Екпе ормандарға топырақ өңдеу


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Екпе ормандарға топырақ өңдеу

Орындаған:Кабдулгапбар М. Т

Тексерген:Джаманова Г. И

Топ:ЛД-311

Семей 2015ж

Жоспар

1. Топырақ өңдеудің теориялық негізі мен аймақтық ерекшеліктері

2. Топырақты жаппай өңдеу

3. Ауыл шаруашылығы пайдалануынан шыққан алқапты жаппай өңдеу

4. Топырақты терең өңдеу (плантажды)

5. Топырақты жарым-жартылай өңдеу

Екпе ормандарға топырақ өңдеу

Топырақ өңдеудің теориялық негізі мен аймақтық ерекшеліктері. Топырақты дұрыс өңдеу оның физикалық-механикалық қасиетін жақсартып, су, ауа, оттегі мен көмірқышқыл газымен қамтамасыз етуді жоғарылатады. Сонымен қатар топырақ өңдеу арамшөптерді жоюға бағытталған. Арамшөптер екпе ормандардың ылғал мен топырақтың қоректік заттары үшін күресте басты бәсекелесі болып табылады.

Екпе ормандарды құру кезінде жас өсімдіктер (сеппелер, тікпелер) қолданылады. Олардың тамыр жүйесі қалыптасқан, басты мәселе топырақ өңдеу тереңдігіне байланысты. Әрбір орман өсетін аймақта топырақ өңдеу кезінде мынаны ескеру керек:

  • өсу орыны жағдайларының типі,
  • екпе ормандар алаңшасының жағдайы мен шығу тегі,
  • екпе орманға қолданылатын ағаш түрінің биоэкологиялық қасиеті.

Сонымен ылғалы шамадан артық аймақта топырақ өңдеу жұмысы жағдай құруға бағытталуы керек, жақсы дренаж (кәріз) жасауға, топырақтың аэрациясын жоғарылатып, оны жылумен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта екпе ормандарға топырақ дайындау барысында микрожоғарылату алаңша түрінде құрылады, жүйек немесе төмпешіктің биіктігі 30-45см етіп ылғал ағып кететіндей жасалады.

Қалыпты ылғалдылықты аймақта (орманды дала) топырақ өңдеу жұмысы топырақ бетін тегістеуге бағытталады, сонымен бірге мүмкін қарықтап жыртуды микротөмендетуге құрылады.

Ылғалы жеткіліксіз аймақта (дала, жартылай шөлейт және шөлді аймақ) екпе ормандарға топырақ өңдеу жұмысы ылғалды жинақтау мен сақтауға бағытталады. Бұл ауылшаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын түрлі топырақ өңдеу жүйелерін қолдану арқылы іске асырылады.

Топырақ өңдеу түрін таңдау тәсілі келесі факторларға байланысты:

  • климаттық жағдайға;
  • екпе орман алаңшасының бедері жағдайына (тың және тыңайған жер, кеспе ағаш, өртең, ашық жер және т. б. ) ;
  • арамшөптердің түрлік құрамына;
  • екпелерді отырғызу мезгіліне және т. б.

Сондықтан екпе орман алаңшасының әрбір учаскесіне, олардың спецификалық ерекшелігіне байланысты, мейілінше эффективті топырақ өңдеу жүйесін қолдану керек.

Топырақ өңдеудің екпе орман алаңшасының категориясына байланыстылығы:

  • «а» категориясы - бос жер, ашық жер, тегіс учаскелі жердің топырағын жаппай өңдеуге болады. Құмдауытты топырақтарды жаппай өңдеу жел эрозиясына әкен соқтырады;
  • «б» категориясы - кеспе ағаш, өртең, түбірлер саны 600 дана/га дейінгі жерлерде, топырақты жолақтап немесе қарықтап өңдейді, таулы жерлерде - жолақтап немесе террасалап жүргізіледі;
  • «в» категориясы - түбірлер саны 600 дана/га көп жерлерде топырақ өңдеу алаңшалап немесе қарықтап жүргізіледі;
  • «г» категориясы - табиғи жаңаруы әлсіз кеспе ағаштар, өскіндерді сақтау үшін топырақ алаңшалап өңделеді.

Топырақты дайындауға пайдалану техникасы болуы мүмкін:

  • механикалық - топырақты қопсыту, өңдеуге қолданылатын механикалық құралдар және т. б. ;
  • химиялық - топырақты қопсытпай, гербицидтермен өңдеу;
  • өртеу - механика қолданбай, арамшөптерді жағу арқылы;
  • құрама (комбинирлі) - механикалық және химиялықты қосып.

Топырақты жаппай өңдеу. Өсу орны жағдайына, топырақтың механикалық құрамына және шымдану дәрежесіне байланысты топырақ өңдеудің сүдігер, көктемгі жырту, қара және ерте пар жүйелері қолданылады.

  • Сүдігер өңдеу жүйесі жеңіл құмды және құмдауытты аз шымдалған топырақтарға қолданылады. Сонымен қатар ауылшаруашылығы пайдалануынан уақытша шыққан жерлерде, егер ол жерлер тамыр сабақты және тамыр атпалы арамшөптерден тазартылған болса. Ол келесі топырақ өңдеу жұмыстарынан тұрады:
  • күзде топырақты дискілі құралдармен тереңдігі 10-12см сыдыра жырту;
  • сыдыра жыртудан 12-15 күннен кейін топырақты тереңдігі 30 см кем емес тереңдікте сүдігер жырту;
  • ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау;
  • ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау.
  • Көктемгі жырту жүйесі сүдігер өңдеу жүйесі секілді жеңіл құмды және құмдауытты аз шымдалған және ауылшаруашылығы пайдалануынан уақытша шыққан жерлерде қолданылады. Ол ерте көктемде топырақ жыртумен бірге ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау арқылы жүргізіледі.
  • Қара пар жүйесі дала және жартылай шөлейт аймақтағы күшті шымданған орташа және ауыр сазды топырақтарда ылғал жинау және арамшөптермен күресу үшін қолданылады. Бұл жүйеде топырақ өңдеу келесі жұмыстардан тұрады:
  • дискілі құралдармен топырақты 10-12см тереңдікте күзгі сыдыра жырту;
  • 12-15 күннен соң топырақты 30 см жоғары тереңдікте сүдігер жырту;
  • ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау;
  • жаз бойы 3-4-мәрте қопсытумен (10-12см тереңдікте) бірге тырмалау;
  • күзде парды 30-35 см тереңдікте сыдыра жырту;
  • ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау;
  • ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау.
  • Ерте пар жүйесі алдыңғы жүйелерден айырмашылығы көктемде топырақ жырту, 3-4-мәрте қопсытумен бірге тырмалау, күзде парды қайта жырту, ерте көктемде ылғал жабу үшін тырмалау және ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау. Бұл айтылған әрбір топырақ өңдеу жұмысының мақсаты, топырақ өңдеудің қара пар жүйесімен бірдей. Бұл жүйе әлсіз шымдалған механикалық құрамы жеңіл және орташа сазды топырақтарда қолданылады.

Ауылшаруашылығына пайдаланылған жерлерді жаппай өңдеу. Екпе орман қорында бұрын ауылшаруашылық дақылдары себілген жерлер кездесуі мүмкін.

Егер екпе орман алаңшаларында топырақты жаппай өңдегенде, ол жерді арамшөптер басқан болса, барлық шаралар солармен күресуге бағытталады. Қазақстанда кең тараған тамырсабақты арамшөптерге - жатаған бидайық, жауқияқ, ақбаттауық; атпа тамырлы арамшөптерге - күлгін және сары қалуен (тікенқурай), егістік шырмауығы, сүттіген.

Топырақты терең өңдеу (плантажды) . Екпе орман құру кезінде, әсіресе қуаңшылық жағдайда, топырақ өңдеуде арнайы терең жыртқыш (плантажды) соқаны пайдалану эффективті болады. Қазіргі заманғы плантажды соқалардың маркалары ППН-50, ППУ-50А. Олар топырақты терең жыртуға (тереңдігі 60см, алым ені 50см) мүмкіндік береді.

Топырақты терең жырту кәдімгі және оңтүстіктің қара топырақтарында пайдалануға ұсынылады. Сонымен қатар Қазақстанның солтүстік облыстарындағы қоңыр топырақ типіндегі тығыз корбонатты горизонттан төмен жыртуға ұсынылады.

Топырақты жарым-жартылай өңдеу. Топырақты жарым-жартылай өңдеу алаңшаларда, ол жерлерде топырақты жаппай өңдеу мүмкін емес: кеспе ағаш, өртең, сирек орман, алаңшалар, жалпақ жапырақты жас жабайы шыбық және бұта өскен жерлер; тік беткейлер, құмды жерлерде, яғни, топырақты жаппай өңдеу жел эрозиясын тудыратын жерлерде қолданылады.

Екпе орман тәжірибесінде топырақты жарым-жартылай өңдеудің келесі түрлері ажыратылады: қарықтап жырту, әртүрлі ендегі жолақтап, террасалап, алаңшалап және шұқырлап.

Қарықтап жыртудың құрылымы екі қайырмалы соқамен іске асырылады: ПЛ-70, ПКЛ-70, ПЛП-135. Қарық ені 1, 3-1, 4м олардың арасының қашықтығы 4-6 м. Сеппелерді қарықтың үстіне отырғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалдай орман шарушылығына сипаттама
Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру
Шалдай орман шаруашылығы мекемесі
ОРМАНДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Ормандар типологиясы
МҰТП Бурабай -да орман сақтау және өсіру шаралардың тиімділігін жоғарлату жолдары
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Аймақтардың оптимальды ормандылығы
Ақмола облысының кейбір орман шаруашылықтарының экологиялық жағдайы
Орман өсу жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz