Телеконференциялар. Telnet


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Автоматтандыру және электротехника кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Телеконференциялар. Telnet

Орындаған:Қайырбек А. С

Тобы: ВТ-211

Қабылдаған:Шайханова А. К

СЕМЕЙ 2015

Жоспар:

  1. Телеконференциялар
  2. Telnet
  3. Пайдаланған әдебиеттер

Интернет сервисінің тағы бір түрі - телеконференциялар (usenet) немесе жаңалықтар, ол бойынша торап абоненттерінің әртүрлі сұрақтар талқыланатын топтық дискуссияларға қатысуына мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта торапта осындай топ немесе телеконференциялардың он мыңнан аса түрі бар. Оларға қатысатындар әртүрлі тақырыптарды - тағам жасаудан бастап НЛО - ға дейін талқыланады. Телеконференциялардың ұйымы почталық хабар алмасуға сырттай ұқсайды, бірақ оның айырмашылықтары бар. Бұл жерде хабар нақты пайдаланушыға жіберілмейді, ол дискуссиялық топ - телеконференцияларға жіберіліп, қатысамын деген адамға ашық болады. Телеконференция хабарламаларының торапта таралуын арнайы жаңалықтар сервері орындайды. Ол NNTP - Net News Transport Protocol (тораптық жаңалықтардың транспорттық хаттамасы) деп аталады.

Телеконференциялар әр бір қатысушыға болып жатқан үрдіске өз көзқарасын еркін білдіруге, қойылған мәселені бірлесіп шешуге, бір бірлеріне әр түрлі сұрақтар қоюға, өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік береді. Кез келген телеконференцияның негізгі элементіне нақты бір сұрақты талқылау жатады, ал айырмашылығы пікірталаста бір-бірінен жойылған қатысушылар арасында байланысты орнатуда телекоммуникациялық технологияны қолдану болып табылады. Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция оқытушының басқаруымен өткiзiледi. Оқытушы пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, телеконференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады. FTP-серверлерiнiң қызметi өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк туғызады. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады. Телеконференцияларды ұйымдастыруда Skype және ooVoo программаларын қолдануға болады. Skype программасы аудио және видео байланыстарды екі қолданушы үшін, аудио бірнеше қолданушылар үшін ұйымдастыруға арналған. ooVoo программасы екі және одан да көп абоненттер арасында байланысқа арналған. Мұндай байланыстың артықшылығы қатынасудың құпиялылығында. Кемшілігі сигналдарды жіберудегі жылдамдылық режимі.

Телеконференциялардың электрондық почта арқылы хат алмасуға қарағанда екі өзгешелігі бар, олар:

  • біріншісі, белгілі бір мерзім әр конференция үшін әртүрлі ішінде

қабылданған мақалалар жинақталып сақталып отырады да, олар өте ескіріп кетсе жойылады;

  • екіншісі, кейбір телеконференциялар басқарылып отырады, яғни

мұндай конференцияға әрбір абонент мақаласын тікелей жібере алмайды.

Телеконференция белгілі бір схема бойынша жүргізіледі: ол белгілі бір тақырыпқа байланысты қысқаша мәтіннен басталады, ал қатысушының әрқайсысының сол тақырыпқа байланысты өз пікірлері мен ойларын айтуға мүмкіндіктері бар. Барлық пікір-ойлар келіп түскен уақыты бойынша тізбектеле орналасып, телеконференцияның барлық қатысушылары оған қатынай алады. Әрбір қатысушы пікірталастың дамуына байланысты өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді. Конференция мәтінін құратын, әрбір қатысушының ойына талдау жүргізетін әрбір телеконференцияның жүргізушісі (модератор) болады. Компьютерлік конференцияның жақсы өтілуі жүргізушінің профессионалдық деңгейіне байланысты. Жүргізуші қызметін оқытушы немесе үйренуші атқара алады. Сонымен қатар, жүргізуші конференцияның басталуын, конференцияның алғашқы кезеңінде қатысушыларға көмек көрсетілуін, олардың үйренуін, пікір-талас тақырыбының дамуына демеу беру сияқты және конференцияның аяқталуын жүзеге асырады.

Telnet

Telnet - өзге компьютерде келтірілген терминалды сіздің компьютерге айналдыруға мүмкіндік беретін хаттама.

Өз клавиатураңызбен сіз енгізген барлық әмірлер мен мәліметтер келтірілген компьютерге өңдеуге және орындалуға жеткізіледі. Қазіргі уақытта көбіне ақпараттық жүйе алдымен тек Telnet арқылы қолайлы болатын, енді WWW арқылы да қолайлы.

Интернеттен ақпарат іздеуге қысқа да, толық түсінік берсек:

Алдымен Mіcrosoft Іnternet Explorer терезесіне кіріп, ізделінетін адрес атын беру керек. Түсінікті болу үшін мынандай мысал келтірейік.

Мысалы: Адрес: http:www. rambler. ru-ды теріп, Enter-ді басу керек. Сосын осы адресті іздеп, бар болса экранда іздеген адрес бойынша ақпарат шығады. Одан мына ақпаратты алуға болады:

Мұнда, Рамблер: магазин, компьютер, адамдар т. б.

Сервистер: почта, карта телефон торабы т. б.

Гүлдерге басқару тетігін бассаңыз “Send Flowers. ru” шығады. Осыған басқару тетігін бассаңыз “ AWF - Send Flowers. ru ” сөзі шығады. Бұл халықаралық гүл алу торабы. “Осы жерде мына гүлдер сатылады, оны Ресейдің 500 қаласының тұрғындары тұтынады”-деген мәлімет тұрады. Осы жерден гүл алуыңызға болады. Ол үшін Сувентрге сосын Гүлдерге басқару тетігін бассасыз. Сонда гүлдер торабы шығады. Осы жерден өзіңізге ұнаған гүлді аласыз. Оны сол кезде принтердан шығарып немесе дискетке көшіріп алуыңызға болады. Дискетке көшіру үшін керекті гүлдің үстіне басқару тетігін апарып сол жағын басасыз. “Сохранить объект как” немесе “Сохранить рисунок как” деген сөздер шығады. Сол сөздердің біреуіне басқару тетігін бассаңыз дискетке көшіріледі.

Адрес - www. rambler. ru-дан алған ақпарат төмендегідей:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Internet желісі және қауіпсіздігі
Желілік технологиялар. Интернет
Оқушылардың интернетте жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру
Инетернеттегі қызмет түрлері, оның ресурстарына қатынас құру
Желілер және телекоммуникациялар. Желілік қауіпсіздік
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Желілерді құру принциптері және есептеу желілерінің жіктелуі
Интернет желісі технологиясы
Интернеттен ақпарат iздеу
Интернет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz