Рычагы-тісті механизмін құрастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ №1
Тақырыбы: Рычагы-тісті механизмін құрастыру
Орындаған: Қали Т. И
Оқу тобы: ТО-311
Тексерген: Джилкишева А. Г
Семей 2015ж.
Жоспар
1. Тісті берілістер туралы жалпы мәліметтер
2. Шынжырлы беріліс
3. Червякты береліс
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тісті берілістер туралы жалпы мәліметтер
Тісті берілістер өндірісте кең таралған, оларды біліктердің параллель, қиылысқан және айқасқан остері арасында айналмалы қозғалысты және айналу моментін беру үшін, сонымен қоса айналмалы қозғалысты ілгерлемеліге айналдыру үшін қолданылады.
Цилиндрлік тісті берілістер - екі параллель орналасқан біліктер арасында айналмалы қозғалысты және айналу моментін беру үшін қолданылады. Цилиндрлік берілістер түзу тісті, қисық тісті және сыртқы және ішкі ілінісі бар шевронды тісті болады. Сонымен қоса цилиндрлікке рейкалы берілістер жатады.
Түзу тісті цилиндрлік берілістер - өндірісте кеңінен қолданылады. Түзу тісті дөнгелектердің тістері айналу осіне параллель, нәтижесінде жұмыс кезінде остік күштер болмайды. Дөңгелектің осіне перпендикуляр тістің ұзындығы бойынша кез келген қимасында тістің профилі бірдей.
Қисық тісті цилиндрлік берілісте - тістердің дөңгелектің айналу осіне бұрыш бойынша орналасуымен сипатталады. Түйіскен қисық тісті дөңгелектердің тістерінің сығының көлбеу бұрышы көлемі бойынша бірдей, ал бағыты бойынша қарама-қарсы. Бір дөңгелектің тіс сызығының бағыты солға болса, екіншінікі оңға. Түзу тісті дөңгелекпен салыстырғанда қисық тісті дөңгелекте көлбеудің болуы үлкен жүктемелердің берілуіне және жоғары шеңберлі жылдамдықтарда тістерде салмақты ілініс болуына жағдай жасайды. Қисық тісті дөңгелектермен жұмыс істегенде остік күштер пайда болады және оны механизмді жобалағанда ескеру қажет.
Шевронды цилиндрлік берілістер - екі біріккен қисық тісті дөңгелектер деп елестетуге болады - біреуінің тіс сызығы көлбеу бағыты оңға, екіншісінікі солға бағытталған. Тістің екі бөлігінде де көлбеу бұрышы бірдей. Тістің осындай құрылымы шевронды берілістің жұмыс істеу кезінде туындайтын остік күштеулерді теңестіруге ықпал жасайды. Шевронды цилиндрлік тісті дөңгелектер тіс тәжінің ортасында тіскескіш құралды шығаруға арналған бөлуші ойыспен және ойыссыз болады. Ойыссыз дөңгелек иілуге беріктігі жоғары болады, бірақ оларды дайындау қиын. Шевронды цилиндрлік берілістер орташа және жоғары шеңберлі жылдамдықпен жұмыс істейтін қуатты редукторларды қолданады.
Рейкалы цилиндрлі берелістер - тісті кейкамен түйіскен сыртқы іліністі алтыншадан тұрады. Рейканы бөлгіш диаметрі шексіз үлкен және тістерінің профилі тік тісті дөңгелектің бөлігі ретінде елестеуге болады. Рейка ілгерілемелі қозғалысқа, ал алтыншы айналмалы қозғалысқа ие болады. Рейкалы беріліс түзу тісті және қисық тісті болуы мүмкін, ол есептеуде және дайындауда оңай орындалады және әр түрлі механизмдерде кеңінен қолданылады.
Конусты тісті берілістер - қиылысатын өстері бар біліктердің арасында айналмалы қозғалысты және айналу моментін бері үшін қолданылады. Түзу тісті конустық беріліс, қисық тісті, нөлдік көлбеу бұрышты және қисық сызықты тістері бар деп бөледі.
Түзу тісті конустық береліс - ойлап қарағанда дөңгелек өсімен қиылысатын ьтістері бар. Олар жоғары танымал және дайындауға карапайым болып келеді. Оларды шудың жоқтығы және жүрістің салмақтылығы маңызды рөл атқармайтын түйіндер мен механизмдерде кішігірім және тұрақты жүктемелерді беру үшін қолданады.
Қисық тісті конустық берілістер - радиусы эсцентриситет деп аталатын щеңбермен жанасатын түзу тістерден тұрады. Тістің көлбеу бұрышы 30° аспайды. Қисық тісті конустық дөңгелектер өндірісте кең қолданысты тапқан жоқ. Оларды дайындау қиын, тістерін кесіп дайындау үшін өндірісте аз мөлшерде шығарылатын арнаулы құрылғы қажет.
Шынжырлы беріліс
Шынжырлы берілістер қазіргі заманғы машина жасауда кеңінен қолданылып келеді. Тек қана комбайнның бір түрінде 14 шынжырлы беріліс кездеседі. Сондай ақ шынжырлы берілістер транспорттық машиналарда да кеңінен қолданылады. Жеңіл автомобильдерде шынжырлы берілістер минутына 6000 - дай айналу жылдамдығын беріп көптеген жылдар бойы жұмыс істейді. Мұнай өнерәсібінде қолданылатын бұрғылау жабдықтарында пайдаланылатын көп тармақты шынжырлы беріліс 25м/с жылдамдықпен айналып 1000кВт - тан астам қуат береді.
Шынжырлы беріліс жетекші және жетектегі жұлдызшалардан және оларды қамтитын шынжырлардан тұрады. Шынжырлы берілісте бірнеше жетекші жұлдызшадар болуы мүмкін. Олар көбінесе ауыл шаруашылық транспорт машиналарында қолданылады. Ал шынжырдың өзі топсалармен байланысқан бірнеше буындардан тұрады. Шынжырлы берілістер иілгіш байланысты ілінісу берілістерге жатады. Шынжыр тартылған бас және тәуелді жұлдызшылардан тұрады.
Артықшылықтары: 1) тісті берілістерге қарағанда шынжырлы берілістер білік арасында қозғалысты елеулі ось аралық қашықтықтарда бере алады (8 м дейін) ; 2) ременьді берілістерге қарағанда: а) компактырақ; ә) үлкен қуатты бере алады (3000 кВт дейін), б) білікке әсер ететін күштер елеулі аз, өйткені шынжырдың алдын-ала тартылысы аз, в) бірнеше жұлдызшамен бір шынжыр көмгімен қозғалысты бере алады.
Кемшіліктер: 1) ілініске кірген кезде шынжыр буынының соққысынан шудың болуы, әсіресе жұлдызша тістерінің саны аз және қадам үлкен болғанда; 2) майлау материадарын жеткізу қиындығына байланысты шынжыр шарнирлерінің елеулі тез тозуы; 3) шарнирлердің тозуына байланысты шынжырдың ұзаруы, бұдан тарту құрылғылары қажет болады; 4) қозғалысы тұрақсыз, осыған байланысты онда айнымалы күштер пайда болады.
Червяктік беріліс
Червяктік берілістер айқасу өстерінің бұрышы әдетте 90 0 құрайтын валдардың арасында айнымалы қозғалысты беру үшін қолданылады. Көптеген жағдайды жетекші болып червяк болаы, яғни трапециялық не оған жақын формалы бұрамасы бар қысқа винт. Червяктің денесін жеңлдету үшін червяктік дөңгелекьік сақинасы доға түрінде тістеге ие. Бұл іліну зонасында контакті сызықтар ұзындығын жоғарлатады. Червяктің парметрлеріне 1 индексі жазылады, ал дөңгелек параметрлеріне 2 индексі. Червяктік беріліс - бұл қозғалысы винттік жұп принципі бойынша орындалатын тісті-винтті беріліс.
Червяктік берілістің артықшылығы мынадай:
1. жұмыс істеудің шусыз және бірқалыпты болуы;
2. конструкцияның копакті және массасы үлкен болмауы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz