Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен оңалту және коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:
СОДЕРЖАНИЕ
АННОТАЦИЯ5
Қорытынды6
1 АДАМЗАТ ДАМУ ТАРИХЫНДАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ әЛЕУМЕТТІК-МәДЕНИ СТАТУСЫ9
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар тәрбиесінің тарихи-мәдени ерекшеліктері9
1. 2 Қазіргі қоғам дамуындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік-мәдени статусы18
2 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРМЕН ОҢАЛТУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ30
2. 1. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек Балаларды оңалту кезіндегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың жетістіктері30
2. 2. . Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтік педагогикалық бағыттаудағы ізденіс жолдары, сүйемелдеулеріне ұсыныстар35
ҚОРЫТЫНДЫ44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР46
Оңалтудың жеке бағдарламасы49
Қандай ауру екенін білу49
Этаптық эпикриз51
Ұйымдардың атауы53
АННОТАЦИЯ
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Соның ішінде қоғамымызда әлі де мәселелері шешілмеген мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың жағдайы қарастырылмақ.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіру». Зерттеудің пәні - кемтар балаларды әлеуметтендірудің жеке бағдарламасының ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу оъектісі - мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың дамуына әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу мақсатында жүргізілді. Ғылыми болжамында, егер де Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіру жұмысы ерте қолға алынса, ата-анасы толық ақпараттанса кемтар балалар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде сезінер еді.
Я. А. Каменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегі, Дж. Герберт Мидтің «Әлеуметтік бихевиоризм » теориясы, А. Маслоудың адамның әлеуметтік мінез - құлқы толығымен өзін-өзі негіздейді және әрбір тұлға өзін-өзі жасайды, оны қоршаған орта жасамайды деген кешенді бағыты зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізінде зерттелді. Дипломдық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде, қоғамымыздағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік мәселесі қарастырылды. Екінші бөлімінде, Шығыс Қазақстан обылысы, Көкпекті ауданы Самар ауылында үйде оқитын балалардың әлеуметтенуінің деңгейін эксперименталдық зерттеу тәжірибесі қарастырылды.
Зерттеу нәтижесінде, жүргізілген әдістемелер арқылы, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік деңгейі және ата-аналарының мүгедек баланы тәрбиелеуге дайындық деңгейі анықталды. Мүгедек баланы әлеуметтендіруде оның отбасымен бірлесе жұмыс атқаруы ұсынылады.
Қорытынды
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтенуіне әсер ететін факторлардың бірі оның отбасы екені байқалады. Ата-аналар мен мамандардың бірлесе байланыста болуы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтенуі, олардың жетіліп дамуына ықпалды келеді. Мүгедек балалардың толық дамуына оның отбасының психологиялық климаты әсер ететінін жүргізілген тәжірибеден байқадық. Отбасының өз қайғысына тұйықталып, мүгедек баласына барынша ұялуына жол бермей, әлеуметтік ортамен үнемі белсенді байланыста болуы мүгедек баласының әлеуметтенуіне ғана емес, сондай-ақ қоғамның, ортаның адамгершілік сезімін оятады. Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеу және оған болжам жасау арқылы отбасы мен мүгедек балаларға әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық нақты көмек формалары және түрлері ұсынылады. Мүгедек балалардың дамуы мен тәрбие проблемеларын шешуде отбасыларымен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатылуы әлеуметтендіру жұмысының оңтайлы жүргізілуіне әсерін тигізеді.
Дипломдық жұмыста қоғамымыздағы бала мүгедектігінің мәселелерінің шешімін екі жақты қарастырдық. Біріншіден-мүгедектіктің алдын алу. Екіншіден - мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіруді әлеуметтік оңалту арқылы жүзеге асыру.
Жұмыста мүгедек балалардың дамуына әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу барысында мүгедектік мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау жасалынып, мүгедектіктің алдын алуға бағытталған әдістер талданды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың мүгедектігінің ерте алдын алу және коррекциялық - функционалдық моделі жасалды. Медициналық-әлеуметтік және еңбекпен оңалту сұрақтарын әлеуметтік қызметтің араласуынсыз іске асыру мүмкін еместігі анықталды. Зерттеу мақсаты үшін көзделген тапсырмалар орындалды, зерттеу болжамының жүзеге асу жолдары көрсетілді.
