Орман мен ормандыжерлердің өнімділігін жоғарылату жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ Тақырыбы: Орман мен ормандыжерлердің өнімділігін жоғарылату жолдары.
Тексерген: Самиева Г. Т
Дайындаған:Болысбеков. М. Н
Семей
2015 жылы
Жоспар
Кіріспе І Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы 1. 1 Шығыс Қазақстан облысының орман ресурстарына сипаттама 1. 2Орман өнімдерін молықтыруға қажет орман екпелерін қорғау және көбейту шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы
Қазақстан ТМД елдері ішінде территориясы жағынан екінші орынды, халқы жағынан төртінші орын, ал орман қоры жағынан әрбір шаршы шақырымға шаққанда ең соңғы орындардың бірін алады.
Қазақстанда орман жердің 26, 2 млн. га бөлігін алып жатыр, оның ішінде ағашты алқап - 12, 4 млн. га. Орманнан жылына 2, 0-2, 4 млн. м 3 -ге дейін ағаш дайындалады. Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. га м 3 -ге жуық ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Қазақстан орман қорына бай болмағандықтан ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден (негізінен Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.
Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей міндеті. Орманның өскен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл суларын толықтырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін арттырудың маңызы зор. Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз. Себебі қоғамға қажетті өндірістің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ.
Осыған байланысты адам баласының алдында орманның табиғатқа жасайтын жағымды ықпалын бұзбайтындай етіп пайдалану міндеті тұр.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы болғандықтан оны өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылады.
Орман алқаптарының тіршілікте алатын орны айрықша. Құнарлы топырақ қабаты мен сапалы су көздерін қорғауда қамтамасыз ететін де, қолайлы климаттың қалыптасуына игі ықпал жасайтын да, тыныс алатын таза ауаны оттегімен жабдықтайтын да, экологиялық апаттардың зардабын бәсеңдететін де қалың орман.
Қазір жалпы республика аумағының 4, 6 %-ын орман алқаптары алып жатыр. Оларда 384 млн. м 3 ағаш қоры шоғырланған. Орман шаруашылығын негізінен, сапасы төмен ағаштар мен ағаш қалдықтары, тағамдық жабайы жеміс-жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау және ертеректе ағаш өнімдерін өндіру мақсатында жаппай ұйымдастырылған шағын цехтар құраған. Төлем қабілеті төмендеген кәсіпорындар көбейіп, көлікпен тасымалдау, электр қуаты және басқа да шығындарды өтей алмай тығырыққа тірелген шаруашылық жаңа ғана нарық талабына бейімделіп келеді.
Кесте 1 Республиканың орман алқабы туралы мәлімет (1 маусым 2014 ж. )Орман жамылғысы
%
Республика
бойынша
Қазақстанда табиғи-климат жағдайларына байланысты және антропогендік факторлардың әсеріне байланысты қайыңды ормандар әртүрлі орналасқан. қайыңды ормандар солтүстік қазақстанның негізгі жергілікті орман түрі болып саналатын осы аумақтың едәуір көлемін алып жатыр.
Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясында ғылымға да, адамға да, өндіріс үшін де қажетті орман массивтері бар. Олар өзіне тән қасиеттерімен, құндылықтарымен, қалыптасуымен, рекреациялық және басқа қызметтерімен ерекшеленеді. Кейбір орман түрлері мен аңдар (эндемикалық) табиғи қалыптасқан жерлерде ғана өсіп өнеді. Табиғаттың інжу-маржандарының ішінде Нурызым, Аман-Қарағай, Бурабай, Қарқаралы, Баянауыл, Марқакөл, Шарын шетені, Жабағылы т. б. ерекше сұлулығымен белгілі.
Қазақстан жерінде әртүрлі топырақ жамылғысына, жер бедеріне т. б. ерекшеліктеріне қарай ағаштың 68 түрі, бұтаның 266 түрі, шөптің 2598 түрі өседі екен. Ағаштың негізгі түрлері: қылқан жапырақты - қарағай, шырша, самырсын, балқарағай; жұмсақ жапырақты - қайың, терек, тал, көк терек; бұталар - арша, итмұрын, тобылғы және құмды жерде өсетін жүзгін, сексеуіл т. б. Барлық бұта тәріздес өсімдіктер құм-топырақ ұстайтын, техникалық және дәрілік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Жалпы орман жамылғысының ішінде пайызға шаққанда қарағай - 9, 4; самырсын - 5, 7; бал қарағай - 2, 3; шырша - 1, 8; сексеуіл - 52, 2; қайың - 8, 7; терек - 3, 4; бұталар - 12, 2; қалғандары арша және басқа жеміс ағаштары. Сонымен орман жамылғысының екіден үш бөлігін сексеуіл мен бұталар алып жатыр. Ал ағаш қоры жағынан қылқан жапырақтылар 70 % құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының орман ресурстарына сипаттама
Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің 01. 01. 2005 ж. мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстан облысының аумағы 283, 3 мың км 2 , халқы - 1485, 5 мың адам. Облыс бойынша халқының орташа тығыздығы 5, 2 адамды (1 км 2 ауданға) құрайды.
Облыс орманы Қалба жотасының қарағайлы, Кенді Алтайдың қылқан жапырақты ағаштарынан, оңтүстік Алтай мен Саурдың сағыз қарағайынан, Тарбағатайдың жапырақты ағаштарынан және интрозоналды жайылмалы ормандарынан құралған тұтас табиғи кешен болып табылады. Олардың барлығы топырақ және егіс қорғау, климат қалыптастырушы, су қорғаушы, санитарлы-гигиеналық, рекреациялық және басқа да әлеуметтік-қорғаушы қызметтер атқарады.
Облыстағы орман шаруашылығы кәсіпорындары шикізаттың барлық түрін толық қолдану нәтижесінде тауарлы өнімдерді шығаруды үнемі ұлғайтып отырады. Осыған байланысты орман ресрустарын кешенді пайдалану өнімділігі мен тиімділігін өсіру. Бірама жан-жақты өзекті мәселе болып отыр.
Орман өсімдіктері зонасы және климатыҚазақстан аумағын кешенді физикалық-географиялық аудандастыру сұлбасында (Чупахин, 1970) сәйкес облыс аумағы құрғақ бетегелі-бозды дала мен шөлейт зоналарының оңтүстік зонашаларында орналасқан. Бүкіл аумақ таулы ландшафтта орналасқан. Ол бірнеше таулы аймақтарға бөлінеді: Кенді және Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы және Сауыр-Тарбағатай.
Орман шаруашылығы облыстың солтүстік-батыс бөлігінде құрғақ дала зонашасында жатыр, ал қалған бөлігі Қазақстандық Алтайға кіреді.
Тау жүйесінің күрделі орографиялық құрылымы биіктік белдеу зонасы бойынша топырақ және өсімдіктердің дифференциалды заңдылықтарына байланысты климаттың аумақтық өзгергіштігін анықтайды. Климат топырақ пен өсімдік жамылғысының биіктік табиғи зона бойынша заңдылықты әртүрлі болуына себепші болады.
Биік таулы нивальды зона - Саур, Кенді және Оңтүстік Алтай тауларын біршама биік бөліктеріндегі (2800-3200) мәңгі қар және мұздықтар. Бұл зона өзен ағындарын қоректендіреді және ретке келтіреді.
Биік таулы тундралы-шалғынды зона жазғы уақыттарда қар жамылғысы болмайтын абсолюттік биіктігі 1800-2000 м-ден 2800-3200 м-ге дейінгі биіктікте Алтай, Сауыр және Тарбағатай тауларының басты суайрықтарында орналасқан. Зонада мүкті-бұталы өсімдік және аласа шөпті альпі шалғыны - жазғы жайылым - жайлау тараған. Топырақ жамылғысы таулы-тундралы және таулы-шалғынды шымды топырақтардан құралған.
Таулы орманды (таулы-тайгалы) зона тундралы-шалғынды зонадан төмен теңіз деңгейінен 1400-2100 м биіктікке дейін орналасқан. Мұнда қою және ашық қылқан жапырақты ормандар, ал төменгі белдеуде жапырақты және аралас ормандар тараған. Топырағы - қышқыл, шымды, шымтезекті. Ормансыз оңтүстік және батыс тау баурайларында жақсы жаздық жайылым
“Семей орманы” мемлекеттік табиғи орман қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1997 жылы қазан айындағы “Елдің жақсы болу болашағын - бүгіннен бастау керек” атты жиындағы баяндамасында, біздің елдің белгісі шөл емес, орман мен бау-бақша болуы керек деп атап көрсетті. Орман массивтерін жылдан-жылға қажырлы көркейтуде, біз тек қана өзіміз үшін ғана емес, болашақ ұрпақтарымыздың жарқын өмір сүруіне, экологияны жақсартуға бар күшімізді салуымыз керек.“2030 стратегиясы” бойынша орман ресурстарын тұрақты дамытуда келесі приоритеттер қаралды:
- орманды қорғауға, пайдалануға мемлекеттік бақылау;
- орман ресурстарын басқару;
- орманды қорғау және күзету;
- орманды қайта қалпына келтіру және орманды қорғау шараларын көбейту.
Қазақстан орман шаруашылығының негізгі экологиялық саясаты, ол орман қорларын пайдалану мүмкіншілігі мен оның экологиялық жағдайын жақсарту үшін оны басқарудағы реттеу жұмыстарын жүргізу, орман қорларын нәтижелі пайдалану, оны күзету және қорғау мен қайта өндіру. Орман биосфераның ең маңызды компоненті, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жағынан алғанда маңызды, жер бетіндегі тіршілікке үлкен әсерін тигізетін шаруашылықтың бірі болып табылады.
Семей өңірінің орманы айрықша орман жалдарын құрайтын, қайыңды-ырғайлы ормандар және Қазақтың ұсақшоқыларының оңтүстік-шығысында алма ағашынан тұратын өзінше бір ерекше табиғи кешен. Бұл табиғи кешен рекреациялық, санитарлы-гигиеналық, суды қорғау, ауа райын реттеуші және топырақты, даланы қорғау, әлеуметтік қорғау функцияларын орындайды.
Семей аймағы (1997 ж. Семей облысы Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді) облыстың батыс бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Алматы облысымен, батысында Қарағанды, солтүстік-батысында Павлодар облысымен шектеседі. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 500 км, ал батыстан шығысқа қарай 400 км-ден аса ұзындыққа созылып жатыр.
Аймақтың мемлекеттік орман қоры 1947 ж. ҚазССР Орман шаруашылығы Министрлігінің негізінде құрылды.
“Облыстық орындаушы комитетіндегі халық депутаттар Советінің орманды басқару және Қазақстандағы орман шаруашылығының Министрлігінде жергілікті басқарма ұйымдарын енгізу туралы” ҚазССР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының 21. 02. 47 ж. Жарлығы бойынша Семей облысында, ҚазССР ОШМ басқармасы құрылды.
Орман, балық және аң шаруашылығы Комитетінің 29. 03. 99 ж. (№63 функция) Жарлығы бойынша Семей орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы Шығыс Қазақстан облысының орман, балық және аң шаруашылығы басқармасына берілді.
Жануарлар әлемі мен орманды қорғау мемлекетік мекемелерінің ауданы, филиалдары мен олардың орналасқан жерлері 6-кестеде берілген.
Орман өнімдерін молықтыруға қажет орман екпелерін қорғау және көбейту шаралары Орман секторын дамыту басымдықтарының бірі ормандарды қалпына келтіру болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында және Қазақстан халқына барлық жыл сайынғы жолдауларында Президент осы бағытты мемлекет аумағын экологиялық сауықтыруға жәрдемдесетін басым бағыттардың бірі ретінде бөліп көрсетеді. Осылай, республика бойынша орман иеленушілер 2011-2014 жылдары республика аумағында 243, 7 мың га алаңда ормандарды молықтыру және орман өсіру жұмыстары жүргізілді, соның ішінде: 2007 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» жобасы шеңберінде Арал теңізінің құрғап қалған табанында 56, 5 мың га, соның ішінде: отырғызу әдісімен 47, 1 мың га, және тұқым себу әдісімен 9, 3 га алаңда сексеуілден тұратын орман мелиоративтік екпелерді құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Айрықша назар Ертіс өңірінің жалды ормандарын қалпына келтіруге бөлінуде, оның аумағында 2011-2014 жылдары 22, 8 мың га, соның ішінде «Семей орманы» МОТР ММ-де 13, 1 мың га және «Ертіс орманы» МОТР ММ-де 9, 7 мың га құрылды. Семей қаласының аймағын құру жөніндегі жұмыстар жалғасуда, олардың көлемі 2011-2014 жылдары 20 мың га құрады. 1997 жылдан бастап, жасыл екпелердің 70 мың га құрылды. Қазақстанның флорасы бірқатар бағалау бойынша 13 мыңнан астам түрін, соның ішінде тамырлы өсiмдiктердiң 5754-тен астам түрін, шамамен 5000 саңырауқұлақтарды, 485 қыналарды, 2000-нан астам балдырларды, шамамен 500 мүктектiлерді қамтиды. Өсiмдiктер iшiнде 14% жергіліктi түрi болып табылады.Қазақстанның фаунасында қатаң қорғалатын, сондай-ақ кәсіпшілік және шаруашылық мақсаттарында кең пайдаланылатын сан алуан түрлері бар. Мұнда анығында омыртқалы жануарлардың 846 түрі, оның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі, құстардың 489 (оның ішінде ұя салатындардың 396) түрі, бауырымен жорғалаушылардың 51, қос мекенділердің 11, балықтардың 104 және дөңгелек ауыздылардың 3 түрі бар екені белгіленген.
Сондай-ақ, сан алуан палеореликттердің 200-ге тарта түрі көп. Қорғауды қажет ететін сирек кездесетін жергілікті және тарихи түрлердің арасында өсімдіктердің 400-ден астам түрі мен омыртқалы жануарлардың 300 түрі бар, олардың едәуір бөлігіне жойылу қауіпі төніп тұр.
Елді мекендердегі жасыл желекті екпелердің санын, түр құрамын және жай-күйін анықтау мақсатында оларды есепке алу есеп объектісінің шекарасында орналасқан жасыл желекті екпелерді түгендеу арқылы жүзеге асырылады. Жасыл желекті екпелерді түгендеу және оларды тексерудің өзге түрлері белгіленген тәртіппен әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен бекітілген есеп объектісі шекарасында орналасқан жасыл желекті екпелердің әрбір ағашын есепке алу әдістеріне сәйкес жүргізіледі.
Жасыл желекті екпелерді есепке алу:
1) қала, кент аумағындағы жасыл желекті екпелердің сандық және сапалық сипаттамалары туралы шынайы деректер алу;
2) жауапты меншік иелерінің көгалдандырылған аумақтарда жүзеге асыратын қызметінің аумақтардың белгіленген функциональдық мақсатына сәйкестігін айқындау;
3) қаланың, кенттің көгалдандырылған аумақтарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру үшін ақпараттық база құру мақсаттарында жүргізіледі.
Жасыл желекті екпелердің барлық түрі: ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлзарлар есепке алынуға жатады.
Бекітілген нысан бойынша (1-қосымша) толтырылатын есеп объектісінің паспорты жасыл желекті екпелерді есепке алу нәтижелерін көрсететін құжат болып табылады. Есеп объектісінің паспорты бес жылда 1 рет жоспарлы түрде жаңартылып отыруға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz