшығында едәуір азырақ болады. Бұл -бұрынғы пісіп жетіле бастаған
өсімдіктерге қарағанда жас өсімдіктердің құрамында су көп болады деген сөз.
Өсімдік суға әбден қанған кезде ғана ондағы маңызды тіршілік процестері
толық әрі ойдағыдай жүреді. Топырақта ылғалдық жетіспеуі салдарынан өсімдік
клеткаларының құрғай бастауы мақта өнімінің азаюына әрі ташлықтың сапасының
төмендеуіне әкеліп соғады.
Жапырақтардың суды буға айналдыруының (транспирация) өсімдікі үшін
мейлінше зор маңызы бар. Транспирация кезінде өсімдіктің ішкі тінімен су
жүреді. Топырақтағы су азықтық заттармен бірге тамыр арқылы сорып алынып,
өсімдіктің тініне одан бұтақшаларына, жапырақтарына, қауашақтарына, тағы
басқа органдарына жетеді.
Судын жапырақтардан буланыс ұшуы оларды күн сәулесінен қызып кетуден
сақтайды. Өсімдік өзінің құрғақ массасының әрбір грамына өсіп-жетілу
кезеңінде 500-600 грамм су шығындайды, демек, ол булануға өз салмағынан 500-
600 есе көп су жұмсайды. Өсімдіктің құрғақтай салмағының бірлік өлшеміне
жұмсалатын су мөлшері транспирация коэффициенті деп аталады. Осы
коэффициентті біле отырып, қандай да бір өнім өсіруге қажетті су мөлшерін
есептеп шығаруға болады.
Мақта алқабына жұмсалар судың мөлшері топырақтың жағдайы мен
агротехникаға қарай өзгеріп отырады. Агротехникалық баптау сапасын
көтерудің, топырақтың құрылымын жақсартудың және суаруды тыңайтқыштармен
күтіп-баптаумен дұрыс үйлестірудің арқасында құрғақ заттардың бірлік
өлшеміне судың шығыны азаяды да, өнім молаяды. Агротехника төмен болған
жағдайда, нақ осындай өнім алу үшін су да көп шығындалады.
Өсіп-өнудің бастапқы кезеңінде мақта суды аз ішеді, өйткені бұл
уақытта оның жапырақтары көп жайыла қоймайды, ауаның температурасы да
біршама салқынырақ болады. Алғашқы жапырақтары пайда болған кезде мақта
алқабының 1 гектарына тәулігіне 11-12 текше метр су жұмсалады, ал, гүл
жарар кезінде бұл шығын әр гектарына 33-48 текше метрге дейін жетеді.
Қоза өсімдігі әсіресе гүл қауызы жетіліп, көсек байлар кезеңінде суды
көп қажет етеді, бұл шақта оның бір гектары тәулігіне 90-100 текше метрге
дейін, тіпті- бұдан да көп су ішеді. Ал, пісіп-жетілер мерзімінде бұл шығын
30-40 текше метрге дейін азаяды. Мақта алқабына жұмсалар судың жалпы
мөлшерінің 30-35 пайызға жуығы топырақта буланады, ал, қозалық алқап
берілген судың 65-70 пайызын ішеді.

Әдебиетке шолу

1). Мақтаны суарудың екі түрлі жолы бар:бірінші дымқылдап суару және өсіп-
даму кезеңінде суару.Дымқылдап суару негізі күз-қыс кезеңдерінде ыза суы
терең жатқан жағдайда гектарына 1500-3000м3 су беру арқылы жүзеге
асырылады.Мақтаны гүлдегенше(1-2суарады),гүлдегеннен кейін піскенде(2-
5рет)және шанақтардың піскен кезінде (бір) суарады. Бірінші суаруды 3-5
жапырағы шыққан кезде бастайды.Суару борозда арқылы жүргізіледі, ал
жаңбырлата суарудың мақта үшін маңызы өте зор.Берілетін судың мөлшері бір
суағаруда оның суғару санына және топырақтың механикалық құрамына
байланысты.Ауыр топырақты суғарған кезде суару санын азайтып суарады,ал
жеңіл топырақ болса оны аз сумен жиі суарып тұрады.(16)
2). Мақта алқабына жұмсалар судың мөлшері топырақтың жағдайы мен
агротехникаға қарай өзгеріп отырады. Агротехникалық баптау сапасын
көтерудің, топырақтың құрылымын жақсартудың және суаруды тыңайтқыштармен
күтіп-баптау Мақта алқабына жұмсалар судың мөлшері топырақтың жағдайы мен
агротехникаға қарай өзгеріп отырады. Агротехникалық баптау сапасын
көтерудің, топырақтың құрылымын жақсартудың және суаруды тыңайтқыштармен
күтіп-баптаумен дұрыс үйлестірудің арқасында құрғақ заттардың бірлік
өлшеміне судың шығыны азаяды да, өнім молаяды. Агротехника төмен болған
жағдайда, нақ осындай өнім алу үшін су да көп шығындалады.(2)
3). Жер асты суларының деңгейі көтеріңкі алқаптарда, әсіресе ұзак уақыт
суарған және суды көп жайып жіберген жағдайда, топырақта ылғал мен құнарлы
заттардың болуына қарамастан, қозалықтың өсуі тоқтап, сарғая бастайтыны
анықталған. Мұндай жағдайда өсімдіктін гүл қауыздары мен көсектері
(қауашақты түйнектері) түсіп, өнім де азаяды. Ылғалдың артықтығынан
топырақтағы ауа ығыстырып жіберіледі, ал өсімдіктің қалыпты тіршілік
етуіне ауа мейлінше қажет. Өйткені тамырлар ауамен тыныстайды, топырақтағы
микробтарға да ауа керек.(14).
4).Суару уақыты тура дұрыс білген жағдайда өсімдіктің бойы орташа әрі
біркелкі болып, бұтақ аралықтары жақын келеді, астыңғы бұтақтарында
өнімдік нышандары мол болады, бұл көсектердің ерте пісіп, ашылуын
қамтамасыз етеді. Сонымен бірге суаруды тым кешіктіру (шынықтыру) де
зиянды, өйткені бұлай еткенде тамырлар негізінен терең қабатта ғана дамып-
жетіледі, ал, мұндай қабаттың нәрі аз болады. Кешігіп су ішкен мақтаның
негізгі тіні бояу өсіп, жапырақтары кеш жайылады, өнім салатын бұталарының
қанат жаюы және көсек бойлауы кешігеді.(12).
5).Мақта егістігін суарудың нормасы өсімдіктің сортына байланысты
анықталады. Сорт қаншалықты кеш пісетін әрі жапырағын мол жаятын болса,
оған транспирация кезінде су да соншалықты көп беріледі. Алайда неғұрлым
кеінгеу пісетін 108-Ф сияқты сорттар үшін суарудың санын көбейтпеген жөн,
өйткені, бұлай ету пісіп-жетілуді кешіктіреді, сөйтіп, аязға дейін
жиналатын өнімді азайтады(3).
6). Қазіргі уақытта мемлекеттің және Азия Банкінің инвестициялық
көмегімен тік дренаяеды скважиналарды қайтадан іеке қосу жұмыстары
жүргізілуде. Мұндағы мақсат - минералданған жерасты суларын тартын шығару
және ежелден суландырылып келе жатқан Мырзашөл аймағында бұл сулардың
деңгейін төмендету болып отыр.Дренажды суларды шығарып пайдаланудың бұл
аймақ үшін экологиялық қажеттілігі де бар. Бұл оңтүстік аймақта жердің
мелиорациялық жағдайын дұрыстауға, оны ауыл шаруашылығында пайдалануды
жақсартуға мүмкіндік береді(5).

1.Агротехника сапасыз болғанда топырақты суарудан соң күтіп-баптау.

Агротехника сапасыз болып, топырақты суарудан соң күтіп-баптау дер
кезінде жүргізілмеген жағдайда ондағы су шығыны қозалыққа берілген барлық
су мөлшерінің 50 пайызына дейін көбейіп кетеді.
Алқапты өсімдіктің өсіп-өну кезеңінде қанша рет қандыра суару керектігі
қозалыққа қанша су шығындалатынына орай жоспарланады.
Өсімдіктің ойдағыдай өсіп-жетілу үшін топырақта ылғалмен, азықтық
заттармен бірге ауаның да болуы қажет.
Жер асты суларының деңгейі көтеріңкі алқаптарда, әсіресе ұзак уақыт
суарған және суды көп жайып жіберген жағдайда, топырақта ылғал мен құнарлы
заттардың болуына қарамастан, қозалықтың өсуі тоқтап, сарғая бастайтыны
анықталған. Мұндай жағдайда өсімдіктін гүл қауыздары мен көсектері
(қауашақты түйнектері) түсіп, өнім де азаяды. Ылғалдың артықтығынан
топырақтағы ауа ығыстырып жіберіледі, ал өсімдіктің қалыпты тіршілік
етуіне ауа мейлінше қажет. Өйткені тамырлар ауамен тыныстайды, топырақтағы
микробтарға да ауа керек.
Сондықтан да топырақ құрамысын дұрыс болуы өте-мөте маңызды, бұған
ауыспалы егіс жүйесіне жоңышқа енгізу арқылы қол жеткізіледі.
Терең атыздармен суды аздап жіберіп суарған кезде жүйек төменнен жоғары
қарай ыза тартады (ылғал бірте-бірте көтеріледі), сөйтіп жүйектердің
(қатараралықтарының) топырағынан ауа ығыстырып шығарылмайды. Суару кезінде
жекелеген телімдерде су көп жайылып, топырақ қатқақтап қалмау үшін
жүйектердің ұзындығын ылди тұстардың бар-жоғына қарай дұрыс іріктеп,
егістіктің бүкіл аумағында, яғни әрбір жүйектегі қатардың басынан аяғына
дейін бір мезгілде аяқтау әрі қана суарылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл
суарудан кейін, топырақ дегди бастаған соң жүйектерді қопсыруға
(культивациялауға) бірден кірісуге мүмкіндік туады, сөйтіп өсімдіктің
тамырына ауа баруын тездетеді.
Қандай бір топырақ болсын, судың белгілі бір мөлшерін ғана ұстап тұра
алады, ал, артық су неғұрлым терең қабаттарға өтіп кетеді. Бір метр
тереңдікке кейінгі топырақ ұстап қала алатын судың ең көп мөлшері
егістіктің ылғал сіңірімділігі (полевая влагоемкость) деп аталады. Ылғал
сіңірімділік (ЫС) топырақтың түріне қарай әр түрлі болады. Топырақ ауыр
болған сайын ЫС та көтеріле түседі.
Топырақтың ылғал сіңірімділігі арқасында суарудан кейін ылғал мол
жинақталады, бұл ылғалды қоза мен арамшөп бірте-бірте сіңіріп, буға
айналдырады, оны топырақта буландырады.
Алайда өсімдіктер топырақтағы ылғал қорының 30-35 пайызын ғана пайдалана
алады. Егер су қоры егістіктің ылғал сіңірімділігінен 65-70 пайызға дейін
төмендейтін болса, өсімдік су тапшылығына ұшырайды, оның өсуі баяулайды,
тіпті сола бастайды, жеміс беретін элементері түсіп қалады.
Сондықтан да, мақта өсімдігінің дұрыс өсіп-жетілуі үшін ЫС-інің төзуге
болатындай 65-70 пайыздық мөлшерінен төмендеуіне жол бермеу керек, тіпті
бұл деңгейді 70-75 пайыз етіп ұстаған дұрыс.
Жер асты суларының деңгейі жақын жатқан топырақтарда қоза егістігі
суландырудан ғана емес, жер асты суларынан да нәр алады, бұл ылғал аталмыш
сулар жер үсіне жақын болған сайын молая түседі. 3 метр және одан аса
терендікте жатқан сулардың ылғалын мақта бойына тарта алмайды.
Сондықтан тереңдігі әртүрлі топырақтарда суару және суландыру кестесін
жасағанда жауын-шашынның мөлшері мен жер асты сулары деңгейінің жақындығын
да ескеру қажет.
Қысқы-көктемгі маусымдағы сияқты, өсіп-жетілу кезеңінде де, өсімдіктерді
сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі қолдан суару болып табылады.
Жер асты сулары тереңде жатқан Келес-Сарыағаш аймағында қысқы-көктемгі
кезеңде жиналған ылғал қорының есебінен қоза нағыз жапырағы 3-тен 5-ке
жеткенге дейін, яғни, шамамен маусым айынын басына дейін бірқалыпты өсіп-
жетіле алды. Ал бұл сулар жер бетіне жақын жататыс оңтүстік аудандарда
мақта шілденің ортасы мен аяғыса дейін ішпей-ақ тіршілік ете береді.
Қозаны суаруға топырақтың ылғалдылығы өсімдік тамыр жаятын қабаттағы ЫС
мөлшері 70 пайызға дейін төмендеген соң кіріскен дұрыс. Бұл кезде
өсімдіктердің бір бөлігі ылғал тапшылығын сезіне бастайды, күн ысыған кезде
жапырақтарының біразы солғын тартып, ашық жасыл түсі қошқыл-жасыл тарта
бастайды.
Тым ерте суарылған жағдайда қозаның тамыры тереңге бойламай, төңірегіне
қарай жайылады, сөйтіп жазғы маусымда төменгі қабаттағы ылғалға жете алмай
қалады, суару сәл кешіккеннің өзінде өсімді солып, оның гүлі мен көсегі
түсе бастайды.

1.1.Өсімдіктің өсіп-өну кезеңіндегі алғашқы суару тәсілі.

Өсімдіктің өсіп-өну кезеңіндегі алғашқы суды дер кезінде берген жағдайда
мақтаның тамыр жүйесі топырақтың тереңірек қабатынд да, үстіңгі қабатында
да жақсы дамып, суды әр қабаттан тарта алатын болады.
Суару уақыты тура дұрыс білген жағдайда өсімдіктің бойы орташа әрі
біркелкі болып, бұтақ аралықтары жақын келеді, астыңғы бұтақтарында
өнімдік нышандары мол болады, бұл көсектердің ерте пісіп, ашылуын
қамтамасыз етеді. Сонымен бірге суаруды тым кешіктіру (шынықтыру) де
зиянды, өйткені бұлай еткенде тамырлар негізінен терең қабатта ғана дамып-
жетіледі, ал, мұндай қабаттың нәрі аз болады. Кешігіп су ішкен мақтаның
негізгі тіні бояу өсіп, жапырақтары кеш жайылады, өнім салатын бұталарының
қанат жаюы және көсек бойлауы кешігеді.
Қозаны гүлдеу - түйін салу кезеңінде суаруды дұрыс жүргізудің зор маңызы
бар. Осы кезеңде өсімдіктің суды қанып ішпеуі (шөліркеуі) оның өсуін тежеп,
гүл қауыздары мен байлай бастаған көсектерін төгуіне әкеліп соғады.
Көсектері мезгілінен бұрын ашылып, мақта талшығының сапасы төмендеп кетеді.
Әсіресе қозаны пісіліп-жетілердің алдында, мерзіміне ерте әрі тым молынан
суарған жағдайда осылай болады.
Керісінше, қозаны оның гүлдеп-түйіндеу кезеңінде көлкіте суару
өсімдіктің бұтағы мен жапырағын мол жайып, көп түйін дегенімен, түпкілікті
өнім аз болады. Өйткені бұл кезеңдегі мол су оның жапырағын тым қоюлатып,
көлеңкені көбейтеді де, пісіп-жетілуін кешіктіреді, алғашқы терілетіп
өнімін азайтып, көп көсек піспей, кенжелеп қалады.
Міне, сондықтан да суару мен су беру нормасын сақтауға баса маңыз берген
дұрыс.
Алқапқа бір суарғанда берілетін судың мөлшері суару нормасы, ал,
өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңіндегі бүкіл судың мөлшері – суландыру нормасы
деп аталады. Суару және суландыру нормалары бір гектарға жіберілетін судың
текше метрімен белгіленеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсірілетін аймақтарының климат
жағдайлары, топырақтын ылғалдық-физикалық қасиеттері мен күнарлылығы,
жерасты суларының орналасу деңгейі, өнімнің және қолданылатын агротехника
ахуалы, мақтанын сорты т.б. жағдайлар суару мен суландыру нормаларының
мөлшеріне зор ықпал етеді.
Климаттық ерекшеліктеріне қарай облыс үш аймаққа бөлінеді. Бұлар —
негізгі оңтүстік (Мақтаарал ауданы), орталық (Келес, Сарыағаш аудандары)
және солтүстік аймақтар (Сайрам, Бөген, Тұркістан, Шардара аудандары).
Оңтүстік аймақта жерасты сулары деңгейінің жақын жатқандығына байланысты
(1-3 м), әсіресе 1995-1996 жылдарда тік дренажды скважина құбырларының
істен шығуына байланысты қозаны өсіп-жетілу кезеңінде 1-2 рет суарса да
жеткілікті.
Жерасты сулары тереңде жатқан (5-10 м және одан да терең) орталық
аймақта және солтүстік аймақтардың бірқатар аудандарында норма бойынша
қозаны 5-6 мәрте суару қажет, алайда су тапшылығы салдарынан өсімдіктің
өсіп-жетілу кезеңінде оны 3-5 рет суарумен шектеледі.
Қозаны сапалы суару және топыраққа қажетті тереңдікте ылғал сіңіру үшін
топырақтың түріне қарай әртүрлі мөлшерде су беріледі. Топырақ ауыр болған
сайын суару нормасы да жоғары болуы тиіс. Себебі ауыр топырақтың ылғал
сақтау қабілеті жоғары келеді, соған қарай өз бойында суды көп мөлшерде
ұстап тұра алады. Құмды және құмайт топырақтардың ылғал сақтау қабілеті
төмен болатындықтан аз судың өзі терең ││тез сініп кетеді.
Алайда суару нормасы көбірек болған сайын (ауыр топырақтарда) өсімдік
қажет ететін ылғал да ұзақ уақытқа жетуге тиіс. Сондықтан ауыр, балшықты
топырақтарда суару нормасы да жоғары болады, бірақ сирек суарылады, ал
құмды және құмайт топырақтарға су аз мөлшерде беріледі, есесіне жиірек
суарылады.

1.2.Оңтүстік аймақтың еңісі мен ылғалдылығы аз жерлерін суару нормасы.
Оңтүстік аймақтың еңісі мен ылғалдылығы аз жерлерінде суару нормасы
әдетте гектарына 900-1100 текше метр болып келеді, ал 2-3 мәрте суаруға
гектарына 2000-2200 текше метрге дейін су жіберіледі, өйткені алғашқы
суаруға норма бойынша гектарына 800 текше метр ғана су беріледі. Тамыз
айындағы соңғы суарудың нормасы да 700-800 текше метрге дейін
төмендетіледі.
Құнарлы топырақтарда, әсіресе жоңышқадан босатылып жыртылған жерлерде
суландыру нормасы бұрынғы мақталықтардағыдан және жұтаң, құнары аз
жерлердегіден аз болуға тиіс.
Оңгүстік аймақтын жерасты сулары жақыс жатқан алқаптарындағы мақта
транспирацияга қажетті судын едәуір бөлігін жерасты суларының есебінен
алады.
Жерасты суларының деңгейі 1 метрге жақын болын келетін алқаптарда судың
жалпы шығыны гектарына 11700 текше метр құрайтыны анықталды. Оның 9140
текше метрі немесе жалпы шығынның 78 пайызы жерасты суларының есебінен
болып шықты. Ал, су деңгейі 2 метр тереңдікте жатқан жағдайда жалпы шығын
әр гектарға 6820 текше метрден келген, оның 1830 текше метрі немесе жалпы
шығынның 34 пайызы жерасты суларының есебінен болған .
Ауыспалы егіс жүйесіндегі жоңышқа қозаның өзіне қарағанда суды 2-3 есе
көп талап етеді. Жерасты сулары 2-3 метр тереңдікте орналасқан жағдайда
жоңышқа алқабына қозалыққа қарағанда 6-8 есе көп су жұмсалады. Мұның өзі
олардын тамыр жүйелерінід ерекшеліктерне байланысты.
Жүгерінің тамыр жүйесі топырақтың үстіңгі қабатына жақын жатады.
Сондықтан ауыспалы егіс жүйесінде жүгері алқабының жерасты суларын
пайдалануы жоңышқа және коза алқаптарына қарағанда аз болып келеді.
Тамыр жүйелерінің аталған ерекшеліктері суландыру нормаларының мөлшеріне
ықпал етеді.
Ауыспалы мақта егісінде негізгі дақылдарды суландыру үшін Мырзашөлдің
байырғы суландыру аймағынын топырағына қолданылған тәртіпті өндіріске
енгізу ұсынылды. Бұл ереже бойынша мақта егісінін 3 мәрте суарудың әр жолғы
нормасы гектарына 1100-1300 текше метр, суландырудын нормасы - 2500 текше
метр, жоңышқалық үшін алғашқы жылы 5 мәрте суару нормасы гектарына 1000-
1300 текше метрден, буландырудың нормасы - 6200 текше метр, бұдан бұрынғы
жылдардағы жоңышқалық үшін 6 мәрте суарудың нормасы - 1000-1300 текше метр
және суландыру нормасы 7200 текше метр, жүгеріні өсіп-жетілу кезеңінде 5
мәрте суарудың әр жолғы нормасы гектарына 900-1100 текше метр, ал суландыру
нормасы - 5000 текше метр болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сарыағаш ауданында мақтаны суару мерзімі мен мөлшері
Жүзім өсіру
Оңтүстік Қазақстанның суармалы сұр танаптарында қауын өсірудің агротехнологиясы
Дәндік жүгері өсіру технологиясы
Солтүстік Қазақстан жағдайында жүгері негізгі сүрлемдік дақыл
Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы
Күріш дақылының өсіру технологиясы. Күріш дақылына зиян келтіретін бунақденелілердің түр құрамы, биологиясы
Бақ жасақтау
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
Жеміс-жидек өсімдігі мен жүзім
Пәндер