Отбасында, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар ортада, әлеуметтік мәселелерді зерттеу және оны шешу жолдарын анықтау мамандардың өзекті бағыты болмақ.
Зерттелген мәселе бойынша әдебиеттерді талдай келе, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіруде әлеуметтік қызмет маман дары үшін төмендегідей ұсыныстар жасалынды:
- Ата-аналарды мүгедек баламен қарым-қатынас жасау стильдерін оңтайлы пайдалануға дағдыландыру.
- Отбасында мамыражай психологиялық ахуал құру.
- Әлеуметтік қызметтің, отбасының және қоғамның өзара әрекет ету тетіктерін жетілдіру.
- Болашақ ата-аналарды тәрбие теориясы туралы педагогикалық біліммен қаруландыру.
отбасыларымен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізеді.
Жаңа қоғамдағы бала мүгедектігің мәселелерінің шешімін екі жақты қарастырылуы керек. Біріншіден-мүгедектіктің алдын алу, бұл аяғы ауыр әйелдерге, сәбилерге көрсетілетін медициналық қызмет санасын жоғарлату арқылы, алдын ала кеңес алатын медициналық- генетикалық мекемелер ашу арақылы іске асыру. Екіншіден - мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту, бұл-әлеуметтік оңалту орталықтарын ашу, мектеп алды оңалту мекемелерін ашу арқылы іске асыру.
Елімізде қазіргі танда 2005 жылдың соңғы мәліметіне сүйенсек 42, 2 мың бала мүгедек деп танылды. Педагогтар мен дефектологтар мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен істейтін жұмысқа керек жаңа және жетілдірілген бағдарламалардың топшылығын айтады. Сонымен жанұясында мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларының әлеуметтік мәселелерінің зерттеу және оның шешу жолдарынын анықтау мамандардын өзекті бағыты болмақ.
Тақырыптың өзектілігі - Мүгедек балаларды қоғамда әлеуметтендіру қазіргі заманымыздың ең өзекті мәселесі болып отыр. Оны шешу жолдары немесе санын азайту бағытындағы жұмыстар әлі де жеткіліксіз. Ата-ана мен мүгедек бала өте тығыз байланыста болғандықтан, кейбір отбасының толық ақпараттанбауы және әлеуметтік қызметтің маңызын ата-аналар арасындағы түсінбеушіліктерінің әлі де болса біздің қоғамымызда орын алуы.
Зерттеу мақсаты - мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың дамуына әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу.
Тапсырмалар:
1. Мүгедектік мәселесі бойынша әдебиетерге теориялық талдау.
2. Мүгедектіктің алдын алуға бағытталған әдістерді талдау.
3. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды ерте алдын алу және коррекциялау жүйесінің құрылымдылық-функцияналдық моделі.
Зерттеу объектісі - мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар.
Зерттеу пәні - кемтар балаларды әлеуметтендірудің жеке бағдарламасының ерекшеліктерін анықтау.
Болжамы: Егер мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіру жұмысы ерте қолға алынса, ата-анасы толық ақпараттанса кемтар балалар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде сезінер еді.
Зерттеу әдістері: Сараптау (анализ), бақылау анкета жүргізу, итервью, тестілеу
Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы, Самар ауылында үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар.
1 АДАМЗАТ ДАМУ ТАРИХЫНДАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ әЛЕУМЕТТІК-МәДЕНИ СТАТУСЫ
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар тәрбиесінің тарихи-мәдени ерекшеліктері
Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болғандықтан, кемтар балаларды зеттеу қиындай түседі. Мысалы, есту мүшелері, көзі зақымданады, баланы қимылында, жүріс-тұрысында икемсіздік байқалады, орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Ондай бұзылудың қайсысы да баланың өсіп-дамуына өз тарапынан әсер етеді.
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар мәселесі әлеуметтік модель шеңберінде олардың отбасы тәрбиесімен және тұлғааралық қаты. настармен байланысты қарастырыла бастады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары медициналық модельдің орнына әлеуметтік модель келді. Оның дамуына психосараптама теориясы ықпал етті. Кемтар адамдардың өмірі дені сау адамдардың бақылауында болды, олар тәуелді болып келді. Бұл модель мемлекетіміздің әлеуметтік саясатына, заң шығарушы органдарға, ұйымдарға өз әсерін тигізді.
Баланың мінез-құлқының әлеуметтік нормаға сәйкес келумеуі оның денсаулығында мүкіс бар деп есептеледі. Баланың дамуының және әлеуметтенудің ауытқуы бірнеше факторға байланысты. Оларды үш негізгі топқа бөлуге болады: биогенді, әлеуметтік және психогенді. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: адамның кез келген факторға байланысты мүмкіндіктерінің қоршаған ортамен байланысының бұзылуын, әлеуметтендіруінің құлдырауына әкеліп соғады. Мәдени дамудың үлгісі үнемі белгілі бір топта белгіленген нормамен шектеледі. Әлеуметтің соңында мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген көзқарастың әр түрлі формасы болады.
Ерте кезде де кемтар балаларға әлеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстицион кодексінде кемтар балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Православты Ресейде, Ежелгі Римдегі сияқты кемтар балаларды, әсіресе ақыл есі кем балаларды жоймай, оларды «құдайдың балалары» деп қабылдады. Киев Русінің негізгі кітаптарында, Москва мемлекетінің «Жүз тарауында» кемтар балалардың қоғамдық жағдайы ерекше бұйрықтарымен шектелді. ХІ ғасырда Ежелгі Русьте ақыл-есі кем адамдар Киевско-Печорск лаврасында шоғырланды.
1551 жылы «Жүз тарау заңнамасында» былай деп жазылды: «кім ақыл-есінен айырылса, оларды монастырьларға орналастыру керек» Бірінші Петр тұсында шыққан «Ессіздер» ( «О дураках») заңында, кемтар адамды ең бірінші көңіл қойып куәландырылуы тиіс деп жазылды. Я. А. Каменский «Ұлы дидактика» еңбегінде әрине тәрбие ең бірінші ақыл-ессіз адамға арналады, себебі оларды табиғи ессіздіктен арылту керек, аадами тәрбиеден және білімнен ешкімді шектетуге болмайды деп жазды.
Ежелгі Русьтегі сияқты исламда да мүмкіндігі шектеулі балаларға мейірімді көзқарастар қалыптасты. Ислам аса ауқатты және дені сау адамдар мүгедектерге қолдау көрсетуге шақырады. Әр қоғамда денсаулығына байланысты байланысты толық қанды өмір сүре алмайтын және қоғамға өз үлесін қоса алмайтын адамдар кезеседі. Қоғам оларды қорлауға немесе төмен санауға тыйым салады. Исламда мүмкіндігі шектеулі балаларға аса мейірімділікпен қарауға, оларды тығырыққа тіремей, күн көрісінің кедейленуіне жол бермеуге шақырады. Мұсылмандарда адам қандай шындық қайғы болса да, оны аса жігерлікпен және мейірімділікпен өткеру керек. Қандай қиындық туса да, кемтар адамдарға көмек көрсету керек немесе оның қайғысын жеңілдетуге бағыт алу керек.
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да филосфтар, егер баланың құлағы естімесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып-білуі қалай өтеді деген мәселемен шұғылданды.
Аристотель мүгедек балаларға арналған екі трактат жазды. А. И. Радищев өзінің атақты трактатында, мүгедек балалар дамуының кейбір заңдылықтарын анықтады. Неміс филосфы Кант кемтар балалардың даму ерекшеліктері жөнінде жазды.
Керең балаларды зерттеген кезде естудің бала тілінің дамуына әсерін, соқыр балаларды зерттегенде - айналадағы құбылыстарды ұғып түсінуге көрудің әсерін анықтауға мүмкіндік туады.
Әлуметтік ғылымның әлуметтену деген ұғым аясындағы міндеттері алуан түрлі әлеуметтендіруші әсерлерді ( ұйымдастырылған және өздігінен орын алған) анықтау мен негіздеудің және оларды мақсатты түрдегі педагогикалық ықпалға айналдыруды көздейді. Бұл жағдайда жас ұрпақты мақсатты түрде әлеуметтендірудің негізгі ортасы мектеп болуы тиіс, өйткені, отбасы немесе басқа да әлеуметтік институт жастарды осы заманғы өркениет қиындықтарын даярлауға қабілетсіз.
Э. Дюркгейм мектеп педагогикасына арнаған өзіндік формуласын: «Әлеуметтендіре отырып, даралау» деген ойымен түйіндеген екен. «Индивид қоғам қандай мөлшерде қатысы болса, сондай мөлшерде ол ойлану үстінде де, іс-әрекет үстіне де табиғи түрде өзін-өзі өсіріп, жетілдіреді» дейді [13; 219б] .
Американың белгілі социологі әрі психологі Джордж Герберт Мид (1863-1931) әлеуметтендірудің рөлдік тұжырымдамасын жақтайды. Ол өзінің «әлеуметтік бихевиоризм» деп аталған теориясында адамды белсенді әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырды. Бұл белсенділік тұлғаның ерекше ішкі психологиялық жүйесінен туындайды.
Әлеуметтену барысында бала әлеуметтік рөлдердің атқарушысы болу үшін оларды бойына «өлшеп көріп», жай ғана игеріп қоймай, нақты әлеуметтік жағдаятты интерпретациялайды (Дж. Мидтің термині), себебі, ол өздерінің рөлін ала отырып, өзіне деген жаңа қарым-қатынас пен көзқарасқа ие болады. Осылайша, әлеуметтенуші бала өзіне қоғамның берген рөлдерін қабылдап, оларды өзі меңгерді. ДЖ. Мид шын мәнінде әлеуметтендіру теориясында субъект-объект қатынастары саласына көп көңіл бөліп, тұлғаның субъект-объектілік әлеуметтік байланыстары мен қатынастарына назар аударған жоқ.
ХХ ғасырдың 70-жылдарының соңы мен 80-жылдарының басында батыстық социология мен психологияда әлеуметтену мәселесін зерттеу жаңадан жандана түсіп, әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасын бірінші кезекке шығарады.
Бұл бағыттың теоретиктері тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы және тіпті сыни тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға ұмтылуын дамыту міндетттерін алға қойды. Әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасын жақтаушылар теориялық жұмыстарында «өзін-өзі басқару», «өз мүмкіндігін іске асыру», «өз орнын табу», «өзін-өзі анықтау», «өзін рухани шоғырландыру», «қаржылық әлеуеті», т. б. б ұғымдарды белсенді пайдаланады.
Әлеуметтанудың сыншылдық тұжырымдамасының басты теоретиктерінің бірі-Карл Роджерс (1902-1987) . Ол ғылымға «гуманистік психология» теоретигі, психотерапиядағы өзгеше бағыттың негізін салушы ретінде енді. Ол өз еңбектерінде «әлеуметтендіру-тіпті де баладан жасанды түрде тұлға «құрастыру» дегендік емес. Оны іс жүзінде адамның өзі ғана істей алады әрі өзі ғана істеуі тиіс» деп қорытады [18; 228б] . К. Роджерс әлеуметтендіру барысында тұлғаның бойында өзін-өзі бағалауға икемділікті бұрын қалыптасқан құндылықтар жүйесін тәжірибе нәтижесінде қайта қарай білу қасиеттерін қалыптастыру маңызды деп есептейді. «Адам ұзақ уақыт бойы өзін өмірде эномикалық күштер, сансыз күштер немесе қоршаған орта шаблон бойынша жасаған қуыршақтай сезінеді. Бірақ ол біртіндеп жаңа тәуелсіздік декларациясын жасап келеді. Ол қолайлы кіріптарлықтан бас тартуда. Ол өзін-өзі таңдап, ең күрделі әрі көбінесе қасіретті әлемде қуыршақ та, құлтемір де, машина да емес, өзімен-өзі болуға, тамаша, дербес «Мен» болуға ұмтылады» деп тұжырымдайды.
Мұндай ұғымда индевид оқиғаларының өзін өзгерте алмайды, бірақ сол оқиғаларды өзінің қабылдауын және түсінуін өзгерте алады. Қабылдау-әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасын жақтаушылар үшін орталық ұғым. К. Роджерстің түсіндіруінше, ересектердің (ата-ананың, мектеп педагогтердің) міндеті-мәселені ұғыну және оның шешімін балаға көрсетіп беру, итермелеу, тек «өзін-өзі тыңдауға», «өзіне-өзі оралуға» мүмкіндік беру.
К. Роджерстің ұғымында, тұлға мен оның әрекеті үшін «Мен-тұжырымдаманың» қалыптасуының маңызы зор, ол өзін-өзі қабылдау жүйесі: адам өзін-өзі қалай қабылдайтынын сипаттап береді, мұны К. Роджерс «Нақты-Мен» деп атайды. «Мен-тұжырымдамаға» сонымен қатар «Идеалды-Мен» жоспары да кіреді, ол адамның өте бағалайтын, бойына сіңіргісі келетін, бірақ әлі қолы жетпеген сипаттамаларынан тұрады. Адам жаңа өмірлік тәжірибе жинаған сайын, яғни әлеуметтену барысында «Мен-тұжырымдама» да күрделіленетініп, саралана түседі. Сонымен қоса, индевидте айналасындағылар тарапынан, әсіресе маңызды ересектер-педагоктер мен ата-аналардың өзіне деген оң көзқарасты қажет етушілік пайда болады. К. Роджерс айналадағылардың дұрыс қарым-қатынасы баланың өз-өзіне дұрыс қарым-қатынасына, өзіне сенімділігіне айналады да, әлеуметтенуші тұлғаның нақты және идеалды «мені» сәйкестендіруге жағдай жасайды деп есептейді.
Әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасын қолданушының бірі Абрахам Маслоу (1908-1968) былай деп мәлімдеген: адам табиғатынан-ақ толық жетілген, ол өз өмірін белсенді түрде құруға, денсаулығын сақтауға, әсемдік әлемімен тілдесуге, өзінің дербестігі мен даралығын қорғауға қабілетті [16; 110б] . Оның дәлелденуінше, әлеуметтілік адамның табиғатында бар нәрсе, адамдарда табиғатында бар нәрсе, адамдар да туа біткен адами қажеттіліктердің ерекше қатары болады. Қарапайымнан (тамақтану, ұрпақ жалғастыру) бастап, қауіпсіздік пен қоғанысқа, махаббатқа, құрметке, ең соңында ақиқатқа, ізгілікке, сұлулыққа, әділеттілікке, және өз маңызын арттыруға қажеттілікке дейін. Осыған сүйеніп, А. Маслоу адамның әлеуметтік мінез-құлқы толығымен өзін-өзі негіздейді және әрбір тұлға өзін-өзі жасайды, өз өмірлік тәжірбиесінің сәулетшісі өзі, оны қоршаған әлеумет жасамайды деп түйіндейді.
А. Маслоу әр түрлі еңбектерінде тұлғаның қалыптасу, оның туа біткен әлеуетін өсіру мен жетілдіру туралы ойын дамыта түсті. Оның пікірінше, жақсы өмірдің мәні тағдырдың барлық сынын қабыл алып, өзінің адамдық табиғатыңды іске асыруда, қайсібір әлеуметтік шаблондарға, дәстүрлерге бой ұрмай, өзін-өзі тиімді дамытудың қажетті әрі мүмкін жолдарын іздеуде жатыр. Адам өз іс-әрекетін қоғамдық талаптардың ыңғайымен үнемі өзгеріп отыруға, айналадағы адамдарға бейімделуге мұқтаж емес. Оның әрекеттері әу бастан өзіндік «Менің» құндылығынан туындайды «Адам өмірінің әрбір сәтінде өз ішіне үңіліп, өзіндік «Меніне» құлақ түруді бастамайынша, дұрыс таңдау жасай алмайды . . . жауап іздеп өзіңе-өзің мән беру-жауапкершілікті өзің иелену деген сөз» деген А. Маслоу адамның барлық табиғи мүмкіндіктерін өзі жандандыруынан қоғамды және әлеуметтік өмірдің өзін де жетілдірудің басты жолдарын көреді.
Осылайша, әлеуметтенудің сыншылық тұжырымдамасын қорғаушы гуманистік мектеп психологтері әлеуметтілік деп аталатын тұлғалық қасиетті көп дәрежеде биологиялық бірлікпен-организммен, ал әлеуметтік қажеттіліктерді-биологиялық тек-тамырлармен байланыстырады. Сондықтан да өзіне-өзі маңыз беруді олар бастапқы нүктесінде әлеуметтік ортаға, адамзат мәдениетіне тәуелсіз, «өз ішінен өсу» түрінде түсінеді.
Әлеуметтенудің когнитивтік тұжырымдамасының өкілдері тұлғаның қандайда бір әлеуметтік әрекетті игерудің басты мүмкіндігі ретіндегі когнитивтік үрдістердің мәнін ерекше атап көрсетеді. Теоретиктер өз зерттеулерінде генетикалық психологияның Женева мектебінің негізін салушы Жан Пиаженнің (1896-1980) психологиялық даму теориясына сүйенеді. Бұл теория бойынша, тұлғалық даму-ең алдымен ойлаудың дамуы.
Әлеуметтенудің конгнитивтік тұжырымдамасының жетекші өкілдерінің бірі-америкалық психолог әрі педагог Лоуренс Колберг (1927-1987) . Дж. Дьюи мен Ж. Пиаженнің идеяларының едәуір ықпалында болған. Л. Колберг тұлғаның әлеуметтену үрдісі ең әуелі моралдік сананың даму, әлеуметтік өмірдің талаптары мен ережелерін меңгеру үрдісі деп қарастырылады. Бұл жерде ол әлеуметтік ортаны сыртқы әсерлердің жүйесі деп емес, тұлғаны белгілі бір әлеуметтік рөлдері қабылдауға ынталандыратын мүмкіндіктер жүйесі деп анықтап берді.
Л. Колберг тұжырымдамасының тәрбие тәжірибесі үшін ерекше құндылығына келсек, ол мектепті «әділетті қоғамдастыққа» қалай айналдыруға болатынын және одан әлеуметтендірудің «сынақ» алаңын қалай жасауға болатынын көрсете алды. Л. Колберг пікірінше, мектептің демократияланған әлеуметтік құрылымы балалардың (педагогтердің де) өз әрекетін басқа адамдардың мүддесі тұрғысынан бағалауға бейімділігін, басқаларды өзіндей көруге, солардың қамын ойлап өмір сүруге дайындығын қалыптастырады. Балалар үшін, жаңа әлеуметтік тәжірибеге иек арту үшін олар өз әрекеттерінің жаңа бағдарламасын табуы тиіс [22; 165б] . Яғни, әлеуметтік тәжірибе балалардың танымдық әрекетін қамшылай түскендей болады.
Л. Колбергтің әлеуметтендіру және адамгершілікке тәрбиелеу теориясының негізгі идеялары Америка мектептері мен университеттерінің, жасөспірімдерге арналған әр түрлі түзету мекемелерінің тәжірибесінде кең қолданылады. Ол және оның ізбасарлары әлеуметтендіру механизмін қандайда бір «ұқсастық теңгерімі» түрінде қарастырылады: тұлға әрбір нақты жағдайда «басқалар сияқты болу» талаптары мен «ешкімге ұқсаау» талаптары арасында тепе-теңдікті сақтауы, яғни, бір мезгілді әрі ұқсас, әрі қайталанбас болуы тиіс.
Әлеуметтік үйрену тұжырымдамасы әлеуметтендіру механизмдері ретінде идентификация, еліктеу, сену, талаптарға бағыну, конформдылық үрдістерін қарастырады. Бұл үрдістер санасыз немесе санамен сезінудің түрлі дәрежесінде орын алып, жеткіншек баланың әлеуметке енуіне жағдай жасайды. «Әлеуметтік үйрену» терминін ғылыми айналымға ХХ ғасырдың 30-жылдарында америкалық психологтер Н. Миллер мен Дж. Доллард енгізген. «Үйрену» дегеннің өзі әлеуметтік даму үрдісі өздігінен жүріп жатқанын көрсетеді.
Әлеуметтік үйрену тұжырымдамасының психологиядағы басты үндеушісі-белгілі америкалық психолог Альберт Бандуар (1925ж. туған) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz