Кәсіпкерліктің түрлері «Салыстырмалы талдау»


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпкерліктің түрлері «Салыстырмалы талдау»

Орындаған: Советбаева Ж

Тексерген: Жексенаева А. Б

Семей 2015жыл

Жоспар:

  1. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары
  2. Кәсіпкерліктің мәні және шығу тарихы.
  3. Кәсіпкерліктің түрлері
  4. Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайлары.

Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары

Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз.

Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады. Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады. Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі.

Әріптестердің бірлестігі кәсіпкерлік істің субъектілері ретінде шаруашылық қауымдастықтың әртүрлі формасында көріне алады. Мысалы: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және т. б.

Шаруашылық қауымдастыққа- бұл нақты мақсаттарды шешу үшін құрылған жеке адамдардың немесе кәсіпорындардың келісім негізіндегі бірлесуі. Қауымдастықтың қатысушылары меншігіндегі қаржы және материалдық ресурстардың белгілі бөлігін ғана біріктіреді.

Кәсіпкерлік істің маңызды белгілеріне біздің ойымызша келесі шамаларды жатқызуға болады:

1) шаруашылық субъектілердің дербестігі, тәуелсіздігі, өзін-өзі билеушілігі. Кез келген кәсіпкер құқықтық нормалар негізінде кез келген мәселелер бойынша өзі дұрыс деп айтқан шешімді қабылдай алады.

2) кәсіпкердің экономикалық мүдделілігі, қызығушылығы. Кәсіпкердің ең басты мақсаты - жоғары деңгейде пайда түсіру, сонымен қатар кәсіпкер пайда түсіре отырып, қоғамның да сұранысын қанағаттандырады.

3) шаруашылық қауіп пен жауапкершілік. Кез келген нақты есептеулердің өзінде белгісіздік, екіұштылық, қауіп жағдайы туындайды.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерлік істің маңызды нышандары бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Кәсіпкерліктің мәні және шығу тарихы.

Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек кәсіпорын болып табылады. Өйткені кәсіпорында жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар, ұйымдастыру- әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады. Кәсіпорын өз ісін жүзеге асыра алады, салық және басқа төлемдерді төлегеннен кейін тапқан пайдасын, шығарылған өнімді керегінше жұмсай алады.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерді ең басты тұлға деп тану керек. Кәсіпкердің статусы, кәіпорын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана бекітіледі. Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке тұлға да және азаматтардың бірлестігі де бола алатынын айта кету керек.

Нәтижеде кәсіпорын деп, жеке кәсіпкер немесе кәсіпкерлердің бірлестігі құрған, қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру және пайда табу мақсатымен өнім өндіретін, жұмыс атқаратын, қызмет көрсететін жеке шаруашылық субъектісі деп тұжырым жасауға болады. Жоғарыда айтылып кеткендей кәсіпорын ісінің мақсаты-қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру және пайда табу . Кеңес одағы кезінде, кәсіпорындардың негізгі мақсаты - қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру болатын. Қазіргі нарықтық экономикаға өту кезінде, осы мақсатты алып тастап, пайда табуды ғана мақсат етіп қоюға бола ма?

Біздің, ойымызша жоқ.

Шындығында, кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - пайда табу, бірақ жетілген нарықтық қатынастар жоғарыда айтылған екі мақсаттың үйлесімді болуын талап етеді. Әрине, бизнес-кәсіпкерлердің экономикалық ісі, олардың үлкен көлемде пайда түсіру өнері мен мүмкіндігі, тиімділіктің жоғары болуын қамтамасыз етуі деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, нарықты экономика жағдайындағы бизнестің дамуы тұтыну нарығының тауар мен қызмет түрлері және оның толығуына әсер етеді, экономиканың құрылымдық дамуын жандандырады, ғылыми- техникалық жетістіктердің енгізілуіне себепші болумен бірге, өндірістің тиімділігінің жан-жақты жоғарылауына ықпал жасайды.

Кәсіпорынды құру алдында, кез келген кәсіпкердің және кәсіпкерлер тобының алдында нақты белгіленген мақсаты болуы керек. Бұл мақсат - өз өніміне немесе қызметіне бірқалыпты тапсырыстың болуымен бекітілуі керек. Шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі керек. Одан кейін жаңа істі бастау барысында өз капиталының әр уақытта толықтыруын қамтамасыз ету жағдайларын ойластырған жөн. Осы барлық мәселелерді негізгі құжат кәсіпкерлік бизнес-жоспарда нақты әрі толық көрсеткен жөн.

Қазіргі заманғы кәсіпкердің ең басты маңызды қасиеті - тез өзгеретін жағдайларға бейімді болуы. Ол үшін өзі таңдаған іс жасайтын ортаны кәсіпкер жан-жақты меңгере білуі керек. Кәсіпкер көздеген мақсатына сай алдыға ұмтылушылығымен, кез келген сәтсіздікке ұшыраған жағдайда оған төтеп беретін жігерлілігіне сай өз тарапынан болатын олқылықтардың орнын толтыруда жіберілген қателіктерге сын көзбен қарай алатындай болған жөн, сонымен қатар одан қалай шығудың жолын қарастыра алатындай табандылығы болуы керек. Кәсіпкер өз ісіндегі ортақ әріптестерінің сенімді болуын ойластыруы тиіс. Бәсекелестік күреске дайын болуы қажет. Маркетингті нақты ұйымдастыра білген жөн. Сонымен қатар кәсіпкер шикізатпен, материалмен, жартылай өңделген өніммен (полуфабрикат), жабдықтаушы бұйыммен қамтамасыз етушілермен және өнімді тұтынуда тапсырыс берушілермен ресми байланыста болуы тиіс.

Кәсіпкерліктің түрлері: Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.

Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер . Серіктестер - адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.

Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.

Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

Консурциум - бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

Сидикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

Қаржы - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

  1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
  2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
  3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
  4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
  5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
  6. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.

Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайлары. Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін керекті анықталатын жағдайлар: экономикалық, әлеуметтік және құқықтық т. б.

Экономикалық жағдай - бұл бірінші кезекте тауарға ұсыныс және оларға сұраныс; сатып алушылардың сатып алатын тауар түрлері; сатып алуға жұмсалатын ақша құралдарының көлемі; еңбек ақы деңгейіне әсер ететін жұмыс орындары, жұмысшы күшінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі және олардың тауарды сатып алу мүмкіндігі.

Жалпы экономикалық жағдайға ақша ресурстарының болуы, оларды алудың ыңғайлы жолы, инвестицияланған капиталдың кіріс деңгейі, қарызға алынған құралдардың шамасы елеулі әсерлерін тигізеді.

Мұның барлығымен нарық инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар айналысады. Олардың көмегімен кәсіпкерлер іскерлік қарым-қатынастармен коммерциялық операцияларды жүргізеді. Оларға банктер (қаржылық қызмет көрсету), жабдықтаушылар (шикізатпен, материалмен жабдықтау бұйымдарымен, энергиямен, машина және қондырғылармен, құралдармен және т. б. қамтамасыз ету), көтерме және жеке сауда жасаушылар (тауарды тұтынушыға жеткізу қызметін көрсету), мамандандырылған фирмалар мен мекемелер (құқықтық, бухгалтерлік, делдалдық қызмет көрсету), жұмысқа орналастыру агенттіктері (жұмысшы күшін таңдау қызметін көрсету), оқу орындары жұмысшы мен маман-қызметкерлерді дайындау), т. б. агенттіктер (жарнамалық, көлік, сақтандыру), байланыс құралдары мен ақпаратты жеткізу жатады.

Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда экономикалық жағдайларға әлеуметтік жағдайлардың жақын болуы қисынды болып табылады. Ең алдымен сатып алушылар әр уақытта өздеріне сай, көңілге қонымды тауарларды сатып алуға тырысатынын естен шығармау керек. Уақыт аралығы өткен сайын сұраныстың өзгеруі мүмкін. Оған әлеуметтік-мәдениеттік ортаға қатысты әртүрлі факторлар әсер етеді. Мұндай жағдай тұтынушылардың өмір салтына да ықпал жасай алады. Өз кезегінде өмір салты тұтынуға, тауарға деген сұранысқа қатысы бар екендігін білдіреді. Әлеуметтік жағдай жеке адамның жұмысқа деген ықыласына да әсерін тигізбей қоймайды. Ол өз кезегінде еңбекақы шамасына, еңбек жағдайына әсерін тигізеді.

Кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісіне қанағттана білуі керек. Ол өз қызметкерлерінің еңбек ісіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыспен қамтамасыз ету және т. б.

Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда кәсіпкерлердің, жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату, оларды қайта дайындау, оқыту маңызды роль атқарады: атап айтқанда, кәсіпкерлік істі жүргізудің жаңа тәсілдерін оқытуды ұйымдастыру; жетілген мемлекеттерде жұмыскерлерді оқыту, стажировка жүргізу; кәсіпкерлік істі жүргізуді оқытатын оқытушыларды дайындау немесе жалдау; кеңес беру орталықтарының жүйесін жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновацияның рөлі мен функциялары
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық мәселелері
Кәсіпкерлік ұғымы. Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік. Салыстырмалы талдау
Кәсіпкерлік түрлері. Салыстырмалы талдау жайлы мәлімет
Салыстырмалы талдау. Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік түрлері. Шағын кәсіпкерлікке салыстырмалы талдау
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында даму жағдайы
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz