Техногендік және табиғи төтенше жағдайлардың түрлері мен классификациясы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1 . Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері 2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы

Орындаған: Асылханова. А

Тобы: Е-515

Тексерген: Нуржуманов Ж. М

Семей 2015

Жоспар;

  1. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар
  2. Оның түрлері:
  3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
  4. ӘДЕБИЕТТЕР

Техногенді сипатты төтенше жағдайлар

Тетенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.

Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше жағдай. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару, өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады. Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т. б. апаттар жатадыАпаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақта-маушылыгына, жүмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты. Апаттың тағы бір өте қауіптілігі күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтерілі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол түрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, қүстар және т. б. өміріне өте қауіпті.

Оның түрлері:

  • Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т. с. с) .
  • Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т. с. с) .
  • көліктік авариялар (темір жол поездарының, теңіздік және өзен кемелерінің, авиациялық, көліктік, магистралды құбырлардың апаты) ;
  • өрттер (жарылыстар) ;
  • төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) ҚӘУЗ;
  • төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) РЗ;
  • төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) БҚЗ (биологиялық қауіпті заттар) ;
  • кенеттен ғимараттың құлауы;
  • электр -энергия жүйесіндегі авария;
  • тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдық тораптардағы авариялар;
  • тазалау құрылғыларындағы авариялар;
  • гидродинамикалық авариялар (судың бөгеттерді бұзып шығуы) .

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс а, даттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлектінің орналасқан жері - орасаы зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты қүбылыстар жиі болып жатады.

Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:

  • Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі) .
  • Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т., б. апаттар, өрт, жарылыс, СДЯВ, РВ, БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері мен классификациясы
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері, классификациясы және алдын алу шаралары
Бейбіт және соғыс уақыттағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы және құқықтық негіздері
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: түрлері, себептері және классификациясы
Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою: персоналдың құқықтары мен міндеттері
Табиғи төтенше жағдайлардың түрлері, әсерлері және қорғаныс шаралары
Төтенше жағдайлар: табиғи және техногендік түрлері, жерсілкініс пен авариялар
Төтенше жағдайлар: бейбіт, техногендік және табиғи апаттардың түрлері мен қорғаныс шаралары
Төтенше жағдайлар жоспары: негізгі ұғымдар, табиғи және техногендік классификациясы, зақымдаушы факторлар және алдын алу шаралары
Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі: табиғи төтенше жағдайлардың түрлері, механизмдері және қауіптілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz