Көне заманғы егіншілік жүйесі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Көне заманғы егіншілік жүйесі

Орындаған:Ағали Н

Тексерген:Сагандыков С. Н

Тобы:АГ-213

СЕМЕЙ 2015

Жоспар

Кіріспе

1. 1 Егіншілік және егіншілік жүйесі дегеніміз не

Негізгі бөлім

2. 1 Көне заманғы егіншілік жүйесінің пайда болуы мен дамуы

2. 2 Көне заманғы Қазақ жеріндегі егіншілік жүйесі

2. 3 Жалпы егіншілік жүйесінің түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Көне заманғы егіншілік жүйесі

  1. Егіншілік және егіншілік жүйесі дегеніміз не.

Егіншілік - ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 - 1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9 - 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік - диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4, 1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96, 5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды.

Егіншілік жүйесі - жерді дұрыс пайдалануға, топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, одан әрі арттыруға, сақтауға, егілетін дақылдардан тұрақты мол өнім алуға бағытталған өзара байланысты агротехникалық мелиоративтік және ұйымдастырушылық шараларының жиынтығы. Егіншілік жүйесіне жер жағдайына, ауа райының ерекшеліктерін еске ала отырып, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, дақылды жақсы жерге егу және сапалы тұқым себу, жерді органик., минералдық тыңайтқыштармен тыңайту, суғармалы жерге егілген дақылдарды дер кезінде қандыра суғару, қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру, арамшөппен, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен күресу, т. б. жатады. Ғылым негізде дұрыс құрылған ауыспалы егіс жүйесі жердің құнарлылығын арттыра түседі, барлық дақылдардың өнімділігін көтеріп, оның сапасын жақсартумен қатар, ауыл шаруашылыгы машиналарын, техникалык, материалдық ресурстарды, қарқынды технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Дақылдардың құрамына, олардың үлес салмағына қарай ауыспалы егіс жүйесі әр түрлі аталады. Республиканың топырақ-климат жағдайына байланысты Қазақстанда аймақтық Егіншілік жүйесі енгізілуде. Белгілі бір аймақтың ерекшеліктеріне қарай осы жүйенің өзі топырақ қорғау жүйесі, суғармалы жүйе және тау жүйесі, т. б. болып бөлінеді. Топырақ қорғау жүйесі Қазақстанның солтүстік, батыс және орталық аудандарындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жыртылады, оған көбіне жаздық дақылдар егіледі. Суғармалы жүйе республиканың оңт. -шығысындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда арнайы ауыспалы егіс игерілген, көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар алмастырылып отырылады. Тау Егіншілік жүйесін Алматы облысының шаруашылықтары пайдаланады. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жырту ауыспалы егістігі игерілген. Дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдар егіледі .

2. 1 Көне заманғы егіншілік жүйесінің пайда болуы мен дамуы.

Егіншілік жүйесі дегеніміз ауылшаруашылығынын ғылыми тұрғыдан жүргізу деген сөз. Егіншілік жүйесі жайында түсінік агрономия ғылымы мен бірге пайда болды. Көне егіншілік жүйесінің маңызы жөнінде Ресейдің тұңғыш оқымысты-агрономы болып есептелетін А. Т. Болотов(1738-1833) өзінің « Танаптарды бөлу жөнінде» деген еңбегінде жазды. А. Т. Болотов бұл еңбегінде шаруашылық территориясын дұрыс ұйымдастыру, барлық дақылдарды ауыспалы егістерге себу керек екенін дәлелдеуге тырысты.

Егіншілік жүйесіне ғылыми тұрғыдан түсінік берген профессор А. В. Советов (1826-1901) болды. Біздің елімізде минералды тыңайтқыштардың аз өндірілетін еске ала отырып XX ғасырдың басқы кезінде. В. Р. Вильямс бұл егіншілік жүйесі азды-көпті өзгерілген түрде әлі күнге дейін көптеген аймақтарда қолданылып келеді.

Қазіргі кезде егіншілік жүйесі деп жерді тиімді пайдалануға, топырақ құнарлғын көтеріп, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, иелиоративтіак, ұымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді шараларын айтамыз.

Ғылым мен техника дамуына байланысты егін жүйесінің міндеттері күрделілене түседі. Қоғам дамыған сайын өндірістік қатынастар өзгереді, ғылым дамыған сайын топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру әдістері өзгереді, егіс мөлшері, танап көлемі, себілетін дақылдар түрлері өзгереді, сонымен қатар жалпы егіншілік жұйесі де өзгереді.

Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып құрылған егіншілік жүйесі барлық қажетті өнімді жеткілікті мөлшерде өсірумен қатар жыл сайын топырақ құнарлығының арта түсуін, алынатын өнімнің арзан болуын қамтамасыз етуі тиіс. Егіншіліктің ұсынылған жүйесі оның эканомикалық тиімділігі дәлелденгенде ғана шаруашылыққа енгізілді. Әр аймақтың табиғи-эканомикалық жағдайына қарап оған тиімді егіншілік жүйесі қолданылады. Жыртылатын жердің жартысынан астамы астық дақылдарды алып жатады. Топырақ құнарлығы тыңайтқыштар қолдану, көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер себу арқылы көтерілді Далалық аймақтарда жауын-шашын аз болғандықтан дәнді-парлы егіншілік жүйесі жиі кездеседі. Кей жағдайда далалық аймақта отамалы дақылдар да егіледі, бұл жағдайда егіншілік жүйесі дәнді-парлы-отамалы деп алып жатады. Далалық аймақта жердің көбісін дәнді-мақсаты дақылдар алып жатады. Топырақтың құнарлығы тыңайтқыштар қолдану, жерді дұрыстап өңдеу арқылы, пардың көмегімен көтеріледі Суармалы жерлерде дәнді және отамалы дақылдар енгізіледі. Аңыздық, аралық дақылдар егілгендіктен көп жағдайда дақылдар орналастырылған жер көлемі жыртылатын жер көлемінен асып кетеді. Суармалы жерде таза пар болмайды. Жердің құнарлығы оны өңдеу, тыңайтқыштарды қолдану, дақылдардың орнын ғылыми жүйемен аустыру арқылы жақсартылып отырады.

Батыс Сібірде, Қазақстанның солтүстігінде орналасқан құрғақ далалардағы милиондаған гектар тың жерлерді игергеннен кейін, 4-5 жыл өткен соң бұл байтақ аймақтарда жел эрозиясы басталады. Осы эрозияның кесірінен топырақ құнарлығы күрт төмендеп кететіні белгілі. Топырақты бұл аппатан сақтап қалу үшін егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі қолданылады. Егіншілік жүйесін ғылыми негізде құру үшін төмендегідей бөлімдерден тұратын шаралар қолдану керек: шаруашылқ терреториясын дұрыс ұйымдастыру (қай жерге егін себу керек, қай жерде шабындық болады, танапты қорғайтын орман алқаптары қайда орналастырылады т. б. ), егілетін дақылдардың көлемін дұрыс анықтау, шаруашылықтың мамандарландыруын ескере отырып ауыспалы егіс құру, жер өндеу жұмысые сәтті жоспарлау, ауспалы егістер бойынша тыңайтқыштарды қолдану жүйесін жасау, арам шөптермен, дақылдардын ауруларымен, зиянкестермен күресу жүйесін құру, тұқым ауыстыру жүйесін белгілеу, бұл жұмыстардың бәрін орындауға керекті машиналармен, құралдармен шаруашылықты толық қамтымасыз ету. Айтылған шаралар жүйесінің әрқайсысының маңызы аймақтың ауа-райына, топырағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Сонымен көне заманнан бастау алған егіншілік жүйесі қазіргі кезге дейін қолданыста. Ол түрлі жағдайда дамып келе жатыр. Бір кезенде жақсы өнім алсақ, кейде өнім бермей көп шығын келген кездер де болады.

2. 2 Көне заманғы Қазақ жеріндегі егіншілік жүйесі .

Тарихты қарастырар болсақ, мәдени өсімдіктерді өсіру тәжірибесіне негізделген егіншілік дәстүрі, көне заманнан бастап шаруашылық әрекеттер атаулының ішіндегі ең көрнектілерінің біріне айналды. Еуразия далалық кеңістігінің арилік аймағында алғашқы белгілері палеолит дәуірінде (Шарбақты, Тәңірқазған, Бөріқазған үңгірлері) белең алып, оның б. э. дейінгі 10-8 мың жыл бұрын жануарларды қолға үйретумен бір мезгілде пайда болып дамығандығы туралы тарихи үрдіс тарихнамада өзінің ұлттық шешімін біршама тапқан. Егіншілік мәдениеті көшпелі шаруашылық мәдени типінің ажырамас бөлігі ретінде дамып, белгілі бір этномәдени сипатқа ие болды. Сондықтан да егіншілік дәстүрі тиісінше зерттелмейінше көшпелі өмір салтының сыры белгісіз кейбір құпияларына тереңнен үнілу мүмкін емес. Осының бір айғағы - Қазақстан тұрғындарының егіншілік кәсіпшілігін ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірбиесі, әлеуметтік дағдысы, дәстүрі мен мәдениеті. Бұл өңірде әлі де болса егіншілік дәстүрі байырғы өмір салтының барлық салаларымен тығыз байланысып жатқаны айқын аңғарылады.

Еуразия ауқымын мекендеген далалық өркениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақ этносы мал шаруашылығымен қатар көне кезеңдерінен бастап егіншілік шаруашылықпен айналысқаны археологиялық, этнографиялық және тарихи деректерден мәлім. Бұл шаруашылық мал шаруашылығымен қатар жүрген. Егіншілердің құралдары тастан, мүйізден, сүйектен, қоладан жасалған. Бұл кәсіптің қандай дәрежеде дамығанын Шығыс, Оңтүстік, Орталық Қазақстандағы жүргізілген археологиялық қазбалардан табылған заттардан ашық көрінеді. Қола дәуіріндегі тайпалар бидай, тары және тағы басқа да дәнді дақылдарды өсірген. Сондай-ақ сол кездегі бабаларымыз аңшылық кәсібімен айналысқан және мыстан бұйымдар істеген. әсіресе, олар түсті металдар - қола, алтын тағы басқаларын кең көлемде шығарған. Кеңес дәуіріндегі ұйымдасқан көптеген археологиялық экспедицияларға шыққан ғалымдар Қазақстанның барлық өңірінен қола дәуірі мәдениетінің ескерткіштерін ашты. Бұдан білетініміз егіншілікпен қатар, алғашқы қолөнер кәсібі де болған. Бұл кезде тайпалар өздерінің баспаналарын сала білген. Қыштан күйдіріп құмыра, қыш қазан және тағы басқа үй тұрмысына керекті бұйымдар жасаған.

Мәселен, қазақтардың егіншілік мәдениетіндегі адам мен табиғат арасындағы үйлесімдік, олардың суландыру жүйесін жасауда, құрал-саймандарды дайындауда, сондай-ақ дүниетанымдық ерекшеліктерінде көрініс тапты. Олай болса, егіншілік мәдениетінде ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың этноэкологиялық білімі мен тәжірибесінің қоғамдық-практикалық маңызы да айрықша. Өйткені, халқымыздың тәуелсіздік алған кезеңінде адамдарға өздерінің ата-бабаларының қалыптастырған халықтық тәжірибесі мен біліміне деген зәрулігі айқын көрініп отыр.

Қазақстан жеріндегі егіншілік шаруашылығын зертегенде ең бірінші археологиялық қазба жұмыстарының негізінде жазылған зерттеулерді айтуға болады. Археологиялық қазба жұмыстары Қазақстанның барлық аймақтарында жүргізіліп, соның нәтижесінде ежелгі заманнан бастап, кейінгі кезеңге дейінгі көшпелі халықтың егіншілік шаруашылығын да қатар ұстап келгендігін айқындады.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанның жерінде де қола мәдениетінің ертеден дамығаны анықталды. Кеңес археологтары Ертіс және оның бойындағы - Бұқтырма, Күршім, Оба, Үлбі, Шар, Қызылсу басқа қалалар маңынан қола мәдениетінің қоныстарын көптеп ашты. Осындай көптеген мәдениеттерде егіншілікке пайдаланатын құралдардың бар екені байқауға болады. Олай болса, қола дәуірінде де егіншілікті дамытқан дихандар Орталық Қазақстанда да өмір сүрген. “Сол жерден жиналған тас кетпендер, дән үккіштер, тас тоқпақшалар, келілер, келсаптар бұл араны мекендеушілердің егін салғынын көрсетеді.

Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қола мәдениетіне жататын ескерткіштер онша кең көлемде зерттелмеген. Әйткенмен, бұл жерлерде де қола мәдениеті азды-көпті ашылды. Әсіресе, қола дәуірінің мәдениеті Шу, Талас өзеңдерінің бойлары мен Оңтүстік Қазақстан облысында да әлі күнге дейін зерттелмей келе жатыр десек қателеспейміз.

Қазақстанның Оңтүстігі, Жетісу өңірі ертеден-ақ отырықшылардың мекені болған. Бұл жерлерде қолдан суару жолдары арқылы егіншілікпен айналысқан. Бұған Қазақстан және Хорезм археологиялық экспедицияларының жарық көрген ғылыми еңбектері куә бола алады. Келтірілген ғылыми тұжырыммен келісе отырып, мұндай суармалы егіншілік Қазақстанның оңтүстігінде көбірек көлемде болғанмен, басқа аймақтарында да осындай тәсілмен егін еккен. Бұл пікірді толық дәлелдеу үшін, Қазақстанның барлық жерлерінде әлі де кең көлемде ғылыми зерттеу жүргізу керек. Әсірісе, мұндай ғылыми ізденісте Оңтүстік Қазақстанның, Хорезм экспедицияларының тәжірибесін қолданған жөн.

Қазақ жерінде қола, темір дәуірлерінен кейін де егіншілік кең өріс алған. Әсірісе, феодалдық қатынастардың тууы мен тайпалық одақтар бірлесуі алғашқы мемлекеттердің ұжымдысуына негіз салған. Осы кезде егіншілікпен жергілікті тұрғындар көбірек айналысқан тарихта молырақ жазылған көшпелі тайпаларының шаруашылығына көз жіберсеңіз, олардың шаруашылық кәсібі алуан түрлі болғанын байқауға болады. Орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстандағы ирригациялық жүйеге В. А. Грошев «Ирригация Южного Казахстана в средние века» атты еңбегінде кеңінен тоқталып өтеді. Сондай-ақ осы өңірдегі қала мәдениеті мен диханшылық К. М. Байпақовтың, К. А. Акишевтың, М. Елеуовтың, Ә. Марғұланның т. б. ғалымдардың зертеулерінде айтылады.

Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы егіншілік шаруашылығы туралы Ә. Марғұланның, К. А. Акишевтің, А. М. Оразбаевтің, М. К. Қадырбаевтің т. б. еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан тарихында сақтар дәуірінен бастап Еуразия ауқымын мекендеген көшпелілер шаруашылығы туралы былай делінген: “Археологиялық және этнографиялық деректері сол уақытта мал шаруашылығының негізгі үш түрі: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрлері болған деуге мүмкіндік біреді. Мал шаруашылығының сипатына сәйкес шаруашылықтың басқа салалардың үлес салмағы да өзгеріп отырған. Шаруашылықтың негізгі түрі Батыс және Орталық Қазақстанның құрғақшылық далаларында, шөлдері мен шөлейттерінде жыл бойы көшіп-қонып жүруге негізделді. Бұл жерлерде егіншілік дами қоймады, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана тарады. Екінші, жартылай көшпелі шаруашылық түрінде қыстап шығатын тұрақты үйлер болды, мұнда мал өсірушілер жылсайын қыстауға оралып отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі орманды дала өңірлерінде немесе биік таулы жерлерде кеңінен тарады. Мұндай жерлер Тянь-Шань және Алтай таулы сілемдерімен қоса Жетісу және Шығыс Қазақстан сияқты дала, орман және биіктау араласып отырған шөбі шүйгін өңірлерде кеңінен таралды.

2. 3 Жалпы егіншілік жүйесінің түрлері .

Жалпы адамзат бұрынғы заманда қолданып жүрген егіншілік жүйелері қарапайым, экстенсивті және интенсивті болып негізінен үшке бөлінеді.

Егіншіліктің қарапайым жүйесі топырақтың тек табиғи құнарлылығын пайдалануға негізделген. Бұл егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән ерекшелік. Бұл ерте заманда жерге жеке меншіктік бола қоймаған кезде қолданылған егіншіліктің ең қарапайым жүйесі болып табылады. Ерте кезде адамдар орманды алқаптарда егін салу үшін ағаштарды кесіп, не өртеп егістік алаң дайындаған. Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жыл дәнді дақыл егілген. Танаптарда арам шөптер көбейіп, топырақтың құнарлылығы азайып, өнім төмендей бастағанда, бұл жерді тастап егіс үшін орманнан жаңа жер дайындаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық техникасы
Алғашқы қоғам тарихының проблемалары және маңызы. Дәрістер
Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер
Адамзаттың тарихқа дейінгі тарихы
Мал шарушалығының қалыптасуы
Сырдарияның ежелгі Солтүстік арналары бассейндерінің ескерткіштерінде
Ауыл шаруашылығы
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Орман шаруашылығын механикаландыру
Ауыл шаруашылығы-Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz