Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: « Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек»
Орындаған : Узбеханова Ж. О
Тексерген: Ахметжанов О. Н
Семей 2015ж
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлімКүйіктін түрлеріБелгілеріЕмі
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Физикалық (жоғары температура, күн және басқа да сәулелер, электр тоғы ) және химиялық заттардың ұлпаларға әсер етуі нәтижесінде жануарлардың денесінде күйік паталогиясы кездеседі.
Мұндай жануардың әр түрлі мүшелері, ұлпалары және физиологиялық қажетті жүйелері бұзылады . Жануарлар көбінесе жоғарғы температураның (өрт, әр түрлі ыстық нәрселер) әсерімен күйеді. Аталған патология - мал қораларындағы, темір жол вагондарындағы, авто-транспорттағы, шым тезектегі және басқа жердегі өрт шығудан болады. Химиялық күйіктер - малды тасымалдап, оларды тиеп, түсіру жұмыстарында мұқият болмағандықтан қышқылдардың, сілтілердің, ауыр металл тұздарының әсерінен жиі кездеседі. Қойларды, ешкілерді қырыққын соң, жайылымда жүріп, күннің, ультра күлгін сәулелерінен малдың жаппай күйіп жарақат алғаны жөнінде де деректер жеткілікті.
Негізгі бөлім
Мал түлігінен күйікті әсіресе қой мен ірі қара көтере алмайды, ал шошқа мен жылқы көбінесе шыдамдылық көрсетеді. Жас мал, күйікті ересек малға қарағанда едәуір асқынып ауырсынулар болады.
Аурудан жазылған, жарақаттанып қансыраған мал немесе тууы жақындаған жануарлар күйікті қатты ауырсынады, ал патология кезінде көбінесе ауыр өтеді. Мал мүшелерінде (бастың, шапғы күтың жыныс мүшелерінің, желіннің, аяқтардың ) күйіктері әрі қауіпті және асқынып ауыр өтеді.
Атап айтсақ, бас аумағы күйген кезде жануарлардың тынысы тарылады, тұншығады, көмекейдің кілегей қабығының және кеңірдектің ісініп домбығуынан немесе олардың іріңдеп қабынуынан асқынулар болып кейде өкпе қабынады. Жыныс мүшелері мен шап аумағының күйіктен жарақаттануы зәр мен шәует жүретін жолдардың бұзылуына ұшыратса, сүт безі тереңірек жартылай ірінді патпроцестің (желінсау) ақыры сепсиске айналуы мүмкін. Кеуде аумағынын, торшалары көлемдірек болып, тереңдеп көкірек шандырын және өкпені қабындырып ірінді қабынуға, ұшыратады. Мал аяғының күйген аумағы ластанып кейіннен іріңдейді, тырысып (контрактура) аяқтардың қысқарып жаны кетіп салдануы мүмкін.
Күйік жоғары температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы.
Термиялық күйік
- денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарылығына, әсер етудің ұзақтығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ-қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.
Химиялық күйік -
денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының (хлорлы мырыш) әсерінен пайда болады.
Зақымдалудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттардың әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды. Ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек.
Сәулелік күю
- ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады, сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді. Зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.
Термиялық күйіктің кезіндегі алғашқы медициналық көмек зардап шегушіге жоғары температураның ықпалын тоқтатуға, яғни жанған киімді сөндіруге, оны жоғары температура аймағынан әкетуге, оның денесінен күйген киімді шешуге бағытталады.
Күйіктің асқынуын болдырмау үшін күйіктің бетіне таза таңғыштар жабу керек. 1-дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, калий пермаганатымен ылғалдап қоюға болады. көпіршіктерді қыздыруға, алуға немесе қандайда бір май жағуға (вазелин, мал немесе өсімдік) болмайды. Жағылған май ауруды жазуға көмектеспейді. Есесіне жұқпалылардың енуіне жол береді. Бұл өз кезегінде алғашқы медициналық көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық емдеуге кедергі келтіреді.
Химиялық күйік кезіндегі алғашқы көмек химиялық заттың түріне байланысты. Концентірлі қышқылдар күйдірген кезде (күкірттен өзге) күйіктің бетін 15-20 минут бойы суық сумен шаяды. Күкірт қышқылы сумен қосылып жылу шығарады. Бұл күйікті асқындыруы мүмкін. Сілті ертінділері (сабынды су, сода ертіндісі- стакандағы суға 1 қасыққосылады шаю оң нәтиже береді.
Сілтілермен болған күйікті сумен жақсылап шайып, соңынан сірке қышқылының әлсіз ертіндісімен тазалау қажет (стакандағы суға бір шай қасық асханалық сірке су) ем домнан кейін күйген жерге тазартылған таңғыш қоюға болады. Таңғышты ертінділермен ылғалдауға болады. Фосформен күйген күйік қышқылмен және сілтімен күйген күйікке қарағанда ерекше болады,
Оқиға орнында көмек көрсету
Бірінші тәртіп - күйген жерді мүмкіндігінше таза жаимамен жабу.
Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түйуге болмайды.
Екінші тәртіп - целлофан пәкеттерін, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма төселген күйген жердің үстіне қояды.
Үшінші тәртіп - күйік алған адамға 1-2 таблетка анальгин беру(оның есі болған жағдайда) .
Төртінші тәртіп - зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықта қалдыру.
Тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмай 1-2 дәрежелі күйік болғандағы көмектер
1. күйген жерді жылдамырақ суық судың астында 10-15 минут ұстау
2. таза құрғақ матамен жабу
3. көпіршік үстіне суық зат қою (мұздық қаптама, мұзды су құйылған немесе қар салынған пәкет) .
Дәрігерге дейінгі жәрдем күйіктерде мүмкін болғанынша жоғары температурадан шыққан ыстықты азайту керек. Ол үшін күйген аумақтың үстін күйген жүн қалдығынан, шөп, жоңышқа, топырақ тағы басқа бөгде заттардан тазартып, салқын сумен жуған жөн. Ауырсынуды бәсеңдетіп асқынудан сақтау үшін, жарақаттанған аумаққа салқындатқыш зат басады немесе одеколон, спирт, марганец калий қышқылының судағы ерітіндісін 1 - 2 пайыздық, ( 1: 5000 ) ерітіндісін дымқылданған дәкемен басады.
Дәрігерлік жәрдем жедел жәрдем көрсетуге келген адамдар немесе дәрігер күйік патологияларында жан - жақты комплексті ем жасайды.
Профилактикасы қораларда міндеті түрде артық шығатын қақпалар болу керек. Оларға жүретін жерлерінде ештеңе кедергі жасамау керек. Жануарларды ыстық парлардан сақтайды, жанып жатқан орман, тоғайларға жайылмауын қадағалайды. Бөтелке, тағы да басқа қышқыл улары бар нәрселерді қатал бақылау мен әкеледі. Физиотерапия процедурасында белгіленген мөлшерден аспауы керек.
Емі күйген кезде новокаинның 0, 5 пайыздық ерітіндісін ( 0, 2 г новокаин 100 кг салмаққа ) күре тамырдан жіберу керек. Зат алмасу процессін жақсарту мақсатымен қан тамырлары арқылы глюкозаның 40 пайыздық ерітіндісі ( 20 - 200 мл ) жіберіледі. Күйгенен кейін 6 - 10 сағаттан соң өршіген улануды бәсеңдету үщін ас содасының 4 пайыздық және натрий гипосульфатының 30 пайыздық, ерітінділерін қан тамырлары арқылы жіберуге болады. Күйіктің 1 - 2 дәрежелерінде оның айналасындағы жүнін қырқып, күйіктің бетін және төңірегіндегі терісін спиртпен сүртіп, өліеттен тазалау керек. Тазалағаннан кейін 5 пайыздық калий перманганат ерітіндісімен өңдеп, таза спирт сіңірілген дәкемен таңылады. Содан соң метилен көгінің 2 пайыздық және бриллиант көгінің спирттегі 2 пайыздық ерітінділермен майланады. Күлдіріктер түскеннен кейін жараның орны танинның судағы 5 пайыздық ерітіндісімен шайып, инфекция түспеу үшін, азот қышқылды күмістің судағы 10 пайыдық ерітіндісімен майлайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz